ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет140/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   153

– Аулақ әрі, өзімнің де балам бар, – деді. 

–  Ендеше,  байы  жоққа  бай  болам,  –  деді.  Сол  кезде  кемпір  арқан  тастап  жезтырнақты  суырып  алады, 

төбесінде  жалғыз  көзі  бар  екен.  Міне,  осыны  үлкен  кебеже  сандық  бар  екен,  соған  салып  асырады. 

Жезтырнақ семірді. Кемпір жезтырнақтан екіқабат болып бала көтерді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              925 bet 

Күндердің  бір  күні  кемпір  ішін  білдірмей  жүріп  босанатыи  күні  жақындап  қалды.  Енді  кемпір 

жезтырнақпен ақылдасты. Жезтырнақ оған мынандай ақыл береді: 

– Сен босанғаннан кейін апарып балаңның келетін жолына таста. Ол саған әкеп асыратады, – деді. Сөйтіп 

бір күндер өткенде кемпір босанып ұл тауыпты. Оны бір нәрсеге орап баланың келетін жолына апарып 

тастапты.  Сөйтіп  бала  аңнан  қайтса,  жолда  жатқан  баланы  көреді.  Қасына  атымен  жақындап  келіп, 

«шайтан ба, алдене» деп күдіктеніп келсе, адамзаттың баласы екен. Және өзі еркек бала екен. Сол арада 

бала  ол  жатқан  кішкене  баланы  аттан  түсіп,  көтеріп  алдына  алып  үйіне  әкеп,  есік  алдында  тұрып 

айқайлайды: 

– Апа, апа, бері келші. Мен өзіме бір іні тауып әкелдім, – дейді. Сол кезде шешесі: 

– Тарт ары, айдаладағы не еткен бала, шайтан шығар әкеп тұрғаның, – депті. 

Баласы: 


– Жоқ, апатай, адамзаттың баласы, өзіңіз шығыңызшы, көріңізші, – деді. Сол кезде шешесі шығып көріп, 

түк білмеген кісідей: 

– Япырай, шын адамзаттың баласы екен, – деп қолына алып үйге кіріп жуындырып, сол баланы асырай 

береді. Міне осымен талай жылдар өтті. Жас бала ер жетті. Бұл бала екі-екі жарым жасқа келгенде, жөнді 

сөйлей алмай жүрген кезінде, ағасы аңға кеткенде жезтырнақ шығады екен. Бір күні соны көріп қалыпты. 

Ағасы аңнан келген кезде, ағасының алдында отырып: 

–  Аға,  ай-ой,  деп  төбесін  көрсетті.  Оны  ағасы  елеп  ескермейді.  Ал  баланың  төбесін  көрсету  себебі, 

жезтырнақтың  төбесінде  жалғыз  көзі  бар  екен,  міне,  бала  «ай»  деп  төбесін  көрсету  себебі  осы  екен. 

Баланың ол айтып отырғанын залым кемпір бәрін түсініп отырыпты. Міне бұл жолы баласы аңға кеткенде 

кемпір жезтырнақты шығарып алып, жас бала қасында отырғанда жезтырнаққа: 

– Мына балаң бәрін білетін болды. Енді біраз уақытта ана қуға бәрін айтатын түрі бар», – депті. Сол кезде 

жезтырнақ ол кемпірге ақыл айтыпты: 

– Сен, бала аңнан келерде сусын орнына у езіп бер. Содан ол улап өледі. Сонан кейін өзіміз емін-еркін 

өмір сүреміз, – депті. Міне осы айтқан ақыл кемпірге едәуір жігер береді. Ол баласының келуіне қарсы у 

езіп дайындап отырады. Ал енді  бұл  баланың әдеті аңнан келгеннен кейін інісін алдына алып бетінен 

сүйіп, төсіне шығарып, сонан кейін барып сусын ішеді. Міне сүйтіп күтініп отырған жерге қарсы бала да 

аңнан келіп жетеді. Атын байлап жайланып, үйге кіріп, шешініп отырып, інісін шақырып алдына алып, 

бетінен сүйіп төсіне шығарып отырып: 

– Апа, сусын берші, – депті. Сол арада шешесі езіп қойған уды әкеп береді. Алдында отырған жас бала 

быж-быж  етіп  бірдеңе-бірдеңе  дейді.  Оның  сөзіне  түсінбеген  ағасы  оның  не  деп  отырғанын  елемей 

қолына тиген  уды сусын деп ауызға жақындата бергенде алдында  отырған інісі  у құйған аяқты қағып 

жіберіп, төгіп тастайды. Сол арада шешесі: 

– Ей, антұрған, шөлдеп келген ағаңның сусынын ішкізбей неғып құтырып отырсың? – деп, қалған уды 

езіп,  жуып-шәйіп  қайтадан  әкеп  беріпті.  Жас  бала  мұны  да  ішкізбепті.  Сөйтіп  үшке  дейін  ішкізбей 

төртінші рет ішкізіпті. Міне, сүйтіп ағасын бір ажалдан алып қалыпты. Сөйтіп аңшы бала ертесіне аңға 

кетіп, сары уайымға түсіп, ой ойлайды. Өйткені сарай төңірегі толған аң еті азайып қалды. Бір жезтырнақ 

бір  жегенде  қырық  аңның  етін  бір-ақ  жейді  екен.  Баланың  күні-түні  ойлайтыны  «жалғыз  шешем  мен 

қарындасым  мұншалық  ет  жеуге  мүмкін  емес,  бұл  ет  қайда  кетіп  жатыр»  деген  уайым,  оны  жүдетіп 

барады. 

Сөйтіп енді үйде қалғандарға келейін. Бала аңға кетті. Шешесі жезтырнақты шығарып алды да: 

– Мына бала бәрін білді. Уды ішкізбей қойды. Енді не істейміз, – дейді. Сонда жезтырнақ: 

– Ендеше, мен тығылмай-ақ қояйын. Өзім онымен айқасып көрейін, – деп балаиың келуін күтіп отырды. 

Сөйтін бір уақытта аңшы бала да аңнан келіп жетеді. Байқаусызда дайындалып отырған жауыз бала кірген 

жерден-ақ айқаса түседі. Сөйтсе де баланың да күші басым екен, еркіне көнбей жүр, аңшы бала жаумеи 

алыса жүріп шешесіне өтініш айтады: 

– Ардақты ана, – деді ол, он ай омыртқаңды үзіп тапқан балаң едім ғой, не көмегің бар көрсететін дегенде, 

шешесі: 

– Бірің өл де, бірің қал, жұмысым аз, – деп жауап беріпті. 

Содан бала қарындасына арыз айтады: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              926 bet 

–  Затың  әйел  болса  да  бір  анадан  туған  туыс  емес  пе  едің.  Не  жәрдемің  бар  көрсететін?  –  дегенде, 

қарындасы: 

– Бірің өл де, бірің қал, жұмысым аз, – деп жауап беріпті. Ал ендігі қалған жас інісі шырылдап жылап 

аяғына оралып жүр. Қолынан келер қайрат жоқ. Ол кезде аңшы ағасы: 

– Көкешім, менің қалтамда алтып кездік бар. Соны ал да аяғын  ұр,  – дейді. Сонда інісі қалтасындағы 

алтын кездікті алып, жезтырнақтың тірсегін тапса, екі аяғын қиын түсіпті. Міне, осы інісінің арқасында 

жезтырнақты өлтіріп, шешесі мен қарындасын екі көзін ойып алып орманға тірідей қаңғыртып жіберіп, 

інісімен екеуі ғұмыр сүріп тұра беріпті. Бірақ та інісінің түбі жезтырнақтың тұқымы екенін сезді. Бірақ 

сыр бермей інісін асырап жүре береді. Сөйтіп бірнеше жыл өтіпті. Жас інісі де ер жетіп күндердің бір күні 

ағасы күдіктеніп, ойына қорқыныш кіріп, інісінің күшін сынамақ болады. Сөйтіп бір күндер өткенде ағасы 

тұрып інісіне: 

– Көкешім, айдалада қалың орман арасында екеуміз ғана, әбден ішіміз пысты ғой. Келіп екеуміз атысып 

ат үстінен тартысып ойнайық, – деді. 

Інісі: 

– Ұят болады, аға, сізбен алысып ойнағаным, – депті. 



Сол кезде ағасы: 

–  Еш  нәрсе  етпейді.  Ұят  болатын  бұл  арада  ешкім  жоқ  екеуміз-ақ  қой.  Кел!  –  деп  болмапты.  Ағасы 

болмаған соң інісі өзіне арналған киімді киіп, өзіне арналған арғымақты мініп, ағасымен екеуі тартыса 

түседі. Міне, сол-ақ екен көпке жібермей-ақ ағасын көтеріп алып өз артына мінгізіп алыпты. Сөйтіп ағасы 

інісінің күшінің асқанын білді. Міне, осы уақыттан бастап бала да ағасына еріп аң аулай бастады. Әрине, 

аңнан келген кезде аулаған аңдарды қарасаң бала ағасынан екі есе көп аулап әкелетін болды. Сөйтіп әр 

уақытта  ағасы  бұл  бала  жезтыриақтың  тұқымы.  Менен  мұның  күші  асып  түсті.  Бұл  мені  бір  күні  бір 

қатерге ұшыратар. Онан да мен осындайда бұл пәледен құтылайын» деп, қалың ойға түсті. Сөйтіп бір күні 

інісін шақырын алды да оған былай деді: 

– Қарағым, айдалада екеуден-екеу болып босқа өмір өткізгенше мен ел жаққа барайын, сөйтіп саған жеңге 

тауып келейін, – депті. 

–  Оның  жақсы,  аға,  жеңге  әкелсең  жаман  болмас.  Аға,  қарсылығым  жоқ,  әкеліңіз,  –  депті  інісі.  Міне. 

сөйтіп  ағасы  дайындалып  азық-түлігін  алып,  атқа  мініп  інісімен  қоштасып  жүріп  кетті.  Ағасы  анадай 

жерге  кеткенде  інісі  айқайлап  ағасын  шақырады.  Міне,  сол  кезде  ағасы  өте  қатты  қорықты  «қатерге 

ұшыратайын деп шақырды-ау» деп, – аяндап қасына келгенде інісі: 

– Аға, сен болсаң кетіп барасың, мен болсам қалып барам, ал сен онда барып бір қатерге ұшырасаң мен 

қайдан білем. Мен мұнда бір қатерге ұшырасам сен қайдан білесің, ол үшін келіңіз, семсер айырбастаймыз. 

Онда  барып  сіз  бір  қатерге  ұшырасаңыз  менің  колымдағы  сіздің  семсеріңізді  тат  басады.  Сіздің  бір 

қатерге  ұшырағаныңызды  мен  содан  білем.  Ал  мұнда  қалып  мен  бір  қатерге  ұшырасам  сіздің 

қолыңыздағы менің семсерімді тат басады. Менің бір қатерге ұшырағанымды сіз содан біліңіз, – деп, екеуі 

семсер айырбастап жүріп кетті. Ал енді бұл екеуі бір-біріне өте ұқсас екен, екеуінің бойы да, киімі де, аты 

да, сөйлеген сөзі де бірдей екен. 

Міне, сонымен ағасы ұзақ сапарда келе жатыр. Арғымағының ізі жер ошақтай болып ойылып қалады екен. 

Сөйтіп  ол  келе  жатып  айдалада  бір  ақ  отауды  көреді.  «Бұл  неткен  отау  айдалада  тұрған»  деп,  оған 

бұрылып келіп аттан түсіп, атты белдеуге байлап үйге кірсе, үй ішінде ай мен күндей болып бір қыз отыр 

екен.  Онымеи  амандасып,  жөн  сұрасып  болғаннан кейін  тамақтанып,  сусындап  жайланып отырғаннан 

кейін ол жігітке: 

– Ой, сорлы, сен мұнда неге келдің? – десе, жігіт: 

– Несі бар, – депті. 

Сол кезде қыз: 

– Менің ағайым бар, ол келіп қалып сені көрсе, тірі тастамас, – депті. 

Жігіт маңғазданған пішінмен: 

– Е, не де болса уақытында көрерміз, – деп отыра беріпті. Әрине, бұл екеуі бір-біріне өте ғашық болып 

қалды. Жігіт әлгідей дегеннен кейін қыз тұрып: 

– Ал тәуекел, олай болса менің бауырым келген кезде сен далаға шықпа. Сен үшін өзім шығып жазасын 

берейін, – депті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              927 bet 

– Жарайды, – деп жігіт жата береді. Әрине, бұлар бауыры келгенше жайласып, сөйлесіп, сөздің түйінін 

әбден пісіріп алады. Бұрынғыдай емес ғашықтық оты қосылып та қалды, сөйтіп отырғанда үйдің төңірегі 

сілкінгендей болды. 

Жігіт: 

– Бұл не? – дегенде, қыз: 



– Бұл менің бауырым келе жатыр, – депті. Өйтіп-бүйткенше бауыры да келіп жетті. Үйдің сыртына келіп: 

– Мұнда кім бар, шық! – деп айқай салғанда, үйдегі жігіт дауысына шыдай алмай орнынан көтеріліп түсті. 

Сол арада қыз өзі шығып: 

– Өзіңізге серік бар, – депті. 

Сонда бауыры: 

– Шын серік болса шықсын, – депті. Жігіт сол кезде жүгіріп шығыпты. Міне осы арада екеуі танысып, 

құшақтасып  амандасып  жайбарақат  үшеуі  тұра  береді.  Бір  күні  таңертең  ерте  тұрса,  үйдің  ішіндс  бір 

айдың сәулесі түсіп тұр екен, жігіт қызды оятып: 

– Мынау айдың сәулесі не? – деп сұраса қыз оған: 

– Бұл осы арадан бірсыпыра жерде тұрады. Жалмауыз кемпір бар, оның бір қызы бар, ол екеуміз доспыз. 

Сондықтан менің сәулем оған, оның сәулесі маған түсіп түрады, – депті. Міне, сонан кейін ол жігіт тұрып 

атын  ерттеп  сол  жалмауызды  іздеп  жүріп  кетеді.  Ол  жалмауыздың  мекеніне  жақындаған  кезде 

жалмауыздың қызы ағаш басында қарауылдап тұрады екен. Келе жатқан кісіні көріп: 

– Апа! Апа! – деп айқай сапты. 

Сонда кемпір: 

– Әй не, неге айқайлайсың? – десе, қыз: 

– Қара бөрікті, қара арғымақты бір кісі келеді. Қайтсе де сені өлтіреді. Мені алады, – депті. Сонда кемпір: 

–  Сандалма,  тыныш  отыр.  Мені  жезтырнақгың  тұқымы  болмаса  ешкім  ала  алмайды,  –  депті.  Сөйтіп 

арғымақты  кісі  жетіп  келген  жерден  сиқырмен  оқып,  қол-аяғын  байлап  көгенге  көгендеп  тастапты. 

Мыңдаған адам жатыр бәрі бір соның қызы үшін. Ал енді бұл осы көгенде жата тұрсын, енді орманда 

қалған  інісіне  келейік.  Ағасының  семсерін  інісінің  қолында  қалған  тат  басыпты.  Міне  осы  кезден-ақ 

ағасының бір қатерге ұшырағатнын білді де, інісінің ұйқысы қашып, асы бойына тарамайды. Сөйтіп ол 

дайындалып ағасын іздеп жолға шықты. Әрине ол іздегенде тура арғымақтың ізіне түсті. Сол арғымақтың 

ізі алған күйінде алып баяғы ақ отауға әкелді. Ақ отауға жетіп келсе, ай мен күндей сұлу қыз бауырымен 

екеуі аттан көтеріп үйге кіргізіпті. Әрине, бұл қыз баланың ағасын да өстіп сыйлаушы еді. Енді бұл баланы 

сол өзім тнген күйеуім деп ойласа керек. Ал бала еш сыр бермей отыра береді. Бірақ бұның ойы «менің 

ағайымды осылар бір қатерге ұшыратса керек» деп отырады. Сөйтіп отырғанда қыз тұрып: 

– Сен бұл жолы неге сонша кешіктің? – депті. Сол кезде сыр бермеген бала: 

– Көп жер араладым, – деп жауап берді де, ішінен: «Менің ағайым басқа жаққа барып бір мәлеге ұшыраған 

екен», – деп ойлады. Сөйтіп кеш болды, төсек салып жатуға келгенде екеуіне бір-ақ төсек салды. Сонда 

да бала сыр бермей жата берді. Таң ата бала оянса бір айдың сәулесін көреді. Сонда бала тұрып: 

– Мына сәуле не? – десе, қыз: 

– Әнеугүні айтып едім ғой, – депті. Сонда бала: 

– Ой, онда бір ой ойлап отырып түсінбеппін, – депті. 

– Ендеше, осы арадан бірсыпыра жерде жалмауыз кемпір бар. Оның жалғыз қызы бар. Ол екеуміз доспыз. 

Оның сәулесі маған, менің сәулем оған түсіп тұрады, – депті қыз. Сол кезде бала ішінен: 

– Иә, менің ағайым сонда болып бір қатерге ұшыраған екен, – деп, атын ерттеп мініп, арғымақтың ізімен 

тағы жүріп кетеді. Сөйтіп жалмауыздың мекеніне жете бергенде қыз тағы да: 

– Апа, апа! – деп айқай салады. 

– О не? – депті шешесі. Қызы сонда: 

– Қара бөрікті, қара арғымағы бар біреу келеді. Арыны нашар, кайтсе де сені өлтіреді. Мен алады, – депті. 

Сонда кемпір: 

– Сандалма, мені жезтырнақтың тұқымынан басқа адам ала алмайды! – депті. Сөйтіп бала да жетті. Кемпір 

де сиқырын оқып тұра жүгіреді. Бірақ та сиқыры бұл баланы алмайды. Сөйтіп бала келіп төбе шашынан 

ұстап  алып,  ұрып-соғып  ағасын  таптырып,  ол  ағасын  қалпына  түсіртіп,  көгенде  жатқан  елдің  бәрін 

босатып,  кемпірді  өлтіріп,  дүниесі  мен  қызды  алып  ағасы  екеуі  қайтыпты.  Міне  содан  кейін  баяғы  ақ 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              928 bet 

отауға келеді. Ағасы мен екеуі қатар келіп тұра қалса, баяғы қыз бен ағасы екеуі шығып қайсысын түсіріп 

аларын білмей аң-таң болып тұрады. Сонан соң екі жігіт күліп өздері түседі. Сөйтіп жайланып отырғаннан 

кейін баяғы ағалы жігіттің інісі, кішкене шынтақ саусағын шүберекпен түбінен байлап ағасына: 

– Аға, мына шынтағымды шауып тасташы, – дейді. 

Сонда ағасы: 

– Қой әке, жазым болады, – депті. 

Сонда інісі: 

–  Осыны  шаппасаң  сізге  риза  емеспін,  –  дейді.  Тіпті  болмаған  соң  ағасы  шынтағын  шауып  тастапты. 

Сонда інісі: 

– Міне, енді мен күнәдан бек болдым, ана кезде мен келіп қонғанда, мені сіз екен деп жеңгем қасына алып 

еді. Сонда осы шынтағыммен ғана тіреп жатып едім, денем тиген жоқ еді. Міне, кінәлі осы шынтақ еді. 

Енді күнәдан аулақ болдым, – депті. Сөйтіп жалмауыз кемпірдің қызын өзі алып, ағасы ана қызды алып 

неше күн ойын, неше күн тойын жасап жақсы өмір сүріп тұра беріпті. 

21. Самархан хан 

Ерте  замандардағы  өткен  ғасырларда  дүниеде  өмір  сүрген  аңшылықпен  күн  көрген  ауқаты  жақсы  бір 

кемпір  мен шал болыпты. Олардың жасы қырық  пен елуден асқан.  Қолы қандай жақсы болса да олар 

ешқандай  жас  нәресте  көрмепті.  Күндерде  бір  күн  өткеннен  кейін  кемпір  жүкті  болып  қыз  тауыпты. 

Арасына  бір  жыл  аралатып  тағы  жүкті  болыпты,  бұл  жолды  еркек  бала  тапты.  Сүйтіп  кемпір-шал 

баласының атын Самарқан қойыпты. 

Міне, Самарқан осымен өсіп, ержетіп келеді. Әке шешесі оны өте жанындай көреді, ол бала өскен сайын 

ақылды  болады.  Неше  түрлі  өнер  шығарады,  жасы  толғаннан  кейін оқуға  береді,  ол  оқуды  өте  жақсы 

оқитын болады. 

Күндерде бір күн өткеннен кейін Самарқанның әкесі аңға кетеді. Ол ұйықтап жатып тәңертең ерте тұрып 

тамақ жасап жүрген анасын шақырып, «апа мен бір түс көрдім», – деді. Анасы: 

–  Я,  қарағым  айтып  жібер,  мен  жорып  берейін,  –  деді.  Анасының  бетіне  тесіле  қарап  Самарқан 

жақтырмаған дауыспен: 

– Түсімді ендеше саған айтпаймын, – деп тұрып киіне бастайды. Бұрын мұндай сөз баласынан естімеген 

анасы қатты ашуланды да баласын ұрып тастады. Ата анасынан мұндай соққы тұрмақ қатаң сөз естіп 

көрмеген Самарқан анасының ұрғанын қатты кек көреді де тамақ ішпестен қағаз қаламын алып үткеліне 

жөнелді. Дәл осы күні Самарқанның әкесі де аңнан қайтқан екен. Жылап келе жатқан баласы Самарқанға 

қарсы жолығады, жанындай жақсы көретін әкесі баласының жылағанын көріп жаны шығып кете жаздады, 

аттан қарғып түсіп құшақтап алады: 

– Қарағым кім тиді саған, неге жыладың сен?, – деп сұрады. Сонда баласы өксіп жылап тұрып: 

– Мен апама түс көрдім деп едім, я маған айт жориын деді. Мен ендеше айтпаймын деп едім, мені ұрып 

жіберді, – деді. Баласы сөзін айтып болысымен әкесі жұлып алғандай: 

– Я қарағым ендеше маған айтшы, түсіңді мен жорып жіерейін, – деді әкесі. Жақтырмаған көзімен ақырая 

бетіне қарады да, Самарқан әкесіне: 

– Ендеше саған да айтпаймын түсімді, – деді. Әкесі көп ойланбастан-ақ: 

– Саған бір әдет бітейін деген екен, жоқ менімен ойнағың келді ме, – деп баласын қамшымен шықпыртып 

соғып қуып жібереді. Одан жаман жылаған баласы оқу оқитын жеріне жақындап, өксігін тиып оқуына 

келеді. Сабақта отырғанда көңілсіз отырған Самарқанға қарап басқа балалар да көңілсіз отырады. Сол 

кезде сабақ беріп отырған Молдасы байқап отырып Самарқанды тұрғызып: 

– Сен неге бүгін көңілсіз отырсың, күнде мұндай емес едің, бүгін саған не болды, айтшы шыныңды, – деп 

Молда жанын қоймаған соң бала баяғы көрген түс туралы бар сырын айтады. Сол кезде Молдасы: 

– Ондай болса маған айтшы, мен жориын, – деді. Самарқан адырайып оның да бетіне қарады да: 

– Ендеше саған да айтпаймын, – деді. 

Сонда молдасы: 

– Ә, сен мені мазақтап отыр екенсің ғой, – деп, шығарып алып құйрығынан шыбықпен 25 дүре алып далаға 

қуып жіберіпті. 

Сонымен далаға шығып алып, көше бойлап зар қағып келе жатса алдынан патшаның уәзірі шығады. Ол 

жылап келе жатқан баланы көріп, ұстап алып: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              929 bet 

– Сен неге жылайсың? Кім саған тиген, – деп баладан сұрап еді, бала бар әңгімесін бастан аяқ айтып берді. 

Сонан кейін уәзір: 

– Бір түс үшін сонша қорлық көріпсің, сонша неткен түс соның, мен жорып берейін, – депті уәзір. Сонда 

уәзірдің бетіне адырая қарап: 

– Ендеше саған да айтпаймын түсімді, – деді бала. Уәзір ашуланып баланы ұрып-ұрып апарып зынданға 

тастап,  жауып  тастапты.  Күндерде  бір  күн  өткенде  патшаның  жалғыз  қызы  ойнап  жүріп  зынданның 

төбесінде кеседей тесігі бар екен, содан қарап тұрған баланың көзіне көзі түсіп кетеді де жүгіріп келіп 

қараса, өзі құрбы жас бала екен. 

– Сен не істеп жатырсың мұнда? – деді қыз. 

– Мені мұнда патшаның уәзірі әкеп жауып қойды, – деді бала. Ал сен кімсің деді бала? Сонда қыз: 

– Мен осы патшаның жалғыз қызы едім, – деді. Міне осы күннен бастап екеуі бір-біріне ғашық болады. 

Ол қыз күнделікті тамақ әкеліп беріп тұрады. Міне сүйтіп бала осы зынданда жеті жыл жатады да, қыз 

оған күн сайын үш рет келіп тұрады. Ол бала туралы ешкім білмейді, баланы тастаған уәзір ауысып кеткен. 

Күндерде күн бір күні қыз келмей қалады да ертесіне келеді. Сонда бала қызға: 

– Кеше сен неге келмедің? – деп сұрақ қояды. Сонда қыз қатты күрсініп төмен қарап: 

– Несін сұрайсың, менің әкемнің басына ауыр жағдай туды, – деді қыз. Бала: 

– Е не ауыр апат екен, айтшы маған, – деді. Сонда қыз тұрып: 

– Баяғы сені зынданға салған уәзір барып орналасқан патша қабар жіберіпті, және бір таяқ беріп жіберіпті. 

Таяқтың бас-аяғы бірдей, осы таяқ алғаш ағаш болып шыққанда басы қай жақ, түбі қай жақ, соны тапсын, 

соны таппаса елін шабам, – деп жатыр деді қыз. Бала сонда: 

– Уайымдап жүргенің сол ма, ол таяқты тау басынан домалат. Таудың етек жағына қарап түскен жағын 

түбі деп беріп жіберсін, – деді бала. Ол ақылды қыз әкесіне айтыпты, әкесі қызы айтқандай етіп таудан 

домалатып етекке қараған жағын белгілеп беріп жіберіпті. Оны ол патша «дұрыс» деп тауыпты. Содан 

бір күндер өткенде қыз тағы келмей қалып ертесіне келеді. Самарқан қызға: 

– Неге кеше келмедің, – дегенде, қыз: 

– Ой несін айтасың, әнеу күнгіден де жаман жағыдай болды, – деді. 

– Я, тағы не болып қалды, – деді Самарқан. 

– Не болды дейсің, баяғы сол патша екі сарала сиыр беріп жіберіпті. Сол екеуінің де бойы да, түрі де 

бірдей, соның анасы қайсы, баласы қайсы? Соны тапсын депті патшасы, елін шауып аламын, – деп жатыр 

деді. Сонда Самарқан мұртынан күлді де: 

– Сол ма, ол да оңай іс, – деді. Ол екі сиырды шөлдетіп алсын, сонан кейін суға қарай айдасын. Ең алдымен 

суға тұмсығын тигізгенін анасы десін, – деді Самарқан. 

Оны естіген қыз әкесіне осылай істе деп айтып берді, әкесі қызының айтқанын істеді. Алдымен тұмсығын 

суға  тигізген  сиырды  анасы  деп  белгілеп  беріпті.  Ол  патша  оны  тура  тапты  деп  тауыпты.  Бір  неше 

уақыттар өткеннен кейін қыз тағы да келмей қалады, ертесіне тағы келеді. Самарқан: 

– Оған кеше неге келмедің? – дегенде. 

– Ой не қыласың, басымызға айтылмастай күн туды, – деді қыз. 

– Айтыңыз нендей жағыдай, – деді Самарқан. Сол кезде қыз: 

– Баяғы патша елімізді шабамыз, – деп жариялапты деді. 

– Не үшін шаппақшы екен, – деді бала. Қыз сонда: 

– Менің әкемнің бір айғыры кісінесе, ол патшаның жүз биесі құлын тастапты. Міне бар амалы осы, – депті 

қыз. Самарқан ойланып отырып: 

– Бұл жағыдайға мен шықпасам табар айла жоқ, – деді. Көп ойланбай әкесіне келді де аяғына жығылып 

жылап жатып алды: 

– Алдағы өткен ақылды мен тапқан жоқ едім. Бәрін тауып жүрген осында зынданда жатқан бір жігіт тауып 

еді. Ол енді мына жағыдайға мен шықпасам істер айлам жоқ, – деді дегенде, патша: 

– Ол қайдан түскен адам, – деп уәзірлерінен сұраса еш адам білмейді. Сонсоң патша «шығарып әкел» деп 

бұйрық берді. Самарқанды шығарып алып келді. Аты жөнін сұрап алғаннан кейін: 

– Бұл зынданға қашан түстің, – деді. 

– Мен түскенге жеті жылдан асты, – деді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              930 bet 

–  Ал  қалай  келіп,  қалай  түскеніңді  кейін  білерміз,  мындай  жағдайға  істейтін  амалың  бар  ма?  Осыдан 

құтқарсаң тағыма отырып, қызымды аласың, – деп уәде берді патша. 

– Олай болса, – деді Самарқан, маған бір-бір атқа мінгізіп жүз жігіт бер, бір серкеш, бір атан түйе бер, 

сонымен  ол  патшаны  қаратып  әкелем,  –  деді.  Самарқанның  айтқанын  патша  түгел  берді,  ол  патшаға 

Самарқан  аттанып  жүріп  кетті.  Бірнеше  уақыттар  жүріп  патшаның  жеріне  жетіп,  үй  тігіп  орналасып, 

қасындағы жүз жігітке бұйрық берді: 

– Талдан барып бір-бір солқылдаған шыбық кесіп алып келіңдер, – деді. Жігіттер шыбықты кесіп алып 

келді. 

– Ал енді, – деді Самарқан мына шарге кіріңдер, көздеріңе көрінген итті қырыңдар, басқа адам, малға 



тимеңдер,  –  деді.  Жігіттер  Самарқанның  айтқанын  істеп  шардің  итін  түгел  қыра  бастады.  Бұл  уақиға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет