ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет39/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153

Патша мініп шығып кетті.  Патша алтын жалды атты ұра бастаған еді. Ашуланып алтын жалды ат  сұр 

қасқыр болды. Патшаны үстінен жығып түсіреді. Өзі шауып кетеді. Сұр қасқыр шауып отырып алтын 

жалдыға мініп кеткен жігіт  пен шын патша қызы артынан жетті.  Сұр қасқырға жігіт  мініп, қыз алтын 

жалды атқа мінеді. Сөйтіп бұлар сұр қасқыр жігіттің атын жеген жерге жетіп тоқтайды. Сұр қасқыр: «Мен 

саған шын ықыласыммен көп қызмет еттім. Осы орында сенің атыңды жедім, сол орынға жеткіздім. Енді 

менің үстімнен түс. Мін өзіңнің алтын жалды атыңа және қайда барсаң сонда бар. Хош-сау бол»,— дейді. 

Патша  ұлы  сұр  қасқырмен  жылап  айрылады.  Бұлар  өз  жолымен  кетеді.  Күн  өте  қатты  ыстық  болады. 

Өздерінің шаһарларына аз жер қалғанда бір ағаш түбіне дем алму үшін жатады. Алтын жалды атты сол 

ағашқа байлап қойған. Алтын құсты алтын қапасымен өздерінің бас жағына қойып, өздері жұмсақ шөптің 

үстіне жатқан. Сөйлесе-сөйлесе бұлар ұйықтап кеткен. Сол уақытта бұл жігіттің екі ағасы алтын құсты 

іздеп кеткен жерлерінен бос қайтып келе жатыр екен. Інісі жатқан жерге келіп жеткен ағалары алтын құс 

пен алтын қапасты көріп қатты қызықты. Өзінің інісін өлтірмекші болып, бір ағасы қанжарын қынабынан 

шығарып інісінің ішін жарып тастайды. Патша қызын оятып одан аты-жөнін, қай жерден екендігін сұрады 

Патша  қызы  өзінің  ғашық  болған  жігітінің  қанжармен  жарылып  жатқанын  көріп  өте  қатты  жылай 

бастайды һәм айтады: «Мен сондай деген патшаның қызымын. Мені әкелген сіздің ініңіз Оны ұйықтаған 

уақытта қайсыңыз өлтірдіңіз. Бұл батырлык емес қой. Егер сіздер оны ояу уақытында өлтірген болсаңыз, 

ол уақытта бір сөз болмас еді»,— дейді. 

Екі ағасы қыздың сөзін керек те қылмайды. Алтын жалды атты, алтын құсты, қызды бәрін алып шаһарына 

келеді.  Үлкен  той  жасап  хан  қызды  үлкен  баласына  қоспақ  болады.  Қыз  ханға:  Арызым  бар,  соны 

айтқасын қосыңыз», дейді. Хан: 

— Қандай арыз, айт,— дейді. 

Қыз  бастан-аяқ  көргендерін  баян  етеді.  Хан  нанарын  да,  нанбасын  да  білмей  сол  арада  дереу  кіші 

баласының өлігіне кісі аттандырады. Кісілер барса, басында бір сұр қасқыр хан баласының жараларын 

жалап жазып, тірілтіп алып отыр екен. Келгендер жылап көріседі. Қасқырмен хош айтысады. Біреулері 

сүйінші сұрап ханға қайта шабады, Шаһарға келген соң әкесімен көрісіп, екі ағасын хан малға құл қылып 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              253 bet 

қояды. Мына баласына хан сүйікті қызын қосып, отыз күн ойын, қырық күн тойын істеп, өз орнына хан 

қойыпты. 

 

169 - Бөлім: Таңертеңгі сапырылыс 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1866 

 

 



Жаз айының жан сергітер жаңа таңы. Шалғайда—шағын ауыл. Ағаш үйлердің маңайында қыбыр еткен 

жан  жоқ.  Өлі  тыныштық.  Ауыл  тұрғындарының  ешқайсысы  әлі  ояна  қоймаған.  Аулада—үйшіктерінің 

алдында алтын күн нұрына арқаларын тосып, көсілген иттер. Ерке самал соңында жазғы таңның құлаққа 

әзер шалынатын сиқырлы сыбдырын қалдырып, жас өскіндердің ара-арасымен жүгіріп өтіп жатыр. Жаңа 

ғана  көзін  ашқан  алтын  күннің  сәулесі  үйлердің  шатырларына  баяу  жайылып,  одан  ағаштардың 

жапырақтарын аймалап, жер бетін қызғылтым түске бояп барады. 

 

Ауылдан  қол  созым  жерде  —қалың,  жасыл  орман.  Мұндағы  ағаштар  ауылдың  ішіндегі  ағаштарға 



қарағанда көне, жуан да зәулім. Және де бұтақтары матасып, бір-біріне жақын, иін тіресе өзара өте тату 

өскен. Аспан айналып жерге түскендей ең ыстық күндердің өзінде күн сәулесі олардың жапырақтарының 

арасынан әзер өтеді. tauik 

Сондықтан  да  орман  іші  тым-тырыс  та,  салқын.  Адамдар  болса  бұл  жерге  аяқ  аттап  басуға  қорқады. 

Орман іші оларға меңіреу түнек болып көрінеді. Ара-арасында жап-жарық, өте әдемі жерлері бар екені 

естеріне де келмейді. Алтын күн мұндай жерлерге алтын шапағын аямай сеуіп, дүлей орманның ғажайып 

сұлулығын көз алдыңа жайып салады. Алтын жонды ақ тиіндер бұтадан бұтага қарғып, ұзын құлақ сұр 

қояндар  орманның  о  шетімен  бұ  шеті  арасында  жүйіткіп  жүреді.  Кімнен,  неден  қорқатыны  белгісіз. 

Әйтеуір  қарап  жатпайды,  өстіп  те  болса,  тірлік  кешеді.  Мұндағы,  ормандағы,  жан-жануарлардың 

барлығының да қам-қарекетсіз шалжиып жатқаны жоқ. Біреулері зыр жүгіріп жем іздеп, біреулері жаңғақ 

жинап тыным таппайды. Әрқайсысының өз іс-тірлігі бар. Аңдар адам-дармен көрші тұрып, тіршілік кешіп 

жатады.  Ешкім  ешкімге  тиіспейді,  әркім  өзімен  өзі.  Батылы  жеткендерінің  бір-біріне,  қонаққа  барып 

қайтатын кездері де болады. 

Ал, енді  сансыз аңдардың ішінде біреуі  орманның ит тұмсығы өтпейтін қалың да қараңғы жерлерінен 

қорықпай, адамы көп ауыл да болсын, кез келген жерде өз үйіндегідей еркін жүрді. Әрбір сүрлеу, әрбір 

бұтақ, ауылдың әрбір үйіне дейін жақсы білді. Ол кім дерсің, ол — арқа жүні күнге шағылысқан, ұлпа 

құйрық  қызыл  түлкі.  Түлкі  өзінің  сыртқы  түр-сымбатын  мақтан  ететін.  Шынында  да  ол  орманды 

мекендейтін жан-жануарлардың ішіндегі ең сұлуы еді. Жан-жануарлар оның мінез-құлқын жақсы білетін, 

оның әрбір таң қаларлық әрекетіне бас шайқаумен болатын. Ол баршаны асқан қулығымен таңдандырып, 

сұлулығымен тамсандыратын. 

Мінеки, сөйтіп ол әрбір сүрлеуін табаны мен тұмсығы жақсы білетін орман ішімен кеудесін мақтаныш 

кернеп, қауырсындай қалықтап келе жатып, көз үшынан, байқаусызда иесінің шарбағынан қашып шығып, 

ауылдан ұзап кеткен, жаңа жауған аппақ қардай мамық жүнді аппақ шөже тауықты көрді. Шөже тауық 

айналасына қызыға қарап, жолындағы шөптердің басын шоқып жеп, асықпай жүріп келеді. Оған қалай 

таңданбассың. Айналадарының бәрі —шыршалар да, ағаштар да зәулім, сандық тастар орасан үлкен! Ал, 

шөже тауық болса тіп-титімдей ғана. 

Түлкі  қуанып  кетті.  Ұзақ  ойланып  тұрмай,  үйреншікті  ептілігімен  жақын  тұрған  ағаштың  тасасына 

жасырына қойды да, құлағын тігіп, оның жолын бақты. 

Шөже тауық аппақтың аппағы еді, сондықтан алыстан-ақ анық көрініп келе жатты. Уақыт өткен сайын 

жақындай түсті. Ақыры, міне, түлкі жасырынып жатқан ағашқа қатарласты. Осы кезде: 

— Міне, бұл менмін! — деп шаттана шәу етіп, түлкі оның алдына қарғып түсті. 

Байғұс шөже тауық қорыққанынан аяқтарынан әл кетіп, құлауға шақ қалды. Сонысына қарамай: 

—Ал… Сонша айғайлағаныңа жол болсын! — деді. 

—  Қалай  қуанғанымды  сезсең  еді!  Мынадай  таңғажайып  таңмен  бірге  таңертеңгі  тамағым  аузыма  өзі 

келіп түсіп тұрса, қалай қуанбайын?! Бүгінгі күн қандай керемет еді! Күннің көзі жарқырап тұр! — деді 

түлкі бұрынғыдан да шаттанып. Шөже тауықтың қорыққанына, тіпті де, на-зар аударар емес. Ал, зәресі 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              254 bet 

зәр түбіне кетіп тұрған жанға күн көзі қанша жарқырағанымен, бұлт басып тұрғандай көрінерін қайдан 

білсін. 

— Сен қуанатындай менің саған ала келген ештеңем жоқ, — деді шөже тауық түлкінің сөзінен ештеңе 

ұқпағандай сыңай танытып. 

— Есіме өзіңді әкеліп тұрсың! — деді түлкі екі алақанын ысқылап. 

— Мен саған жемтік бола қормын! — деді шөже тауық ашуланып. 

— Жүрегім сазып тұр.  Үш күннен бері  нәр сызғам жоқ!  —деді  түлкі  тамағын кенеп. Түлкі  мен шөже 

тауықтың айтысы қыза түсті. Ақырында шөже та¬уық тұрып: 

— Сен өзіңді менің орныма қойып көрші. Сен мен бол да, мен сен болайын. Сонда сен менің қалай тірі 

жүргім, өмір сүргім келетінін сезесің! 

— Ал сен менің қарнымның қалай ашып тұрғанын сезесің!—деді түлкі оның сөзін әрі қарай сабақтап. 

Сөйтіп, түлкі шөже тауыққа, ал шөже тауық түлкіге айналды. 

Шөже тауыққа айналған түлкі қарсы алдында тұрған түлкіні, яғни күн нұрына малынған түктерінің жалт-

жұлт  еткенін  көрді.  «Өзі  қандай  сұлу!»  деп  ойлады.  Ойына  басқа  дәнеңе  де  келген  жоқ.  Ал,  түлкіге 

айналған шөже тауық болса дәмді жемі қарсы алдында дайын тұрғанда, оған бас салмай, өртеніп бара 

жатқан аш өзегінің тілін алмай, өзін-өзі тежеп қалудың қандай қиын екенін ойлады. Бөгеліп қалуға ерік-

жігері  жетер  емес!  Осыдан  қайтадан  шөже  тауыққа  айналысымен,  кішкентай  аяқтарының  шамасы 

жеткенше, дереу ауылға қарай бар күшін салып қаша жөнелуден басқа амал жок екенін түсінді. 

Осы сәтте түлкі мен шөже тауық өз бейнелеріне қайта ене қалды. Түлкі бірден шөже тауыққа атылды, ал 

шөже  тауық  болса  бар  күшін  салып,  ауылға,  өз  ауласына  қарай  зымырай  жөнелді.  Түлкі  шарбаққа 

жеткенде  де  аялдамады.  Үй  иесінің  өзінің  ағаш  үйінде  әлі  ұйықтап  жатқанын  сезді  ме,  ештеңеден 

қорықпай, шарбақтан асып түсті де, тауықханаға жетті. Бұл кезде түлкінің таңғы асы болуға сәл-ақ қалған, 

жүгірсе тірі жанға жеткізбейтін әлгі аппақ қардай ақ шөже тауық тауықханаға ешқандай дабырасыз еніп, 

ұяластарының ортасына сырыққа қонақтап үлгерген еді. Түлкі оның тауықханаға қай жағынан қалай кіріп, 

жасырынып қалғанын көрмеген. Тауықтардың көпшілігі әлі аппақ шөже тауықтың қатарында сырғауылда 

қалғып-мүлгіп отыр еді. Ал таң атпай оянып алған, қызық оқиғаларға құмарлары түлкіге таңдана қарады. 

Түлкі болса: 

— Қайда қашып кеттің?! Тез түс. Сен менің қарнымның қалай ашып тұрғанын білдің ғой!—деп айғайлады. 

Сөйтіп ол ұзақ уақыт кетпей, тауықхананы төңіректеп жүріп алды. Ақырында шөже тауық шыдамай: 

— Жақсы. Сенің маған өзің келуіңе болады, — деді. 

— Сонда қалай барам?! —деді түлкі жаланып-жұқтанып. — Айтшы. 

— Мұнда келудің бір ғана жолы бар. Анадай мол денемен, түйедей қалпыңмен тауықханаға кіре алмайсың. 

Оның үстіне жалт-жұлт еткен ішігіңді былғап аласың! 

— Онда не істеуім керек?! — деп, түлкі тұрған орнында қарғып түсті. Дәмді тағамның соншама жақын 

екеніне сене алар емес! 

— Жауын құртына айнал да, тордың астынан жер бауырлап жылжып өт! — деді шөже тауық сабырлы 

дауыспен. 

Түлкі  қуанып  кетті.  Ұзақ  ойланып  жатпай,  жауын  құртына  айналды  да,  жер  бауырлай  жылжып, 

тауықханаға  кірді.  Сол  кезде  барлық  тауық,  тіпті  сырғауылда  қонақтап,  ұйықтап  отырғандары  да 

орындарынан ұшып-ұшып түсіп, жауын құртына тап берді. 

—Өтінемін! Мені жей көрмеңдерші! Менің өмір сүргім келеді!—деп айғайлады жауын құрты. Бірақ оның 

әлсіз даусы еш тауыққа естілген жоқ. Шаңы аспанға көтеріліп, тауықхана іші азан-қазан болды. Жауын 

құрты бар күшін салып, есікке қарай жылжыды. Әзер дегенде сыртқа шықты. Көкірек кере тыныс алып 

тұрып: 

— Болмас, шөже тауық! Бүгін таңғы ассыз да жан бағармын!— деді. Сөйтіп тұрып ол бүкіл тауықтарды 



таң-тамаша қалдырып, дереу алтын құйрықты түлкіге айналып, алды-артына қарамай, орманға қарай зыта 

жөнелді. 

— Сірә, біз де таңғы тамақсыз қалдық-ау деймін,—деді шөже тауық қасындағы тауықтарға. 

Тауықтардың барлығы  ұшып-ұшып төмен түсті. Иттер де ұйқыларынан оянып, керіліп-созылып  алып, 

дауыстарын  бірінен  бірі  асырып  үре  бастады.  Әтештер  де  кеңірдектерін  созып,  бар  дауыстарымен 

шақырып жатты. Үй ішіндегілер де оянды. Әйелдер шелектерін көтеріп, сиыр саууға шықты. Шағын ғана 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              255 bet 

ауыл жұртшылығы түгел ұйқыдан тұрып, тіршілік қамына кірісті. Ал, ферманың иесі таңертең ертеңмен, 

алтын күннің қызғылтым шапағы жер бетін енді қыздыра бастаған кез¬де, өзі жанын жадыратар әдемі түс 

көріп жатқан кезде, мал қорасында қандай ғажайып оқиғалар болғанынан мүлдем бейхабар еді. 

 

170 - Бөлім: Түлкі, Тасбақа, Кене 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1867 

 

 



Ерте, ерте, ертеде Түлкі, Тасбақа, Кене үшеуі дос болыпты. Үшеуі келе жатса тышқан інінің аузынан бір 

қалта тауып алады. 

Қалтаны Түлкі көре сала: 

— Мұны мен таптым! Бұл менікі, — деп қалтаны өзі алып ашады. Қалтаның ішіндегі бір уыстай шикі 

тары  екен.  Қамбадан  ұрлап  алып  шыққан  тышқан  қалтаны  ініне  кіргізе  алмаса  керек.  Аузын  тісімен 

шешсе, тарыны біртіндеп баяғыда тасып алады ғой. Бірақ тышқанда ондай ақыл қайдан болсын? 

 

Тарының жеуге келмейтінін көрген соң Түлкі: 



— Тасбақа! Бәрімізден жасы үлкен сенсің! Акылың да көп. Мынаны не істейміз?—дейді. 

Тасбақа басын сауытына тығып алып, ұзак ойланады. Ештеме ойлап таба алмайды. 

— Мен таптым! — дейді Тасбақаның сауытына шығып алған Кене. — Тарыны жерге егіп, күзде орамыз. 

Астықты базарға сатып, ақшасын теңдей бөліп аламыз. 

tulki 

Табылған ақыл!—дейді Түлкі қуанып. 



— Рас, жерге егейік, Кене дұрыс айтады — дейді Тасбақа. 

Бұлар өзен жағасындағы бір жардың тегіс бетін таңдап, жұмысқа кіріседі. Түлкі: 

— Мына жарды мен арқаммен тіреп жатпасам құлап кетеді. Сендер еге беріңдер, — деп жарға арқасын 

тіреп ұйқыға кіріседі 

Тасбақа тырнағымен жер жыртып, Кене тарыны себеді. Екеуі күзге дейін еңбектенеді, суарып күтеді. Ал 

Түлкі анда-санда жарды арқасымен кұлатпай тіреп жатқан болады. Жұмыс істемейді. 

Күзде тарыны жинап болған соң Тасбақа Түлкіні шақырып келуге Кенені жібереді. Астықты тең бөлісу 

керек болатын. 

Бұлар бір үлкен тастың жанында кездеседі. 

Тап осы кезде Түлкі тағы бір қулық ойлайды.. 

Келіңдер, жарысайық. Жарыста кім озса, бар астықты сол алсын, — дейді, өзінің озатынына сенген ол. 

Амал қанша? Тасбақа мен Кене келіседі. 

— Ал, кеттік! — деп Түлкі ілгері зыта жөнеледі. Кене оның құйрығына жабысып алған болатын. 

Түлкі құйындатқаннан құйындатып отырып айналып, үлкен тасқа бірінші болып жетеді. 

Қалған екеуі келгенше дем ала тұрмақ болып отыра бергені сол болатын. Кенеттен: 

— Ей, байқа! Не? Езіп тастаймысың! Көзің жок па? — деген Кененің жіп-жіңішке дауысы естіледі. 

— Ой, кім бұл? Бұл сенбісің? Сен қалайша бірінші келдің?—деп Түлкі қайран қалады. 

— Сен, «ал кеттік» дегенде-ақ, құйғытып отырып бір айналып шыққам, — дейді Кене. 

Бұл екеуі Тасбақаны ұзақ күтеді. Бір кезде үсті-басы шаң-шаң, басына жапырақ орап алған Тасбақа келеді. 

—Басыңа не болған?—дейді Түлкі. 

—  Ойбай,Түке!Құрысын,  сұрама.  Жаңа  ерткен  тазысы  бар  бір  аңшы:  «Досың  Түлкіні  қайда  жасырып 

қойдың,  айт  қане?!»  —  деп  сойылдың  астына  алды.  Содан  әрең  құтылдым.  Кешіккен  себебім  сол. 

Соңымнан куып келіп қалуы мүмкін,-дейді Тасбақа. 

—  Сендер  мені  айыпқа  бұйырмаңдар,  —  дейді  Түлкі.  —  Тазы  тонымды  жыртпай  тұрғанда,  зытайын! 

Тасбақажан! Досым едің ғой! Аңшыға мені көрдім деп айпашы! 

Түлкі соны айтып, орманға сіңіп кетеді. Ал астыққа оны өсіру үшін шын еңбек сіңірген Тасбақа мен Кене 

ие  болып  қалады.  Олар  астықты  сатып,  ақшасын  тең  бөліп  алады.  Уайым-қайғысыз  өмір  сүріп, 

мұраттарына жетеді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              256 bet 

171 - Бөлім: Науша хан 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1868 

 

 



Науша хан өзінің хан болып тұрған уақытында барлық елін жинап алып сұрапты: 

— Менің қол астымда қандай батыр бар? Кімнің қандай көргені бар?— деп сұрайды. Сонда сол көптің 

ішінен біреу түрегеліп айтады: 

— Менін бір көргенім бар еді, ұлықсат етсеңіз ?мен айтайын,— дейді. 

 

…  Ол  өзі  жалғыз  жолаушы  болып  келе  жатып,  түн  ішінде  жол  бойындағы  жалғыз  ақ  үйге  келеді.  Үй 



айналасы толған ат, үстері толған қару екен. О да келіп атын байлап есіктен қараса, маңдайында құлағы, 

көздері бар, мойындары бір кез толған адам екен. Содан кейін ол кіруге қорқып, кейін барып жатуға да 

қорқып, атын қасына алып отырады.naushasjpg 

 

Бір мезгілде шаршаған жолаушы ұйықтап кетеді. Бір мезгілде әлгі адамдардың біреуі бір табак, ет, бір 



шай  текемет,  жез  құман,  орамал  әкеліп  береді.  Мына  қонақ  оны  жеуге  қорқып,  киізді  астына  салып, 

басқасын қасына қойып, тағы ұйықтап қалады. Таң ата оянып қараса, астындағы киіз де жоқ болып қалады. 

Ол кісі содан кейін бір білімпаз адамға тап болып осы көрген нәрсесінің бәрін айтады. Ол кісі былай деп 

жорыпты: «Оның бәрі мұсылман перісі екен, жауға аттанып бара жатқан, сондықтан саған құрмет еткен 

екен»,— депті. 

Екінші біреу тағы көргенін айтады. 

О да жаяу жолаушылап келе жатады. Түс мезгілінде жол бойындағы үлкен бір ақ үйге келеді. Келсе, ол 

үйде он бір жасар қыз  бала, сары қарын келген қара қатын отырады. Олар келген қонаққа  иіріліп бар 

тамағын береді. Қонақ тамақтанып болған соң жүруге айналады. Сол мезгілде олар былай дейді. «Салқын 

түскен соң жүрерсіңіз, қазір жатып ұйықтаңыз»,— дейді. Қонақ «олай болса, мақұл» деп, құрулы төсекке 

жата бергенде астына құлап кетеді. Ол жердің тереңдігі 40 кез болады. Содан кейін ішін қараса, көп өлген 

адам екен. Ол кісі бір сұмдықтың болғанын біліп бір жаңадан өліп кеуіп жатқан адамға киімін шешіп 

жауып, өзі  көп өліктің арасына кіріп жатады. Содан кейін қатын қызына шамды беріп, өзі  үлкен қара 

найзамен әлгі киім жапқан адамды түйрейді. Мына жатқан адам бақырып айқайлайды. Ана кісінің іші 

басылған кезде даусын әлсіретіп қояды. Дауыс басылған соң, қатын құдық ішіне бір баспаны салып, бір 

қолына  шам  алып,  екінші  қолына  балта  алып  құдыққа  түседі.  Сол  мезгілде  мына  кісінің  қонышында 

пышағы бар екен қатын деңге келе бергенде өкпеден бірақ салады. Сол мезгілде құдық аузында шам ұстап 

тұрған қыз шамын тастап қаша жоғалады. Бұл да жылдам шығып қызды қуып қасындағы көп ағашқа бара 

бергенде қызды жетіп өлтіріп үйге келсе, екі сандық ақша бар екен. Арқалап еліне келеді. 

Тағы бір адам көргенін айтуға лұқсат алып сөйлейді. 

О  да  жолаушылап  келе  жатып  адасады.  Содан  кейін  ол  бұрынғының  жолын  ойлап  «далаға  жатқанша 

молаға жат» деген деп, молаға келіп атын байлап отырса, ай бетінен үлкен бір шаң көреді, «бұл не екен» 

деп, жиырма құлаш қылышын қолына алып барады. Жақындап келсе, бір адам жылайды. Тыңдай-тыңдай 

жақындап келсе, бір нәрсе бір көрді қазып жатыр екен. Қасына келіп тұрып, әлгі нәрсе екінші көрінгенде 

қылышпен шауып жібереді. Сол мезгілде әлгі нәрсе шыңғырғанда мына кісі біраз талып жатады. Артынан 

есін  жинап  қолын  тығып  қараса,  екі  бөлініп  жатқан  аю  екен,  ар  жағын  қараса,  көрдің  қамысы  екен, 

қамысты ашып қалса:  «Адамбысың?»—деп бірөу  сөйлеп қоя береді. Көзін ашып қараса, бір қыз екен. 

Содан кейін қызды шығарып алып сұрап қараса, қояншық ауруы бар екен. Бір байдың қызы екен. Әлгі 

ауруы ұстағанда өлді деп көмген екен. Содан кейін ол қыз жылап жатқанда, аю біліп оны жеймін деп 

қазып  жатыр  екен.  Сол  жерде  қыз  бар  хал-жайын  айтып,  «сені  жарылқайды,  соған  бар»  деп  ауылына 

жібереді. Ауылға келген соң қараса, әке-шешесі үштік садақасын беріп жатыр екен, бұдан кейін ауылдары 

нанбай  артынан  еріп  келеді.  «Егер  де  өлген  кісі  тірілсе,  соған  қалағаныңды  береміз»,—  дейді.  Қызды 

әкелген соң, ол жігітті көтеріп атынан түсіріпті, ол бес күн қонақтап, өзінің еркінше малды айдап кетіпті. 

Бұлар әңгімесін айтып болған соң Науша хан бұларға баға беріпті, «бәрің де ер екенсің, бірақ та мына 

соңғы көрден қызды қазып алған ер екен» деп, баға беріпті. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              257 bet 

172 - Бөлім: Біздің балабақшамыз 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1869 

 

 



Әлішер олардың топтарына жаңадан келген. Алғашқы күндерді ол ертеңгісін, әсіресе анасымен келгенде, 

еркелеп, қыңырлық көрсететін. 

 

Бірақ бүгін оның көңіл күйі жақсы, себебі ол балабақшаға үйренісіп қалды және жаңа достармен кездесуді 



асыға  күтетін  болды. Сонымен  бірге  Әлішерге  балабақшадағы  үлкен  ағаш  конструктор  өте  ұнады.  Ол 

қазірден бастап қандай үй салатынын және үйінен ала шыққан машинасына қандай гараж жасайтынын 

көз алдына елестетіп келеді. 

Міне, бұрылыстан балалармен балабақшаға кіріп бара жатқан ата-аналар да көрінді. Үлкендердің көбі 

балабақшаға балаларын тастап, ғимараттан тездете шығып қақпаға қарай жүгіре басып барады. 

Иә, әрине, Айшаның анасына да үнемі жұмысқа асығуына тура келеді, бірақ ол өзі де ерте тұрып және 

қызын да ерте оятуды әдетке айналдырған. Сонда ғана оның балабақшаға асықпай баруына және жолда 

кішкентай қызымен жайлап әңгімелесуіне мүмкіндігі болады. 

 

bizdin-balabakhshamiz 



Сүйіспеншілікке толы жүрек 

 

Айша  мен  Әлішер  асығып,  топтарындағы  киім  шешінетін  бөлмеге  үлкендерден  бұрын  кірді.  Балалар 



өздерінің есімдері жазылып, суреттері ілініп тұрған шкафтарына жақындады. Кеше ғана осы шкафтарды 

орналастыруда ата-аналар балаларымен бірлесе отырып өздеріне ұнайтын суреттерін таңдап ілген және 

тәрбиешілермен  ақылдаса  отырып  әр  баланың  өзінің  шешінетін  орнын  бірден  тауып  алуына  ыңғайлы 

боларлықтай талғаммен безендірген болатын. 

Міне, сүйікті Сәуле апайлары. Жұма күні кеткен Айша бір ай көрмегендей бірден тәрбиешінің мойнына 

асылды. 


Ал, әлі бала болса да өзін ержеткен жігіт санайтын Әлішер нағыз жігіттерге тән ұстамдылық қалыпта тұр. 

Бірақ  Сәуле  апай  өзгелерге  байқатпай  Әлішерге  де  жылы  сөздерін  айтып,  анасы  сияқты  мейірлене 

басынан сипады. 

Үлкендер  бір-біріне  көз  тастады.  Олар  өздерінің  тәрбиешілерінің  балаларға  деген  осыншама 

сүйіспеншілігі мен мейірімінің шексіздігіне таң қалды. 

 

Алда қызықты күн! 



 

Жарық әрі кең ойын бөлмесінде Айша мен Әлішерді кішкентай достары қуана қарсы алды. Олар көңілді, 

шулы балабақша өміріне бірден кірісіп кетті. 

Біреулері  суретті  кітапшаларды  көруде,  кейбіреулері  қуыршақпен,  машинамен  ойнауда.  Ал  бір  топ  ұл 

балалар  құрылыс  бұрышына  барып,  бүгін  де  өздерінің  машиналарына  гараж  тұрғызуды  ойластыруда. 

Өйткені тек Әлішер ғана емес, оның достары да жаңа машинасын көрсетуге әкелді. 

Қыздар да үйлерінен өздерінің сүйікті ойыншықтарын әкеліп, дос-құрбыларымен ойнағанды ұнатады… 

Алда қызықты күн! 

 

БАЛАБАҚША 



 

Мамаңа еріп келдің сен,                            Себебі ме, себебі, 

 

Папаңа еріп келдің сен.                             Себебі ме, себебі. 



 

Қаладағы ең жақсы үй,                              Барлық мама келеді, 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              258 bet 

Балабақша мен білсем.                              Барлық  папа келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет