менмін», – дей беріпті.
– Атыңды айтпасаң, ашпаймын, – деп, есікті ашпапты.
Сопы ақыр ашпайтынын біліп, қасында бір мешіт бар екен, соған кіріп жатыпты, таң атқан кезде мешіттің
молдасы азан айтқалы келеді. Дәрет алып, басына сәлдесін орап алып, ертеңгі намазға «Алда әкпар, алда
әкпар» деген кезде молданы ұстап, «Сен әулие екенсің, менім атымды білдің», – деп, молданы ертіп алып,
үйіне барады. Үйіне барып, қатынына:
– Етті ас, молда жеп кетсін, – дейді. Қатыны «Мақұл» деп, етті асады. Қатыны сопыға айтады:
– Әзір ет піседі, сіз барып, таудан арша алып келіңіз, – дейді.
– Жақсы, – деп, сопы тауға кетеді. Сопы кеткесін сопының қатыны бір үлкен тас қайрақты майлай береді.
Мешіттің молдасы сұрайды:
– Мұны не қыласың? – деп. Қатын айтады:
– Сопыңыздың әдеті құрысын, үйге келген адамның көтіне тығады, – дейді. Молда тұра қашады. Қатын
үндемей қала береді. Бір уақытта сопы келеді.
– Ет пісті ме? – деп сұрайды. Қатыны айтады:
– Жаңағы ертіп келген адамың сорпасына дейін қоймастан алып кетті, – дейді. Сопы қатынына айтады:
– Бір нан бер, тым болмаса, сорпасына бір батырып жеп қалайын, – деп. Қатыны бір нан береді. Сопы
жүгіріп келе жатып, қараса, мешіттің молдасы бара жатыр. Сопы арқасынан айқайлайды.
– Тым болмаса, бір батырып алайын, – деп, мешіттің молдасы онан бетер қашады, менің көтіме тас қайрақ
тығамын дейді, – деп. Сол бойымен екеуі бірін-бірі қуып кетеді. Үйінде қатынымен ойнас байы екеуі етті
жеп қояды.
Сөйтіп, аңқау сопыны қатыны бір алдаған екен дейді.
48. МЫТБАЙДЫҢ ҚЫЛЫҒЫ
Аты Мытбай деген бір ұмытшақ кісі болыпты. Өзі барғанша момын болса керек, қатта бір уақыттарда
өзінің де атын ұмытып қалады екен. Және оның үстіне Құдай қосқан қосағы қулау болып, байы момын
болған себепті әйелінің көңілі момынға толмағандықтан, оңды-солды жүріп, көңілі сүйген жігіттерімен
ойнап-күледі екен. Күндерде бір күн әйелдің жақсы көрер адамы ойнауға кезегі кеп, байын бір жаққа
жіберуге амал жасап, байын төркініне жұмсайды. Жіберген жұмысы:
– Көженің тұзын қанша салуды білмедім, бір рет көп болып кетті. Бір рет тұзы татымады, шешемде тұздың
өлшеуі бар, барып, сен алып кел, – деп жіберіпті.
Бишара Мытбай еш нәрседен хабары жоқ аңқаулықпен салып отырып, қайнына келеді, қайтарында
қайындары:
– Күйеужан, не жұмысқа келген едің? – деп, қызметін сұрағанда, Мытбай келген жұмысын айтады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
802 bet
– Осындай қызыңыз «Тұздың өлшеуішін алып кел» деп жіберген еді, – деп. Қайындары бұған мазақтап
күліп, біраз келемеж қылып, жолға шығарып, қайын енесі айтады:
– Шырағым, тұздың өлшеуіші болмайды. Қазанның суына қарай тұз салынады. Қазан толық болса, бір
уыс, қазан жарты болса, жарты уыс тұз салынуы керек, – деп, қызына сәлем айтып, күйеуін қайтарып
жібереді.
Мытбайдың ұмытшағы – қайғы, өзіне мәлім, біреудің сөзін біреуге жеткізу қиын еді. Себебі, ұмытып
қалар еді. «Бір уыс, жарты уыс» деген сөзді ұмытып қаламын деп, аузында «Бір уыс, жарты уыс» дегенді
қайта-қайта айтып келе жатқанда, бір қырман алып жатқандардың үстінен шығады. Қазақ ғұрпынша
қырман сүзіп жатқан жерге келгенде, «Қырман тасысын» дегенді айтушы еді. Мытбай сорлы ерніне «Бір
уыс, жарты уыс» деп келген соң Мытбайдың бұл сөзіне ашуланып, Мытбайды ұстап алып:
– Бәтшағар, біз қырман сүзіп жатсақ, сен «Бір уыс шықсын» дейсің, – деп, әбден мықтап сабап, ұрып-
соғып, көрмегенін көрсетіп жібереді. Ауыр таяқ жеген басы-көзі ісіп, баяғы «Бір уыс, жарты уыс» деген
сөзді де ұмытып қалып, түнде ел жатқанда үйіне келеді.
Үйіне келсе, қатыны жақсы көрер кісісімен есікті мықтап бекітіп, бір төсекте жатқан еді. Мытбай
айқайлап:
– Қатын, есік аш, мен келдім, – деп, қатынын оятыпты. Қатыны бұл келген өзінің байы екенін айқайынан
білсе де, аярлықпен:
– Кімсің өзің? – деп сұрағанда, Мытбай сорлы өзінің атын ұмытып қалып:
– Мен, мен, мен, – дегеннен басқа еш нәрсе айта алмайды.
Қайта дауысын танымаған болып:
– Мен, мен дейсің, кім біледі, сен ұры шығарсың. Танымаған адамды кіргізбеймін. Мен, мен деген қонақ
мешітке барып жататын, ана жерде мешіт бар, соған барып, жат, – деп, мешіттің жөнін сілтеп, есікті
ашпайды.
Мытбай не қыларын білмей, салы суға кеткендей болып, ақырын-ақырын жүріп, мешітке келеді. Келсе,
молда да:
– Кімсің? – деп, атын сұраса, атын айта алмай,
– Мен, мен, мен, мен, – деп, атын ұмытқан бойынша айта алмайды.
Молда да дауысынан танып:
– Сен Мытбайсың ба? – дегенде,
– Ей, молдекежан-ай, – деп қуанып, үйіне қайтадан жүгіріп барып, қатынына атын айтып, есікті аштырып,
үйіне кіріп, төсегіне жатады. Мытбай мешітке кетісімен-ақ қатыны жолдасын жөнелтіп, жіберіп қойған
еді.
Ертеңіне таң атқан соң Мытбай молданың түнде атын айтып бергені есіне түсіп, мұны бір жақсылықтан
санап, үйіндегі жалғыз асым етін асып, молданы үйіне қонаққа шақырады. Молда келгеннен кейін ет шала
піскен, әйеліне:
– Бұл сорпаның майына батырып жеуге күлше пісіріп қой, – деп бұйырып, өзі ауылда бір-екі Қалыншы,
Толыншы деген ақсақалдарды шақырып келейін, олар да молдаменен табақтас болып, дәм татып кетсін,
– деп, үйден шығып кетті.
Мытбай үйден шығысымен қатын сорпаның бетін қалқып алып, бір үлкен қайрақты майлай беріпті.
Молда бұл жұмысқа аң-таң қалып, не үшін қайрақты майлап отырғанына ақылы жетпей, ақырын
қатыннан:
– Не қылайын деп отырсыз? – деп сұрайды. Сонда қатын айтады:
– Молдеке, бүгін сорыңыз қайнаған күн екен, Мытбай маған осы қайрақты майлап қой деп бұйырып кетті,
бәрі жиналып келіп, осы қайрақты сенің көтіңе тықпақшы, – дейді. Молда мұны есіткен соң үрейі қалмай
қорқып, тез үйден шығып, мешітке қарай қаша береді. Молда ет жеп, сорпа ішкен рақаттан безеді. Қатын
молда кеткен соң сорпаны төгіп, етті түсіріп, сандыққа салып қояды.
Біраз уақыттан кейін Мытбай манағы айтқан кісілерін ертіп келсе, отта қазан тұр, молда жоқ. Мытбай
қатынынан сұраса, қатыны айтады:
– Сені қанша күтіп отырды, келмеген соң молда асығып, етті жеп, сорпасын ішіп, сорпаның майын
пышаққа жағамын деп алып кетті, – дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
803 bet
Мытбай «Ет бұйырмады» деп, «әттеген-айға» душар болып, баяғы көміп қой деген күлше есіне түсіп,
күлшесін сұрайды. Әйелі пісіріп қойған екен, күлшесін Мытбайдың қолына берді. Мытбай күлшені, ең
болмаса, молда алып кеткен сорпасына, майына бір батырып, жеп қалайын, – [деп], қолында күлше наны,
кетіп қалған молданы қуады. Шығып қараса, көздің ұшында молда кетіп бара жатыр екен, жақындап келіп,
молдаға Мытбай айқайлайды:
– Молдекесі, молдеке, азғана майына нанымды бір батырып алып қалайын, – деп. Молдаға Мытбайдың
айқайы бір түрлі болып естіледі.
– Молдеке, аз ғана кідір, күлше нанымды бір батырып алып қалайын. Молда асыққан сайын асқынып,
қашып бара жатыр. Бір сүрлеу жерге ат сиген екен, соған жығылады. Мытбай молда жығылған аттың
сідігіне келіп, молда жығылғанда алып бара жатқан майы осы араға төгілген екен деп, қолындағы нанын
сордағы сідікке батырып, жеп, үйіне қайтады. Нанын сордағы сідікке батырып, жеп отырып:
– Қатын піскен еттің тұзын тағы ащы қылыпты, – деп кейіпті.
49. [САУДАГЕР]
Бір күні сарттар шайтанды қалай ұстап аламыз деп кеңес қылыпты. Бұлардың арасынан Ақымет деген бір
сарт жақын арада шайтанды өз көзіммен көрдім деп, мәлім қылады. Сонда тыңдап отырған сарттар
орындарынан секіріп тұра келіп айтты:
– Рақым етуші Алла, біздерге шайтанды тұтып, зынданға салуға жәрдем қыла көр, – депті.
– Ақымет, агар да сен бізге шайтанды тұтуға жәрдем қылсаң, саған біз көп алтын, инғам сый қылармыз.
Тағы да мұның үшін Алла тағала саған жаннаттан бір иақшы орын уарар, – дейді.
Сонда Ақымет айтты:
– Уай, мұсылмандар, уай жолдасларым, менің сөзімді құп тыңлаңыздар, аз бір ай хұдамен бір де жалған
кәфті сөйлемеспін, – деді.
– Ағаларым, сабыр қылыңыздар, мен сіздерге тәмам баян қылайын, – деді.
– Бір күні мен өзімнің көк ешегіме мініп келе жатқан едім. Сол ешегімнің құйрығын кесіп тастаған едім,
көршім Рақымның бақшасын таптап тастағаны үшін.
– Білеміз, білеміз, – деп, өзге саудагерлер айқай салды.
– Ешегіме мініп келе жатып, қалғып кетіппін. Бір уақытта ақылды жануар ешегім құлағын салпайтып
тұрып, тікірейіп тұра қалды. Әрине, мұнан соң мен ешегімнің жанын қинап, соға бастадым. Андақ өлсе
де, ілгері бір қадам баспастан алдыға бағып, тұрып алды.
Ақылды жануардың бір бәлені бағып тұрғанын, сезгенін, аңлап білдім. Мұнан соң көзімді жұмып, үш
мәртебе дұға оқып, үш мәртебе «Жын, шайтан лағын қашсын» деп, дем салып, алдыма қарадым.
– Уа, Алла сақтасын, зәрем ұшып кетті.
Отырған сарттар:
– Һәм біздерді де Алла сақтасын, – деді.
– Қайдан пайда болғанын білмеймін, алдыма қарасам, алдымда бір үлкен терек тұрыпты.
– Уай, баршамызды жаратушы Алла! Терек дегенім терек емес, шайтанның өзі екен.
– Рас па?
– Рас, ағаларым, рас. Шайтан онша зор емес екен, мұрны қайқы, көздері үлкен һәм дөңгелек екен, – деді.
– Алла, Алла, құтқара көр бізді шайтан-лағының уәсуасынан.
– Уай, жар жолдастарым, мұнан соң мен Әлхамның сүресін оқи бастадым. Андақ болса да, шайтан
қозғалмастан маған қарап, бағып отыра берді. Бұ шайтан лағын дұғадан һәм қорықпайды екен. Сол
шайтан лағынан ажалым жеткен екен деп ойладым. Шұндақ болса да, рақымы көп Алла тағала біздей ғаси
күнәһар құлына ғапу ойлады.
Бір уақытта ешегім қатты бақырып қойған еді, шайтан қорыққанынан шыдай алмай, ағаштың басынан
құлап түсіп, әрең-әрең барып, теректің анадай жанында тұрған тастың үңгіріне тығылды. Мен, әрине,
қуанғанымнан ешегімнен түсіп, дем алмастан үйге қашып келдім. Ешек һәм хайуан болса да, ақылды
жануардан еді. Оның ақылды екеніне һеш талас жоқ. Ешегімнің өзі үйді танып келді.
– Мінекей, қардашларым, енді шайтанның қайда жасырынғанын аңдадыңыз ба?
Саудагер шайтанның жасырынды деген орнына бармақшы болды. Бұлар Ақыметті басшы қылып, мұның
көк есегін де бірге ала жүрді. Саудагерлер:
– Шайтанды қайтып алып шығамыз? – деп, көп ақылдасты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
804 bet
– Уай, ағалар! – деп, сол арада бір саудагер айқай салды.
– Шайтан алтыннан қорқады. Шайтанды шықсын десеңдер, үңгірге алтын ділдә ташларға керек, – деді.
Мұның айтқан сөзін мақұл көріп, бірнеше алтын, келіп, үңгірдің ішіне тастады. Шайтан сонда үңгірден
шықпады. Сонда тұрып біреуі айқай салды:
– Уай, қардашлар, шайтан алтыннан қорықпайды. Қайнаған судан қорқады, – деді. Мұның айтқанын да
мақұл көрді. Үңгірге ыстық су құя бастады. Шайтан сонда да көрінбеді. Сонда тұрып үшінші біреуі айқай
салды.
– Ақыметтің өзі түсіп, үңгірден шайтанды алып шықсын, – деді.
– Мұның беліне мықты арқан байлап, арқанның бір ұшын өзіміз ұстап тұрып, үңгірге ақырындап түсірейік,
– деді. Ақымет айтты:
– Уай, қардашларым, уай, ағаларым, шайтан лағының қолына жындарыңменен мені тірідей тұтып берейін
деп тұрмысыңдар? Мені аяңыздар, менің артымда қатын-балаларымды аяңыздар, – деді.
– Жоқ, Ақымет, сені шайтан малғұн қолына тұтып, варға ойламаймыз. Агар да сенімен бірге сенің ақылды
ешегіңді һәм бірге түсірелік. Ешегің сені шайтанға кіріптар қылмайды. Сенің ешегің шайтанды көргенде
бақырып, тағы да бақырып қойса, қорыққанынан баһуаш болар. Баһуаш болған уақытта сен бекер қарап
тұрма, шайтанның шашынан мехкар тұтып алып, күшіңнің барынша айғай салғын. Сонда сені шығарып
аламыз, – деді. Байғұс Ақымет қанша жалынса да, қанша тырысса да, саудагердіңлер болмастан Ақыметті
есек пен үңгірге салды.
Есек үңгірдің ішіндегі тасқа соғылып, бар күшімен қатты бақырды. Ақыметтің басы екі тастың арасында
қысылып қалды. Байғұс Ақымет басын шығарып алуға қаншама тырысса да, шығарып ала алмады.
Жәрдем сұрап, аңғармастан айқай салды.
Саудагерлер шайтанды ұстаған ғой деп ойлап, арқанды тарта бастады. Есекке байлаған арқан үзіліп кетті.
Ақыметке байлаған арқан мықты еді. Ақыметтің денесін үңгірден алып шықты, басы тастың арасында
қысылып қалды. Есек пен Ақыметтің басының жоқ болғанына саудагерлер таң қалды.
– Есекті шайтан жұтқан шығар, – деді.
– Ақыметтің басы қайда кеткен? – деп, аң-таң болды.
Саудагерлердің жартысы айтты:
– Оның басы бұрыннан жоқ, – деді. Жартысы айтты:
– Басын шайтан жұлып алған шығар, – деді.
Ақырында, саудагерлер Ақыметтің басының бар-жоғын оның балаларынан сұрамақшы болды.
Саудагерлер Ақыметтің денесін Ақыметтің үйіне алып кетіп:
– Дәдаңның кәлләсы бар ма? – деді.
Балалары:
– Білмейміз, – деп, жауап берді.
– Анамыз біледі, анамыздан сұраңыз, – деді.
– Еріңнің кәлласы бар ма еді? – деп, Ақыметтің қатынынан сұрады.
– Басының бар-жоқ екенін мен білмеймін, – деп, қатыны жауап берді.
– Бірақ ертеменен төсектен тұрғанда сақалын көрген едім, – деді.
50. САРТТАРДЫҢ ТУРАСЫНАН АЙТЫЛҒАН ХИКАЯ
Шүршітпай деген кедей қазақ бір Мансұр деген сартқа ашуланып, бұдан өш алмақшы болып жүріпті.
Шүршітпай байғыз деген құсты ұстап алып, бұған әрең-мәрең дегенде «Білемін», «Солай» деген екі сөзді
үйретті.
Агар да Шүршітпай байғыздың қанатынан тартса, байғыз «Білемін» дейтін болып, агар да құйрығынан
тартса, «Солай» деп сөйлейтін болды.
Шүршітпай байғызды алып, пайдакүнем сарт тұратын шаһарға келді. Сарттың үйіне жақындағанда
терезесіне қараса, еркектері отыратын үйінде ешкім жоқ екен. Ұрғашылары отыратын үйінде Мансұрдың
жас қатыны бір жас жігітпен ойнап отыр екен.
– Мансұр келе жатыр! – деп, Шүршітпай айқай салды.
Мансұрдың қатыны мен жігіт орындарынан секіріп түрекеліп, не қыларын білмей, сасқанынан қорқып,
Шүршітпайға:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
805 bet
– Бізді құтқар, – деп жалынып, қос уыс ділдә берді. Шүршітпай бергенін алып, жігітке: «Тырдай жалаңаш
шешініп, сандықтың артына жасырын», – деп, бұйрық қылды. Жігіт бір сөз айтпастан, Шүршітпайдың
бұйрығынша қылды.
Біраз уақыт өткен соң лапкеден Мансұрдың өзі келді. Қатынының үйінде отырғанын көріп, Шүршітпайды
ұра жаздады.
– Үйден шық, кет! – деп, бұйрық қылды.
– Тоқтай тұр! – деп, [Шүршітпай] айқай салды.
– Сенің үйіңді өртегелі үйіңде жасырынып жатқан шайтаннан сені құтқарғалы келдім, – деді.
– Жалған айтасың, жексұрын қазақ, – деп, Мансұр айқай салды.
– Қалайша мен білмеймін, мен сондай адам. Менің қолымда бір білгіш құс бар. Бұл құс өтіп кеткен,
болатын нәрсенің бәрін біледі. Бұл құс сарттардың бәрінен де ақылды, – деді.
– Қалайша сен, әдепсіз қазақ, біздің тұқымымызды жамандайсың? – деді.
– Агар де байғыз ондай болмаса да, мен сарттардан да ақылдымын ғой, – деді. – Неге десең, мен өз
еркіммен жүрген қазақпын, сендер кімсіңдер, сары итке сатылған құлдың тұқымысыңдар, – деді.
Мансұр Шүршітпайды қуалайын деп ұмтылғанда, Шүршітпай байғыздың құйрығынан тартып қалып еді,
байғыз «Солай» деп, қатты айқай салды.
– Құдауанда, бұ не деген керемет, құс та адамша сөйлейді екен. Қанша жыл қырда қазақты аямастан тонап
жүріп, құстың адамша сөйлегенін естімедім һәм көрмедім, – деп, Мансұр айтты. – Мұның мәнісін,
Шүршітпай, маған баян еткіл, – деді.
– Мұның мәнісі сол – бұл байғыз деген құс, өзінің ақылы көп, зеректігімен тәмам патша Сүлеймен
пайғамбарымыз патша болғанда қатынына құстардың сүйегінен [үй] тұрғызамын дегенде барша
мақұлықтан данышпан байғыз рас екенін айтқан. Біздің ата-бабамыз сары итке сатылған құл дейсің бе?
Шүршітпай байғыздың құйрығынан тартып қойып еді, байғыз «Солай», – деп, айқай салды.
– – Енді қалайсың, рас па? – деді Шүршітпай.
– Сен бұрынғы Шүршітпай емес екенсің, байғыздан көп ақыл үйреніпсің, – деді.
– Сен көтерілме. Сенің үйіңде қонақта данышпан құс пен иесі отырғанына қуансаң, жарайды, – деді.
– Байғыз, саған айыпты болдым. Менің айыбымды кешіргін, – деп, Мансұр өтініш қылды.
– Һәм сен, Шүршітпай, біздің арамызда болған қатамызды кек қылмалық, енді екеуміз дос болалық, – деді.
Шүршітпай байғызды құйрығынан тартып қойғанда, байғыз «Солай» деді. Мансұр байғызға разы болып,
байғызды жоғары диуанның үстіне шығарып қойды.
Шүршітпай айтты:
– Ей, Мансұр, Алла тағала мақұлықтың баршасын жаратты, сонда да байғыздан көрі ақылдысын жаратқан
жоқ. Мұның рас екені оның Сүлеймен пайғамбарды ақылмен жеңгенінен білінеді, – деді.
– Байғыз көктегі, жердегінің бәрін біледі. Біздей кінәлі пенделердің ойлағанын да біледі, – деді.
– Менің үйімде шайтанның жасырынып жатқанын білесің бе? – деп, Мансұр байғыздан сұрады.
Шүршітпай байғыздың қанатынан тартып қойып еді, «Білемін» деп, жауап берді. Мансұр Шүршітпайдан
сұрады.
– Агар де құсыңмен екеуің шайтанын қуаласаң, бірнеше жүз ділдә берейін, – деді.
Шүршітпай бұған ықтияр болып, алыпсатарға:
– Бір шелек ыстық су алып кел, – деп, бұйрық қылды. Айтқанындай суды алып келді. Шүршітпай
байғыздың қанатынан тартып қойып:
– Бұл үйде шайтан бар ма екен, білесің бе? – деді. Байғыз:
– Білемін, – деп, жауап берді.
– Шайтан сандықтың артында жатыр ма? – деп сұрап, Шүршітпай байғыздың құйрығынан тартып қойды.
Байғыз:
– Солай, – деп, жауап берді.
– Уай, Шүршітпай, мені шайтаннан құтқара көр! – деп, Мансұр ойбай салды.
Шүршітпай сандықтың артына жасырынып жатқан жігіттің үстіне ыстық су құйып жіберді. Жігіт
сандықтың артынан секіріп шығып, тұра қашты. Мансұр қашқан жігітті шайтан екен деп, Шүршітпайға
көп Тәңірі жарылқасын айтты.
– Бәлкім, сенің құсың сауда жайын жақсы білетін шығар, – деп сұрады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
806 bet
– Солай, байғыз есеп-қисапты артықша жақсы біледі. Өсімді қалайша көбірек алатын амалын да жақсы
біледі, – деді. Мансұр Шүршітпайдан:
– Байғызыңды бес мың ділдәға сат, – деп сұрады. Шүршітпай бес мың ділдәға сатты.
– Данышпан байғызды арзанға сатып алдым ғой, – деп, саудагер енді Қарынбайдан да бай боламын ғой
деп қуанды.
Байғызды алып барып, лапкесіне отырғызып қойып:
– Бұлдың бәрін сат, – деп, бұйрық қылды. Түскен ақшасын қазақтарға көп өсімге беремін ғой деп ойлады.
Лапкесіне жалғыз байғызды отырғызып, өзі кетіп қалды. Бұл сатып аламыз деп лапкеге келген адамдар
лапкеде ешкім де жоқ болған соң саудагердің бар бұлын алып, ақшасын ұрлап, алып кетті. Кешке жақын
Мансұр лапкесіне келіп, бұлдарының жоқ болғанына қатты қуанды. Бұлдардан түскен ақшалардың
қаншасын қазаққа өсімге бердің? – деп, Мансұр қанша сұраса да, байғыз үндеместен, мелшиіп отырып
алыпты.
51. ШАЛ МЕН ӨЛІМ
Бишара шал ормандағы ағаштан бір арқа шөпшек отын алып, үйіне қайтты. Шал шаршады, отынды үйіне
алып баруға шамасы келмей, шал арқасындағы отынды жерге тастап, айтты:
– Е, Құдайым, мұндай өмір бергенше, маған өлім берсейші, – деді.
Өлім шалға келіп, сөйледі:
– Не үшін мені шақырдың, шал?
Шал өлімнен қорқып айтты:
– Маған мынау отынды көтеруге жәрдем берер ме деп, шақырып едім…
52. [ХАЛЫҚТЫҢ КӨЗ ЖАСЫ]
Бір хан өте қатты ауырып, ауруына ем сұрау үшін елін жинайды. Жиналған жұрт сырқатының не екенін
сұрайды. Хан:
– Ішкен асым тоқтамайды, күндіз де, түнде де тиышым жоқ, ұйықтай алмаймын, – депті.
Ханның өзі еліне тізесі батқан, қатал, мейірімсіз, елдің тапқан–таянғанын барымталап, жай жатып алған
жуан қарын мес екен.
Жиналған көптің ішінен біреу:
– Сырқатыңның емін таптым, мен айтқандай орындасаң, жазыласың, орындамасаң, сырқатыңның беті
жаман, өлесің, – дейді.
Хан орындайтындығын айтқан соң әлгі адам:
– Көздің жасымен денеңді сүрт, көзінен жас ағып тұрған адамның көз жасын ал және ол адамның көзінен
жас неге төгіледі екен, оны сұрап, жазып алып отыр, – дейді.
Ханша:
– Сонша көп жас табылар ма екен? – дегенде бір шал:
– Ханеке, көз жасы денеңе жай сүрту тұрсын, шомылуыңа да жетерлік табылар, – депті.
Содан кейін хан көзінен жас ағып тұрған бір шалды шақыртып, көз жасын алады да, неліктен көзінен жас
ағатынын сұрайды. Шал:
– Еңбегімді хан қанады, тапқанымды һәм талады. Жылай-жылай екі көзім қан тамады. Жасым сел боп
ағады, оны тағы хан алады, енді өзіме не қалады? – дейді.
Хан үндемей, жазып алып, тағы бірнеше адамнан жас алады. Соның ішінде бір әйел:
– Ханнан зиян тапқан соң жасым қалай ақпасын? Күйеуім – құлы, өзім – күңі, дамыл таппай, күн мен түн
жылаудан бас көтере алмай, соқыр болдық енді, міне, – депті.
Хан тағы жылап жүрген бір балаға кездеседі. Көзінің жасын [алып] және неге жылағанын сұрайды.
Бала:
– Әділетті хан бола ма, зар тарттырса жас балаға? Көзім жасын тағы алмақсың, дертіңе ем таба алмақсың.
Елді жеуден тоймасаң, жебірлігің қоймасаң, дертіңе ем табылмас, өзіңе ел бағынбас, көздің жасын
жетерлік көрдің, әділеттілікті ойласаң, – депті.
Сөйтіп, хан бірнеше жүздеген адамдардың көз жасын сұрап алады, қайсысынан сұраса да, көз жасының
көл болу себебі ханның өзінің жауыздығынан екенін көреді де, «Көздің жасымен денеңді сүрт» деген
адамның айтқаны «Өз жауыздығын өз құлағымен естісін» деп айтылған ем екендігін түсініп, хан өз ісіне
өзі өте ұялды дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
807 bet
53. КӨЗІН ӨЗІ ЖЕСІН
Бір шалдың соңғы алған жас әйелі болыпты. Шал мен жас әйел қанағаттанып қалай жүрсін, оның да бір
жігіті болады екен. Жігіті келіп-кетіп жүретін сияқты. Шалдың ешкілері болады екен, ешкілерін бағып,
түске жақын үйіне келсе, баяғы жігіт жүк арасында жасырынып жатыр екен. Әйел шалға келген соң
түннен қалған бір ешкінің басын бере қойыпты. Шал басты айналдырып жеп, мүжіп отырса керек, Достарыңызбен бөлісу: |