ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет119/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153

ойламайтын, ешкімге зиян ойламайтын. Қисық ақша сұраған соң тауып алған алтынның жартысын бөліп 

берді. Өз тиесін алып, Қисық барша ақшасын араққа ұстады. Рас бұдан былай мұны көре алмады. Қисық 

қолындағы  һәм  үстіндегі  нәрсесін  араққа  салып,  кабактан  шықпады.  Мұндай  былапыт  жүріс-тұрыс 

Қисықты ауруға шалындырды һәм ол кабактан кабакка қаңғырып жүріп, бір кабактың астында опат болды. 

Рас  көп  тарапқа  барып,  әртүрлі  қалаларды  көрді.  Бұлардың  бірі  жақпады  мұның  көңіліне.  Ақырында, 

өзінің туып-өскен жеріне келді. 

 

372 - Бөлім: Қазақ ертегілері (5) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2069 

 

 



Бұл өз жерінде көп ғұмыр кешті. Кедей міскіндерге қарасты. Барша қазақтар Расты қадірлеп, құрметтеп, 

жақсы көрісті. Адал тұрған соң мұның ісі Аллаға жақты. Ол табарік мұны құдіретіменен аспанға шығарды. 

Бұл Рас аспанда осы уақытқа шейін адал болған, әділшілік тұтқан кісілерге өзінің мархабатын көрсетеді. 

63. АЛДАР КӨСЕ МЕН МОЛДА 

Күндерде бір күн Алдар көсе молдаларды мұқатуға шығады. Ол өз үйінен кетерде әйеліне: 

– Үйді жақсылап жина, мен молданы шақырып келермін. 

Келісімен: «Шай қайнат, әйел», – дермін, сен төсектен қозғалмай жата бер, екінші рет айтармын, онда да 

тіл алма, мен сені өткір пышақпен бауыздармын, сен тауықтың қанын толтырып, қуықты тамағың астына 

байлап, жат. Мен одан соң: 

– «Молдеке, әйелім өліп кетті. Оқуыңды оқы», – дермін. Молда бірдеме оқыса, тірілме! Содан соң мен 

өзім келіп, құлағыңа түтікпен сыбырлармын, сен «Қатты ұйықтап кеткен екенмін», – деп, ұшып тұра кел, 

– дейді. 

Әйелі мақұлдап: 

– Жарайды, – деп, қалған екен. 

Көсекең түтігін жанына салып, бір қу молданың үйіне келеді. Молда келсе, зулатып дін кітаптарын оқып 

жатыр екен дейді. Алдар көсені көріп, молда: 

– Опырым, мына зұлым қайдан келді? – деп, шоши түседі. Алдар көсе сәлемдесіп, молданың қасына отыра 

кетеді. 


Алдар көсе біраз отырған соң: 

– Молда-еке, көңіл көтеріп, біздің үйге барып, қонақасы жеп қайтыңыз, – дейді. Молда разы болып, «Құп» 

деп, бұған еріп, Көсенің үйіне келеді. 

Алдар көсе үйіне қонақ келген соң құстай ұшып, көрпе тастап, молда[ны] төрге шығарады. Одан кейін ол 

әйеліне: 

– Бәйбіше, тұр, қонақ келді, ас әзірле, шай қайнат, ет ас, – дейді. 

Әйелі  жауап  қайырмай,  жата  береді.  Алдар  көсе  екінші  рет  бұл  сөзін  тағы  қайталап  айтады.  Әйелі 

тыңдамастан [жата] берген екен дейді. Алдар көсе қатты ашуланып, пышақпен әйелін «бауыздап» жіберді. 

Әйелі тамағынан «қан» ағып, «өледі». 

Алдар көсе молдаға қарап, жыламсырап: 

– Молда-еке, әйелімді өлтіріп алдым ашу үстінде, бірдеме оқып, тірілтіп қара, – дейді. 

Молда кітабын алып жіберіп, әрі оқиды, бері оқиды. Бірақ әйел «тірілмейді». Молда: 

– Жаны шығып, жұмаққа кетіп қалған екен, енді тірілту қиын, жерлеу керек, – дейді. 

Көсе кейіп кетіп, жанынан түтігін алып жіберіп, әйелінің құлағына сыбырлаған болады. Әйелі табанда 

«тіріліп», ұшып тұрып: 

– Қатты ұйықтап кеткен екенмін, – деп көзін ашады, жан-жағына қаранады. Молданың зәресі ұшып, түсі 

өзгеріп кетеді. 

Содан  кейін  үй  ішін  қайта  ретке  келтіріп,  көсенің  әйелі  тамақ  әзірлеп,  молданы  қонақ  етеді.  Молда 

бұлардың қонақасына разы болып, үйіне кетуге жиналады да, көсеге қарап: 

– Көсеке, сіз не алсаңыз да, мына түтігіңізді маған сат, – дейді. 

Көсе күлімдеп: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              819 bet 

– Бұның өзі өте қымбат зат қой, болмас, жұдырықтай алтынға берейін, – дейді. 

Молда: 

– Жарайды, дегенің болсын, – деп, жұдырықтай алтын бережақ болып, түтікті алады. 



Алдар көсе молдаға еріп барып, алтынын алып, өз жайына кетеді. 

Күндерде бір күні молда бұл түтігінің қасиетін көрейін, әрі ханға жағынышты болайын деп, әйеліне: 

– Мен ханды шақырып келейін, саған «Ас әзірле» дермін, сен қозғалмастан төсегіңде жата бер, мен сені 

пышақпен шалып жіберейін де, мына қасиетті кісі тірілткіш түтікпен тірілтіп алайын, ал, ханнан соңынан 

сансыз сыйлық аламыз ғой, – дейді. 

Әйелі шошып кетіп: 

– Опырмай, өліп кетем ғой, – дейді. Молда өзерлетіп: 

– Мен өтірік айтам ба? Мына түтікпен тірілтем, – дейді. 

Әйелі шарасыз көнеді. 

Молда ханды шақырып келеді. Хан үйге кіріп отырған соң үй ішінде төсекте жатқан әйелді көріп: 

– Бұл не, бәйбішең ауыра ма? – дейді. 

Молда әйеліне: 

– Тез тұр, мына ханды қонақ ет, – дейді. Әйелі табандап жатып алады. Молда ашу үстінде әйелін өлтіріп, 

түтігімен  әурелейді.  Өлген  әйел  тірілмейді.  Хан  кейін  уәзірлеріне  молданы  әйелін  өлтіргені  үшін,  әрі 

ханды алдағаны үшін өлтіруді бұйырады. Уәзірлері хан жарлығын орындайды. 

Алдар көсе молдадан солай өш алыпты. 

64. НАМАЗ 

Ертеде қазақ намазды, намаз оқуды білмейді екен. Тек намаз деген болады деп есітеді екен, соны үйренсек 

деп, аңыз қылысады екен. 

Күндерде бір күн ауылға бір татар саудагер келеді. Ол ауылдың ақсақалы Айжарықтың үйіне қонады. 

Қонақ жатарда «Құтпа» намазын оқиды. Қонақ намазын оқып болған соң Айжарық: 

– Құтты қонағым, мұның не ырым? – деп сұрайды. 

Татар Айжарықтың намазды білмейтінін сезіп, мұны бір қызық етейін деп ойлайды. Сүйтеді де: 

– Ақсақал, бұл – намаз, – дейді. 

– Әп, бәрекелді, біздің іздегеніміз осы намаз еді. Құтты қонағым, осы намазыңнан құрттай бер, болмаса, 

қайдан алуға болады, жөнін айт, – деп, Айжарық шап ете түседі. 

– Менің намазым шамалы еді, жолыма жетпей қалатын сияқты. Базарда намаздан көп нәрсе жоқ, сонан 

сатып алуыңызға болады, – деп, қонақ жайын айтады. 

Ертеңіне саудагер ерте тұрып, сапар шегеді. Ауылға Айжарық намаз тауыпты–мыс деген хабар жайылады. 

Жұрт  жиналып келіп, Айжарық  оларға қонақтың айтқанын айтады. Сонан кейін жұрт  ақылдасып, мал 

жинап, ортадан Айжарықты базарға аттандырады: 

– Малды сатып, соның ақшасына намаз сатып әкел, – дейді. 

Айжарық базарға келіп, малын бұлдап, намаз іздейді. Іздеп жүріп, құмыраға қамап, бал арасын уыстап 

тұрған бір татарға кездеседі: 

– Мұның не? 

– Намаз. 

– Сатасың ба? 

– Сатам. 

Айжарық намазды сатып алады. Сүйтеді де, татардан: 

– Мұны қалай үйренеміз? – деп сұрайды. Татар түсіндіреді. 

– Намаз үйренемін дегендерді бір үйге жина, үйді мықтап тұмшала, талаптыларды тырдай жалаңашта, 

сонан кейін құмыраның аузын аш. Сонда намаз дуылдап шығып, бойларыңа дариды, – дейді. 

Айжарық  ауылға  келіп,  татардың  айтқанын  істейді:  ауылдың  барлық  игі-жақсы  адамдарын  бір  үйге 

жинайды, үйді әбден тұмшалайды, жиналған жұртты тыр жалаңаш етіп шешіндіреді, сонан кейін аузын 

ашып, бал арасын қозғап, үркітіп жібереді. 

Бал арасы быжылдап ұшып, жұртты шағады. Денесі дуылдаған жұрт әуелде: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              820 bet 

– Жарықтық, бойға дуылдатып, ашытып дариды екен, – деседі. Кейін шыдай алмай, құлындай шыңғырып, 

тулап,  опыр-топыр  жүгіріседі.  Ақырында,  үйді  бұзып,  бет-бетімен  қашады.  Сонда  Айжарық  үйдің 

ергенегін мойнына іліп, қашады. Бал арасы қашқан жұртты қуып, әр жаққа тарап кетеді. 

Әлдене  уақытта  ел  есін  жинап,  кім,  қайда  деп,  бір-бірін  іздейді.  Сонда  біреу  көрші  ауылдан  келген 

біреуден Айжарықты сұрайды. Ол: 

– Ергенегі мойнында, 

Екі намаз соңында, 

Өзі хақтың жолында 

Анау қырдан асып кетіп бара жатыр, – 

дейді. Айжарықтың аулы намазды осылай үйреніпті. 

65. МОЛДАНЫҢ ТОБАСЫ 

Ертеде бір молда есегімен келе жатып, ескі қыстауға кез болыпты. Келсе, ешбір қыбырлаған жан жоқ. Тек 

ұшып-қонып,  шықылық  қаққан құстарды  көреді.  Жағалай  қораның ара-арасымен  өтіп, көгалдау  жерге 

келіп, түседі. Түсіп, есегінің ауыздығын алады. Есегі оттап жатады, өзі судың басына келіп, дәрет алып 

отырады. Бұл молданың бет алысы Топар бойында біреу шақырған екен, шақырған себебі  – шақырған 

кісінің бір баласының сұлу әйелі болады, ол баласын менсінбейді екен. Содан молдаға: 

– Дуа оқып, басын айналдырып бер, – деп, шақырған екен. Сонымен молда шақыруын қабыл етіп, жол 

шегіп,  келе  жатқан  екен.  Дәретін  алып  болып,  молда  бесін  оқуға  кіріседі.  Есегі  оттап  тұрады,  содан 

төскейге қарай бетін түзеп, намазын оқуға кіріседі, әуелі азан айтып алады, екі құлағын ұстап, азанын 

айтып  болған  соң  «Аллау  әкбар»,  –  [деп],  қолын  жайып,  бата  қылады.  Сәждеге  басын  қойып,  бір-екі 

еңкейе бергенде, артынан біреу келіп, түртіп қалады. Бірақ молла пісмілләсін айтумен намазын оқып, тұра 

береді.  Әлгі  түрткі  қайта-қайта  молданың  арқасынан  жыбырлата  түседі.  Молда  қарайын  десе,  намазы 

бұзылатын, қарамайын десе, тиыштық бермей барады. Бір мезгілде: 

–  Аһ-һ,  бісміллә,  –  деп  секіріп,  анадай  жерге  түседі.  Қараса,  шашы  дудыраған,  жалаңаш  бір  адамзат 

пиғылы бар біреу екен. Молда жиырма шақты қадамдай жерге барып, ақырады: 

– Кімсің, жөніңді айт. Шайтанбысың, адамсың ба, кімсің, айт жөніңді, – деп. 

Тобылғы сап қамшысын бүктеп тұрады: 

– Айтасың ба, жоқ па? – дейді. Жалаңаш адам бетін басып, жүресінен отырып: 

– Сен кімсің? – дейді. 

– Менің кім екенімді қайтесің, ал, қушы, – дей бергенде, жалаңаш адам есекке қарғып мініп, тұра қашады. 

Молда  тұра  қуады,  бірақ  жете  алмай,  еңкілдеп,  жыламсырап,  шаршап,  өкпесі  өшіп,  бір  тасқа  келіп 

отырады. Әлгі жалаңаш адам тау асып, кете береді. 

Молда тегі бұрқырап, қатты ойлай бастады: 

– Япырмай, мені осы жерге айдап келген кім екен? Итке қайдан барамын деп едім, ажалым ба, бейнетім 

бе, мені осы жерге бір қатер айдап келді-ау... Бұл қалай болады, қайда барамын, ел болса, алыста, о жерден 

бір түстік жер, – деп, біраз уақыт ойланып отырады. Көз алдына түрлі керемет нәрселер елестейді. Молда 

қорқады. 

– Япырмай, мен бүгін өледі екем, бұл айқын іс болды, енді қайтем, – деп, өзінен-өзі қыңсылайды. Осы 

тұңғиық ортасында отырғанда молда шөлдейді, әлгі қатты жүгіргені өзін өте қатты шаршатып тастайды. 

«Ауып» деп, ұшып түрекеле бергенде, басы айналып, көзі қарауытып, құлауға айналады. Сол мезгілде 

аузынан пісмілдасын қап-қап қылып шығарады. 

Молда су ішпек түгіл, жанымен қайғы болады. Көз алдына үй-іші, елі-жұрты, байдың үйінде шариғат 

айтып, қымыз ішетіні, есегіне мініп алып, ауыл-ауылды қыдыратыны – бәрі молданың көзіне елестейді. 

– Иа, дүниа ...иа, дүниа, өткенің бе? – деп, молда екі қолымен жүрегін басады. Жүрегі лүпілдеп, ұшып, 

біртүрлі  қорқақтықта  отырады.  Әлі  құрып,  басын  тасқа  сүйеумен  біраз  отырып,  есін  жияды.  Күннің 

ыстықтығы әуе айналып жерге түскендей, содан молда қораға қарай өн бойынан тер ағып, келе жатады. 

Аузы кезеріп, шөлдегеннен сөз айтуға шамасы келмей, қораның көлеңкесіне келе жығылады. Сол жерде 

шаршағандығынан молда ұйқыға кіріседі. 

Ұйықтап жатса, түсінде есегі бір теңіздің ішінде жүзіп, теңіздің ар жағына өтіп бара жатады. Ал молданың 

өзі жаман қалың тікеннің ішінде жалаңаш тұрды, содан әлгі түсті көріп жатып, шошып оянады, оянса, түн 

болған,  ай  көзге  түртсе,  көргісіз,  жан-жағына  қарайды,  ештеңе  тықыр  білінбейді.  Күн  ептеп  сіркіреп 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              821 bet 

жауып тұрады, күн күркіреп тұрады, молда анда-санда, «Астапыралла», – деп айтып, шапанын бүркеніп, 

жата береді. 

Бір мезгілде көзін ашып қараса, күн ашылған, айнала жап-жарық, қып-қызыл тәрізді. Басын көтеріп қараса, 

қораның күнбатыс жағында дауылдатып жанған от көзіне түседі. Басын көтеріп, отқа көзін тігіп отырады. 

Екі  қолымен  бет-аузын  сипалап,  есінеп  отырады.  Мәсінің  қайысын  тартып,  алақанымен  сылап-сипап 

қояды.  Содан  орнынан  тұра  келіп  қараса,  таң  да  бозарып,  ақ  жиектеп  қалған  екен,  кішкене  жүрегіне 

қуаныш енгендей болады. Содан біраз қайыра жатып, таң атқанша көзі ілініп кетеді. Ұйықтап жатса, тағы 

түс көреді. Түсінде есегіне мініп, үйіне келіп, отыр екен. Бірақ шекесін біреу жарып кетеді. Сөйтіп жатып, 

шошынып оянады, оянса, күн сәске болып қалған екен. 

– У-у, – деп керіліп: 

– Ойбай-ау, намаз өтіп кеткен екен ғой,  – деп, жалма-жан демімен дәрет  алады. Сөйтіп, намаз оқиды. 

Намазын  оқып  болған  соң  қораның  бұрышын  айналып,  тау  жаққа  қарай  жүрсе,  өзінің  кешегі  келген 

жағында есегі жайылған жерге қалың малы бар бір үй, қырық-елу адамы бар, қонып жатады. Сол жерде 

молда бір жаман ойға батады. Әлгі үйдің артында оңашалау жерде бір ат ер-тоқыммен жайылып тұрады. 

– Не болса да, осыны мініп, қашайын, – деп, молда үйдің сырт жағымен айналып барып, атты міне қашады. 

Үй-ішінен  «Аттан»  деген  шу  шыға  қалады.  Тарсылдата  молда  шауып  кетіп  бара  жатыр.  Аты  сүрініп, 

молда атымен құлап, сол жерде қаза табады. Өлер алдында: 

– Өзі жалаңаш, шайтан тоба, – деп, ол дүниеге сапар шегеді. 

66. АЛПЫС СИЫРЛЫ МОЛДА 

Бір молданың алпыс сиыры болыпты. Қасындағы көрші жігіттің бір керемет, тұқымы жақсы бір сиыры 

болыпты. Молда бұл сиырға өте қызығады да жүреді екен. Молда ойлайды: осы жігіттің сиырын нендей 

әдіспен түсіріп алсам екен деп, ойлай-ойлай, мынау әдісті табады. 

Қолына кітабын алып, айғайлап, жігітке естіріп мынау сөзді айтып, зарланып отырады. 

– Егер де бір кім ерсе, 

Молдаға бір сиыр берсе, 

Алла тағала ол кімсанаға алпыс сиыр нәсіп етер, – деп, бүгін де, ертең де жігітке естіріп соғады да қояды. 

Жігіт ойлайды: осы молда шын айтатын болар, бұған бұл бір сиырды берейін, Алла маған алпыс сиыр 

берсе, бір күнде байып кетпеймін бе? – деп ойлап кетіп, әйеліне ақылдасса, әйелі: 

– Ойбай, салып берме,  – десе де, жігіт  әйелінің тілін алмай, сиырға  жіп тағып әкеліп, молдаға береді. 

Молда дұға қылып, бетін сипап: 

– Алла тағала саған менің сиырымдай алпыс сиыр береді, –дейді. Молда дегені болған соң әлгі жақсы 

сиырды бітеу қораға қойып, көркейтемін деп жемдейді. Сиыр бірнеше күн жемде тұрып, өте көркейіп 

семіреді.  Бір  күндерде  сиыр  қателікпен  есігі  ашық  қалғандықтан,  қорадан  шығып,  ойнап-секіріп, 

молданың алпыс сиырына қосылып, іші пысып қалған сиыр ана сиырмен бір, мына сиырмен бір сүзісіп 

жүріп, қорадан шығып, басқа сиырлардың бәрі де бұл сиырға ілесіп, барлығы жігіттің үйіне келеді. Жігіт 

барлық сиырдың барлығын қорасына қамап, сұрай келген молдаға да бермейді. Молда: 

– Ендеше қазыға барып, арызымызды тыңдатайық, – дейді. Жігіт бармақ болып, екеуі қазыға барады. 

– Арамызда бір кішкене әңгімеміз бар еді, – дейді молда. Сонда қазы айтады: 

–  Бүгін  кеш  болды,  екеуің  де  ертең  ерте  менің  өз  үйіме  келіңіз.  Сонан  екеуіңді  диуанханаға  барып, 

әңгімелеріңді тыңдармын, – дейді. Бұлар «Жақсы, болады» деп, үйлеріне қайтып келіп, жатады. Ертең 

жігіт  «Ерте тұрып, кетіп қалған болар» деп, асығып, қазының үйіне келсе, қазының есігі ашық, үйінде 

адам жоқ. Кіріп қалғасын, шығып кетуді орынсыз көріп, иесіз үйде нағып жүрген адамсыз деп айтады ғой 

дейді де, сәкінің астына кіріп жатады. 

Іс былай екен: қазы ерте тұрып, кетіп қалыпты. Қазының әйелі қолына құманын алып, дәретке шығып 

кеткен  екен.  Әйел  үйіне  келіп,  шылапшын  алып,  дәрет  алуға  әзірленгенде  молда  да  келіп  жетеді. 

Молдамен қазының әйелі әңгімелесіп, амандасып отырған соң, молда қазының әйеліне айтады: 

– Сіздің көйлегіңіздің астынан көрініп тұрған не нәрсе? – дейді. 

Әйел төмен қарап күледі де: 

– Білмейсіз бе, жаһаннам шұңқырларының бір кішкентай іні ғой, – дейді. Молда тұрып: 

– Олай болса, бізде бір жаһаннамның асыранды түлкісі бар еді. Соны сол інге кіргізуге болар ма екен? – 

десе, әйел: «Неге болмас?» дейді. Сөйтіп, бұлар сол жерде бұл бұзық амалдарын бітіріп алады. Жігіт сәкі 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              822 bet 

астында жатып, мұның бәрін көзден кешіріп жатады. Молда қажының әйелін кәужімдеп болып, қазының 

артынан кетеді. Әйел тазарып келуге басқа үйіне кеткен соң жігіт те сәкі астынан адамға көрінбей шығады 

да, бұ да молданың артынан кетеді. Бұл келсе, молда жаңа ғана диуанхананың ауласына кірген екен. Жігіт 

те жетеді. Жігіт молдаға: 

– Молдеке! Құдайдың берген алпыс сиырын менен неге даулайсың? Құдайдан қорықпайсың ба? Айтысты 

қой,  егер  дау  қуам  десең,  мен  қазының  үйіндегі  жаһаннам  шұңқырының  ініне  асыранды  түлкіңді 

жібергеніңді айтармын, – дейді. 

Молда: 

– Қой, шырағым, қой. Жә, алпыс сиыр да, бір сиыр да өзіңдікі болсын, – деп, сиырлардан баз кешіп, «Біз 



өзді өзіміз жарастық, – деп айтайын», деп, молда диуанханаға кіріп кеткенде, жігіт те: 

– Иә, Құдай, бергеніңе шүкір, – деп, үйіне қарай қайтып кетіпті. 

67. МОЛДА МЕН СЕРКЕ 

Бір күні Айжарықтың үйіне қаба сақалды бір молда келіп қоныпты. Ас жеп болған соң молда әндетіп, 

Құран оқи бастапты. Құран оқып отырғанда молданың бетіне қарап отырып, кеңкілдеп, жылап қоя беріпті. 

Құран оқып болған соң молда Айжарықтан сұрапты: 

– Айеке, Құран әуезіне бойыңыз балқып, жылаған шығарсыз? – депті. 

Айжарық көзінің жасын сүртіп отырып, айтыпты: 

– Жоқ, молдеке. Анау күні бір серкем өлді. Жануар сақалы селк-селк етіп, ылғи қойды бастап жүруші еді. 

Сіздің желкілдеген қаба сақалыңызды көрген соң сол серкем есіме түсті, соған жыладым, – депті. 

68. ТӨРТ ҰРЫ 

Ертеде бір төрт ұры адам мал, жылқы ұрлап алуға жолаушы болып шығыпты. Біреуінің аты – Қағанақбас 

екен  және  біреуінікі  –  Шибұт,  тағы  біреуінікі  –  Қылкеңірдек,  төртіншісінің  аты  Тұз  екен.  Қолдарына 

ештеңе  түспеген  соң,  ақыры,  жүріп,  біреудің  бір  ешкісін  ұстап  алып,  бір  бұлақтың  бойына  келіп,  сол 

жерде түстеніп, әлгіні сойып, тамақ қылуға асыпты. Шибұт түрегеліп, Қағанақбасқа айтады: 

–  Сен  мына  майлы  тоқ  шектерін  қарныменен  суға  апарып,  жуып  келе  ғой,  –  деп.  Қағанақбас  барып, 

шектерді жуып отырса, оның басына, бетіне шыбын, маса қонып, қаптап, тынышын алған соң, Қағанақбас 

ыза болып, қолыменен масаларды қуамын деп, басына салып қалған екен де, басы жарылып, өліп қалады. 

Сонан соң Қылкеңірдек Шибұтқа айтады: 

– Әлгі, шіркін, неғып кешігіп қалды, сен барып, оған болысып, жылдам оны әкел! – дейді. Шибұт барып 

қараса, Қағанақбастың басы жарылып, өліп жатқанын көріп, таң қалып: 

–  Апырай,  бұл  неғып  өлген?  –  деп,  екі  санын  екі  қолымен  салып  қалған  екен,  екі  аяғы  үзіліп  кетіп, 

жығылып, ол да өледі. Біраздан соң Тұз Қылкеңірдекке айтады: 

– Әлгілер не болып кешікті, сен барып, шақырып, алып келе ғой, – дейді. Қылкеңірдек барып, олардың 

өліп жатқандарын көріп, таң-тамаша қалып, «Ойбай, бұлар неғып өлген?» деп, өңешін қатты «Еһ» деп 

тартқан екен, кеңірдегі үзіліп кетіп, ол да сол жерде өледі. Бұл уақытта жолдастары келмеген соң: 

– Бұларға не болды? – деп, Тұз өзі барады. Не бетімен қарасын, жолдастарының өліп жатқандарын көріп, 

не деп айтарын білмей, таң қалып, қимылдай алмай, қарап тұрса, сол мезгілде қатты жаңбыр жауып кетіп, 

Тұз сол жерде еріп кетеді. Сөйтіп, асқан тамақтары біреуіне де бұйырмапты. 

Ақыр біреудің адал ақысы арамзаларға бұйырмақ па еді? 

69. ҚАҒАНАҚБАС, ҚЫЛКЕҢІРДЕК, ШИБОРБАЙ 

Қағанақбас,  Қылкеңірдек,  Шиборбай  –  үшеуі  жолдас  екен.  Бір  күні  бұлар  бір  тоқты  ұрлап,  сатыпты. 

Тоқтыны  бұтарлап,  етін  қазанға  салайын  деп  жатып,  Қағанақбасқа  қарынды  тысқа  ап  шыққанда  қара 

шыбындар қарынға да, Қағанақбастың басына да қаптай үймелепті. Басындағы шыбынды қағамын деп, 

Қағанақбас қақас қолын сілтеп, басын ұрып алыпты. Пиала төбесі ойылып, шарана шекесі шарт кетіпті. 

Жұмыртқадай жұқа бас жарылып, жан беріпті. 

Қағанақбас қалайша кешікті деп, Шиборбай шыға келсе, өліп жатқан Қағанақбасты көре салып: 

−  Ай,  әттеген-ай!−  деп,  екі  қолымен  санын  салып  қалғанда,  шидей  борбайы  шырт  етіп,  ол  да  мүрдем 

кетіпті. Мұның даусымен Қылкеңірдек жүгіре шығып, өліп жатқан екі жолдасын көріп: 

− Ойбай! Бауырым-ай! – дегенде қыл кеңірдегі қылғына алмай, үзіліп кетіпті. 

70. ЕКІ ҚАРАҚШЫНЫҢ БАС ҚОСУЫ 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              823 bet 

Өткен  алып  қашты,  жұлып  кетті  заманда  екі  қарақшы  болыпты.  Бұл  екеуінің  істейтін  «кәсібі»  момын 

шаруалардың малын ұрлап, сонымен күн көрген. Ауыл арасының мазасын алып бітеді. Біле қалғандай 

болса,  бұларға  өздерінше  жазаның  ауырын  беріп,  тырнақтап  жинағанды  етектеп  төгетін  болды.  Дереу 

сезсе  болғаны,  қырдағы  малын  талап  алады,  қойшы,  алғанда  атап-атап  алатын  болды.  «Айып»  дейді, 

«шығуым» дейді, «сойысымызға» дейді, осы сияқты етіп, барлық мал да жүдә болды. 

Бір күні бұл екеуі кеңесіп: 

– Бұдан бұлай мұндай ауыл арасын ұрламайық. Қууды көбейтпейік, кесіп алып қалған соң қосу да қиын 

ғой. Мұның орнына алыстан ұрлайық. Көз көрмес, құлақ естімес жерден, – деді екі қарақшы. 

– Оған ағайындар да қарсы болмас, өздері аман болған соң олар басқаны ұрлап жатса да, үндемейді, – деп, 

осы ақылды қорытып, қолдағы бар қалған бір-екі қараны оншақты ешкіге сатты. Ұзақ сапарға шықты. 

Ауыл бұл екеуінен құтылдық деп, қуанысып, олар қалыпты. 

Оншақты ешкі бұл екеуінің жол азығы еді, ауылдан бір күндік жерге шыққан соң бір ешкі сойды, біразын 

жеп, қалған ешкілердің үстіне таңып қояды, өздері бес ешкінің маңымен жүріп отырады. Өздері елсізбен 

жүріп отырып, бір жарым ай жол жүреді. Ешкі де таусылды. Әйтеуір, ел шетіне келіп қалды. Жапан далада 

қалмай, осы елді көргеніне өздері де қуанысты. Бұл екеуі аздап кеңеседі, осы елден түсіп, мал-дүние алып 

қайталық, солай болған соң бірімізге біріміз дыбыстау үшін бұрынғы атымызды атамайық, жаңадан ат 

қойып алайық, – дейді. 

– Ал сенің атың – Майқап, менің атым – Жолдым болсын, – деп, өздеріне өздері ат қояды. Сонымен қатар 

келешекте өздерінің істейтін жұмыстарын бөліп алды. Майқап қораға кіріп, мал алып шығатын болды. 

Жолдым үйге кіріп, дүние, алтын алып шығатын болды. 

Екеуі аралап жүріп, елдің көзіне көрінбейтін таса жер тауып алып, осы жерге дем алмақ болды. Және 

малды да осы жерге жинамақ болып, бір жардың қуысын үй қылып алды. Түнде от жақпайды. Күндіз 

жағып, күнелтетін болды. Кешке таман ауылдың сыртына келді. Ел ұйықтаған мезгілде Майқап қораға 

кіріп, бір семіз қойды алып шықты. Басқа ештеңе алмай, өздерінің бекінетін жерлеріне келді. Алып келген 

қойды көп ұзатпай-ақ, ертемен сойып жайғастырып, ашығып қалған екен, күлді көмеш қылып,  пісіріп 

жеді. Бір қойдың еті не болсын екеуіне? Екі-ақ күнге жетті. Кешегідей емес, тынығып қалған екен, екеуі 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет