ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет134/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153

– Бұл қайдан пайда болды? Біз өткенде жоқ еді? – деп сұрапты. Түрленіп алған бала: 

– Қорған қашаннан бері бар! Мен өзім осында күн кешіремін, – дейді. Бұған екеуі айтады: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              894 bet 

– Біз екеуміз сеніменен жолдас болайық, осы киігіңнен біреуін  бергін. Біз патшаның күйеуі едік. Бізді 

киік аулауға жіберген еді. Бірақ қолға ештеңе түсіре алмай қайтып келеміз. Киігіңнің пұлын аларсың, – 

депті. Бала оларға айтады: 

– Маған пүл керек емес. Сендерге тегін беремін. Бірақ бір сертім бар, соны істесеңдер, – депті. Олар: 

– Қандай серт? – деп сұрағанда бала айтады: 

–  Екеуіңнің  арттарыңа  екі  таңба  басамын,  егер  соған  көнсеңдер  киігімді  аттарың  көтергенше  алып 

кетесіңдер, – дейді. Олар әрі-бері ойланып тұрыпты. Егер киіксіз барайын десе, патшадан ұялады. Амалы 

жоқ, «айтқаның болсын» дейді. Бала артына таңба басады да, қалағанынша киікті беріп жібереді. Бұлар 

кете  салысымен  бала  киімін  киіп,  атына  мініп,  қатынына  барады.  Патша  баланы  көріп  қалып  адам 

жібереді. «Біздің кішкене қыздың үйіне бір адам кірді. Қандай адам екен оны біліп кел», – дейді. Ол адам 

келіп «үйге келген кім» десе, «ешкім келген жоқ, өзімнің байым» – депті қыз. 

Ол патшаға қызының «өзімнің байым» дегенін айтып барады. Патша сенбей өзі келеді. Патша келіп: 

– Сен кімсің? – дейді. «Мен «Білмеймін», – дейді бала. Одан болған нәрселерді сұрайды. Бала айтады: 

«Мен патшаның баласы едім. Әкемнің екі құлы қашып кеткен еді. Екеуі де таңбалы еді. Соны таппақшы 

болып келіп едім», – дейді. Патша бүтін халқын жинап, бәрін қарайды. Ешкімнен табылмайды. Ақыры 

екі  күйеуін  қарағанда,  екеуінен  келіп  шығады.  Екеуің  балаға  құл  қылып  беріп,  баланы  патша  қылып, 

мұратына да жеткізіпті. 

11. Мұңсыз хан 

Ерте заманда бір хан халқын түгел жинап: «Мен үш түрлі сұрақ сұраймын, кімде-кім сол сұрағымда тапса, 

қаласа  орнымды  беремін,  қаласа  өзі  тойғанынша  алтын,  гауһарлар  беремін.  Егерде  менің  сұрағымды 

табамын деп таба алмаса, ол анық басын аламын», – дейді. 

Сонымен халық күнде апыр-топыр, патшаның алдына келмеген адам жоқ, бірақ ханның сұрағын естіген 

соң, мен табамын деп ешбір жан айта алмай, күнде насай-топыр болыпты. Сонымен бірнеше күндер өтіпті. 

Бұл кезде сол шәрінің сыртында он үш жасар жалғыз қызы бар, кемпірі өлген өте кедей, қолында түк малы 

жоқ бір шал тұрады екен. 

Бір күні шалдың қызы әкесінен: 

– Әке, осы халық неғылып күнде-күнде топ-топ болып жиылып жүр, – деп сұрайды. 

Сонда әкесі: 

– Балам, ол жиылып жүрген халықтың шаруасымен біздің не жұмысымыз бар. Біздерге білу лайық емес, 

шаруа жиылып жүрген ел болар, – дейді. 

Сонда қызы: 

– Әке, біз де адам баласымыз ғой, көпшіліктің не үшін жиылып жүргенін білгеніміздің не зияны бар, – 

дейді. 


Сонда шал: 

– Ендеше балам, ол көпшіліктің күн сайын опыр-топыр болып жиылып жүрген себебі ханның үш ауыз 

сұрағы бар екен, соны тапқан адамға өзі тойғанша алтын, немесе хандығымды беремін депті. Ханның сол 

сұрауларына жауап бере алмай жүрген ел, – дейді. 

Сонда шалдың қызы әкесіне: 

– Әке, ондай болса сіз ханға барып, мен сұрағыңызға жауап беремін деп айтыңыз, ханның сұрағын қанша 

қиын дейсіз, – дейді. 

Әкесі: 


– Ойбай, қой балам, бүкіл халық таба алмаған сұрақты табамын деп пәлеге қаламыз, – дейді. 

Қызы: 


–  Әке,  сіз  тәуекел  деп  қорықпай-ақ  ханға  барып,  сұрағыңызды  мен  табамын  деңіз.  Қанша  ауыр  сұрақ 

дейсіз, барыңыз, – деп әкесінің мазасын ала берген соң, шал ханға келіп: 

– Тақсыр, мен сіздің жұмбағыңызды табайын деп келдім, – дейді. 

Сонда хан шалға: 

– Шалым, менің сізден сұрайтын жұмбағым мынау, – дейді. Қатты не? Тәтті не? Қымбат не? Міне осы үш 

түрлі сұрағыма жауап беру үшін үш күн рұқсат беремін, үш күн ішінде осы жұмбағымды тауып берсең, 

өзің тойғанша алтын беремін. Егерде таба алмасаң, басыңды аламын, – дейді. Шал байқұс бұл сөзді естіген 

соң, есі шығып, үйіне келіп: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              895 bet 

– Ойбай, балам-ай, ханға бар деп болмай, әкеңнен айрылатын болдың, мен енді өлемін, – жыламсырай 

бастапты. 

Қызы: 


– Қорықпаңыз әке, ханның айтқан жұмбағын айтсаңызшы, – депті. 

Әкесі: 


– Әй, балам-ай, оны сұрап қайтесің, бізге енді сұрап алған аурудың емі табылмайды, қой, балам, сұрақ 

сұрама, – депті. 

Қызы: 

– Әке, ханның жұмбағын айтыңыз, таба алмайтын несі бар дейсіз, – дей берген соң, шал ханның жұмбағын 



бір-бірлеп айтып береді. 

Сонда қызы: 

– Әке-ау, қорқып жүргеніңіз осы ғана ма? Оңай сөз ғой, – дейді. 

Әкесі: 


– Әй, балам-ай, біз таба алмайтын болған соң, оңайы не керек, – дейді. Қызы ханның айтқан жұмбағының 

шешуін түгел айтып, түсіндіріп, әкесін алдына жібереді. 

Шал ханға келіп: 

– Тақсыр, жұмбағыңызға жауап бергелі келдім, – дейді. 

Хан күліп: 

– Я, байқұс шалым! Қане сөйле, – дегенде, шал: 

–  Сізің  сұрағыңыздағы  дүниеде  не  қатты  дегеніңіз  жарлылық  екен,  не  тәтті  дегеніңіз  тату  көңіл, 

махаббаттық, не қымбат дегеніңіз адам баласының уәдесі қымбат дегеніңіз. Қатесі болса, өзіңіз айтыңыз, 

– дейді. 

Сонда хан тұрып: 

– Осы жұмбағымды өз ойыңмен тапсаң, менің дегенім деген, тойғаныңша алтын беремін, егерде біреуден 

естіп айтқан болсаң, басыңды аламын, ол үшін ертең маған жауап бересің, – деп, шалды шығарып салады. 

Шал байғұс тағы қорқып, үйіне келіп қызына: 

– Мен қайтсем де өлетін болдым, жұмбақтарын мен өз ойыммен таппағанымды біліп қойды, маған «осы 

жұмбақтарды  өз  ойыңнан  тапсаң,  тойғаныңша  алтын  беремін,  егерде  біреудің  айтуы  бойынша  тапқан 

болсаң, басыңды аламын», – деді. Енді менің өлмеген нем қалды, – деп кемсеңдей бастағанда қызы күліп: 

– Әке, қорықпаңыз, сізге ол туралы келер сөз жоқ, – дейді. Әкесі қорқа-қорқа ертесі ханға келіп: 

– Жұмбағыңызды мен өз ойыммен таппағаным рас еді. Сіздің жұмбағыңызды тапқан менің қызым еді, – 

деп шал ханның алдында мүлгіп тұрыпты. Сонда хан осы жұмбақтарды қызыңның тапқанын рас па деп 

қайырып сұрайды. Шал жыламсырап: 

– Тақсыр, қызымның тапқаны рас еді, – дегенде, хан: 

– Ондай болса жарайды, тіпті жақсы, осы жұмбақтарды тапқан болса, сіздің балаңыз өте ақылды бала 

екен, ханға лайық екен, бұйрық болса, мен сізге күйеу болсам, сіз маған қайын ата болсаңыз қалай болады? 

Ол туралы сіз балаңызбен ақылдасып, маған бір жауабын берсеңіз қалай болар екен, – деп хан күлімсіреп 

жауап беріпті. 

Шал қуанып, терісіне сыймай кетіп: 

– Болады тақсыр, болады, – деп ханның ордасынан шығып, жүгіріп отырып үйіне келіп қызына: 

– Балам, іс оңына келді, хан мені өлтірудің орнына мынадай сөздерді айтты, – деп, ханның айтқан сөздерін 

бастан-аяқ түгел айтып береді. Сонда қызы: 

– Әке, ондай болса барып ханға айтыңыз, мен баламмен ақылдастым, балам риза болды, хан менің қалың 

малыма он үш тұсақ, жиырма ісек, отыз пышақ, қырық қылыш, елу ерттеулі ат, алпыс арқандаулы ат, 

жетпіс шідерлі ат, сексен қубас берсін, сонан кейін екеуіміздің некемізді бір мұңсыз адам қисын деп айтты 

деңіз, – дейді. 

Шал ертесі ханға келіп қызының айтқан сөздерін түгел айтып береді. Отыз пышақ пен қырық қылышты 

және елу атқа ертоқым жасатып, олардың барлығы даяр болғанда, енді дүниеде мұңсыз адамды қайдан 

табамыз, – деп хан ары-бері ойланыпты. Ойластырып қараса, осы ол хан балалы да, байлық, салтанатқа 

да,  қандай  мұң  болады  деп,  бірнеше  уәзірлерін  қасына  ертіп,  Мұңсыз  ханның  еліне  келіп,  ханның 

сарайында қонақ болып отырып, шаруасын бастан-аяқ түгел сөйлеп беріпті. «Сізде мұң жоқ шығар, біздің 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              896 bet 

некемізді қиып берсеңіз деп келіп едік», – дегенде, мейман қылып отырған Мұңсыз ханы қатты ренжіп, 

қиналып отырып: 

– Ой, сендер ел емес екенсіңдер ғой, бір ханға қарайтын сонша халықтың сол он үш жасар бір қыздың 

ақылы сияқты бір адам шықпаған соң сендерде елдік барма? Сендердің надандықтарың ақырында менің 

жасырын сырымды ашатын болды дей келіп, мұңсыз хан: 

– Сіз алашақты болып жүрген қыз он үш жаста екен. Ол қыздың сізге берген жауабы мынау: «қалың мал 

үшін  он  үш  тұсақ бересің»  дегені  мен  он  үштемін,  адам  баласы  жиырма  жаста  ісектей,  отыз  жасында 

пышақтай, қырық жасында қылыштай болады. Сіз осының бәрінде де емессіз. Адам бұл жастан өткен соң, 

ер адам елу жасында ерттеген аттай, алпыс жасында арқандаған аттай болады. Ал енді сіз бұл жаста да 

емессіз. Ер адам жетпіс жаста шідерлі аттай, сексен жасында қубас сияқты болады. Сіз шідерлі ат пен 

қубастың  ортасында  тұрып,  он  жастағы  маған  қалай  лайықсыз  дегені  екен.  Сонымен  қатар  некемізді 

мұңсыз адам қиын дегеніндегінің мәні дүниеде мұңсыз адам бола ма? Мұңсыз деп әдейі іздеп келген менің 

басымдағы мұңды және сырымды сендердің надандықтарыңнан айтуыма тура келді, – деп келіп, мұңсыз 

хан өзінің ішкі сырларын сөйлей бастайды. 

Мұңсыз хан: 

– Менің үлкен әкемнің хандығы өз әкеме қалып, әкем тірі кезінде маған бір ханның қызын әйелдікке алып 

береді. Амал бар ма, менің әйелге кемшілігім барды, оны әйелім екеуімізден басқа бір адам білмейтін еді. 

Сонымен көп ұзамай, әкем ауырып, қайтыс боларында халқын жинап алып өзінің тірі кезіндегі мені өз 

орнына хан сайлап, өзі ақырғы сапарына жол тартып кетті. Сонымен мен әкемнің мұрегері болып, әкемнің 

орнына хан болып, хандыққа тұрып, басшылық етіп тұра бердім. Әйел жағындағы кемшілігімді әйелім 

екеуімізден басқа еш адам білмейді. Алла қосқан бұл жасырын сыр маған өмірлік болған соң, әйелімнің 

өмірін бекер өткізу тура келмеді. Сондықтан әйеліммен ақылдасып, сенен туған бала менікі болсын, мен 

өзімнің бас уәзірімен рұқсат еттім, бұларды үшеуімізден басқа жан білмесін дедім. Сонымен менің әйелім 

өзім  рұқсат  берген  бас  уәзіріммен  осы  жүрген  балаларымды  тапты.  Алланың  қосқан  кемшілігіне 

пендесінің  шарасы  жоқ  екен.  Уәзірімнен  туған  балаларды  бала  қылып,  бұл  сырды  үшеуімізден  басқа 

ешкімге білгізбей бір қанша жылдар өмір өткізіп келдік. Шындыққа келгенде әйел де, бала да менікі емес, 

сонда мені «мұңсыз» деп келіпсіңдер, ал енді осыдан артық мұң, осыдан артық қайғы барма? Сендердің 

надандықтарыңнан менің өмірім мен бірге кететін ішкі сырымды жарыққа шығаруға тура келді,  – деп 

мұңсыз хан барлық сырын айтар келіп, мен мына әйелімнен туған балаларды өз әкесіне беремін, онымен 

бірге хандығымы қосып беріп, өзім ендігі қалған өмірімді Мекеге барып, сонда өткіземін. Ал енді сенің 

еліңе он үш жасар қыз хан болуы керек, ол қыз кімге үйленемін десе өз ықтиярында, – деп Мұңсыз хан 

үкім шығарыпты. 

Ақырында шалдың он жастағы қызы өзі тұрған шәрісіне хан болыпты. Мұңсыз хан әйелін, әйелден туған 

балаларын бас уәзіріне беріп, өзі Меке Мединеге барып, қалған өмірін сонда өткізіпті. 

12. Сапаһи 

Бұрынғы заманда бір Сапаһи деген кісі өз заманында теңдесі  жоқ өте сұлу бір әйел алыпты. Әйелінің 

сұлулығы өте артық болыпты. Бір көрген адам екінші көруге құмарланып тұратын, ауызбен айтып жеткізе 

алмайтын сұлу екен. Ері Сапаһи әйелін өте жақсы көріп, әйелі үйде отырса үйде отырып, тысқа шықса 

әйелімен  бірге  тысқа  шығып,  қашан  ұйқыға  барғанша  әйелінің  бетіне  қарап  отырудан  басқа  тіршілік 

етпепті.  Сонымен  бірнеше  жылдар  өткізіп,  Сапаһи  басында  жақсы,  ауқатты  адам  болса  да,  бірнеше 

жылдар басқа әрекет болмағаны үшін, ақыры кедейлене бастапты. Бара бара тіпті нашарлап кеткен соң, 

бір күні әйелі отырып ері Сапаһиге: 

– Қолдағы мал, ақша таусылды, бізде халық қатарлы істеп жүрген тіршілік жоқ. Енді жанды қалай бағамыз, 

сен неге тіршілік етпейсің, – депті. 

Сонда Сапаһи әйеліне қарап: 

– Мен сені үйге қалдырып, қайтып басқа жақта шыдап жүре аламын. Сырқа шығып бір қонып, түнемек 

тұрсын, бір сағат көрмесем сені көргенше асығып, өліп кете жаздаймын, – депті. 

Сонда әйелі: 

– Сіз анығында қалай ойлайсыз, ұзаққа жолаушы жүріп кетсем, мені әлде біреулермен ойнап қоя ма деп 

ойлаймысыз, – деп сұрапты. 

Сонда Сапаһи: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              897 bet 

–  Шынында  сені  көрмей  тұра  алмаймын,  әрі  басқа  жаққа  кетсем  біреулермен  ойнап  қоя  ма  деп  те 

ойлаймын, – депті. 

Сонда әйелі Сапаһиге: 

– Мен сізге бір әңгіме айтайын, әбден тыңдап отырыңыз, – депті. Сондағы әйелінің әңгімесі: «Бұрынғы 

өткен  заманда  бір  жігіт  қыз  таңдап,  ел  аралап  жүріп,  өзі  жақтырып  бір  сұлу  қызды  алып,  ол  әйелін 

тастамай, қайда жүрсе де ертіп жүретін болыпты. Бір күндері сол жігіт қасына бір қанша құлдарын ертіп, 

түйесімен керуен болып ұзақ жолға саудаға шығып, сүйікті әйелінде қалдырмай ерте шығыпты. Сауда бір 

қанша айлар бойы сапар жүріп, еліне келе жатып, бір дарияға келгенінде түйелер дариядан өтпей тұрып 

алыпты. Сонда суға түйесін түсіре алмай тұрған құлға әлгі саудагер жігіттің әйелі тұрып айғайлып: «Ей 

жігіт, сенің түйең суға түспейді, сен мына менің астымдағы түйеме мініп баста», – деп астындағы түйесін 

жігітке берген екен, әйел мінген түйе, судан тоқталмай өте шығып, соның артынан барлық түйелер өтіп 

кетіпті. Судан өтіп алғаннан кейін ері әйеліне сұрай қойып, «Сен ана құл мінген түйенің судан өтпейтінін, 

өзің мінген түйенің судан қорықпай өтетінін қайдан білдің», – деп сұрапты. Сонда әйелі: «Ол құл мінген 

түйенің енесі қорқақ болатын, түйе енесіне тартып қорқақ болады. Ал менің астымдағы түйенің енесі суға 

қорықпай түсетін жүректі түйе еді. Соның үшін мен мінген түйе енесі сияқты судан өткіш болады, мен 

екі түйенің де анасының сырын білетін едім», – депті. Сонда ері: «Әрбір жанды зат өзінің туған шешесіне 

тарта ма», – деп сұрапты. Әйелі айтыпты: «Әрбір жанды заттар өзінің туған анасына тартпай қоймайды», 

– депті. Сонда ері тұрып, «Ендеше сенің шешең өте зинақор еді, сенде ақыры өз анаңа тартады екенсің, 

сен ондай істеп менің көңілімді қарайтқанша осы күннен тартып екеуіміз ажырассақ болады», – деп, еліне 

келісімен әйелін талақ қылып шығарып жіберіпті», – деп Сапаһидің әйелі әңгімесін аяқтатып келіп, осы 

хикая сияқты менің анам, анамның анасы, тіпті рухымда зинақорлық жоқ, әгерде мен ондай келіспейтін 

істі істегім келсе, сен мені аңлып тоқтата алмас едің, мен қалай да болса, сізге білдірмей сан адамдарды 

кіргізіп шығара алар едім деп әйелі осы сөздерді айта келіп, еріне деді: «Сіз көңіліңізге еш қандай қауып 

келтірмей әрекет етіп, мал табу үшін кете беріңіз, мен өзімнің тазалығым үшін бір белгі берейін. Ол белгі 

мынау деп бір иісті шөптің гүлін еріне беріп тұрып, осы гүлді сіз құлағыңызға қыстырып алып тастамаңыз, 

осы гүл қурап сөнсе, менің көңілім бұзылғаны, егерде гүл қурамай, сөнбей осы күйінше тұра берсе, менің 

көңілімнің бұзылмағаны, менің адал-арамымды осы гүлден ғана білесіз», – деп ерін сендіріпті. Сапаһи 

әйелінің сөзіне әбден сеніп, әйелімен қоштасып, ұзақ жолға сапарға шығып, он бес күн жүріп, бір шәріге 

келіп, мен істеуге қандай жұмыс табылар екен деп жүргенде, сол шәрінің патшасының баласына кезігіп 

қалады. 

Патшаның  баласы  қырық  жігіт  нөкер  алып,  әр  жігіттерге  тиісті  ақысын  беріп,  әрдайым  ойын-сауық, 

тамашамен  жүреді  екен.  Сапаһи  кезігіп  қалғанда  патшаның  баласы,  маған  нөкер  болсаңыз  тиісті 

ақыңызды беремін деген соң, Сапаһи қырық жігітке қосылып, ойын-сауықпен жүре беріпті. Сапаһидің 

бұларға қосылғаны көктем кезі екен, Сапаһи әйелі берген гүлін тастамай күн сайын құлағына қыстырып 

жүреді екен. Ол гүлі жаңа үзіп алған гүл сияқты түсін өзгертпеген соң, әйеліне сенімді болып, еш нәрсе 

ойламай, жүре беріпті. Сонымен жүре жүре күз болып, барлық шөптің гүлі түсіп, қысқа айналғанда да 

Сапаһидің құлағындағы әр күні бір гүл қыстырулы жүретінін көріп, бір күні патшаның баласы: «Сапаһи, 

сен барлық шөп қуарып кеткенде, қурап сөнбейтін гүлді күн сайын қайдан тауып жүрсің» деп сұрапты. 

Сонда Сапаһи: 

– Мен бұл гүлді күн сайын бір жерден алып жүрген жоқпын, бұл гүлдің жай-мәні мынада, менің әйелім 

адамзаттың сұлуы, мен әйелімнің бетіне қарап отырып бір қаншы жыл өткіздім. Ақыры кедейленіп, мал 

табу үшін сапарға шығарымда, әйелім біреумен ойнап қоя ма деп қорыққанымда, әйелім осы гүлді беріп 

отырып, гүл қураса менің көңілімнің бұзылғаны, қурамаса менің тазалығым деген, міне алты ай болды 

осы гүл әлі бір қалыпты, менің әйелімнің тазалығын осы гүлден білемін, – депті. 

Сонда патшаның баласы Сапаһиді жасытып: 

–  Әй  Сапаһи,  сен  әйелдің  әдіс-амалдарының  қандай  болатынын  әлі  білмейді  екенсің  ғой,  сені  әйелің 

келістіріп алдаған, сен соған сеніп жүріпсің ғой, – деп екі қолын санына шапалақтап, қарқылдап күліпті. 

Сапаһи ойға кетіп, біраз жасып қалыпты. Сондай болса да гүлін тастамай жүре беріпті. Патшаның баласы 

Сапаһи жоқ жерде барлық жігіттерін жинап алып, Сапаһи осындай дейді, шыныда әйелінің ешкімге көңілі 

бұзылмай жүргені рас болуы мүмкін. Енді осының гүлін сынау үшін осы жігіттердің ішінде Сапаһидің 

шәріне барсып, сол әйелдің көңілін бұза алатын азамат барсыңдар ма? Егер өзіне сенімді азамат болса, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              898 bet 

мың-мыңдаған ділдә, гәуһармен жіберемін депті. Сонда бір Хасен деген жігіт тұрып, «Құдай-ау, еркектің 

сөзіне көнбейтін әйел болушы ма еді, ол адамына кезікпей жүрген шығар, егер сіз мені жіберсеңіз мен 

оны, перінің қызы болса да жөнге келтіруге осы жігіттердің алдында уәде беріп, сіздерді сендіре аламын», 

– депті. 

Бұған ханзада қатты қуанып, есепсіз көп бағалы алтын, гәуһар, асыл заттарымен оны Сапаһидің шәрісіне 

шығарып салып, қайтып келуі үшін мөлшерлі уақыт белгілеп жіберіпті. Қалғандары бұрынғыдай ойын-

сауықпен жата беріпті. Хасен бір қанша жол жүріп, Сапаһидің шәрісіне келіп, шәріні байқап жүргенде бір 

күні  ойын-тамаша  қылып,  отырған  бір  топ  өңкей  жас  жігіттерге  кездесіп  қалыпты.  Түр  сипаты,  киім 

салтанаты  патшаның  баласынан  артық,  тамашамен  отырған  жігіттер  Хасенді  қошаметпен қарсы  алып, 

арақ-шарапты бірге ішіпті. Бұл қайсы шаһзада екен деп отырып, бір кезде: 

–Я шаһзада қайсы патшаның баласы боласыз, қайсы шәріден келесіз, – деп сұрапты. Сонда Хасен атақты 

патшаның баласымын, осы шәріге келу себебін баяндай бастапты: 

– Азаматтар, жігіт жігіттің гүлі деген, менің тілегіме құдай сіздерді кезіктірді. Мен сіздердің шәріңіздегі 

Сапаһи деген кісінің әйеліне ғашық болып, бірнеше айшылық жолдардан арып-ашығып келіп отырмын. 

Менде дүние деген жетеді. Азаматтар, мені мұрадыма жеткізсеңдер, сіздерге өмірлік алтын, ділдә берер 

едім, – депті. 

Сонда отырған жігіттер, «Япырмай ханзада, бұл іске біздің шамамыз келе алмайды. Неге десеңіз сіз ғашық 

болған әйелге осы отырған жігіттердің барлығы ғашық болып, өзімізді әуреге салғанбыз. Ақыры ол әйелді 

бой сұндыра алмай бәрімізде шаршап отырмыз. Сіз өте алыстан келіпсіз, қымбат заттарыңызда жетерлік 

екен. Соның үшін сізге бір ақыл көрсетелік. Пәлен жерде бір өте айлалы кемпір бар. Сол кемпірді риза 

ете алсаңыз, сізді мұрадыңызға жеткізуге шек жоқ», – депті. Сонан кейін Хасен кемпірдің тұрған жерін 

сұрап алып, ол кемпірді іздеп тауып, көңілдегі мақсатын айтып, кемпірге көп алтын, ділдә беріпті. Кемпір 

қуанып кетіп: 

– Балам, мен ол адамға барып көрейін, ол адам өте қатты деп есіткен едім. Құдай абыйыр берсе, бірдеме 

болып қалар, – деп кемпір Сапаһидің әйеліне жүріп кетіпті. Кемпір келсе, Сапаһидің әйелі үйінде жалғыз 

отыр  екен.  Сонда  кемпір  амандасып,  біраз  отырып,  адам  баласының  жастық  кезіндегі  жүріс-тұрысын 

айтып, өзінің негізгі ойын сөйлей бастайды. Сонды кемпір отырып: 

– Балам, адам баласы дүниеге адам болып туылғанда әр дәуірді өз жолымен өткізгенге жету қайда дейсіз. 

Алла  тағала  өз  пәндесін  жаратқанда  жастық  дәуірін  ләзәтті  етіп,  жас  кезінде  ойнап-күлісіп,  жастық 

махаббатын өз жолымен өткізіп, өздеріне сай шаһзадалармен ойнп-күліп, жастық көңілін көтеріп, кәри 

бастағанда тәуба қылу үшін адамды дүниенің қызығы үшін жаратқан алла тағала. Ал енді балам, сіздің 

нұр сипатыңызға ғашық болмаған, ол үшін сізбен бір кеш махаббаттасып, бір түнеп шығу үшін басымды 

қатырмаған адам жоқ. Соның бәрін сізге лайық көрмей, есіткен сөзімді ішіме сақтай беруші едім. Осы 

жақын күнде бір патшаның шаһзадасы сіздің көркемдік дыбысыңызбен сізге ғашық болып, келген екен. 

Ол  шаһзаданы  байқап  қарасам,  құдайым  жаратқан  сізге  лайық  туылған  екен.  Әкелген  алтын  мен 

гәуһарлары сан жеткізсіз, туысы тіпті бөлекше. Ары-бері ойлап қарасам, жастық махаббат жағынан да, 

сізге лайық көріп, әкелген заттары сіздің өмірлік қажетіңізге жарайтын болғандықтан, сол шаһзаданың 

бір түн ғана көңілін тапсаңыз қалай болар еді деп, сізбен ақылдасу үшін келіп едім, – депті. 

Сонда Сапаһидің әйелі отырып: 

– Әй, шеше-ай, мен өмірімде Сапаһиден басқа ер адамға етімді тигізіп көрмеп едім, бірақта сіздің айтқан 

ақылыңыз  да  теріс  сияқты  көрінбейді,  соның  үшін  сонша  алыстан  көксеп  келген  шаһзаданың  көңілін 

қарайтпай, бір түн қондырып жіберуді лайық көрдім. Шеше, ал енді сол шаһзадаңыз өзі келіп мені көрсін, 

мені жақтырса, сіздің айтқаныңыздай болсын, шеше – депті. 

Кемпір қуанып: 

–  Ой  балам,  жолың  болсын,  –  деп  батасын  беріп,  іші  толған  қуанышпен  жүгіріп  отырып, үйіне  келіп, 

«балам,  шүйінші-шүйінші»  деп  шүйінші  сұрап  алып,  барлық  болған  сөздерді  баяндап  беріпті.  Хасен 

қуанғаннан терісіне симай, «шеше сізге мыңда-мың рахмет, еңбегіңізді ақтармын. Енді мен әуелі өзіне 

барып  келейін»  деп,  Сапаһидің  үйін  сұрап  алып,  жүгіре  басып,  Сапаһидің  үйіне  келіпті.  Сапаһидікіне 

келсе, өзі туып көрмеген бір адам, Сапаһидің әйелін көргенде не дерін біле алмай есі шығып, аң-таң болып 

тұрып қалыпты. Сонда әйел Хасенге: 

– Әлгі менің шешем айтқан ханзада сіз бе едіңіз? – депті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              899 bet 

Хасен: 


– Я, соншалық алыс жерден сіздің атағыңызды естіп, сізге ғашық болып келген мен едім, – депті. 

Сонда әйел тұрып: 

– Мен өзім ес білгелі өз ерімнен басқа бір адамға осы уақытқа дейін көңіл аудармаған едім, сіз соншылқ 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет