қонақсыз болмайды», – дейді.
Мұнан соң айлардан ай өткен соң, Ермек үйіне қайтса, жер үстінен орнын сыйпалап, таба алмайды.
Қаланың шетінен сұрастырып отырып, төрт қабатты биік тас үйге кіріп келіп о жақ, бұ жағына қараса,
шешесі жүр. Жылап көрісіп, амандасып болған соң, екінші бөлмеге кірсе айдай ақ, сұлу бір қыз отыр.
Қалтасынан қанжарды суырып алып өкпесінен салып, қызды терезеден лақтырып жібереді. Бұдан
бірнеше күн бұрын осы үйдің жанында бір дәрігер келіп жатыр еді. Шыңғырған әйелдің даусын естіп, екі
күтуші әйелін біліп келуге жұмсайды. Екі әйел келсе, шала өліп жатқан әйелді көреді. Мұны дәрігерге
айтып келеді. Дәрігер екі әйелді қайта жұмсап, өлген әйелді алғызып бақылап еді, әйел өлмеген екен.
Әйелге дәрі беріп, ертеңгісін дәрігер үлкен қалаға алып барып, емдеп жазады.
Ермектің ашуы басылған соң, шешесі жылап-еңіреп: «Не жазығы бар?» – деп баласынан сұрайды. Ермек
шешесіне жуанның жазған хатының мазмұнын түсіндіреді. Шешесі оның өшігіп жазғанын айтады. Мұны
естіген соң Ермек қолына темір таяқ алып, аяғына темір етік киіп: «Сол сұлуды не тірі табам, не соның
жолында өлем, – деп қаңғырып кетеді. Жылай-жылай кемпір сорлы қалады.
Бұл хабарды естіген соң баяғы жуан да: «Сол сұлудың жолында өлем! – деп қаңғырып, о да кетеді.
Енді дәрігер мен қызға келейік. Дәрігер емдеп, қызды жазады. Енді ол қызға сөз айтып жүреді. Күндерде
бір күні дәрігер:
– Емдеп, өлім алдынан алып қалдым, маған ти, – дейді.
Қыз:
– Жарайды, тиейін, ойын-сауық істе, гармон, биші әкел, той қыл! – дейді.
Дәрігер өлеңші, биші әкелуге кеткенде, қыз амалын тауып, қашып кетеді. Дәрігер өлеңші, биші алып келсе,
қыз жоқ. «Сол қызды не табам, не жолында өлем!» – деп, бұл да қуып шығады.
Қыз күндерде бір күн, бір топ қойшыларға жетеді. Келісімен екі қойшы төбелесе бастайды. Төбелестің
түрі – біреуі:
– Мына қызды мен алам! – дейді.
Екіншісі:
– Жоқ, мен алам! – дейді.
Қыз:
– Мен ерге тисем, екеуіңізге тимеймін, біріңе-ақ тиемін. Сондықтан екеуінің жарысып барып, анау көлден
су әкеліңдер, қай бұрын келгеніңе тиемін, – дейді.
– Жарайды, – деп, екі қойшы суға кеткенде, қыз жөніне жүріп кете барады.
Қойшылар келсе, қыз жоқ. Сандарын бір-бір соғып: «Бұл қызды көрген де бір, жолында өлген де бір!» –
деп, қойды тастап қуып кетеді.
Күндерден күн өткенде, қыз жалғыз қойшыға келеді. Шөлдеп-шаршап, талып келген кісі қойшының
қойыртпағын ішіп, есін жинайды. Есін жинаған соң, қойшының бір қойын сатып алып, сойып таз қараның
басына бөрік қылып киіп алып, қойшының киімін сатып алып, оны киіп, қайыршы болып, қыз жөніне
жүріп кетеді. Қыздың қарасы үзілген кезде, қойшыға ой түседі: «Осы мен жындымын ба? Әлгі оңаша
келген сұлуды қоя бергенім не? қой! Қойы да құрысын, бүйтіп көрген тіршілік те құрысын! Әлгі қызды
қуып жетіп, тауып алайын!» – деп, қойды тастай беріп, қыздың соңынан қуып береді.
Ол онымен кете берсін. Әңгімені қыздан бастайық.
Қыз қайыр сұрап жүріп, бір үлкен шаһарға келеді. Келсе жиын той.
– Бұл не? – деп шеттен келіп біреуден сұрайды.
– Бұл еліміздің ханы өліп, соның орнына хан сайлауға жиылыс болып жатыр. Ханның дәулет құсы бар,
соны ұшырады. Сол кімнің басына қонса, соны хан қылмақ, – дейді.
Көптің бәрі келіп тұрды. Тазша да тұра қалды. Ұшырған дәулет құсы келіп, Тазшаның басына қонады.
Ханның дәмелі болып жүрген уәзірлері:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
911 bet
– Мына шіркін алжыған ба? – деп, қайта ұшырады, ол тағы да тазшаның басына қонады. Уәзірлер үшінші
рет ұшырады, ол тағы тазшаның басына қонады. «Тазша» болып жүрген қызды амалсыздан әкеліп, хан
етіп қойды.
– Мені таңдайсыңдар ма? – дейді.
Әрқайсысы өз кінәларын айтып, қыздың аяғына жығылады. Мәселенің, барлық пәленің жуаннан
шыққанын жұрт көреді. Жуанды аттың құйрығына байлап өлтіреді. Дәрігерге қанша алтын мен ат, шапан
айып беріп, оны жөніне жібереді. Қойшыларды да түрлі сый-сияпат беріп, елдеріне қайтарады. Қыздың
өзі Ермекке тиіп, оны өзі хан қылып, өзі ханым болып, мұраттарына жетіпті.
Қыз әуелде бір ханның қызы екен. Сұлу болған соң әркім сөз айтып, алам деуші, қызығушы көбейген екен.
Хан қайсысына берерін білмей тұрғанда қызы рұқсат сұрап:
– Мені ешкімге айтпай, сандыққа салып біреуге базарға сатқыз. Көп сұрасын, кім ерлік қылып сатып алса,
соған тиейін, – деген екен.
Сол сөзді әкесі қабыл алып, қыздың өміріне жететін алтынмен сандыққа салып, базарға жіберген екен.
15. Бай мен диуана
Баяғыда бір бай мен кедей болыпты. Кедейдің бір баласы бар екен. Ал байдың үш қатыны болса да, баласы
жоқ екен. Жарлының үйі үнемі көңілді болады, күндіз-түні ойын, күлкісі үзілмейді... Бір күні бай да,
жарлы да намазға барыпты. Бара жатып бай жарлыға: «сендер күнде үй-ішіңмен шулап жатасыңдар,
өздерің тамақтарыңды таба алмай жүріп, сендерге ойын-күлкі не керек?» – депті. Сонда жарлы: «Бай, сіз
білмеген екенсіз, біздің бір алтын сақамыз бар, соны біресе қатыным иіреді, біресе өзім иіремін, соған
күлеміз де жатамыз!» – депті. Сонан бай үйіне келіп, алтыннан сақа соқтырып алып үш қатынымен кезек-
кезек сақа иіреді, оған ешкім де күлмейді. Ертеңіне тағы да намазға бара жатып бай: «Ақмақ жарлы, иірген
сақаға несін күлесіңдер?» – дейді. Сонда жарлы: «Байеке-ай, сен өзің бай болсаң да, ақылың жоқ-ау, менің
айтқаным сақа емес еді, ол әлгі балам еді, сен оған түсінбеген екенсің ғой!» – депті.
Сонда бай «уһ!» деп, үйіне келіп жатып қалыпты. Сонан байдың бір күні үйіне диуана келіпті. Әйелдер
диуанаға ақша берсе алмайды. «Саған не керек?» десе, «Маған бай керек, бай қайда?» депті ол.
Сонан қатындары байды шақырып келіпті. Сонан диуана байға: «Сен жылама, саған бала беремін, бірақ,
ортаншы қатыныңның баласын өзіме бересің», – депті.
Бай: «Болды, берем» депті. Содан диуана екі үлкен қатынына екі алма беріп: «Осы қатынының баласын
өзім аламын» деп кетіп қалыпты.
Артынша көп ұзамай байдың қатындары жүкті болып, екеуі де босанады. Қатындар аман-есен босанған
соң, диуана келіп ортаншы қатынының баласын көріп, «Жетіге келгенде алып кетемін!» деп, кетіп қалады.
Арада жеті жыл өтіпті. Балалары үлкейіпті, әлгі ортаншы қатынының баласы өте жақсы болыпты. Оны
әкесі диуанаға беруге көзі қимайды, диуананың келетін уақытында үш баласын да мектепке береді. Ол
мектеп балалардың бәрінің басына таз кепеш кигізерді екен. Сонан бір күні баласын алып кету үшін
диуана келіпті.
Бай диуанаға: «Балаң мектепте оқып жүр, сонан барып өзің танып ал!» – депті. Диуана мектепке барып,
балаларың бәріне ақ алма мен қызыл алманы көрсетеді де, қызыл алмаға қызыққан баланы қолынан
жетелеп алып кетіпті.
Бала жатырқап жылап, диуананың соңынан амалсыз еріп келе жатса, жолда бір қу бас домалап кездесе
кетеді де, балаға: «Балам, мына шал сені барғасын үлкен бір дарбазадан кіргізеді. Дарбазаның ішінде
үлкен бір үйде үлкен қара қазан қайнап тұр, сен сол қазаннан айналасың. Айналып келе жатқанда шал
сені сол қазанға итеріп жіберіп, пісіріп жейді. Егер сен мұнан құтылғың келсе, барғанда қазаннан айналма
«айнал!» дегенде «сен өзің айналып көрсет!» де. Ол айнала бергенде сен өзін қазанға итеріп жібер, ол
өледі. Шадың қалтасында есіктің кілті бар, оны ал да үйлерді шетінен аша бер. Ол үйлерден адам мен мал
шыға береді. Оларды сен босатып жібер. Ең соңында екі үй қалады. Ол екі үйді ашса екеуінде екі ат
байлаулы тұрады. Аттардың біреуі ақбоз ат, біреуі көкбозат. Көкбозатқа жолама, ақбозатты «Жануар-ай»
деп сауырынан сипап алып шық дейді.
Бала қу бастың сөзін тыңдаймын деп, диуанадан қалып қойған екен, артынан жүгіріп келеді.
Келсе: «Е, балам, не қып қалып қойдың?» дейді шал. Бала: «Ұйықтап қалған екенмін» дейді. «Е, олай
болса жүре ғой» деп, алып келіп баяғы айтқан үлкен дарбазаға кіргізеді. Онан тағы бір үйге кірсе, бір
үлкен қара қазан қайнап тұр екен. Диуана: «Балам, мына қазаннан айналшы!» – дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
912 bet
Бала: «Жоқ, ата, мен қалай айналатынын білмеймін, өзің айналып көрсет!» – дейді. Диуана: «Ай, бала,
несі бар айналмай!» – деп, айнала бергенде, бала қазанның ішіне диуананың өзін итеріп жібереді.
Диуана өліп қалады, бала оның қалтасын қарап кілттерді алып, шетінен есікті аша береді, қамақ қойған
адамдардың бәрін босатып жібереді.
Ең соңғы үйді ашса, екі ат тұр. Бала: «Әй, қу бас-ай, басқа айтқандарың тура келмеді ғой, мынадай көкбоз
ат тұрғанда, адам анандай ақбозатты алар ма?» – деп, көкбозаттың қасына бара бергенде, ат баланы бір
тебеді. Сол сәтте бала күмп беріп, жеті қабат жердің астына түсіп кетеді.
Сонан бала жердің астына түссе, көз ішінде бір жылтыраған тесік көрінеді. Сол тесіктен көрінген сәулеге
қарай жүре-жүре бала жердің астында бірнеше жылдарды өткізеді. Басы таз, үсті қотыр болып, әбден
азып-тозып жүдейді.
Ақырында әлгі тесіктен келіп шығады. Шықса, көп адамдар қолына садақ алып кетіп бара жатыр екен.
Бала да шығып жаңағы адамдарға келеді. Олардан: «Сіздер қайда барасыздар?» – дейді. Онда олар: «Біз
патшаның тойына барамыз. Патша бір биік теректің басына жамбы тігіп: «Кімде-кім соны атып түсірсе,
соған қызымды беремін!» – деп, жар салыпты, соған келеміз», – дейді. Соларға ілесіп бала да тойға барады.
Басқа жұрт жиылып, жаңағы теректің басындағы жамбыны кезек-кезек атып жатыр екен.
Таз бала да келіп, елдің бір шетінен тамашаға қарап тұрады. Жиылған адамдардың бәрі де жамбыны атып
жатыр, бірақ ешқайсысы тигізе алмайды. Ақыры жамбыны атқысы келіп, бала біреудің садағын сұрайды.
Сұраса: «Сен байғұс әуіре болып не қыласың, сен түгіл біз де тигізе алмай жатырмыз», – деп, ешкім
садағын бермейді.
Сонан бала патшаға (қыздың әкесіне) барып: «Мен бір жолаушымын, жамбыны атып мен де көңілімді
көтерейін деп едім, ешкім садағын бермеді. Тақсыр, сіз маған біреудің садағын алып беріңізші, мен де
атып көрейін!» – деп өтінеді.
Патша баланың бас-аяғына қарап: «Осы тигізе алушы ма еді?» – деп іштей ойлайды да, «ал, ата ғой!» деп
біреудің садағын алып береді. Бала атып теректің басындағы жамбыны қақ бөліп жерге түсіреді. Анталап
тұрған адамдар: «Патшаның күйеу баласы таз диуана болды», – деп, баланы кілемге салып көтеріп ала
жөнеледі.
«Бұған бермесем, сөзімде тұрмағаным болады, берсем қызым қалай ма, қаламай ма» деп, патшаға уайым
кіреді. Ақыры патшаға әрі ойлап, бері ойлап: «Қой, мұны қызыма айтайын, қызым не дер екен?» – деп,
қызына болған жайды айттырса, ол: «Мен тиемін, құдайдың маған бұйырғаны сол шығар», – деп, әкесіне
жауап береді.
Сөйтіп патша таз балаға қызын қосады. Қыз таз күйеуін дұрыстап бағады. Неше түрлі дәрімен емдеп
басының тазын жазып, әп-әдемі байбатша қылып шығарады. Сонымен арада бірнеше жылдар өтеді.
Бір күні бала түс көреді, түсінде әкесі мен шешесін көреді. Ертеңіне қатынына: «Мен енді еліме кетемін»,
– дейді. Оған қатыны жауап бере қоймайды. Бала қайта-қайта айтып қоймаған соң, қатыны: «Бар,
патшадан рұқсат сұра, егер жіберсе екеуіміз де кетеміз», – дейді.
Бала патшадан барып рұқсат сұрайды, патша да бірден жауап бермейді. Бірақ бала рұқсат сұрап қоймаған
соң, ақыры жібермекші болып той қылады. Патша қызы мен күйеу баласын отаулап, қырық нарға жүк
арттырып, қырық құл жалдап беріп көшіреді. Өзі де бір айшылық жолға шығарысып салады. Бала бірнеше
күн жол жүріп, баяғы көк ат теуіп, өзін жердің астына түсіріп жіберген жердің тұсына келеді. Бала қолына
қылышын алып келіншегіне: «Сендер жүре тұрыңдар!» – деп, өзі баяғы өзін тепкен атқа келеді. Орнында
екі ат әлі тұр екен. Бала қылышпен көкбоз аттың басын кесіп, ақбоз атты «жануар-ай!» деп, сауырынан
сипап тысқа алып шығады. Ақбоза атқа мініп, көңілі жайланып көшіне келеді. Басынан өткен барлық
оқиғаны қатынына айтады. Енді баяғы әкесінің тамына келсе, бәрі бұзылып жер болып кеткен, маңайында
ел жоқ.
Бала: «Бұлар бәрі өліп қалған екен ғой. Енді қалаға барып бір қора-жай салып алайын», – деп, көшіп бір
қалаға келеді. Қаланың шетіне көшін тастай беріп, көшені аралап келе жатса, бір ағасы байдың отынын
шауып жатыр екен, оны көреді. Білдірмей және бір көшені аралап келе жатса, бір жерде онан кіші ағасы
бір аспаздың отын жағып жүр екен. Тағы да бір көшені аралап жүрсе, әкесі мен шешесі отын арқалап келе
жатыр екен. Бала ешкімге сыр білдірместен көшіне қайтып келіп, қаладан бір қора-жай сатып алып,
орнайды. Орныққаннан кейін әке-шешелеріне, ағаларына адам жіберіп алдырады. Барлығын жуындырып,
киіндіріп бағады. Бірақ өзінің кім екенін бірден айтпайды. Бір күні шешесі отырып:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
913 bet
– Ойпырмай... менің емшегім иіп бара жатыр, – дейді. Әкесі отырып: «Менің жүрегім дүрсілдеп барады»,
– дейді.
Сонда бала отырып:
– Е, сіздердің жүректеріңіз дүрсілдеп, емшектеріңіз иісе, оның себебін айтайын. Сіздердің баяғы диуана
алып кеткен балаларың мен боламын, жүректеріңіз соны сезген болар, – дейді.
Әке-шешесі сол жерде талып қалады. Біраздан кейін баласы тұрғызып алып көрісіп, амандасып көңілдері
жайласады. Бала екі ағасын екі жаққа сауда жасауға жіберіп, әкесі мен шешесін өз қолында балғады.
Сөйтіп бала бақытты болып, барша мұратына жетеді.
16. Жұмбақшыл патша қызы мен Қарақұл
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен патша болыпты. Оның атын Сұлтаншын дейді екен. Патшаның үлкен
уәзірі бар, оның аты Мералі екен. Күндердің бірінде патша аң аулауға шығады. Жүріп келе жатса, патша
қыздың шарбағына кез келіпті. Шарбақтан қарап жарсе, қызды көреді. Әйелдікке алуға қызығып, патша
қызға елші жібереді. «Маған қыз тисін», – дейді. Оған патша қызы айтады: «Егерде патшаңыз мені өзіне
жамағаттыққа аламын десе, менің ол патшадан сарайтын сауалым бар, – дейді. Егерде сауалыма жауап
берсе, тиемін, болмаса тимеймін», – депті. Менің сұрайтын сауалым мынау:
– Бір бағланым бар, сол бағланымның майы көп пе, еті көп пе? – деген екен. Сонда патша, қыздан бұл
сауалды өзі таба алмайтын болған соң, қызға екінші рет тағы елші жіберіпті.
– Рұқсат қылсын, бұл сауалды табатын адамды іздеп табайын, өзім таба алмадым, – деп жауап береді. Қыз
патша патшаның табатын адамды іздеуіне рұқсат етіпті.
Патша рұқсат алған соң, ел-жұртының барлық жақсы адамдарын жинап, қыздың сұрауын айтады: «Бір
бағыланым бар, майы көп пе, болмаса еті көп пе», – деп. Жұрттың бар жақсысы бұған жауап бере алмады.
Сонда патша жасауылдарына бұйырады. Адамның жаманын, шөптің жаманын, құстың жаманын тауып
келіңдер, сонан сұраймын деп, іздетіп жіберіпті. Жасауылдар өздерінің білімінше шөптің жаманы деп,
құс қонбас деген шөпті алыпты, құстың жаманы деп байғыз деген құсты алыпты, енді адамның жаманын
іздеп жүріп бір ас болып жатқан, көп адамның жиналған жеріне келіпті. Малды көп сойып, қонаққа келген
адамдардың бәрі де тойған уақытта, тамақ асқан жер ошақ басында бір Қарақұл жүр екен. Бастан құлақ,
сирақтан тұяқ та тимей, жүрген Қарақұлды тауып жасауылдар өздерінің ойынша: «адамның жаманы осы
болар деп» ойлап, Қарақұлды патшаға алып келе жатқанда Қарақұл жасауылдардан сұрайды:
– Мені қайда апарасыңдар?» – депті.
Сонда патшаның жасауылдары айтыпты:
– Біздер сені патшаға алып барамыз, бізге патша шөптің жаманы мен құстың жаманын, адамның жаманын
алып кел, – деп еді. «Шөптің жаманы құс қонбас, құстың жаманы деп байғызды, адамның жаманы деп
сені апарамыз», – депті.
Сонда Қарақұл айтады:
– Шөптің жаманы құс қонбас емес, ебелек деген шөп, себебі ол жанғанда жалыны жоқ, сөнгенде шоғы
жоқ. Құстың жаманы байғыз емес, сауысқан. Адамның жаманы мен емес, адам жаманы күшік күйеу. Бірақ
бұлардың бірі де патшаның сұрауына жауап бере алмайды, ал мен жауап берер едім, мен бір байдың
құлымын, менің бағам мың тіллә. Сол бағамды қожама беріп, сатып алса, менің баруға ықтиярым бар, –
депті.
Жасауылдар бұл сөзді патшаға барып айтады. Патша естісімен, жылдам Қарақұлды жалдап алған кісіге
бір мың тіллә беріп жіберіп, сатып алып келуге бұйырады.
Патшаның әмірін жылдам орнына келтіруге тырысып, Қарақұлдың қожасынан Қарақалды бір мың тілләға
сатып алып, Қарақұлды патшаға алып келеді. Келгең соң патша Қарақұлдан сұрайды:
– Бір бағылан қозым бар, еті көп пе, болмаса майы көп пе? – дейді.
Қарақұл патшаға:
– Қыздың барлық сұраған сауалына сол жерде жауап беремін, – депті.
Бұдан соң патша уәзірді алып, Қарақұлды алып, қыз патшаға келеді. Қыз патша, әуелі патшадан сұрайды:
– Бір бағыланым бар, соның еті көп пе, болмаса майы көп пе, – деп.
Патша жауап берген:
– Қозыңыздың еті, – депті.
Бұдан соң патшаны бөтен бөлмеге қойып уәзірден сұраған:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
914 bet
– Бір бағыланым бар, соның еті көп пе, майы көп пе, – депті.
– Еті көп деп жауап берген.
Сонан соң уәзірді де бір бөлмеге қамап қойып, Қарақұлдан сұраған:
– Бір бағлан қозым бар, еті көп пе, майы көп пе?» деп. Сонда Қарақұл айтқан екен «майы көп, – депті. Қыз
сұрайды: «майы көп дегеніңнің себебін айт», – дейді. Сонда Қарақұл айтқан: «Семіз бағылан дегеніңіз,
тақсыр, сіз өзіңіз, май деп сіздің бұқара халқыңызға қылған адалдығыңыз бен қылған жақсылығыңыз деп
ойлаймын, жақсы дағдылы патшаның халқына жақсылығы көп болар деп, өзіңізді бағланға, бұқараға
қылған жақсылығыңызды майға ұқсаттым» дейді. Сонда қыз патша бір үйге Қарақұлды кіргізіп, алдына
поднос қойып, үстіне бір қарбыз бенен пышақты бірге қояды, Қарақұл қарбызға, пышақты шаншып,
үйден шығып кетеді. Далаға шыққан соң патша мен уәзір, Қарақұлдан сұрайды:
– Қыз патшаның сауалына не деп жауап таптың? – деп.
Қарақұл айтады:
– Мен ешнәрсені білмеймін, менен ешнәрсе сұраған жоқ, – депті.
Өзінің тапқанын жасырған соң, патша ашуланып, Қарақұлды дарға асуға әмір қылады. Сонда да Қарақұл
патшаға рас сөзін айтпайды. Қарақұлды асу ашін дардың табіне алып келген кезде, Қарақұлдың дарға
асылатын хабары қыз патшаға есітілген екен. Қыз патша баяғы қарбыз бен пышақты қолына алып келіп,
Қарақұлды асайын деп жатқан дардың табіне пышақпен қарбызды қақ бөліп, үн жоқ, түн жоқ жүре беріпті.
Сонда Қарақұл айтыпты:
– Мені енді патшаға алып бар, мен енді рас сөзімді айтатын уақыт жетті,– депті. Жасауылдар патшаға
Қарақұлды алып келген соң, Қарақұл патшаға айтыпты:
– Мен қыз патшаның сауалына былай деп жауап бердім. Бағылан қозы дегеніңіз сіздің өзіңіз, май дегеніңіз
бұқара халқыңызға қылған жақсылығыңыз деп, әрине, патшаның бұқара халыққа қылған жақсылығы көп
болар деп ойлаймын дедім. Сонан соң қыз патша маған бір бүтін қарбызды әкеліп берді. Оның мәнісі, осы
қарбыз жарылмай расыңды айтпа деген сөзі еді. Мен бұған түсініп, пышақты қарбызға шаншып кеттім,
өйт-кенім, осы пышақпен бауыздаса да айтпаймын дегенім еді, сондықтан бұл сөзді сіздерге айтпадым.
Өлсем де айтпас едім. Қыз патша бүгін қарбызды дардың түбіне әкеліп жармаса. Қыз патшаның сауалын
тапқанымньің бір мәнісі тағы мынау, егерде маған жақсылық қылып қарбызды жармаса, мен өлер едім,
міне менің ойымша, майы көп деп айтқандығымның дұрыстығы осы, – депті.
Қыз патша сауалына жауап тауып берген Қарақұлға тиіп, барша мұрадына жеткен екен.
17. Білмес
Өткен заманда қазақтың Бетбақ даласында ішетін суы жоқ, жейтін шөбі жоқ далада кемпір-шал бір ұл,
бір қызымен өмір сүріпті. Қызының аты – Қадиша, ұлының аты – Жолтабар. Қадиша Жолтабардан жеті
жас үлкен болыпты. Жолтабардың жасы жетіге келгенде, Қадиша дүниеден ғайып болыпты. Қайда
кеткенін ешкім білмепті. Кемпір-шал әрі іздепті, бері іздепті, зорығыпты, бірақ таба алмапты. Кемпір-шал
бас көтерген қызынан айрылып жүдепті, көзден сорасы ағыпты, Жолтабардың қайырын құдайдан сұрап
отырыпты. Бір күні көшеді, бір жақынынан түйе сұрап алады, ел қарасына жеткісі келеді.
Жолтабарды жүктің үстіне салады, өздері жаяу жүреді. Ерте көшеді, жас баланың ұйқысы келіп,
Жолтабар жүктің үстінде ұйықтап қалады. Күн жаңа шығып келеді. Кемпір-шал кедейліктің әңгімесін
соғып, қартайғанша құдайдан еш нәрсе сұрап ала алмағанын, қызынан айрылып қалғандарын мұңайысып
келеді екен. Шағылдың жайы белгілі, ойлы-қырлы болып келеді. Қабақтары қыртыстанып жарқабақтар
тұр, қарындары ашқан, ішерге ас болмауы себепті түйені жүгімен отқа қойып, кемпір-шал желкек теруге
кетеді. Сары інген жарқабақтағы май қаңбақты алып жеуге ұмтылғанда, Жолтабар жүктен ығысып түседі.
Сары түйенің қалқасында әке-шешесін көрмеген Жолтабар, шырт ұйқыдан оянып, былшықты көзімен
беті бұрылған жаққа жылап жүгіре береді. Желкектің соңына түскен кемпір-шал оны сезбейді. Сары інген
аяныш көзбен Жолтабардың артынан қарап-қарап қояды, бірақ әке-шешең анда деп айтуға тіл жоқ. Екі
көзі мөлдіреп қала береді. Бір нәрседен сезіктенген бала, келген жақ күншығыс болар деп, шығыс жаққа
жүгіре береді.
Күннің көзі де шатынай шығып еді, бір нәрсенің боларын білген ғой, ызылдап жел де соға бастады. Әуелі
жай басталғанмен, баланың бақытсыз кетіп бара жатқанын сезгендей, соған бір арамдық ойлағандай,
бұлттарды бірінен соң бірін қуалай, еспе жел есе соқты.
Баладан да айрылғанын сезбей қалған кемпір-шал, күннің көтеріліп, біраз уақыт болғанын сезбей қалады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
915 bet
– Жаяу жүрсек қайтеді, түйенің де белі талған, қарны тойған болар, Жолтабар да оянған болар, мен
желкектен бір қап толтырдым, – деді кемпір.
– Е, жарайды, болса болсын, – деді шал.
Сары інгенге келді, сары інген ыңырсып, Жолтабардың кеткен жағына қарап, кемпір-шалға сездірейін деп
еді, Жолтабардан айрыламыз деген ойы жоқ кемпір-шал оны елемей:
– Жолтабарды тұрғызшы, жел күшейіп барады-ау, – деді шал. Кемпір Жолтабарды жүктен қарап еді, таба
алмады. Өз көзіне өзі нанбай, түйені шөгеріп қарады, бірақ еш нәрсе көрінбеді. Оны шалға айтуға есі кетіп,
тілі күрмеліп қалды. Шал да бір заттың болғанын сезіп, екі көзінен сорасы ағып, кемпірге келіп
Достарыңызбен бөлісу: |