ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет132/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153

бәріне  рұқсат  етті.  Ал,  мына  көк  суға  қалай  рұқсат  бермеді?  Мұнда  қандайлық  қасиет  бар,  болмаса 

қандайлық қастық бар. Мұны ішуге маған қимаса, төгіп кетейін», – деп, шыныны көтеріп қолына алды да, 

суды төгуге қимады. «Япырмай, бұл суды ішпеске әйеліме серт бердім. Ішпейін десем мені қызықтырып 

барасың. Егер сені ішпей кетсем бәрібір өмірі армандаймын», – деп, ойланып тұрып: «Тәуекел, не осы 

суды ішіп өлейін, әйтпесе басқа түскен бәлені көрейін», – деп, жігіт шыныдағы суды басына көтеріп бір-

ақ жұтты. Сол-ақ екен, өз әйелінен де бір сұлу қыз қасына тұра қалып: 

– Менің көрген түсім бұлай емес еді. Бірақ, көрген түсімнің сол жылына, сол күніне, сол сағатына сен кез 

болдың. Мен саған тием. Құдайдың бұйрығы осылай, – деп, қыз жігітке жабыса түседі. Жігіт сасып қалып: 

– Мен сені қалай алам, менің әйелім бар ғой, – дейді. Қыз: 

– Мен мынадай сыр айтайын, сіз тыңдаңыз,  – дейді де, қыз былай дейді: «Мен бір байдың қызы едім. 

Сенің әйеліңді айтпасаң да білемін, пәлен патшаның жалғыз қызы еді. Оның аты Минуар еді. Менің атым 

Бибәтима. Екеуміз де сиқырлық оқуын оқып жүріп, жақсы дос болып өстік. Бір күні түнде ол да, мен де 

ұйықтап жатып, түс көріп, екеуміз де бір жігітке ғашық болып шықтық. Таңертең тұрысымен ол маған 

көрген түсін айтып еді, менің де көрген түсім сол бір түс. Сонымен екеуміз де бір жігітке ғашық болдық. 

Бірақ  оның  түсі  сол  жігітке  менен  бұрын  қосылатын  түс  еді.  Ал,  менің  көрген  түсім  нақ  осы  бүгін 

қосылатын түс еді. Сонымен екеуміз де бір жігітке ғашық болып, қашан кездесеміз деп жүрдік. Сөйтсем, 

досым сол жігітті менен қызғанып, сиқырдың оқуын оқып, мені осы жерге мөлдір су ғып кеткен екен. 

Енді сіз келдіңіз, Құдайдың осы көрсеткен бұйрығы бойынша, мен сендікпін», – дейді қыз. Жігіт те: 

– Бұйрық осылай болса қайтейін, – деп, екеуі бірге жүріп қайтып, бұрынғы әйеліне келеді. 

Минуар Бибәтиманы көріп, танып, алдынан қарсы шығып: 

– Кінәлі болған екенмін, кешір. Құдай екеумізді бір адамға қосқан екен. Жарайды мен рұқсатымды бердім, 

– дейді. Жігіт екі сұлуды алып, екеуінің ортасында ойнап-күліп жата берді. Бірнеше ай, бірнеше күн өтті. 

Бір күні патшаның екі уәзірі әлгі жігіттің есігінің алдынан өтіп бара жатып, екі сұлуды қолтықтап жүрген 

жігітті көріп, екеуі есінен тана қызығып, ертеңіне патшасына шауып келіп: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              884 bet 

– Япырай, тақсыр патша. Анадағы жігіт тағы бір сұлу әйел алыпты. Екі қыздың сәулесі бетіне түсіп, жігіт 

сұлу болып кетіпті. Біз екі әйелді көріп қызығып, есімізден тандық. Осы екі әйел сізге лайық екен. Жігіттің 

көзін жоғалтып неғылсаңыз да сіз алыңыз, – деді екі уәзір. Патша мұны естіген соң қуанып кетіп: 

– Қазір жігітті шақырып кел, – деп бұйырды. Уәзір де дереу жігітке барып дегбір салып: 

–  Сені  патша  шақырып  жатыр,  тез  жүр!  –  дейді.  Жігіт  естіген  соң  патшаға  келіп,  сәлем  берді.  Патша 

сәлемін алып, жігітке: 

– Мынадай бір жұмыс тапсырам, соны орындап келесің. Егер де орындап келмесең, басыңды аламын, – 

деді. Жігіт: 

– Тақсыр, қандайлық тапсырма бересіз? – дейді. Патша: 

–  Менің  әке-шешем  өлген  еді,  мен  оның  жалғыз  баласы  едім.  Менің  сол  әке-шешем  иманды  ма,  жоқ 

имансыз ба, соны сен біліп келесің. Егер білмесең басыңды аламын, – деді де жігітке: 

– Бірақ неше күн уақыт сұрайсың? – деді. Жігіт сасып: 

– Жарайды, үйіме барып неше күн керек әйеліммен ақылдасып келіп айтайын, – дейді. Сонымен жігіттің 

мойнына су құйылып үйіне келеді. Екі әйелі: «Не болды?» – деп сұрайды. Жігіт: 

– Е, не болдысы бар, мен өлетін болдым. Патша өлген әке-шешесін иманды ма, тозақты ма екен, соны 

біліп кел, егер білмесең басынды аламын деді. Мен өлген кісіні қайдан біле аламын. Біраз күн тірі болудан 

басқа еш амал жоқ, – дейді жігіт әйелдеріне. Екі әйелі: 

– Ендеше, сен патшаға қайта барып, қырық күн уақыт бер, оған дейін әйелдерім ішіп-жейтін қырық қой, 

қырық  қап  ұн  бер  және  мен  келгенше  екі  мая  шөпті  шаптырып,  арасын  жақын  етіп  екі  жерге  үйгізіп, 

кептіріп қой деп айт», – деді. Жігіт қуанып жүгіре басып, патшаға қайтып келді де: 

– Дат, – деді. Патша: 

– Датың болса, айт! – дейді Жігіт: 

–  Тақсыр  патша,  мен  бұйрығыңызды  орындаймын,  бірақ  маған  қырық  күн  уақыт  беріңіз  және  мен 

келгенше әйелдерім қорек ететіндей қырық қой, қырық қап ұн беріңіз. Онан кейін сол қырық күнге дейін 

арасын жақын етіп, екі мая шөп шаптырып, кептіріп үйгізіп қойыңыз. Менің сізден сұрайтын тілегім осы, 

– дейді жігіт. Патша да лепіріп, жігіт өледі деп қуанып, жігіттің айтқанының бәрін орындай берді. Қырық 

күн уақыт берді. Жігіт ырғап-жырғап қой мен ұнды үйіне алып келеді. Қырық күн уақыты біткенше екі 

сұлумен ойнап-күліп жата береді. Сонымен қырық күн уақтысы бітті. Жігіт екі әйеліне айтты: 

– Ертең патшаға баратын күн. Оған не айтамыз, – дейді. Екі әйелі патшаға былай де дейді: 

– Осы қаладағы халқыңызды жинап, үюлі тұрған бір маяны айнала қоршатып отырғызыңыз. Сонан кейін 

мен келіп, маяның үстіне шығамын. Сонда халқыңыздың көзінше шөпке сіреңке тартып, мені өртеңіз. 

Мен, мүмкін, қысылған соң, «алыңдар» деп айғайлап, жылармын. Мені сонда да алмаңдар. Сонымен мен 

шөппен бірге өртеніп кетіп о дүниеге барам. Сіз мен келгенше халқыңызды таратпай осы жерден бағып 

отырыңыз. Мен осы өртенген маяның күлінің ішінен шығармын деп айт,  – дейді екі әйелі. «Сен маяға 

шығып, шөп жана бастағанда, біз сені ұрлап аламыз. Және күл әбден сөнгенде ешкімге сездірмей сені 

күлдің  астына  апарып  тығып  қоямыз.  Сонда  сен  сол  күлден  шыға  келіп,  халыққа  көрген-білгеніңді 

айтасың», – дейді. Жігіт ести сала жүгіріп, патшаға келіп: 

– Дат, – дейді. Патша: 

– Айт – дейді. Жігіт әйелінің айтқанының бәрін айтып еді, патша дереу әзірлеуге бұйрық беріп, халқының 

бірін қалдырмай, бір маяның айналасына отырғызып, жігіттің келуін күтті. Ай мен күндей екі әйелдің 

ортасында буынын баса алмай былқылдап келе жатқан жігітті көріп, патшаның іші күйеді. «Әттең, екі 

әйелінді бүгін алсам» деп тістеніп қояды. Жігіт келді де маяның үстіне шықты. Халық көріп, қарап тұр. 

Патша маяға өрт қойғызды. Өрт шыға бастағанда жігіт: 

– Мені ал, – деп ойбай салды. Халқы патшаға өтініп: 

– Жігітті оттан алайық. Мүмкін, сізге айтатын арызы бар шығар, – дейді. Патша айтты: 

– Жоқ, ол өзі айтқан «мені оттан ал деп айқайлап, жыласам да алма» деген, – дейді. Халық патшаға сенді. 

Сонымен шөп өртеніп кетті. Жігіттің екі әйелі сиқыр оқуын оқып жіберіп күйеуін өздерінің қасына алып 

алды. Жігіттің өртеніп кеткенін көпшілік өз көздерімен көрді. Өрт басылды. «Жігіт қашан шығады» деп, 

көпшілік қарап отыр. Күл әбден сөніп болған соң екі әйел тағы да сиқыр оқуын оқып жіберіп, күйеуін 

күлдің астына тығып қояды. Біраздан соң, үсті-басы, бет-аузы қап-қара болып, жігіт күлдің астынан шыға 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              885 bet 

келеді  де,  патшаға  сәлем  беріп,  естіп-білгенін  заулата  бастайды.  Халық  та  жігітті  басып  кете  жаздап, 

анталап тұр. Жігіт патшаға былай дейді: 

– Ой, тақсыр патшам-ай! Біз бұл жерде құр тамақ ішіп, шамамыз келгеніміз нашар адамды бас салып, 

тонап алып, іздеп патша болып, мал, шаруа жинап бос жүрген екенбіз. Тақсыр, сіздің әке-шешеңіз, шіркін, 

қандай  қызықты, қандай  жақсы  тұрады,  екеуі  де  иманды  екен.  Неше  түрлі  гүл-бақша,  алтындатқан  ақ 

күмбез үй, торғын, шағи, жібек. Олар біз құсап мал бақпайды, тамақ жасамайды, тамақ қайдан табылады 

демейді. Бәрі дайын, өзінен өзі дастарқанға келіп, толып тұрады. Ылғи ойын-сауық, онан басқа ойлары 

жоқ, тақсыр патша. Сіздің әке-шешеңіз жиырма бестегі қыз бен жігіттей. Осы дүниеден келген мені олар 

шал дейді. Тек әке-шешеңіздің арманы: «Жалғызымды бір көрсем», – деп, екеуі бірдей жылайды. Егер, 

сіз онда барсаңыз әке-шешеңіз жібермес еді және өзіңіз де келмес едіңіз. Мұнан не аласыз? Барлық қызық 

та, хордың қыздары да сонда. Сіздің әке-шешеңіз «қайтпа» деп маған жабысты. Және менің өзімнің де 

қайтқым келмеді, Бірақ амал жоқ, сіздің бұйрығыңыз үшін келдім, – дейді жігіт. Әке-шешеңіз сәлем айтты: 

«Балам егер біржолата келмесе де, бір келіп бетінен бір иіскетіп қайтпаса, бізді ойламағаны, айта бар», – 

деп маған қатты тапсырды, – дейді. Сонымен патша бұған қатты сеніп, халқына айтты: 

–  Міне,  өздерің  көрдіндер.  Бір  мая  шөппен  өртеніп  кеткен  жігіт  күлдің  астынан  шықты.  Менің  әке-

шешеме бұның барғаны рас. Бұған көзім жетті. Енді, халқым, маған үш-төрт күн рұқсат беріндер. Мен 

әке-шешемді бір көріп, мауқын басып сәлем беріп келейін, – дейді. Оған халқы: 

– Сіз барған соң жақсы дүниені көріп, бізді ұмытып, келмей қаласыз ғой, – дейді. 

Оған патша: 

– Мен келем, тек үш күнге рұқсат беріңдер, – деп, еліне уәдесін береді. Бұған халқы да келісті. Үш күнге 

әке-шешесіне барып келуге рұқсат берді. Сонымен үйіп қойған екінші маяның үстіне патша шығып тұрды. 

Елі айнала отырып, шөпті өртеп жіберді. Патша өртеніп бара жатқан соң, сасып, ойбайлап, аттанды салды. 

Елі оттан алайын деп еді, жігіт алғызбады. Сөйтіп, патшаекең өртеніп кете барды. Сонымен халқы күнде 

«патша  қашан  келедімен»  бірнеше  күн,  бірнеше  ай  өткізді.  Патша  келмеді,  «ол  енді  әке-шешесінің 

қасында қалды, келмейді» деп, халық патшадан күдер үзіп, басқа патша сайламақ болып жиналып,  «о 

дүниенің қызығына алданбай қайтып келген сабаз» деп, Минуар мен Бибәтима қыздың күйеуін патша 

қояды. 


9. Жаман адамды... 

Бұрынғы өткен заманда бір патша болыпты. Патша ерігіп отырып өзінің бас уәзірін шақырып алып: 

– Саған бес күн сүрек берем, менің мына сұрағымды тауып кел. Әуелі, адамды жаман туған жақсы ететін 

кім?  Онан  соң,  адамды  жақсы  туған  жаман  ететін  кім?  осы  екі  сұрағымды  тауып  кел,  егер  таппасаң 

басыңды аламын, – депті. 

Сонымен уәзір үйіне келіп, күнде ойланады, күнде қайғырады. Қалай ойласа да таба алмады. Сүрегіне екі 

күн қалғанда өте қайғырып, ақыр өлдім деп үйінде ішқайда шықбай төсек тартып жатып алды. Бір күні 

патшаның Гүлжаһар деген жалғыз қызы бар еді. Бұл Гүлжаһарды бас уәзірде қызым деп асырап күніне 

барып Гүлжаһардың бетінен бір иіскеп қайтады екен. Бір күні Гүлжаһар ойлайды, бұл менің екінші әкем 

қайда, күні бір келіп бетімді иіскеп қайтушы еді. Үш төрт күн келмей қалды жоқ болмаса ауырып қалды 

ма,  –  деп  үйіне  іздеп  келсе,  асырап  алған  әкесі  халі  нашар,  өлуге  таяп  төсекте  есі  шығып  жатыр  еді. 

Гүлжаһар әкесінің қасына келіп қалін сұрады. Сонда бас уәзір айтты: 

–  Әй  қарағым,  несін  айтасың  әкең  патшамыз  маған  бес  күн  сүрек  беріп,  маған  екі  сұрақ  қойып,  тап, 

таппасаң басыңды аламын дейді. Ол сұрағын мен таба алмадым, бүгін ақырғы күн, ертең патшаның менің 

басымды алатын күні, – деді бас уәзір Гүлжаһарға. 

Сонда Гүлжаһар: 

– Әке сізге қандай сұрақ берді, маған айтыңызшы сұрағыңызды, – деді. 

Сонда бас уәзір айтты: 

– Әй балам-ай, ол қиын сұрақ, табу қиын оны қайтесің, сұрағы жаман туған адамды жақсы ететін кім, 

жақсы туған адамды жаман ететін кім дейді, – деді. Сонда Гүлжаһар айтты: 

– Ой әке-ай, ол оңай, – деді, мен айтайын, бірақ кім айтты десе сіз айтпаңыз, «өзім ойлап таптым де» деді. 

Егер сізге сенбей шыныңды айт деп өлтіретін болса ғана айтарсыз «өз қызың Гүлжаһар айтты» деп деді. 

Сонымен өлгелі жатқан бас уәзір қуанғаннан жазылып, төсектен атып тұрып, Гүлжаһарды айтшы деп, 

құшақтай алды. Сонда Гүлжаһар айтты: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              886 bet 

– Жаман туған ерді жақсы ететін әйел, жақсы туған жаман ететін де әйел деңіз, – деді. 

Сонымен бас уәзір ертеңінде патшаға келді. Патша бас уәзірге: 

– Ал, менің сұрағымды таптың ба, айта баста, – депті. 

Бас уәзір айтты: 

– Жаман ерді жақсы ететін әйел, жақсы ерді жаман  ететін де әйел ғой, – деді. Сонда патша қылышын 

жұлып алып: 

– Айт шапшаң, басыңды алам, неше күндей таба алмай жатып, бүгін тауып келдің, кім саған айтты дереу 

айт, – деді. 

Бас уәзір: 

– Тақсыр, іш кімде маған айтқан жоқ, өзім таптым. 

Патша дереу бір уәзірін шақырып алып: 

–  Дереу  мынаны  апарып  дарға  асып  өлтір,  –  деді.  Патшаның  бұйрығын  екі  қылсын  ба,  уәзір  дереу 

дедектетіп бас уәзірді дараға ала жөнелді. Сонда бас уәзір патшаға «дат» деді. Патша «айт, датыңды» деді. 

Сонда бас  уәзір  айтты:  «Мен сіздің сұрағыңызды таба алмай сандалып жатыр едім, өзіңіздің қызыңыз 

Гүлжаһар келіп, сұрап, соған сіздің сұрағыңызды айтып ем, осы сұрақты Гүлжаһар айтып шешті», – деді 

уәзір. Сонымен патша ашуланып, дереу қызын шақырып алып, қызынан: 

– Сен айттың ба, – деп сұрады патша. 

Қызы Гүлжаһар патшаға: 

– Я, мен айттым, – деді. 

Патша ашуланып, барлық уәзірін жинап алып, бұйырық берді: «Барлығың көше көше жүріп, кім қайыршы, 

кім түрі жоқ есуас адам болса маған алып кел», – деп уәзірлерін жібереді. Уәзірлер көше көшені кезіп 

жаман адамды деп іздеп келе жатып бір уәзір таңға жуық қарап отырса көшемен аяғын алып жүре алмай 

келе  жатқан  адамды  уәзір  ұстай  алды.  Үсті  басы  жұлма  жұлма  бет  ауызы  сатбақ  сатбақ  бірнеше  күн 

жуылмаған, өзі аш қалі нашарлаған адамды сүйреп патшаға алып келді. Патша көрді де қызы Гүлжаһарға 

айтты:  «Сені  осы  жаманға  қостым,  осыны  адам  қатарына  қосқаныңды  көрейін»,  –  деп  екеуін  қол 

ұстастырып қоя береді. Қызы Гүлжаһар да әкесінен тайынбай «жарайды» деп үйінен түк алмай, жалғыз-

ақ үйінде нан илейтін ағаш шелек бар екен, соны шешесінен сұрап алып, онан кейін өзінің неше түрлі 

бұлдық қиығын жинап жүреді екен соны алып, шелекті әкесі қосқан жарына көтертіп, әке шешесіне қош 

айтысып Гүлжаһар қыз жүріп кетті. Сонымен бір неше күн жүріп, бір шаһардың шетіне келіп жетті. Келсе 

шаһардың бергі шетінде ағып жатқан үлкен өзен, өзеннің жағасында үлкен иен тұрған ақ үй, сол үйге 

келіп, орналасып тұра берді. Жаманын жақсылап шомылдырып, тазалап киіндіріп, шелектің түбін қырып 

сумен  илесе  нан  болып  шығып,  отқа  бастырып  жеті  тамақ  қылып  жүрді.  Сөйтіп  өзінің  түрлі  құрақ 

бұлынан неше түрлі құбылтып, әдиял жасап жаманын базарға бар деп, мынандай ақылын айтады: «Мына 

әдиялды, – деді, базарға апарып бес матаға сай будан артық бергенге де берме және көп бергенге де берме, 

төлке бес матаға сатып жақсы-жақсы тамақ сатып алып кел, – деді. Сонымен жаман базарға келіп әдиялды 

ұстап жүріп, бағасын сұрағандарға бес мата деп жүр еді, бір жігіт келіп әдиялды көріп таңданып тұрып 

«бағасы әдиялдың қанша» деп сұрап еді, жаман бағасы бес мата деді. Әдиялды көріп тұрған жігіт: 

– Бағасы бес мата болса, мен бес жарым мата берем бер деді. Және екіншіде осындай әдиял әкелсең осы 

бес жарым матадан ала берем және сенімен жолдас боламын, – деп еді жаман: 

– Жоқ бермеймін, артық бағаға сатпаймын, кем бағаға да сатпаймын, төлке бағасы бес мата, – деп бермеп 

еді, базарда жүрген көпшілік «сен жындымысың, базарға сатқалы әкеп бағасынан артық баға бергенге 

бермеймін дейсің» деп көпшілік зорлық қылғандай әлгі жігітке берді. Жаман әдиялды бес жарым матаға 

сатып, өзіне киім, тамақ алып үйіне барды. Әйелі Гүлжаһар «өз бағасына саттың ба» деп сұрап еді, «я, өз 

бағасына  саттым»  деп  жауап  берді.  Ертеңіне  әдиял  тігіп  жаманды  тағы  жіберді  базарға,  «осының 

ақшасына үлкен сандық сатып ал да, қалғанына көрпе тігетін қиық ал», – деді. Сөйтіп жаман екінші рет 

базарға келіп, тағы әдиялын ұстап жүреді. Кешегі әдиялын бес жарым матаға алған жігіт келіп, тағы бес 

жарым мата беріп сатып алды. Ол сатқан ақшаға жаман үлкен бір кісі сиып кететін сандық алып, артығына 

көрпе  жасайтын  қиық  сатып  алып,  үйіне  келді.  Сонымен  жаман  дәндеп,  күнде  базарға  әдиял  әкеліп, 

сөйлеспей бес жарым мата беретін жігітке әкеп беріп тұратын болды. Екеуі саудалас болып алды. Бұдан 

бұрын Гүлжаһар бұған тапсырған еді, базардағы адамдар үйіңді сұраса айтушы болма, іш кімді үйге ертіп 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              887 bet 

келме  және  мені  кетерде  сандыққа  салып  кет  те,  келгеніңде  сандықты  ашып  тұр  деп  тапсырған  еді. 

Сонымен жаман күнде базарға барып әдиялын саудаласына әкеліп беріп жүрді. Бір күні саудаласы айтты: 

– Сенің әдиялыңды ылғи мен артық бағамен аламын, басқа ішкім алмайды. Сен маған үйіңді көрсетіп қой, 

сенің әдиялың керек болса мен сені қайдан іздеймін және әдиялды күнде базарға тасып не қыласың, мен 

үйіңді көрген соң өзім барып алып тұрамын, – деді. Оған жаман иланып: 

– Жарайды, жүр үйімді көр, – деп, жігітті үйіне ертіп келді де, сен үйде отыра тұр мен су алып келейін, 

үйден дәм тат, – деп жігітті үйіне отырғызып, суға кетісімен жігіт «мұның әйелі қайда» деп үйдің ішінің 

бәрін қарап жүріп таба алмай төрде тұрған үлкен сандықты көріп, «әйел осында екен» деп жігіт сандықты 

арқалап жүрді де кетті. Жаман суын алып үйіне келсе жігітте, сандық та жоқ. Жаман жылап-жылап әйелін 

іздеп қаңғып кетті. Сол жүргеннен жүре жүре арып-шаршап бір шаһарға келіп, бір кемпірдің үйіне сұрана 

кіріп, сол үйде пәтер тұрды. Бұдан кемпір сұрады: 

– Балам неғып арып шаршап жүрген баласың, – деді. Бала басынан өткен оқиғаның бәрін кемпірге айтты. 

Содан кейін кемпір айтты: 

– Мен білем біздің патшамыз бір қыз әкепті, ол бір ай ұлықсат сұрап бөлек үйде ауырдым деп қаралып 

отыр. Сенің әйелің сол», – деді. 

Жаман кемпірге: 

– Мен сіздің еңбегіңізді ақтаймын, мені сол әйелге жолықтыр, – деді. 

Кемпір жаманға: 

– Ертең базарға барып, ұсақ меліш и бас тарақ сатып алып, көшеде қыдырып жүріп сол патшаның әйелі 

тұратын көшемен жүріп, кім меліш алады, кім тарақ алады деп айғайлап өт, сонда сенің әйелің биік үйде 

сені көріп, егер сенде көңілі болса сенің тарағыңды сатып алып бір белгі береді, – деді. 

Жаман  кемпірдің  айтқанын  істеп  сауда  істеген  боп  өз  әйелі  тұрған  көшемен  жүріп,  «кім  айна,  тарақ 

алады»  деп  дауыстай  жүріп  келе  жатыр  еді,  биік  үйде  тұрған  өз  әйелі  көріп,  жаманын  танып  дереу 

асбашшы қызын жіберіп «мына түйген орамалды анау сауда істеп жүрген жігітке бер де, бір тарағын алып 

кел» депті. Асбашшы қыз барып, түйген орамалды жігітке беріп, бір тарағын алып патшаның ханымына 

әкеп берді. Сонымен жаман үйге келді. Кемпір: 

– Е, балам не бітірдің, – деп сұрапты. 

Жаман айтты: 

– Білмеймін, бір тарақ алып бір қыз мына түйген орамалды берді, бірақ ол өз әйелім емес, – деп түйген 

орамалды кемпірдің қолына беріпті. 

Кемпір орамалды шешіп қараса бір алтын сақина және бір бунақ алтын бар екен. Кемпір айтты жаманға: 

– Балам, – деді, мына сақинаны маған бер деген екен, ана алтынға екі арғымақты ер тоқымымен сатып 

алып, бүрсігүні түнде осы қақпаға ел ұйықтаған кезде келіп, мені күт деген екен, – деп, дереу Жаманды 

«тез екі арғымақ сатып әкел» деп базарға жібереді. Жаман базарға барып ер тоқымымен барлық алтынды 

беріп,  екі  арғымақ  сатып  әкелді.  Кемпір  «жарайды,  бүгін  екі  атпен  қақпаның  алдына  барып  екі  атпен 

ұйықтамай күтіп отыр» деп жаманды жібереді. Сонымен жаман келіп, қақпаның алдында екі атты ұстап 

қарап отырып, түн ортасында ұйықтап қалыпты. Түн ортасы болғанда әйелі Гүлжаһар келіп «келдің бе» 

деп екі-үш рет дыбыстап еді үн жоқ, сонымен Жаманның қойнына қойдың екі шикі асығын салып кетіпті. 

Бір уақытта жаман шошып атып тұрып қараса, таң атып кетіпті. Жаман сасып атқа міне сала шауып екі 

атпен үйге келді. Кемпір: 

– Е, балам не көрдің, – деді. 

Жаман: 

– Ойбай апа, қара басып, ұйықтап қалыппын, – деді. 



Кемпір: 

– Жаман болған екен, егер әйелің келсе, бір белгісі бар шығар, әкелдің бе? – депті. 

Жаман: 

– Жоқ ондай белгі жоқ, – деп шешініп қараса, қойнынан екі шикі асық түсіпті. Кемпір айтты: 



– Я, балам сен әлі шикі екенсің, – деген екен, екі күннен кейін патша мені неке қидырып алады, онан кейін 

мен саған жоқпын деген екен, сен бүгін не ғылсаңда ұйықтамай отыр, бүгіннен қалсаң саған әйел жоқ, – 

деп кемпір Жаманды шыңдап жібереді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              888 bet 

Жаман  «көрген жерде  ауыл бар» деп тағы да қақпаның алдына келіп ұйықтамай, ширақсып Гүлжаһар 

қашан келеді деп отырып түн ортасы болғанда тағы ұйықтап кетіпті. Түн ортасы болғанда Гүлжаһар тағы 

келіп  «келдің  бе»  деп  екі-үш  рет  дыбыстап  еді,  Жаманда  үн  жоқ,  қатты  ұйықтап  қалыпты.  Гүлжаһар 

қойнына  тас  салып  кетіп  қалыпты.  Жаман  тағы  да  шошып  оянып  қараса,  таң  атыпты.  Түрегеліп  тағы 

кемпірге келіпті. Кемпір тағы сұрап еді, Жаман: 

– Ой шешей, жаман болды, бүгін де қара басып ұйықтап қалыппын. Қойыныма тас салып кетіпті, – деді. 

Кемпір айтты: 

– Бүгін ақырғы күн, сенен көңілім қара тастай болып қалды, бүгін келмесең, енді қайтып келме деген екен, 

бүгін қайтсеңде ұйықтамайтын бол, – деп қатты пысықтап жіберіпті. 

Сонымен  Жаман  көрген  қақпасына  тығы  келіп,  тағы  сақсынып  отырып,  түн  ортасы  болғанда  тағы 

ұйықтап қалыпты. Түн ортасы болған кезде Гүлжаһар келіп «келдің бе» деп дыбыстап тұрған кезде, түнде 

бір  жерден  келе  жатқан  бір  жігіт  Гүлжаһардың  дауысын  ести  қойып,  аттың  қасына  жүгіріп  келіп  «я, 

келдім, келдім» деп еді Гүлжаһар екі дәу қоржынды жігітке алып беріп «сал екі аттың үстіне» депті. Жігіт 

жалма  жан  қоржынды  екі  аттың  үсітне  салып,  ұйықтап  жатқан  Жаманның  қолындағы  екі  аттың 

шылбырын  кесіп  жіберіп,  екі  атты  өзі  жетектеп  алды.  Заполоттың  ар  жағынан  Гүлжаһар  жігітке 

«қолымнан тарт» деп еді, жігіт қолынан тартып алды. Сонымен екеуі екі атқа мініп, қаладан қырға шығып 

жүріп  кетті.  Ауылдан  былай  ұзап  шыққанан  соң  Гүлжаһар  Жаманды  сөзге  таратайын  деп  қасына 

қатарласып келіп байқаса, өзінің Жаманы емес, бөтен бір жігіт екенін қыз сезіп, үндемей қалыпты. Жігіт 

те  үндемей  келеді.  Сөйтіп  таң  атты,  күн  шықты.  Екеуі  бір-бірінің  түсін  көріп,  жігіт  қыздың  қасына 

қатарласып келіп, сөз қатысып: 

– Сен менің әйелім болдың, енді осы жерде екеуіміз қосылалық, – депті. 

Қыз айтты: 

–  Жарайды,  бұйрықтан  асып  қайда  барам,  бірақ  сен  мына  суға  жуынып,  тазаланып,  содан  соң  мына 

қоржындағы таза киімді ки, мен сендікпін, содан кейін қосылалық, – депті. 

Жігіт: 


– Жарайды, – деп шешініп, суға түсіп шомылып жатыр еді, Гүлжаһар екі атпен қашты да жөнелді. Жігіт 

«қап алдадың-ау» деп киініп, соңынан жаяу қуып жөнеле бергенде, жалбаңдап Жаман да келіп жолықты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет