Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
785 bet
Қау сақалдың есегі, әмір жоқ, тыша береді. Әбден зықысын шығарған соң кейіген екен, қау сақал әлгінің
басын алып тастайды.
Онан ортаншы сылқым кезігіп, ол да осыған жалданып, есекке ол да қынжылып, оның да басы алынады.
Үшінші сылқым тағы жалданады. Ол есек зықысын ала берген соң артқы сирағын шауып алып, көтенін
тығындап қояды. Қау сақал көріп, сасып қап:
– Бұл не? – дегенде, үшінші сылқым:
– Есегіңіз құлындап жатыр, – дейді. Қау сақал бұрылып жүріп кетеді. Кешке оның үйіне бір қонақ келеді.
Жалшысына:
– Мына қонаққа қой сой, бақай–сирағына дейін үйітіп сал, тойындырып аттандырайық, – дейді қау сақал.
– Мақұл, – деп шығып кетеді де, сол Қау сақалдың Қой, Бақай, Сирақ деген үш баласын өлтіріп, қазанға
сап, аса береді. Қау сақал қонағымен көп әңгімелесіп отырып, қазы кешеулеген соң сыртқа шығып,
жерошақ басына барса, қазанның іші толы адам еті.
– Мұның не? – дейді.
– Сол өзіңіз айтқан әміріңізді екі қылмай, орындағаным ғой, – дейді. Шал оларға қынжылмағансып
кенеттен:
– Сен түнде қалай ұйықтайсың? – дейді.
– Көзімді ашып ұйықтайым, – дейді жалшы. Қау сақал қатынына бара сала үлкен бір сандыққа бауырсақ,
азық-түлік салдырып, түнде қашуға айналады. Жалшы олардың мұнысын сезеді де, сол сандық ішіне түсіп
жатады. Шал мен кемпір сандықты көтеріп, ала түнде қашады. Жалшы дәреті қысып кетіп, сиіп жібереді.
Кемпір мен шал «Мына азықтың майы ағып барады» деп, түзу тамшыға ауыздарын тосып, жаласады. Су
жағасына келіп, тыншып, тамақтануға сандықты ашып жіберсе, жалшы шыға келеді.
Шал үндемейді, тамақтанады. Кеш батады, жатуға айланады, төсекті тақ жар басына салады. Су жаққа –
жалшы, ортасына – қау сақал, оның мына жағына кемпір жатады. Көзі ұйқыға кеткенде жалшы өз орнына
кемпірді сала қояды. Түн ортасы, ала түнде бай кемпірін жардан құлатып, суға батырып жібереді.
Таңертең қатынын оятса, жалшы болып шығады.
– Амалын айтшы, шырағым, алсаң, міне, бас, – деп, жалшының аяғына қау сақал жығылыпты.
36. БАҚСЫ ШАЛ
Бір шаһарда бір кедей шал болыпты. Шалдың әйелі сондай сұлу болады екен. Бір күні бір байдың қыз
ұзатқан тойы болып, соған барады. Әлгі шалдың әйелі барса, өзінен басқа әйелдің бәрі де жоғары отыр.
Жалғыз төмен отырған осы – шалдың әйелі. Әйел ішінен итқұса болып отырып, той тарқаған соң үйіне
келіп, шалға «Мен сенен кетемін», – дейді. Сорлы шал сасып:
– Ей... өзің не деп тұрсың? Кеткенің не? – деп сұрайды.
Сонда қатыны тұрып:
– Сен кедейсің, менен елдің қатынының бәрі жоғары, байлардың да әйелі, бақсының қатыны да артық,
сенің түрің мынау, өзіңнің қолыңнан һеш нәрсе келмейді. Мен сенен басқа адамға тиемін, – дейді.
Сонда шал тұрып:
– Ей, қатын, сен кетпе, мен бір амал табайын, – деп, сол жерде ойланып, өтірік бақсы болмақшы болады.
Бақсы болып, елдің тамырын ұстап, ойнап, сөйтіп жүріп, айла тауып, елге бақсы атанады.
Бір күні шал бір ауылдан бақсы болып, суды үрлеп, келе жатса, қаланың іші–тысы жиналған адам. Келіп,
бір кісіден:
– Бұл не? – деп, сұраса, «Ханның бүгін екі есекпен артқан күмісі жоғалды, соған сұрау салып, бақсы-
балгерді жинап жатыр», – дейді.
Шал:
– Ойбай, мені шақырар. Шақырса, түк білмеймін, – деп, қашып кетіп отырады.
Хан елдің бәрін жинап, ешкім таба алмаған соң сұрау етті. «Кім қалды?» дегенде осында бір бақсы шал
қалды деп, қаланың билері, адамдары «Шалды таптық», – деп мақтайды. Хан жарлық етеді.
– Қайда болса да, табыңдар, – деп, іздеп, үйіне келсе, шал жоқ, қайда кетті деп қатынынан сұраса, қатыны
«Білмеймін» дейді. Шал бақсы бағанағы қашқаннан шәрден шығып бара жатса, бір судың жағасындағы
көп ағаш бар екен, соған қарай жүреді. Келе жатса, бір үш адам алдынан келе жатады. Бақсы шалды көреді.
Ол үшеуі ұры екен, әлгі есекті алтынмен солар алып ұрлаған екен.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
786 bet
Мына шал солай бара жатқан соң үшеуі қорқып, ақылдасады. Мына бақсы біліп келе жатыр бізді. Қазір
табады да, ханға алып барады. Онан соң хан басымызды алады, онан да өзіне жалынып, есекпен бұлды
беріп, бізді айтпа деп, нәрсе беріп қайырайық, – дейді де, шалдың алдынан үшеуі шығады. Шал қорқып,
бұлар өзі мені ұстап, тонар, неге қарсы жүреді деп, қисайып бұрылып, қашады. Онда үшінші ұры «Әне,
қайтсем де, бізді ханға апарамын деп, біздің жаңағы сөзімізді естіп, кетіп барады, аяғына жығылып, алып
келейік», – деп, жүгіріп барып, шалды ұстап алып, апарып:
– Міні, ханның есегі, жүгі, өзің не алсаң да, қолыңды қақпайық біз, ал, – деп, – ханға айта көрме, апарып
бер, – деп, жалынады. Шал:
– Олай болса, бұл жерде тұрсын, ханға сендер алды деп айтпайын. Өздеріңмен ақылдасайын деп, келіп
едім, өздерің жүре беріңдер. Жүгін аударып кетіңдер. Жүгі ауып, жатып қалыпты дейін мен, – деп, шал
білдірмей, қайта тартып, қалаға барса, алдынан іздеп жүрген адамдар танып келіп, ханға алып барады.
Барып, «бақсы» сарнап отырып, өкіріп, бір мезгілде айтады:
– Осындай ағаштың ішінде жүгі ауып жатыр, – деп, екі кісі жіберсе, айтқан жерінде жатыр. Хан разы
болып, бақсыны ел адамының бәрінен артық көреді.
Бір күні ханның сарайынан алтын жоғалады. Бұны ханның қырық уәзірі алады. Хан тағы шалды
шақыртып алады.
– Ал, бақсым, тап, – дейді.
Шал не дерін білмей, отырып қалады.
Хан:
– Егер таппасаң, басыңды алам, – дейді.
Қорқып, «Өлсем, ең болмаса, қырық күн өмір өткізіп қалайын», – деп, қырық күн мұрсат сұрайды.
– Соған шейін тауып әкеліп берейін, – дейді. Мұны қырық уәзір естіп, сасады. Шал үйіне қайтқан соң кісі
жіберіседі. Шал үйіне келіп, қайтерін білмей, қырық күнді осы жаңылып қалармыз деп, бишара өзі есеп
те білмейді, бір ағашты қырық кертіп алады. Мұны әлгі уәзірлердің жолығып келуге жіберген адамы көріп
тұрады. Барып, аналарға айтады.
– Осылай ағашты қырық кертіп алды, қырқыңды осылай керттіріп, өлтіртермін дегені, – [деп ойлап,]
бұлар ертең бір уәзірді жібереді. Келіп, шалдың терезесінен қарап тұрса, шал әлгі ағаштың бір керткенін
жонып тастайды.
Мұны көріп, уәзір есі кетіп, қорқып, аналарға келіп айтады:
– Ойбай, ең аяғы менің барғанымды да біліп, сендерден айрылып, бір кісі жоқ болды деп, әлгі ағаштың
бірін жонып қойды, – дейді.
Ертең екі уәзір келіп қарайды. Келсе, шал тағы ағашты ұстап отыр екен. Шал отырып қатынына:
– Қатын, – деп, айғай салады.
Қатыны:
– Немене осы, кеше нешеу еді, бүгінмен екеу екен, – деп, екі сызықты жонады. Мұны көріп, әлгі уәзірлер
қайтып барып:
– Қой, ол шал табады, онан да барып, жалынып, басымызды аман алып қалуға тырысайық, – деп, шалға
келіп, барлығын – өзімізді аман қалдыр, өлтіртпе, мына ханның алтынын өзіне бер. Анау көп бейітке
тығып, көміп едік, – деп, апарып көрсетеді. Жалынады. Уәзірлерді қайтарып, ханға келіп:
– Таптым, тақсыр, екі кісі жібер де, алғыз, ана көп бейіттің ішіне тығып кетті, – деді. Сонда хан кісі жіберіп,
сұрайды.
– Кім алыпты, білдің бе? – дейді. Сонда шал тұрып:
– Тілегімді берсең, айтам, – дейді. Хан екі сөйлемей, «Жарайды», – дейді. Шал:
– Қырық уәзіріңіз, – дейді.
Хан:
– Жарайды, енді өлтірмей-ақ қояйын, сенің сұрағаныңды бердім, – деп, қояды.
Бір күні шал ханның үйіне келіп, сөйлесіп отырғанда, хан далаға шығып кетеді. Хан шығып дәретте
отырса, бір шолақ қанатының жартысы сынық шегіртке ханның алдына келіп қонады.
Хан қолымен екі рет басып қалып, екеуін де ұстай алмай, үшіншіде ұстап алып, қолына қысып, ұстап
келіп, үйге кіріп, шалға келіп:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
787 bet
– Осы қолымда не бар, тапқыш болсаң, осыны тапшы, – дейді. Шал сасады, не дерін білмей, қорқып,
уайымға түсіп, былай дейді:
– Бір секіргенде құтылдым, екі секіргенімде құтылдым, үшіншіде сорың сол-ақ – тұтылдым, – дейді.
Сонда хан:
– Пай, шіркін, қалай тапқыш едің, – деп, шегірткені тастай береді. Шалдың айтқаны шегіртке емес, өзі еді,
өзінің алдыңғы екі жоқты тауып, кейінгі мынаны қалай табарын білмей айтқан сөзі шегірткеге тура келіп,
қосылып қалғаны. Сөйтіп, шал аман құтылыпты. Содан қанша сый алып, өлімнен құтылған екен.
37. ЕРІКСІЗ БАЛГЕР
Ілгергі заманда бір шал бар еді. Оның бір жас қатыны бар еді. Ол қатынның ойы шалдан шығып, бір жас
жігітке тимекші еді. Бір күндері шал қатыныменен моншаға барады. Моншада өздерінің үстіне қатық
жағып, жалаңаштанып отырған уақытта бір жігіт келіп, «Патшаның бәлгерінің қатыны келеді, моншада
адам болса, шықсын», – дейді. Сөйтіп, бұларды қатық сүрткен бойынша жуындырмастан моншадан айдап
шығады. Үйге келген соң ыза болғаннан қатын шалға айтады:
– Дүниеде патшаның балгері зор екен, сен бал үйреніп, патшаға балгер бол. Болмаса, сенен шығып,
патшаның балгеріне тиемін, – дейді. Бұ қарт бал ашуды бұрын еш білмейді екен. Қатынының бұл сөзіне
қайран болып, амалсыз бір ағашты жонып, бір жағын – қызыл, бір жағын – қара, бір жағын ақ қылып, бір
қоржынға ескі жазуы бар қағаздарды салып, базарға келіп, «Мен – балгермін», – деп, һәркімнің жоғалған
нәрсесін әлгі төрт қырлы ағашты тастап, соған қарап, көңіліне келген сөздерді айта салса, әлгінің нәрсесі
табылатұн болады. Бірнеше күн осы әдетпенен базар басындағы адамдарға «Пәлендей қарт адам балгер
екен» деген сөз жұртқа жайылады. Сол уақытта патшаның бір жерге жіберген адамдары ол жерден көп
пұл алып келе жатып, бір қашырға артқан алтынды қашырыменен жоғалтып келді. Қай жерде қалғанын
білмейді. Бұл іске патша барша балгерді жиып, бал аштырады. Бұлардың ешқайсысы таба алмайды. Сол
уақытта бір адам келіп, патшаға айтыпты.
– Жақында бір шал балгер шығыпты, айтқаны ешбір қате кетпейді дейді, – деп. Патша жасауыл жіберіп,
әлгі шалды алдырып, шалға айтыпты:
– Менің бір қашырым жүгімен жоғалды, соған бал ашып, тапқын. Таппасаң, басыңды аламын.
Шал байғұс қорыққаннан төрт қырлы ағашын алып, ақ киіздің үстіне домалатып тастап, ағашқа қарап,
біраз отырып, басын көтеріп, жасауылдардан сұрайды:
– Шаһарға жететін күні жолда тоқтап па едіңдер?
Жасауыл айтады:
– Жол үстінде жоңышқалы шарбаққа қашырды жайып, оттатып, біраз отырып едік, – дейді. Онда бұл шал
ойлайды, ол жоғалған қашыр оттап, бөтен шарбаққа өтіп кеткен шығар, кешеден бері аунап, жүгі ауып
қалған шығар, соны көңіліне демеу қылып, шал патшаға айтады:
– Сол күнгі жайылған шарбақтың ар жағында бір шарбаққа жүгі бауырына түсіп тұр, адам жіберіңіз, алып
келсін, – деп. Патша адам жіберсе, айтқан жерде жүгі бауырына түсіп тұрған екен, тауып алып келді.
Патша әлгі шалға көп нәрсе беріп, қырық балгерінің ішіне қосып қояды. Бір уақытта патшаның
қазынасына ұрылар кіріп, бір қап тілләсін алып кетіпті. Патша қырық балгерлерінің бәрін шақырып, «Бал
ашып, тілләні табыңдар», – деп, жарлық қылады.
– Агар таппасаңдар, бәріңді қырамын, – дейді. Олардың ортасынан баяғы балгер шал патшадан қырық
күн рұқсат сұрайды.
– Қырық күннің ішінде таба алмасақ, бәрімізді қыр, – дейді. Әлгі шал базардан қырық күндік ауқатын
сатып алады және қырық өрік сатып алып, үйіне келді. Қатынына айтады:
– Сенің көңіліңде мен өлсем, бір жас жігітке тисем деген ойың бар еді. Енді тілегіңе жеттің. Патша қырық
күннің ішінде тіллә табылмаса, өлтіретін болды. Мен бірауыз бал ашуды білмеймін, сенің зорлығыңнан
болып еді, енді мен саған разы болайын, қырық күнге шейін менім көңілімді көп ойнап–күліп, жұбат, –
депті.
Бұл патшаның қазынасын ұрлаған қырық қарақшы еді. Бастығы бір шолақ адам еді. Есітті «Жаңадан бір
балгер шығыпты, қырық күннің ішінде ұрыларды таппақ болыпты», – деп. Кеш болған соң қырық
қарақшының бастығы бір адамын жіберіпті.
– Барып, балгер молда[ны] байқап кел, не іс қылып отыр екен?
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
788 bet
Ол адам сырттан келіп, тыңдап отырғанда шал орнынан тұра келіп, өріктің біреуін қолына алып, жемек
болып, қатынына айтады:
371 - Бөлім: Қазақ ертегілері (4)
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2068
– Ей, қатын, қырық еді, бірі келді, – дейді. Сонда тұрып тыңдаушы өзімнің келгенімді, біздің қырық
екенімізді білген екен, – деп, қашып, жолдастарына барып айтады.
– Мен барысыменен қырық ұрының бірі келді деді. Өзіне барып жалынбасақ, мұнан құтылып болмас, –
деп. Бастығы айтады:
– Сен қорқақ едің, ол басқаны айтқанын сен өзіңе жорыған шығарсың. Ертең саған біреу қосылып барсын,
– дейді. Ертеңіне екеу болып барып, тыңдап отырғанында шал орнынан тұрып, өріктің және біреуін алып,
қатынына қарап айтады:
– Ай, қатын, қырық еді, екеуі келді, – дейді. Мұны естіп, екі ұры «Бізді айтты» деп және қашып барып,
жолдастарына айтады.
Үшінші күні шолақ бастығы екі адам ертіп, өзі келіп байқаса, бұ шал және бір өрікті қолына алса, ол
өріктің жартысын құрт жеген екен. Қатынына айтты:
– Ей, қатын, бүгін қырықтың үшеуі келді. Және майыбы келді, – деп, өріктің құрт жегенін айтады. Мұны
ұрылар естіп:
– Нақ өзімізді айтты, шолағымызға дейін тапты, – деп, со жерден шолақ бастығы қосына бір адам жіберіп,
бір қалта тіллә алдырып, шалдың есігіне келіп, сөйлес қылды. Шал есіктен қарап:
– Кімсіңдер? – дейді.
Бұлар айтады:
– Тақсыр, өзіңіз біліп тұрсыз ғой, біздер қырық қарақшы едік патшаның тілләсін ұрлаған, тілләдан бір
теңге шыққан жоқ. Бәлен жерге моланың ішіне қойдық. Мынау – бір қалта тартуымыз, алып, өздерімізге
кеңшілік беріп, патшаға айтпаңыз деп өтінеміз.
Шал бұлардың сөзін естіп, мақтанып, оларға айтады:
– Мен сол күні сендердің қазынаны алғандарыңды біліп едім, өздерің жарамды жігіт болған соң аяп,
өздері келіп айтар деп, қырық күн мәулет алғанымның мәнісі сол еді. Қалтадағы тілләларыңды қойып,
өздерің кете беріңдер, – дейді.
Ертеңгі күн шал тұрып, ұрылар айтқан молаға барып, тілләні көріп, онан патшаға барып, мәлім қылады.
– Тақсыр, тілләңізді таптым, ұрылар ұзақ жерге кеткен екен, табылмады, тіллә пәлен жерде моланың
ішінде тұр, сенішті адамыңызды жіберіп, алдырыңыз, – дейді.
Патша кісі жіберіп еді, айтқанындай, моланың ішінен тілләні тауып алып келді. Енді патша баяғы қырық
балгердің бастығын шақырып келіп, қырық таяқ ұрып, қуып жіберді. Шалға жарлық беріп, қырық
балгерге бастық қылады. Онан соң шал үйіне барып, қатынына айтады:
– Енді сенің көңіліңдегі болды. Мені патша балгер басы қылып, жарлық берді. Мұнан былай өлерімізді
Құдай білсін, әзір біз үлкен болдық, енді моншаға бара бер, – дейді.
Күндерде бір күнде балгер шал моншаға барып, тұла бойына қатық сүртіп, жуынып отырып, ойлайды.
Қандай қылсам, патшадан құтылар екенмін.
– Тұра тұр, өзімді жынды қылып, осы қалыбымменен барып, патшаның жағасына жабысып, сүйресем,
мені жынды болыпты деп, айдап жіберсе керек. Солай қылып, құтылмасам, амал жоқ, – деп, шал
моншадан тырдай жалаңаш патшаның ордасына жүгіреді. Жалаңаш балгер басы шалдың келе жатқанын
көріп, патшаның ордасындағы жасауылдар аң-таң болып тұрғанда есіктің алдындағы көлеңкеде отырған
патшаның жағасынан алып, сүйрей береді. Патша қорқып, сасып, шалдан құтыла алмай, сүйретіле береді.
Балгер шал патшаны ашық жерге алып шыққан кезде патша отырған ашық көлеңке бірден құлапты. Әлгі
жындылық қылып, патшадан құтыламын ба деген шал мұны көріп, көңіліне мақтау кіріп, жындылықты
қойып, ай–жай болып, тыншыған соң шал балгерден патша сұрапты:
– Мұны қайдан білдің? – деп, шал айтыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
789 bet
– Мен моншада отырғанда сіз патша турасында бал ашып көрсем, сіздің отырған төбеңіз құлайын деп тұр
екен. Сонан киімімді кигенше кешігіп қалады екенмін деп, тырдай жалаңаш, ұятымды ұмытып жүгіріп,
сізді орныңыздан сүйреп жүргенімнің мәнісі сол еді.
Енді патша бұ шалға бұрынғыдан да ықылас қылып, көп нәрселер беріп, һәр уақыт өз алдынан
шығармайтұн болыпты.
– Мен сендей балгерді өмірі көргенім жоқ, – деп. Күндерде бір күн патша түзге отырғалы далаға шықса,
бір ақсақ шегірткені көреді. Шегірткені ұстаймын деп, қолымен басса, шегіртке секіріп түседі. Және
ұстаймын десе және секіріп түседі. Үшінші мартаба шегірткені ұстап алады да, ойлайды: тұра тұр,
балгерден сұрайын, қолда не бар екенін білер ме екен, – дейді де, шалдан келіп сұрайды.
Шал аң-таң болып, не айтарын білмей, енді патшаға тұтылдым деп, өз турасында айтады.
Өзін ақсаған шегіртке қылып, бір секірдің құтылдың, екі секірдің – құтылдың, үшіншіде тұтылдың
дегенде, «Бәлі, шалым, білдің», – деп, алақанын ашып, шегірткені көрсетеді. Мұнан соң патшаға айтады:
– Тақсыр, өзіңізге оңашада айтатұн бір арызым бар, – деді.
Патша адамдардың барлығын шығарып жіберіп, шалға айтады.
– Не арызың бар, айтыңыз, – дейді.
Сонда шал айтады:
– Тақсыр, мен балгер емес едім, басыма іс түскен соң балгермін, – деп, бастан–аяқ өткеннің бәрін айтып,
патшаның көңілін нандырады. Патшаға:
– Тақсыр, мен қызметкер шалыңызды не қылсаңыз да, өзіңіз біліңіз, – деген соң патша «аққа – Құдай жақ»
деген Құдайдың өзі сізді жақсы жолға бастаған екен. Сізді өлгенше бағамын деп, бір елдің беретін
қаржы[сы]н беріпті де, «Соны жеп, байғұс, ақ пейіл шалым, жата бер», – дейді.
38. БАҚА
Баяғыда Бақа деген қой аузынан шөп алмайтын бір шал болыпты. Ол шал еш уақытта да бір адамға «Сені
ме» деген сөз айтпапты.
Оның үстіне қыдыру дегенді, көпке қосылу дегенді білмепті. Осы мінезіне қарай Бақаны жұрт келемеждеп,
«әулие» деп атапты. Осыдан былай қарай Бақа деген ат ұмытылып, «әулие» деген ат тағылыпты.
Бақа бір күні көптің артына еріп, қала шығып, қаладан қайтып келе жатқанда, нөсер жаңбыр жауып,
көппен бірге жолдағы бір үйге қонуға мұқтажды болыпты. Солардың қонған үйіне ел қыдырып, қазақтың
қатын-қалашын алдап, сауда істеп, мал тауып жүрген бір бақалшы саудагер ноғай қонады.
Қонған үйлері бір даукес байдың үйі болса керек. Қасындағы жолдастары Бақаны мазақтап, әулие деп
атап отырғанда, есік жақта отырған бір шалға үйдің иесі де көңіл аудара қоймайды.
Таң атады. Шәй ішіп, жұрт аттанайын деп жатқанда, бақалшы ноғай:
– Бір тай матам ұрланды, – деп, әлек салады. – Ұры емес. Мата табылғанша осында боласыңдар,
табылмаса, төлейсіңдер. Сендерден басқа алар адамның жөні жоқ, – деп, бұларды жібермейді.
Әрі керісіп, бері керісіп келгенде, қасындағы жолдастары Бақаны куәлікке ұстап беріп, кеткісі келеді.
Сөйтеді де:
– Мынау отырған біздің жолдасымыз, көріпкел әулие, кім алса да, ұры кісіні тауып береді. Таба алмаса,
ұрыны жасырғаны. Осы кісінің түп етегінен ұстап, айрылмаңыздар, – дейді.
Бақа ыршып түседі.
– Бай-еке, бұлар қалжыңға айтады. «Әулие» деп, мені мазақ қылады. Менің ондайлық ешбір өнерім жоқ,
– дейді.
Бай отырып:
– Жарайды, әулие болса, ұрымды тауып берер, тауып бермесе, астындағы аты – біздікі. Басқаларыңа
ұлықсат, – дейді.
Бақа әрі ойбайлайды, бері ойбайлайды. Қисайған бай болмайды. Ақырында:
– Матаны алған – сен, – деп, жанжал салады.
– Әй, Құдай-ай! Жасымнан-ақ осы заманның із аңдыған адамдарына жолдас болмасам деп ем, бір түн
жолдас болғанда, көрген пайдам – мынау, – деп, Бақа тұтқын болып, жолдастарынан айрылып, жолынан
бөгеліп, қала береді.
Бай кешке дейін Бақаны әурелейді.
– Жоқты табасың, таппасаң, төлейсің, – дейді. Бақа қарғанып-сіленіп, өлердегі сөзін айтады:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
790 bet
– Әулие де емеспін, матаны да көргенім жоқ, – десе де, болмайды. Тінтіп, әрі-беріден соң:
– Сөзге түсінбейтін, кезерген неме екенсің, – деп, бай қамшылап та алады.
Бақа өкінішпен, сөздің жай-мәнісін айтумен құтылмайтынын біліп, құтылудың басқа жолын ойластырады.
Ақырында:
– Жарайды. Мен ұрланған матаны табайын. Кешке бір бөлек үйді маған оңаша беріңдер. Таң атқанша
соған түнеймін. Атымды үйдің артына байлап қойыңдар. Таң атқасын жоқтың ізінен хабар етем, – дейді.
Бай:
– Жарайды, – деп, бір үйді оңашалап, кешке Бақаны ішіне салады.
Бақа олай бір, бұлай бір төңбекшіп жатып, түнімен өзін әлекке салған халықты да, Құдайды да қарғаумен
болады. Таң қараңғысы болды-ау деген кезде сыртқа шығады. Шықса, аты байлаулы тұр екен. Бірақ байда
Бақаның қулығындай қулық жоқ па, ер-тоқымын тығып қойған екен. Кедей сорлыда дұрыс ер-тоқым
болған ба, ер-тоқым біреудікі екен.
– Тастап кетсем, ұят болар, – деп, ер-тоқымды іздей бастайды.
Ана жерді бір, мына жерді бір қарап жүріп, үйдің жыртығынан шамның сәулесі келіп тұрған бір үйдің
желкесіне келеді. Келсе, ішінен күбір-күбір дауыс шығады. Тыңдап тұрса, сөйлесіп жатқан әйел мен еркек
екен.
– Құдай, ұрым-ау, ана әулие дегені шын әулие болып, ашылып қалса, не бетімізді айтамыз? – дейді еркегі
тұрып.
– Әй, қойшы әрі! Ол қайбір әулие дейсің, жоқты айтқаны несі? Мына қарашы, шетінен бір сүйемдей
жыртып алып едім, өзі сәтен бе, қалай? – дейді әйел.
– Қанша дейсің?
– Бірталай, бұзылмаған.
– Оны тыққан жеріңнен біреу-міреу тауып алмай ма?
– Ай, Құдай-ай, кім табар дейсің? Шұқыр тастың түбіндегі ағаштың түбін кім қазар дейсің...
Ер-тоқым іздеген Бақа қуанып кетіп:
– Жарайды, – деп, үйге қайта келеді.
– Бір сапарға бәледен аман құтылдым, – деп, тыныш ұйқыға кетеді.
Ертеңіне бай Бақаның бетіне қараса, кешегі Бақа емес. Бақаның көңілі жай, мінезі салмақты болып
қалыпты.
– Осы Құдай атқанның, шынында да, бірдеңесі болып жүрмегей еді, – деп ойлайды ішінен.
Шәй ішіп, жайланып болғаннан кейін:
– Ал, әулием! Көрген-білгеніңнен сөйле! – дейді.
Бақа назданып, азырақ отырып:
– Осы ауылдың қатын-қалаштарына дейін қалдырмай жина, – дейді.
Ауыл адамдары жиналып болғаннан кейін:
– Мата алысқа кете қоймаған болар. Қатын-қалаштардың істеп жүрген істері болар. Отырған адамдардан
Достарыңызбен бөлісу: |