ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет35/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153

болдым. Тату болған, туыстармен бір жүрген қандай жақсы! «Бөлінгенді бөрі жейді!», -деген осы екен. 

Кешіріңдер мені, мө-ө-ө-өөө! Деп кешірім сұрапты өгіз. 

 

143 - Бөлім: Өнеге 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1840 

 

 



upd20150829144079553255e0cb8c837d46.10578808.jpgБұрынғы  заманда  бір  үлкен  шаһар  бар  екен.  Бұл 

шаһардың ханы болыпты. Ол күнде жаман киініп, жай кісі болып, шаһарды, базарды аралап жүреді екен. 

Күндерде бір күн хан базарды аралап келе жатып, басына бір кесек алтын, аяғына бір кесек алтын қойып 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              231 bet 

жатқан бір адамды көреді. Мұны көріп, хан таң қалып, неше күндей мұны сыртынан бағып жүреді. Бұл 

адам ерте де, кеш те бір қалыпта: басына, аяғына бір-бір кесек алтын қойып жатады. Ақырында, бір күні 

хан:  


-  Сен не қылған адамсың? - деп сұрайды. Ол адам басын көтеріп:  

-  Мен ақыл сатушымын, - дейді.  

-  Олай болса, маған бір ақыл сатшы, - дейді патша. Сонда ол адам:  

-  Құп болады, бірақ әр ақылымның бағасы мың алтын, - дейді. Хан санап, мың алтын береді. Сонда ақыл 

сатушы:  

-  Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боласың, - дейді. Мұнан соң хан ордасына келіп, баяғы 

сөзді әрбір көзге түсетін жерлерге, орамал-дастарқанға дейін жазып қояды. Күндерде бір күн хан шашын 

алғызатын болып: «Шаштараз алып кел», - деп, бас уәзірге әмір қылады.  

Уәзір  дереу  бір  шаштаразға  барып:  «Ертең  келіп,  ханның  шашын  ал»  -  деп  бұйырады.  Ертең  ерте 

шаштараз ханның ордасына келе жатса, алдынан уәзір шығады. Уәзір:  

-  Ей, шаштараз, ханның шашын қандай ұстарамен алмақшы едің? - дейді. Шаштараз:  

-    Ай,  тақсыр,  күндегі  ұстап  жүрген  жай  ұстарамен  аламындағы.  Жақсы  ұстараны  мен  байғұс  қайдан 

табамын? - дейді. Сонда уәзір:  

-  Ей, ақымақ! Ханның шашын жай ұстарамен алуға болмайды. Мә, мынау ұстарамен ал, - деп, қалтасынан 

шығарып,  бір  алтын  сапты  ұстара  береді.  Шаштараз  қуанып,  ханның  құзырына  келіп,  шашын  жібіте 

бастайды. Сол уақытта шаштараз: «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң, қор боларсың! - деп, әр 

жерге  жазылған  сөздерді  көреді  де  ішінен:  «Қой,  уәзірдің  ұстарасын  қояйын,  өзімнің  үйренген  жаман 

ұстараммен-ақ ханның шашын алайын», - деп, уәзірдің алтын сапты ұстарасын былай қойып, өзінің ағаш 

сапты ұстарасымен ала бастайды. Мұны көріп хан ішінен:  «Бұл  ақымақ алтын сапты ұстарасын менің 

шашымды алуға аяды ғой! Онымен менен артық кімнің шашын алады. Тоқтай тұр, мен саған көрсетейін!» 

- деп шашын алғызып болған соң хан:  

-  Дереу жендетті шақырып келіңдер, мен бұл шаштараздың басын аламын! - деп, кісілеріне әмір қылады. 

Шаштараз  мұны  естіп,  неге  қылмысты  болғанын  білмей,  қайран  қалып  тұр  еді,  жендет  келген  соң, 

бейшара шаштараз ханның аяғына жығылып:  

-  Ей, тақсыр, менің басымды алсаңыз да ықтияр, бірақ менің кінәмды айтып алсаңыз екен! - дейді. Хан:  

-  Сен басында менің шашымды алтын сапты ұстарамен алмақшы болдың. Ақырында оны менен аяп, ағаш 

сапты жай ұстарамен алып, мені қорладың. Сенің кінәң осы, - дейді. Сонда шаштараз:  

-    Жаңа  сіздің  шашыңызды  алуға  ордаға  келе  жатқанымда  алдымнан  бас  уәзіріңіз  шығып:  «Ханның 

шашын алуға мына ұстара лайық», - деп, осы алтын сапты ұстараны беріп еді. Мен сіздің шашыңызды 

жібітіп жатып, әр жерде жазылған «Не істесең де ойлап істе, ойламай іс қылсаң қор боларсың», - деген 

сөздерді көріп: «Бұл уәзір берген ұстараның қандай екенін білмеймін, ханға бір зиян келтіріп жүрмейін. 

Жаман  да  болса,  үйренген  өзімнің  ұстараммен  алайын»,  -  деп  ойладым.  Шашыңызды  ағаш  ұстарамен 

алғанымның себебі осы еді, - дейді. Сонан соң хан жасауылдарын жіберіп бас уәзірін шақыртып алдырып:  

-  Мынау ұстараны шаштаразға сен бердің бе? - деп сұрайды. Уәзір:  

-  Мен бердім, - дейді.  

-  Олай болса, бұл ұстарамен уәзірдің шашын ал, - деп, Хан шаштаразға бұйырады. Шаштараз уәзірдің 

шашын жібітіп, алтын ұстарамен бір сипағанда, уәзірдің жаны шығып кетеді. Сөйтсе, бұл уәзір ханға қас 

екен.  Соны  өлтірмекші  болып,  ұстарасын  зәрге  суарған  екен.  Мұны  көріп,  хан  шаштаразға  дән  риза 

болады. Көп алтын, күміс сыйлық беріп, үйіне қайтарады. 

 

144 - Бөлім: Үш ауыз ақыл сөз 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1841 

 

 



Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп:  

-  Балам! Бір үйір жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін, - депті. Бала тұрып:  

-  Құп! Берейін, үйретіңіз, - дейді. Әлгі кісі:  


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              232 bet 

-    Балам!  Суын  ішкен  құдыққа  түкірме,  ертеңгі  асты  тастама,  оң  қолың  төбелес  бастаса,  сол  қолың 

арашашы болсын, - дейді. Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз жөніне кетеді. Кешке 

бала үйіне келеді. Әкесі:  

-  Мал аман ба? - дейді. Баласы:  

-  Мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір жылқы бердім, басқа мал аман, - дейді. Әкесі ашуланып, 

баласын қуып жібереді. Әкесінен түңілген бала жаңадан үйленген аяғы ауыр жас келіншегіне:  

-  Сен мені күт, әкемнің бір үйір жылқысын үш үйір жылқы етіп қайтаратындай қазына тауып, қайтып 

келемін,  -  деп  қоштасып  жолға  шығады.  Бірнеше  күндер  далада  қаңғырып  жүріп,  бір  қалаға  келеді. 

Қаланы аралап жүріп, ханның ордасына кездеседі. Ханның нөкерлері мұның жат жерден келген, бөтен 

адам екенін сезеді де жөн сұрайды:  

-  Неғып жүрген адамсың? Жұмыс істемейсің? - дейді.  

-  Денім сау, неге жұмыс істемеймін. Жұмыс табылса істейін, - деп жауап береді. Нөкерлер ханға келіп:  

-  Бір жолаушы жас бала жігіт, өзі ақылды, есті көрінеді, қызметші болғысы келеді, - дейді. Хан шақыртып 

көрсе, бойы сымбатты, түрі әдемі бала жігіт екен, Хан мақұл көреді де:  

-    Сен  менің  есігімнің алдында  күзетші  болып  тұр,  -  дейді.  Бала  есік  күзетшісі  болады.  Бұл  екі  ортада 

ханның әйелі бұған ғашық болады.  

-  Мен сендік болайын, ойнап-күліп жүрелік, - деп ертеңді-кеш айналдыра береді. Бала ханның әйелінің 

сөзіне  азады  да,  көңілі  ауады.  Бірақ  көңілі  ауса  да:  «Әкем  мені  неге  айдап  жібереді.  Бір  айғыр  үйірлі 

жылқыны неге бердім? Шал «Суын ішкен құдыққа түкірме», - деген еді ғой, - деп, оның үйреткен сөзін 

есіне түсіреді. Ханның әйеліне көнбейді. Баланың болмайтынын біліп ханның әйелі күдер үзіп:  

-  Мына, жаңа жүрген жаман, шірік: - «Мені қойныңа ал, деп қоймайды», - деп, ханға шағыстырады. Хан 

ертең оны өлтірмекші болып, көміршілеріне:  

-  Ертең ертемен кім бұрын келсе, соны отқа салыңдар, - деп, бұйрық береді. Содан соң хан балаға:  

-  Ертең барып көміршілерден бір қап көмір алып кел, - деп бұйырады.  

Бала ерте тұрып көміршілерге жүгіріп бара жатса, бір кемпір алдынан шығып:  

-  Ей, балам, дәм татып кет! - дейді.  

-  Жұмысым асығыс, ханның жұмысы еді, - деп бала кете бергенде:  

-  Балам-ау, уақыт әлі ерте ғой! - дейді кемпір. Сонда баланың есіне жылқы алған қарттың насихаты түсе 

кетеді де, кемпірдің үйіне дәм татқалы кіреді. Сол екі арада ханның әйелі баланы бір көріп қалғысы келіп 

соңынан  жүгіреді.  Ханның  әмірін  орындауға  әзірленіп  тұрған  көміршілер  жүгіріп  келген  әйелді  ұстай 

алып, жанып тұрған отқа тастап жібереді. Кемпірдің үйінде тамаққа алданып қалған бала көміршілерден 

бір қап көмірді ала сала, жүгіріп үйіне қайтып келеді. Хан оның тірі қайтып келгенін көріп, таңданады. 

Қараса  хан  ордасында  әйелі  жоқ.  Әркімнен  сұрайды,  ешкім  білмейді.  Бала  неғып  аман  келді  деп, 

көміршілерден хан сұратады. Көміршілер:  

-  Ханның өз жарлығымен ханымды отқа тастадық, - дейді.  

-  Мен баланы отқа салуға бұйырып едім ғой! Бала, сен жәдігөймісің, - деп, хан балаға қаһарланады. Сонда 

бала:  


-  Тақсыр! Менің бір қасық қанымды қисаң сөздің расын айтайын, - дейді. Хан рұқсат етеді. Бала:  

-  Тақсыр! Мен бір байдың баласы едім. Жаңада үйленіп едім. Далада жылқы бағып жүргенімде, бір адам 

келіп: «Бала, бір айғыр үйір жылқы берсең, үш ауыз насихат сөз үйретемін», - деді. «Мақұл, бір айғыр 

үйірлі жылқы берейін, үйрет», - дедім. Сонда әлгі адам: «Балам, суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты 

тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын», - деп еді. Мен соны үйреніп, кешке үйге 

келген  соң,  осы  сөздің  бәрін  әкеме  айтып  едім,  ол  кісі  мені  ұрып-соғып,  үйден  қуып  жіберді.  Сонан 

тентіреп, сіздің алдыңызға келдім. Ханым мені ертеңді-кеш:  «Менімен ойнап-күл»  - деп, тынышымды 

алды. Ойнап-күлейін десем, бір айғыр үйірлі жылқы беріп үйренген насихатым есіме түсті де, өзім су 

ішкен құдыққа түкіргім келмеді. Сіз көміршілерге баруға бұйырған соң, қапты алып, кетіп бара жатқанда, 

бір кемпір: «Даяр тұрған дәм бар, татып кет», - деген соң: «Ертеңгі дәмді тастама» - деген насихат есіме 

келіп, кемпірдің үйіне бара қалдым. Сонан шығып көмірді алып қайттым. Менің ханымнан хабарым жоқ. 

Тақсыр! Сөзімнің болғаны сол, - дейді. Хан мұның адалдығына көзі жетіп:  

-  Бәрекелді, анаңа рахмет! Сенің күнәң жоқ екен. Ханым өз жазасын өзі тауыпты, - дейді де, көп дүниелер 

беріп, ат мінгізіп, баланы еліне қайтарып жібереді. Бала жүріп келе жатып: «Мен кеткелі бірталай жыл 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              233 bet 

болды. Менің үйдегі әйелім не күйде екен?» - деп ойлайды. Түнде ақырын үйіне келсе, әйелі бір жігітпен 

оңаша бөлмеде қатар қойылған төсекте жатыр екен. Жанынан қылышын суырып алып, шабайын дегенде, 

баяғы насихат сөз есіне түсіп, сол қолымен оң қолын ұстап, не істерін білмей тұрған кезде әйелі оянады. 

Қорқып тұра келіп, өзінің күйеуін таниды. Бала ашуланып әйеліне:  

-    Сенің  бұл  не  қылғаның?  Мен  далада  тентіреп  жүрсем,  сен  жігітпенен  оңаша  жатырсың.  Асықпа, 

жазаңды берермін! - дейді.  

-  Сіздің мұныңыз қате, құлағыңызды салыңыз, мен сізге айтайын: мен сіз кеткенде, өзіңізге мәлім, жүкті 

емес пе едім? Кеткеніңізге 15 жыл болды. Есептеп қараңызшы? Бұл өзіңіздің жігіт боп қалған балаңыз 

ғой! -дейді  әйел. Әйелінің қасындағы өз баласы екенін сонда біліп, жігіт  онымен құшақтасып көрісіп, 

әйелінен кешірім сұрап, татуласады, сөйтіп, адалдықпен мұратына жетіпті. 

 

145 - Бөлім: Ақшақар және жеті гном 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1842 

 

 



Жер  бетін  қалың  қар  басқан  қыс  мезгілі  болатын.  Терезенің  алдында  ханшайым  кесте  тігіп  отырады. 

Ғажайып қиялға бөленіп отырып байқаусызда қолына ине кіргізіп алады. Кестенің үстіне үш тамшы қан 

тамып кетеді. 

   Сонда  ол:  «Шіркін,  бет-жүзі  мына  қар  сияқты  аппақ,  бетінің  ұшы  мына  қан  сияқты  алқызыл,  шашы 

мына терезенің жақтауларындай қап-қара бір қызым болса ғой!» - деп ойлайды. 

     Көп уақыт өтпей ханшайым жүкті болып, өмірге қыз әкеледі. Ол қыз қардай аппақ, бетінің ұшы қан 

сияқты  алқызыл,  шашы  қап-қара  болады.  Оған  Ақшақар  деген  ат  қояды.  Алайда  ханшайым  бірнеше 

сағаттан кейін қайтыс болып кетеді. Бір жыл өткен соң патша басқа әйелге үйленеді. Жаңа ханшайым өте 

сұлу, тәкаппар болады. Ешкімнің сұлулығы өзінен асып кеткенін қаламайды. Өзінің бір сиқырлы айнасы 

болады. Күнде сол айнаға қарап, сағаттар бойы өзіне тамсанып, одан: 

- Айна, айна, айтшы айна! 

- Менен асқан сұлу бар ма? – деп сұрайды. 

      Сонда айна оған: 

- Бұл дүниеде сізден асқан сұлу жоқ, – деп жауап береді. 

Ақшақар он төрт жасқа келгенде, айнасы: 

- Ханшайымым, сіз сұлусыз. Бірақ Ақшақар сізден де асқан сұлу, – деп жауап береді. 

     Мұны  естіп  ызадан  жарылардай  болған  ханшайым,  қызғаныштан  жүрегі  қарс  айырылып,  күндіз 

күлкіден,  түнде  ұйқыдан  қалады.  Амалы  таусылған  ханшайым  Ақшақардың  көзін  құртуды  ойлап, 

сарайына аңшылардың біреуін шақыртып: 

- Мына қызды орманға апарып, өлтір. Өлтіргеніңнің дәлелі ретінде маған оның жүрегі мен өкпе-бауырын 

алып кел, – деп тапсырма береді. 

     Аңшы  Ақшақарды  орманға  әкеліп,  өлтірмекші  болып  пышағын  шығарады.  Бірақ  Ақшақардың 

жылағанын көріп, оны өлімге қимайды. Ақшақарды жібере салып, көзінен ғайып болғанда, «Оны өлтіруге 

дәтім бармайды. Түн жамылғанда бір аю немесе қасқыр жеп кетер»,- деп келе жатқанда алдынан бір қабан 

шығады. Қабанды өлтіріп, жүрегі мен өкпе- бауырын кесіп алып, ханшайымға апарып береді. 

     Байғұс қыз қалың орманда жалғыз қалады. Кеш батып, қас қарайғанда таудан  асып келе жатып, кіп-

кішкентай  үйшікке  кезігеді.  Есігін  ұрса,  ешкім  ашпайды.  Бел  буып,  не  де  болса  ішке  кіреді.Үйшіктің 

ішінде  ұзын  үстелдің  айналасында  жеті  кішкентай  орындық,  азықтарға  толы  жеті  кішкентай  табақ, 

қабырғаның бойымен тұрған жеті кереуетті көреді. Әрі күтіп, бері күтіп, ешкім келмеген соң, қарны ашып, 

шаршаған қыз әрбір табақтан бір-бір қасық тамақтан жеп, жетінші кереуетке жатып ұйықтап кетеді. Біраз 

уақыт  өткен  соң  үй  иелері  де  келеді.  Олар  таудың  ішінде  қазба  байлықтар  қазатын  жеті  гном  екен. 

Ақшақарды  көріп  «Қандай  сұлу  қыз!»,-  деседі.  Таң  атып,  Ақшақар  ұйқысынан  оянады.  Қасындағы 

кішкентай  адамдарды  көріп  қорқып  кетеді.  Біраз  уақыт  өткен  соң  оларға  үйреніп,  олардан  жамандық 

келмейтінін, жақсы адамдар екендігіне көзі жетеді. Гномдар Ақшақарға үйлерінде тұруға рұқсат береді. 

Олар жұмысқа кетіп бара жатып: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              234 bet 

- Есікті ешкімге ашушы болма! Егер өгей шешең біліп қойса, сені өлтіруге тырысып жүрмесін! – дейді. 

Бір күні ханшайым айнасына қарап сұраса: 

- Ханшайымым, сіз сұлусыз. Бірақ таулардың ар жағында гномдардың кішкентай үйіндегі Ақшақар сізден 

де сұлу, – деп жауап береді. 

    Мұны естісімен ашуға булығып, сол сәттен бастап қызды тауып алуды ойластырады. Саудагер кемпір 

болып киініп, қолына лента толы кәрзеңке алып, орманға келеді. 

     Гномдардың үйіне жеткенде: «Ленталарым бар, әдемі ленталар»,- деп дауыстап есік қағады. Кім екен 

деп  терезеге  қараған  Ақшақар  ленталарды  көріп,  көзі  қызығып  кетеді.  «Ешқандай  зияны  тимес»,-  деп 

есікті ашады. 

- Сұлуым, саған осы лента ұнайды ма? - деп саудагер лентаны Ақшақардың мойнына байлап бермекші 

болады. Ақшақар есінен танып құлап кеткенше лентаны барынша тартып байлайды. 

     Кешке таман гномдар келеді. Ақшақардың еденде сұлық жатқанын көріп, дереу мойнындағы лентаны 

үзіп, Ақшақарды аман алып қалады. 

    Ертесіне  ханшайым  айнаның  алдына  келіп  отырады.  Айнадан  Ақшақардың  тірі  екенін  естіп,  қатты 

ашуланып, зұлымдығын жүзеге асыру үшін тауға қарай жөнеледі. Бұл жолы: 

-  Тарақтарым  бар,  керемет  тарақтарым,  –  деп  гномдардың  үйінің  есігін  қағады.  Ақшақар  кәрі  әйелдің 

қолындағы тарақты көріп, өзіне жасалған қастандықтарды ұмытып, есігін аша салады. 

- Шаштарың қандай әдемі, кел, шашыңды тарап берейін,- деп саудагер мақтауын асыра түседі. Бірақ тарақ 

улы  болады.  Тарақ  тиген  бойда  қыз  есінен  танып,  құлап  түседі.  Кешке  келген  гномдар  улы  тарақты 

шашынан ажыратып алғанда, Ақшақар қайта есін жинайды. Осылайша үшінші рет аман қалады. 

     Ертесіне  ханшайым  айнаның  алдына  келіп  отырса,  Ақшақардың  тірі  екенін  естіп,  қатты  ашуға 

булығады. Бұл жолы қызыл алманың жартысын өте улы затпен улайды. Қайыршы кемпірдің киімін киіп, 

жолға шығады. «Сұлу қызыма алма берейін»,- деп терезеден қараған Ақшақарға: 

-  Қаласаң  терезеден  берейін,  есігіңді  ашпасаң  да  болады.  Әлде  менен  күманданып  тұрсың  ба?,-  дейді 

қайыршы. Ақшақардың ойланып тұрғанын көріп, өзі алманың уланбаған жерін тістеп: 

-  Ала  ғой,  қандай  тәтті  алма,-  деп  қызға  қолын  созады.  Қыздың  алманы  тістегені  сол  еді,  жерге  құлап 

түседі.  Залым  ханшайым  терезеден  ішке  үңіліп,  қыздың  қимылсыз  жатқанын  көріп,  «Ақыры  сенен 

құтылдым»,- деп қуанып, сақ-сақ күліп кетеді. 

    Ертесіне айнадан дүниедегі ең сұлу кім? деп сұрайды: 

- Сізсіз, ханшайымым,- деген жауап алады. 

- Бұл жолы гномдардың ешқайсысы Ақшақарды оята алмайды. Арадан үш күн өткен соң, үміттерін үзеді. 

Сұлу қыз тәтті ұйқыға еніп кеткендей жатады. Гномдар оны жерге көмуге қимай, үнемі көріп тұру үшін 

шыныдан  табыт  жасап,  табытты  таудың  шыңына  апарып  қояды.  Бір  күні  гномдарға  ханзада  қонақтап 

келеді. Сол жерден өтіп бара жатып, шыны табыттағы Ақшақарды көріп ғашық болады. «Табытты маған 

беріңдер»,-  деп  гномдарға  жалынады.  Гномдар  жігітті  аяп,  табытты  алуына  рұқсат  етеді.  Ханзада 

нөкерлеріне табытты көтертіп, сарайына жол тартып келе жатқанда, нөкерлерінің біреуі жерде жатқан 

тасқа шалынып құлап түседі. Сол кезде табыт шайқалып кетіп, қыздың тамағына кептеліп қалған алма 

ұшып  шығады.  Ақшақар  қайта  оянып,  көзін  ашса,  көз  алдында  сүйкімді  ханзаданы  көреді.  Оған  сол 

мезетте  ғашық  болады.  Бірнеше  аптадан  кейін  некелесіп,  дүркіретіп  тойын  жасайды.  Тойға 

шақырғандардың  ішінде  Ақшақардың  өгей  шешесі  де  болады.  Өгей  шешесі  сарайдың  залына  кіре 

бергенде Ақшақарды бірден танып қояды. Бірақ бұл жолы ештеңе жасай алмайды. Өйткені ханзаданың 

нөкерлері  ханшайымды  дереу  ұстап  алады.  Ханзада  оны  енді  қастандық  жасай  алмайтындай  алыс  бір 

өлкеге жер аударып жібереді. Сол күннен бастап Ақшақар мен ханзада бақытты ұзақ өмір сүріпті. 

 

146 - Бөлім: Лақтың мүйізі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1843 

 

 



Ертеде  бір  мүйізсіз  лақ  болыпты.  Оның  барлық  отбасы  мүшелері  мүйіздермен  болған.  Бұл 

айырмашылығын көріп, кішкентай лақ соған өте қапаланған. Сол жағдайды түзету үшін, лақ өзіне жаңа 

мүйізді  іздеуге  шығып,  орманға  қарай  қашады.  Орманға  келгенде  кішкентай  лақ  көп  ағаштардың 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              235 bet 

бұтақтарын көріп, «Қалай олар үлкен мүйіздерге ұқсайды, мен жинап, олардан өзіме мүйіз жасайын» деп 

ойлайды. 

Екі күн бойы лақ мүйіз жасап, үйіне оралады. Ол ата-анасына мақтанып: 

- Менде ең үлкен және әдемі мүйіз бар! – деп мақтанады. Ата-анасы оған үндемейді. 

  Бір ай өттеді. Өкінішке орай, бұтақтар құрғап қалып, түсе бастайды. Оны көріп, лақтың көңілі қайтадан 

бұзылады. Сонда Ешкі-ана: 

- Лағым-ау, сен неге өз-өзінді алдап жүрсің? - деп сұрайды.  

- Өйткені сіздердің барлықтарыңызда мүйіз бар, ал менде жоқ. Мен де мүйізді болғым келеді! Неге менде 

мүйіз жоқ?- деп өксіп жылап, анасынан сұрайды. Анасы: 

- Себебі сен әлі кішкентайсың! Үлкейгенде сенің мүйіздерін өседі, - деп жауап береді Ешкі-ана. 

    Бес-алты ай өтеді. Көктем келгенде лақтың мүйізі өседі. Соған лақ текеге оралып: 

- Анашым, анашым, менде мүйіз өсті!-деп, құанып айқайлайды. 

    Сонда лақ ешқашан мақтанбау және өтірік айтпау керек екенін түсінеді. 

 

147 - Бөлім: Патша мен құмырсқа 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1844 

 

 



Баяғы заманда бір патша өмір сүріпті. Ол өзін әлемдегі ең ақылды, ең білгір адам деп санаған екен. Бірде 

патша  өзінің  әскерін  ертіп  аң  аулауға  шығады.  Және  шабармандарын  жан-жақтағы  құмырсқаларға, 

кішкентай жәндіктерге хабар айттыру үшін тездетіп жолға шығарады. Патша: “Барлық құмырсқаларға, 

құрттарға  және  басқа  да  кішкентай  ақымақ  мақлұқтарға  «Он  күн  бойы  індеріңнен  шықпаңдар»  деп 

ескертіңдер. Егер айтқанды тыңдамаса, онда менің атты әскерім оларды таптап өтеді” деген бұйрығын 

айтады.  Барлық  жәндіктер  мен  құрттар  қатты  қорқып  індеріне  тығылып,  шықпай  қалады.  Тек 

құмырсқалар ғана патшаны өздерінің ауылдарында қарсы алмақ болып, індерінде тығылып отырмайды. 

Уақыты келіп, патша өзінің әскерімен келе жатса, жолдарында жыбырлап жүрген құмырсқаларды көреді. 

—  “Мен  бұлардың  барлығына  ескертпеп  пе  едім?!  Менің  айтқанымды  тыңдамай  сыртта  жүргендері 

қалай?” деп сұрайды. 

    Патшаның  жанындағы  қызметшілері  абдырап,  абыржып  қалады.  Біраз  жер  барып,  патша  өзінің 

нөкерлеріне “Құмырсқалардың патшасын алдыма алып келіңдер!” деп бұйырады. Құмырсқаның патшасы 

патшаның алдына келгенде патша: 

— “Неге менің айтқаныма құлақ аспай, жолда қырсығып тұрып алдыңдар?” деп сұрайды. 

— “О, тақсыр! Біз сізді ауылымызға шақырып, қонақ етпекші едік”- деп құмырсқаның патшасы жауап 

береді. 


    Патша бұл жауапты естігенде мысқылдап күледі де: 

— Әй, ақымақтар-ай! Ойлаңдаршы. Біз сендердің ауылдарыңа қонақ болдық делік. Сонда сендер бізді 

қалай тамақтандырмақсыңдар, қалай шөлімізді қандырмақсыңдар? Біздің әскеріміз бен аттарымыз көп. 

Ол жайлы ойландыңдар ма? 

— “Ол жағына алаңдамаңыздар. Біз бәріміз жұмыла еңбек етсек, тауды да қопарып жіберуімізге болады”- 

дейді құмырсқаның патшасы. 

— “Егер сендер ақылға қонымды сөз айтсаңдар, мен сенер едім. Бірақ сен бос сөзді айтып тұрсың” дейді 

киіздің үстінде жайғасқан патша. 

— О, тақсыр! Сарбаздарыңызға аттан түсуді бұйырыңыз. Мен сіздерді өз үйімде қонақ қылып күтпесем, 

несіне құмырсқалардың патшасы болып жүрмін?! 

    Бұл сөзге таңданған патша күліп жібереді. 

— “Жарайды. Біз барамыз сендерге” - деп, аттағы сарбаздарына тездетуді бұйырады. 

   Сонымен  патша  мен  оның  әскері  құмырсқалардың  арнайы  тігілген  шатырына  келеді.  Аттарды  ат 

байлайтын  орынға  байлайды.  Құмырсқалардың  патшасы  өзінің  маңындағы  құмырсқаларға  нанның 

қиқымын,  бір  шөптің  қиқымын  және  судың  тамшысын  әкелуді  бұйырады.  Бұйрықты  тыңдаған 

құмырсқалар  жан-жаққа  кетіп,  біраз  уақыттан  соң  тапсырылған  нан  ұнтағын,  судың  тамшысын  және 

аттарға арналған шөптің қиқымын алып келе бастайды. Содан біраз уақыт өткенде шатырдың алдында 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              236 bet 

наннан тау жасалады, шөптен мая жасалады ал шұңқырға су толтырылып, патша мен оның әскері және 

аттары тойғандарынша тамақтанып, шөлдері қанғанша судан ішеді. 

    Құмырсқалардың әрекетіне таң қалған патша өзін олардың алдында төмен сезінеді де, құмырсқаның 

патшасына сөзбен тиісуге тырысады. Патша: 

— Әй, құмырсқалардың патшасы, сенің басың неге қазандай үлкен? 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет