ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет139/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   153

Мархума патшаға келіп, өзінің, әйел екендігін, ерінің қажыға кетіп өз басынан қандай ауыршылық халдар 

өткенін түгелімен айтып шыққанда патша жаны ашып, жылап жіберіп: 

– Қарағым-ай, өз қолымда тұра түр, ерің қажыдан келген соң, өз қолыммен еріңе тапсырайын, – депті. 

Сонда Мархума: 

– Тақсыр, ондай болса кемеде дүние жетеді, кемедегі заттардың барлығын қазынаға алып, менің өзіме бір 

жеке сарай жасатып берсеңіз, мен жеке жатып, тағат-ғибадат қылсам, – депті. 

Патша  тездетіп  Мархумаға  дария  бойынан  келістіріп  сарай  жасатып,  Мархуманы  сол  сарайға  жеке 

жатқызып,  бірнеше  күзетшілер  қойыпты.  Мархума  оңаша  сарайда  жатып,  тағат-ғибадат  қылып  жата 

беріпті.  Мархума  тағат-ғибадат  қылумен  бірге  не  түрлі  ауруларға  үшкіріп  дем  салса,  сол  ауру 

Мархуманың  бір  демінен  қалмай  жазылатын  болыпты.  Мархуманың  атағы  бүтін  елге  шығып,  дария 

бойындағы  әулие  әйел  деген  дақпырт  елден-елге  таралыпты.  Сөйтіп,  Мархума  дұғакөйлікпен  алдына 

келген ауруларды жазып жата берсін, енді Мархуманың ері Жүніс қажының әңгімесіне келелік. 

Жүніс  бір  қанша  жол  жүріп  Меке,  Мәдинеге  барып,  қажылық  міндеттерін  өтеп,  қажы  болып,  еліне 

қайтарында  да  арада  бір  қанша  жол  жүріп,  өзінің  шәрісіне  келіп,  үйіне  келсе,  үйінде  адам  жоқ.  Үйі 

бүзылған,  үй  шаруа  мүліктері  де  жоқ.  Жүніс  қажы  інісінің  үйіне  келіп,  інісімен  көрісіп,  амандасып, 

Мархума қайда, біздің үйге не болған деп сұрағанда інісі: 

– Ойбай, аға, сіз кеткен соң Мархума өте қатты бұзылып, осы шәрінің жас жігіттерін үйіне жинап алып, 

зинақорлыққа  айналды.  Мархуманың  ол  ісіне  менің  намысым  келіп,  бұл  ісіңді  қой  деп,  бірнеше  рет 

ақылымды  айтып  едім  тіпті  болмай  күннен-күнге  насай-топыр  арта  берді,  ақыры  Мархуманың  бұл 

қылықтарын  қазы  естіп  осында  бірнеше  адамдарды  шақырып  сұрап,  Мархуманың  қылығын  көзімен 

көрген төрт халыс адам қазының алдында куәлік беріп, ақыры қазының шариғат үкімі бойынша Мархума 

кесекпен атып өлтірілді.  Сүйтіп Мархуманың  қылығы туралы менде  де елге қарар бет  қалмай, мен де 

үлкен қайғы-уайымда жүрмін, – дейді. 

Жүніс қажы болған істі толық түсінген соң: 

– Япырмай, шайтан аздырса шара жоқ екен-ау, Мархума ондай етпесе керек еді, бұл қалай? – деп, ішінен 

көп уайымдап, ақыры бара-бара уайымын қояды. 

Бір  күндерде  інісі  бір  түрлі  жаман  аурумен  ауырып,  бұған  ағасы  Жүніс  құлақ  естіген  жердегі  бақсы-

бәлгерді түгел әкеліп емдетсе де бірінен шипа болмайды. Жүніс інісінің ауруынан жаман қорқады. Сол 

қорқу үстінде, бір күндерде пәлен жерде, дария бойында бір әулие әйел бар екен, ол кісінің дұғасынан 

қандай  ауру  болса  да  қалмайды  екен  деген  ұзын  хабарды  естіп,  Жүніс  қажы  інісін  сол  әулиеге  алып 

бармақшы болып, үйінен шығыпты. Қонаға өлгелі жатқан Мархуманы тауып алып, үйіне апарып жазып, 

ақыры жалғыз баладан айрылған Ағрабидің үйіне келіп қонады. Ағраби қонып отырған қонағының қайда 

бара жатқанын сұрағанда, Жүніс қажы: 

– Осындай дария бойында бір әулие бар екен, ол кісіден ауру қалмайды екен, інімнің ауруына ешбір ем 

болмағасын сол әулиеге алып бара жатырмын, – дейді. 

Сонда Ағраби: 

– Япырмай, ондай болса менің бір құлымның үстіне бір түрлі жара шығып, қанша бақсы, бәлгерге қаратса 

да ем қонбай, дауа болмай қойды, – депті. Жүністің сөзін есіткен соң Ағраби де құлын алып, Жүніспен 

бірге жүріп кетіпті. Бұлар бір күндерде бір шәріге келіп, бір үйге қонып отырса қонған үйлерінде зарлаған 

бір ауру жігіт жатыр екен. 

Ағраби мен Жүністің бұл қонған үйі Мархума (400) дәрһәм беріп дардан босатып алған жігіттің үйі болып 

шығады. Әлгі ауырып жатқан адам, өлімнен кұтылған соң Мархумаға ғашық болып, ақыры «Мархуманы 

керуеншілерге кәнизегім» деп сатып жіберген жігіт екен. Оны Жүніс пен Ағраби білмейді, ауру жігіттің 

ағасы жолаушылардың дария жағасындағы дұғакөй әулиеге кетіп бара жатқанын есіткесін бұлармен бірге 

інісін  әулиеге  алып  жүрмекші  болыпты.  Ертесімен  алты  адам  болып,  сапар  жүріп,  ақыры  бір  қанша 

уақыттарда  дария  бойындағы  шәріге  келсе,  жан-жақтан  келген  аурулар  өте  көп  екен.  Алыстан  ауру 

әкелушілер алдымен елшіге арыз беріп, ауруын пәлен күні қаратуға күн белгілеп алады екен. Сол тәртіп 

бойынша бұлар да келіп, өздері рұқсатпен емші әулиенің алдына арызға кірсе, бетінде пердесі бар адам. 

Мархума әрдайым бетіне перде ұстап, жүзін бір адамға көрсетпейді екен, пердемен тұрған Мархуманы 

ері Жүніс пен Ағраби танымаған мен Мархума ері мен Ағрабиді көргенде жылап жібере жаздап, өзіне-өзі 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              921 bet 

сабыр  беріп,  бұл  кісілердің  арызын  алып,  сіздер  ауруларыңызды  әзір  осы  араға  алып  келіңіздер  деп 

бұйырады. 

Бұлар тез қарайтын болды деп, қатты қуанып, тездетіп барып, ауруларын алып келсе, Мархуманың өзінің 

қайнысы, Ағрабидің құлы, өзін керуеншілерге сатқан жігіт болып шығады. Мархума бұларды көргенде 

құдайға шүкір қылып: 

– Сіздердің, ауруларыңызды ертең қараймын, бүгін бара тұрыңыздар, – дейді. 

Бұлар ол жерден шығып кеткен соң, Мархума патшаға хабар қылып, ертең патшаның өзі шәрі халқы түгел 

жиналсын  деп  хабар  беріпті.  Патша  шәрі  халқына  хабарландырып,  ертемен  барлық  шәрі  халқы 

Мархуманың ауру қарайтын сарайының алдына жиналыпты. 

Ауруларын алып Жүніс, Ағраби, Мархуманы сатқан жігіттің ағасы да келеді. Мархума бұларға: 

– Ауруларыңызды әкеліңіздер! – деп бұйырыпты. Бұлар ауруларын алып келгесін, Мархума: 

 

376 - Бөлім: Қазақ ертегілері (9) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2073 

 

 



– Халық, сіздер тыңлап тұрыңыздар, мына аурулар осы ауруынан жазылсақ десе, өздері не қылмыс істеді, 

соны өз ауыздарымен айтып өтсін. Бұлар шындығын айтса, мен дұға қыламын, бұлар ауруынан жазылады. 

Егерде  шындығын  айтпаса  мен  дұға  қылмаймын,  бұлар  осы  аурудан  өледі,  –  депті.  Сонда  аурулар 

қылмыстарын айтайын десе ұяты өлімнен күшті, айтпайын десе жан онан да тәтті болып, ақыры аурулар 

шынына  келіп бірінші  сөз  Жүністін  інісіне  беріліпті.  Жүністің  інісі «жеңгесі  Мархумға  ғашық  болып, 

ақыры қазыға жалған куәлік беріп, Мархуманы кесекпен атқызып өлтірткенін» айтып шығады. Екінші, 

Ағрабидің  құлына  кезек  келгенде,  құл:  «Мархумаға  ғашық  болып,  ақыры  қожайынының  жас  баласын 

бауыздап өлтіргенін» түгел айтып шығады. 

Үшінші кезек Мархуманы сатқан жігітке келеді. Ол да «бір әйелдің қарызды төлеп, өлімнен өзін аман 

алып қалғандығын айтады. Оған ғашық болып, ақыры сол әйелді керуеншілерге сатып жібергендігіне» 

шейін түгел баяндап береді. Тұрған халық бұлардың қылығын түсінген соң, бұлардың бетіне түкіріп, осы 

ауру өздеріңнің жазаларың екен дескенде Мархума бетінің пердесін ашып жіберіп «мені танимысыңдар» 

депті.  Ері  Жүніспен  құшақтасып  амандасқанда,  Жүніс  бұл  менің  өңім  бе,  түсім  бе  деп  қайран  қалып, 

тұрып қалыпты. 

Сонда Мархума тұрған халыққа: 

– Осы адамдардың бәрінің де зұлымдық істеп жүрген әйелі мына мен едім, алла тағала бәрінен де аман 

сақтап  бұл  мәртәбаға  жеткізді,  мына  түрған  менің  ерім  Жүніс,  –  депті.  Тұрған  халық  қайран  қалып, 

Мархумаға  мың  сандаған  рахмет  айтысыпты.  Халық  өткен  іске  толық  түсінген  соң,  Мархума  тұрып 

ауруларға: 

– Сендердің маған істеген зұлымдықтарыңа қарағанда сендерге обал жоқ еді, енді алла тағала өзі әділетіне 

келтірген соң, мен де күнәларыңды кештім, өліп кетпеңдер деп, ауруларға дүға қылыпты. Бұлардың ауруы 

сол сағатында-ақ қайтып, жазыла бастапты. Патша Мархумаға көптеген алтын, діллә мен асыл, бағалы 

заттардан сыйлық беріпті. Жүніс қажы мен Ағраби және Мархуманы сатқан жігіттің ағасын ауруларымен 

бірнеше күн қонақ қылып, ақыры еліне шығарып салыпты. Бәрі де шаттықпен өмір өткізіпті. 

19. Бала патша Алдияр 

Бұрынғы әділетті Мұхтар деген патшаның заманында бір шәрінің жас балалары жиналып ойнайды екен. 

Көп балалардың ішінде Алдияр деген бала патша болып, енді біреулері уәзір және бірнешеуі патшаның 

жендеттері, қазы, сұрақшы болып, тас жинап, патшаға сарай жасап, оны Алдияр патшаның шәрісі деп 

атапты.  Балалардың  ішінде  тәртіпсіз  немесе  қылмыс  істегендерін  жауапқа  тартып,  түрліше  жазаларға 

бұйыратын болыпты. Барлық балалар Алдияр патшаның әмір-пәрменіне риза болып, бас иіп тұрады екен. 

Сөйтіп  балалар  күн  сайын  Алдияр  патшаның  шәрісі,  өздері  ойнайтын  жеріне  жиналып,  патшаның 

тапсырмаларын орындап, кешінде үйлеріне барып қонып, күндізін өздерінің шәрісінде болады екен. Бір 

күні  балалар  топырлап,  өздерінің  шәрісінде  жүргенінде  сол  шәрінің  әділ  патшасы  Мұхтар  патша 

балалардың ойнап жүрген жеріне кезігіп қалып, балалардың ойындарына және олардың патшалық үкім-

сұрақтарына таңданып қарап тұрыпты да, бір кезде бір баладан: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              922 bet 

– Балам, бұларың қандай ойын, – деп сұрапты. 

Сонда патшаның жауап сұраған баласы айтады: 

– Мынау біздің Алдияр патшаның шәрісі, ал енді анау тақта отырған біздің патшамыз Алдияр. Біз бәріміз 

де Алдияр патшаның бұйрығы бойынша істейміз, – депті. Сонда хан бұлардың істеп жүрген істеріне және 

де салған шәрілеріне ішінен қатты риза болып: 

–  Патшаларыңа  айтыңдар,  осы  шәрісін  маған  сатсын,  бір  ділдә  берейін,  –  депті.  Мұхтар  патшаның 

жауабын әлгі бала өзінің патшасына келіп айтса, Алдияр патша: 

– Бұл шәрі сатылсын, басқа жерден шәрі жасап аламыз,  – деп, бір ділдәні алып, өздерінің қазынасына 

тапсырып, Мұхтар патшаға: 

– Мына шәрі қазірден бастап сіздікі, – депті. Мұхтар патша: 

– Бұл шәрі менікі болды, сендер енді басқа жерге орналасыңдар, – деп өз бетімен кетіп қалыпты. Балалар 

ертесіне ол жерден кетіп, басқа жерге барып, бұрынғысынан да артық етіп сарай салып, ойнап жүре берген. 

Мұхтар патша бір түні ұйықтап жатып түс көріп, түсінде гүл иісті бақтар, өніп тұрған бақша өте зинатты 

алтын,  гауһармен  безендірілген  алтын  сарайлар,  бейіш,  хор  қыздарын  көріпті.  Мұхтар  патша  сол 

сарайларды  аралап  жүргенде,  бір  ақ  шалмалы  адам  кезігіп,  Мұхтар  патша  бұл  өзіңнің  бала  патша 

Алдиярдан сатып алған сарайларың, арала депті. Мұхтар патша ояна кетсе, түсі екен. Патша бұл көрген 

түсіне сүйсініп, кедейлерге садақа беріп және сейілге шығып, әдейі бала патша Алдиярдың шәрі салған 

жеріне келіпті. Алдияр патшамен сөйлесіпті. 

–  Мына  сарайларыңды  сатыңдар,  жүз  ділдә  берейін,  –  депті де  баланың  сарайларына  жүз ділдә  беріп, 

«енді менікі» деп кетіп қалыпты. 

Балалар өз сарайларын жүз ділдәға сатып, енді басқа бір жерге барып, сарай, шәрі салып, сонда орналасып, 

бұрынғыларындай жүріп-тұрыпты. Мұхтар патша бір түні  тағы бір түс көріп, түсінде бұрынғы көрген 

сарайынан  бірнеше  есе  артық  зинатты  сарай,  бақтарды  аралап  жүріпті.  Баяғы  ақ  сәлделі  адам  кезігіп, 

патша  бұл  аралап  жүргенің  Алдияр  патшадан  екінші  рет  сатып  алған  шәрі,  сарайларыңызды  әбден 

аралаңыз депті. Мұхтар патша оянған соң, бұл түсіне тағы да қуанып, кембағал мүсәпірлерге садақа беріп, 

сейілге аңға шығып, қайтарында Алдияр патшаға келіп, бұлардың бұл шәрі сарайларын бір мың ділдә 

беріп сатып алып, «мына сарай шәрілер тағы да менікі болды» деп кетіп қалыпты. Алдияр патша төртінші 

жерге көшіп барып, орналасып алыпты. 

Күндердің  күнінде  Мұхтар  патшаның  алдына  екі  адам  дауласып  келеді.  Сондағы  даулары  екеуінің 

жетелеген екі биесі бар, екеуінің арасында құлыны бар. Биенің екеуі де қара түсті екен де, арасындағы бір 

құлыны ала құлын болып туылыпты. Ол құлын екі биені емеді, екі бие бір құлынға де иеді екен. Дауласып 

келген екі адамның екеуі де менің биемнен туған, менің құлыным дейді. Патша сұрап қараса, екі биеде 

өткен туған, биелер туғанда биелерінің туғанын екеуіде көрмеген. Күндізінде екі бие бір құлынды тең 

емізіп жүргенінде бірақ көріпті. Дау осыдан әділ патша екеуінің қайсысына бұйырып берерін біле алмай, 

қайран болып отырғанда, бір жас бала отырып: 

– Ой, құдай-ай осынша адам осы құлынның қайсы биеден туғанын айырып бере алмай отырғанын қарашы. 

Егерде  біздің  Алдияр  патша  болса,  бұл  іс  бағана-ақ  шешіп  берер  еді,  –  депті.  Сонда  патшамен  бірге 

отырған уәзірлер: 

–  Ой,  енеңді...  былжыраған  бала,  елдің  басы  қатып  отырғанда  былжырамай  отыр  әрі,  –  деп  ұрысып 

тастапты. Бала: 

– Ұрыссаңыз ұрыса беріңіз, бірақ та біздің Алдияр патша болса, бұл бүйтіп бөгеліп отырмас еді, – деген 

сөзін айтыпты. Бұл сөзді естіген Мұхтар патша: 

– Ей, бала осы істі сендердің патшаларың шеше ала ма, – деп сұрапты. Сонда бала айтады: 

– Тақсыр, біздің Алдияр патшамыз болса, бұл істі бағана-ақ шешіп тастар еді, – депті. 

Сонда хан: 

– Не деп болмас, – деп бір адам жіберіп, жеті жастағы бала патша Алдиярды шақыртып алып, болған 

жағдайды түсіндіріп: 

– Балам, бұл туралы сен не дер едің, – депті. 

Сонда балалар патшасы: 

– Бұл іс көп ойланарлық іс емес қой, – депті де, бір шыны су алғызып, құлынды ұстап тұрып, құлағының 

ұшынан кесіп, шыныдағы суға үш тамшы қанды тамдырып жіберіп, биенің бірінің құлағынан үш тамшы 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              923 bet 

қанды шыныдағы суға тағы да тамызып жіберіп, суға қарап, «мына құлын мына биеден тумаған» депті. 

Содан кейін тағы да бір шыны су алдырып, құлынның құлағынан үш тамшы қан тамызып, енді ана бір 

биенің  құлағынан  үш  тамшы  қанды  шыныға  тамызып,  шыныдағы  суға  қарай  салысымен-ақ  «мына 

құлынды тапқан осы бие екен», – депті. 

Сонда жиналған халық: 

– Балам-ау, мұны қайдан ажыраттың деп сұраған екен. 

Бала тұрып: 

– Өз енесінің қаны су ішінде өзі құлынын қанымен бірге қосылып кетеді, өзі таппаса екеуінің қаны су 

ішінде қосылмай, екі бөлек жүреді депті. Содан кейін көпшілік болып, екі шыны суға қараса, Алдиярдың 

айтқанындай болып шығыпты. Құлынды өз иесі алып қайтыпты. 

Сонымен енді бір күндерде Мұхтар патшаның алдына екі адам дауласып келеді. Сондағы даулы істері бес 

жасар  атан  түйеге  екі  адам  таласып  келген  екен.  Екеуі  де  өз  қолынан  боталатқан,  менің  пәлендей 

інгенімнен  туған,  аузын  үріп  аяғын,  сыпырған  түйем  деп  екі  адам  бір  бесті  атанды  жетелеп  келіпті. 

Мұхтар патша әрі-бері сұрап көрсе, екеуі де өз түйесінен туғаны үшін бірнеше адамдарды куәға тартып, 

өз сөздерін жөн қылып болмаған соң, патша шариғат айырсын деп қазыға жіберген екен. Қазы әрі-бері 

сұрап  көріп,  екі  жағында  жанға  келтірген  өз  түйемнен  туғаны  үшін  жанымды  берем.  Екеуі  де 

тоқталмастан жанын беріпті. Бірақ мұны Қазы да ажырата алмай, ақыры патшаның алдына келіпті. Патша 

даулы түйені  қайсысына бұйырып берерін білмей, таң-тамаша болып отырғанда, тағы да бір жас бала 

тұрып: 


– Мұны біздің Алдияр патшамыздан басқа кім ажыратады дейсіздер, – депті. Сонда патша тұрып: 

– Балам, сен Алдияр патшаңды шақырып келші, сендердің патшаларыңды да көрелік, – депті. Сонда әлгі 

жас  бала  жүгіріп  барып,  өзінің  Алдияр  патшасын  ертіп  келіпті.  Алдияр  екі  жағын  сұрап  көріп,  бұл 

атанның тапқан енесі бар ма деп сұрағанда, екеуі де  «енесі бар-бар» депті. Алдияр «екеуіңіз де енесін 

алып келіңіздер» деп бұйырыпты. Жиналған ел бұл бала қайтер екен деп қарап отырғанда, екеуі екі інгенді 

жетелеп келіпті. Алдияр екі түйені арқан бойы жерге ұстатып тұрып, бесті атанды жықтырып, төрт аяғын 

мықтап байлатып алып, атанның санын қылшылбырмен бұратыпты. Шылбыр атанның санын қиып, атан 

түйе бақырып, боздап кеп ышқынғанда жерде ұстап тұрған екі түйені қоя беріңдер деп бұйырыпты. Сонда 

екі  түйенің  бірі  боздап  келіп,  күндегі  дауысымен  боздап  жатқан  атанның  үстіне  түсе  қалыпты.  Сонда 

Алдияр «атан мына түйеден туған» депті. Отырған ел бала патшаның қазылығына қайран қалыпты. 

Тағы да бір күндері патшаның алдына 10-11 жастағы екі қара баланы ертіп, бір кісі келіпті. Тақсыр, мына 

баланың  бірі  менің  өз  балам,  бірі  менікі  емес.  Бүгін  таңертең  балам  жататын  төсекте  екі  бала  жатыр, 

қарасам, түрлері, киімдері, мінез-құлқы, сөздері, бәрі бірдей. Менің өз балам қайсың десем «екеуі де сіздің 

балаңыз менмін» дейді. Сонымен, өз баламның қайсысы екенін біле алмай, сіздің алдыңызға келіп тұрмын, 

– депті. Патша екі баланы жекелеп алып, өткен уақыттағы істерін сұрап көрсе, екеуінің сөзі бір жерден 

шығыпты. Патша әрі-бері сұрап-сұрап, ешқандай сезік таба алмай, ақыры лажсыз болып, осыған «бала 

патша Алдияр не дер екен», деп оны шақыртып алып, мән-жайды түсіндіріп беріпті. Алдияр сонда: 

– Бұл іс бас қатырарлық іс емес қой, – деп, бір бос бөтелкені алғызыпты да, бөтелкені өзі ұстап тұрып, екі 

балаға айтыпты: 

– Балалар сендердің қайсыларың мына кісіден туған болсаңдар, соның осы мен ұстап тұрған бөтелкеге 

кіріп кетесіңдер, – депті. Екі қара баланың бірі секіріп келіп, бөтелкенің ішіне кіріп кеткенде, бала патша 

бөтелкенің аузын бас бармағымен баса қойыпты да, әлгі кісіге: 

– Әне, қасыңызда тұрған сіздің балаңыз, мына бөтелкедегі сізді алдап жүрген шайтан, – депті. Сонымен 

жиналған халық қайран қалыпты. Мұхтар патша халықты жинап алып: 

– О, халайық, жеті жасар Алдиярдың ақылы менен әлдеқайда артық екен. Сол үшін бүгіннен бастап бар 

патшалығымды осы балаға өткіземін. Бұдан былай сіздердің патшаларыңыз мына жеті жастағы Алдияр, 

– депті. Сонымен Алдияр бала жеті жасында таққа отырыпты. 

20. Жас баланың сапары 

Әңгіменің басы баяғыда бай бопты дейді. Сол байдың жалғыз баласы болыпты, бір қызы болыпты. Сол 

бай соншалық бай бола тұрса да шығынсынып бірде-бір қолына жұмысшы ұстамайды. Бар малды сол 

жалғыз  баласы  бағады  екен.  Басқа  байдың  баласы  мінгені  жорға,  кигені  торқа,  көргені  ойын-сауық 

серуендеп жүреді екен. Соларды көріп іші күйген бай баласы ашуланып бір күиі өріске бір қойдың аяғын 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              924 bet 

байлап  тастап  кетіпті. Кешіне  қойды  айдап  келгеннен  кейін  барлық  қойды  бай  екі  бұтының  арасынан 

санап өткізіпті. Содан бір қойы кем болған бай ашуланып, баласын түні бойы ұрыпты.  Ертесіне малға 

барғанда екі қойдың аяғын буып тастап кетіпті. Кешіне бай малын санаса, тағы екі қой жоқ болып шығады. 

Содан бай ашуланып баласын қуып жіберіпті, Қойдан кұтылған баласы қуана-қуана кете береді. Бала осы 

бетінде  келе  жатса,  жолда  керуендер  кездесіп,  керуен  басшысы  баланы  «бізге  жұмысшы  бол»,  –  деп 

азғырады. Оған бала: 

– Ағатайлар, маған жандарың ашыса, жол көрсетіңдер. Мен өзім де құлдықтан қашып келемін,  – деді. 

Сонда керуендер: 

– Мына жолмсн жүрсең елді-күнді жерге барасың, – деп оң жолды көрсетеді. Ал мына жолмен жүрсең, 

елсіз-күнсіз жерге кетесің, – деп ортаңғы жолды көрсетеді. Ал, – дейді керуен, енді мына жолмен жүрсең 

ит тұмсығы батпайтын қалың орман тоғайға барасың, – деп сол жолды көрсетті. 

Міне бала енді қалың ойға түсті, «Елді-күнді жерге барғандағы көргенім құлдық па», – деді. «Ал елсіз-

күнсіз жерге барсам кұр босқа өліп қалармын», – деп, қалың орман жағымен жүріп кетеді. Сөйтіп жүре-

жүре бұл бала орманға да жетті. Қабырғасы қатпаған жас бала орманды аралап көп уақыт жүрді. Бір күні 

қалың ағаш ішінде тұрған үлкен сарайды көреді. Аяңдап осы сарайға келсе, бір сарайда арғымақ аттарды 

көреді,  байлаулы  тұрған,  оны  ұстауға  алдына  барса  тістеп,  артына  барса  теуіп  маңайына  жуытпайды. 

Екінші бір үйіне кірсе, бір қазан аң еті асулы тұр екен. Төрде семсер ілулі тұр екен және киім-кешек ілулі 

тұр екен. Міне, бұл бала етке тойды. Сөйтіп отырғанда даладан дүбір дауыс естіледі де бір-біріне: «Кірші 

үйге,  адамзат  иісі  шығып  барады»,  –  дейді.  Бала  төрдегі  семсерді  жазып  алып  бұлар  кіретін  босағаға 

тығылып тұра қалды. Сөйтсе бұл келгендер жезтырнақ деген жалмауыз екен. Сөйтіп жезтырнақтың біреуі 

кіре бергенде оны семсермен бала басын шауып тастайды. Біраз кідірген соң екіншісі кіреді. Бала көп 

ойланбастан оның да басын алып тастайды. Сөйтіп бір уақытта бір дәу жерді дірілдетіп, «әлгілер өздері 

жеп қарық болып жатыр-ау, а» деп, аттан түсіп есіктен кіре бергенде бала да түрінен қорқып жүрексініп, 

семсерді сілтеп қалғанда, семсер тура тимей бір шекесін ғана алып түсіпті. Сөйтіп қайта оралып балаға 

тап бергенде бала семсермен тағы бір ұрып жығып, шала өлтіріп, бір кілеттің ішінде зындан бар екен, сол 

зынданға бәрін тастап төбесін жауып тастайды. Сөйтіп, бала жезтырнақтың тұқымын құртып, енді  өзі 

емін-еркін жезтырнақтың киімін киіп, семсерін алып арғымақтардың қасына келсе, еш арғымақ тимейді. 

Міне, сөйтіп осы жерде бірнеше жылдар аң аулап тұрады. Бұл сарайдың төңірегіне аңның етіп толтырады. 

Енді баланың өзі жалғыз жүріп жалығады да оған бір ой түседІ. Ол еліне барып қайтпақшы болып бір 

арғымақты  ерттеп,  бір  қоржынға  етті  толтырып  еліне  қарай  жүріп  кетеді.  Сөйтіп  бұл  бала  еліне 

жақындаған сайын еш адам немесе мал көзіне түспейді. Ол әкесінін жеріне келгенде үйілген ақ сүйектен 

басқа еш нәрсе көзіне түспейді. Өзінің қыстауына келсе, қыстауын  сүйек басып жатыр  екен. Еш адам 

көзге түспепті. Сөйтіп дел-дал болып тұрғанда қасындағы өзеннен бір-екі әйелдің шаңқылдап ұрысқан 

дауысын естіп сол өзенге қарай арғымағын жетелеп келсе, шөптен жасаған жаман күркенің ішінде шешесі 

мен  қарындасы  бір  кішкене  ішекке  таласып  отыр  екен.  Қастарына  келгенде  шешесі  танып  баласын 

құшақтап: 

– Құлыным, сен жүрген құт екенсің, сен кеттің, басымыздағы құт кетті. Ашаршылық туды. Малдың бәрін 

бітірдік. Енді түк таба алмай сасқан соң, ішекке таласып отырмыз, – деді. Сол жерде бала етке тойғызып, 

арғымаққа мінгізіп орман ішіне алып кетті. Орманда өзі мекендеп жүрген жерге келіп ғұмыр сүріп тұра 

береді. Күндерде бір күні бала бар сарайдың кілтін беріп: 

– Мына сарайдың бәріп ашып көре беріңдер, біраң мына сарайды ашпа, – деп жезтырнақ жатқан сарайды 

көрсетті. Жарайды, ашпаймыз, – деп, қарындасы мен шешесі қала береді. Баласы аң аулауға кетті. Сөйтіп 

кемпір  қызымен  екеуі  бар  сарайды  аралап  көреді.  Неше  түрлі  қызықты  заттар,  алтын,  ділдә  көп  екен. 

Соның бәрін көріп болған соң бір күндері ерігіп отырып бір-біріне «бұл бізге мына сарайды неге ашпа 

деп кетті, кел осыны ашып ішінде не бар көрейік» – деп, ақыл қорытып алды да, келіп ашса, сарайдың 

ішінде зындан бар екен. Сол зынданнан бір ыңырсыған дауыс шығады. Тыңдап тұрса «баласы жоққа бала 

болам» – деді. Сол арада кемпір: 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет