Байланысты: Қазақтардың күнделікті өміріндегі мұсылманшылдық наным сенім ырымдар
философия мен дінді шендестіре қарастырып, екеуін бір санаттағы саналы білім деп танып, философияның басты ұстанымы – дәлел, діннің өзегі – сенім» деп тұжырымдаған. Фарабидің пікірінше, «...тәрбиеге көнбейтін, жөндеуге, түзетуге келмейтін жас болмайды. Тек ретін тауып үйретуден, баулудан жалықпау керек. «Жаман қылық – ол жан ауруы. Бұл ауруды кетіру үшін тән ауруын емдеуші дәрігерге ұқсауымыз керек» – дейді ғұлама. Әл-Фараби өзiнiң осы тұжырымдарын ары қарай ғылыми жетiлдiре келiп, түркi халықтарының тәлiм -тәрбиесiнің негiзi болған үш түрлi iлiмнiң: бірінші – хауас, хауас салим, хауаси хамса заһириди (түйсiк, iшкi бес сезiм және сыртқы бес сезiм), екiншi – Имани гүл (үш сүю), үшiншi – Жәуанмәртлiк (ақыл, әдiлет, рақым) мәнiн түсiндiредi. Түрік жұртынынң рухани ұстазы А.Яссауи жүздеген мектеп ашып, жүз мыңдаған шәкіртке имандылық тәрбиесін игертіп, софылық-моральдық ілімін жасап, сопылық мектеп педагогикасын қалыптастырса да, оның ғылыми-теориялық негізін танып біле алмай, оған зерде, парасат-пайымымыздың өресі жетпей бұлтарумен келеміз.