ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет38/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153

шұлғып қойып, жай ғана итіндейді де отырады. 

“Жаман ат — жолдың соры. Әлі біраз жүретін шығармын. Иттің үргені естілмейді. Қақаған далада қатып 

өлмесем жарар еді”, — деп ішінен сөйлеп келеді. 

Кенеттен  алдынан  бір аттылы  көрінбесі  бар ма?  Атының  желісіне қарап,  иесінің бай  адам  екенін  біле 

қойды. Буы бұрқырап ыссылап келе жатқан адамдай омырауын ашып тастап, әндете бастады. 

Жолаушылар жолығып, аман-саулық сұрасты. 

Бай үстіндегі түлкі ішіктің өзінен тоңып, бүрсең-бүрсең етеді.Ал Алдар көсе бөркін бір шекесіне қарай 

қисайта киіп, күншуақта жылынып отырған адамдай көңілді сөйлейді. 

— Сен, немене, тоңған жоқсың ба? — дейді бай. 

Тоңсаң, сен тоңған шығарсың? Менің тонымды киген кісі үнемі қыз-қыз қайнап жүреді — дейді Алдар 

Көсе. 

Мүмкін емес! — дейді бай. 



— Немене, көрмей тұрсың ба?! 

— Көрмейтін несі бар? Көріп тұрмын: шұрық тесік! 

— Мәселе сонда, сол шұрық тесікте. Бір тесіктен кірген жел лып етіп екінші тесіктен шығып кетеді.Ал 

жылу өзімде қалады. 

“Қайткенде де мен мұның тонын алып қалайын” — деп ойлайды бай. 

“Шіркін, мынаның ішігін қолыма бір түсірсем!” — деп армандайды Алдар көсе. 

— Ішігіңді маған сатсаңшы? — дейді бай. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              248 bet 

Сатпаймын! Мен онсыз үсіп өлемін! — дейді Алдар. — Үсіп өлмейсің. Оның орнына мен саған өз ішігімді 

беремін. Ол да сондай жылы. 

Алдар көсе оның ұсынысын құлағына да ілмеген кісідей байға жоғарыдан қарайды. Бірақ екі көзі байдың 

түлкі ішігінде. 

— Ішігімді де берейін, үстіне ақша да қосайын — деп қызықтырады бай. 

— Маған ақшаның қажеті жоқ. Ақша орнына атынды берсең, ойланып көрер едім. 

Қуанғаннан бай бірден келісе кетеді.Ішігін шешіп, астындағы атын түсіп береді. 

Алдар көсе байдың ішігін киіп,байдың жүйрігіне мініп, ысқырған желмен жарыса жөнеледі. 

Енді Алдар көсеге бір ауылдан бір ауылға барып тұру онша қиын емес. Астында — ұшқыр ат, иығында 

— жылы ішік. Кез келген үйде одан: 

— Мына керемет түлкі ішік пен жүйрік атты қайдан алдың? — деп сұрайды. 

— Жетпіс жеті жыртығы, жетпіс сегіз жамауы бар тонға айырбастап алдым. 

Жаман  тонға  жақсы  ішігін,  қыршаңқы  атқа  кұстай  ұшқан  жүйрігін  айырбастаған  ақымақ  бай  туралы 

әңгімені естіп, ел мәз болады. Күлкі сәл саябыр тартқан сәтте Алдар көсе: 

Жолдың алыс-жақынын жортқан біледі, дәмнің ащы- тұщысын тартқан біледі! — дейді. 

 

167 - Бөлім: Алдар көсе мен оның ашкөзді ауылдасы. 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1864 

 

 



Алдар  көсенің  ауылына  бір  сараң  көшіп  келеді.  Ешкімге  ештеңе  бермейді.  Ал  өзі  алса,  ешқашан 

қайырмайды. Сараң болғанда да өзінен өзі аяйтын сараң. Тіптен тамақ ішпейді деуге де болады. 

Сөйтіп жүріп әлгі сараң ханның қызын көргісі келеді. Көрсет деп Алдар көсеге жалынады. Әрі ойланып, 

бері ойланып, Алдар көсе көнеді. Екеуі жолға шығады. 

Жолай қой жайып жүрген шопанға жолығады. 

 

— Қайтар жолда қайырамын, сен маған қарызға екі теңге бере тұр, — дейді. Сараң қинала-қинала әрең 



береді. 

Айналайын, — дейді Алдар қойшы балаға, — менде екі теңге бар, ең жаман деген бір қотыр лағыңды сат! 

— Шопан сатады. 

— Рақмет! Енді сен маған осы лаққа және екі теңгеме дұрыстау бір қозы бер. 

Бір лақ және екі теңге деген әжептәуір дүние ғой! Береді. 

— Бауырым! Енді сен мына лақты да, қозыны да, тіпті екі теңгені де ал. Алда бір үлкен ешкі бер!  — 

Шопан бұл жолы да ойланбай-ақ келісе салады. 

Өстіп, қайта-қайта ауыстырып отырып, Алдар Көсе не бары екі теңгеге бір үлкен семіз қой сатып алады… 

 

Хан сарайы дарияның қақ ортасындағы шағын арада орналасқан екен. Сарай мен жағалаудың ортасында 



ағаш көпір. 

Жолаушылар сол көпірге таяу жерге жетіп, шатыр тігеді. Сол кезде су алуға келген хан сарайының бір 

күңі: 

— Сіздер кім боласыздар? — деп сұрайды. 



-Біз Аспан адамдарымыз! — дейді Алдар. Асығып-үсігіп әрең жеткен қыз осының бәрін ханның қызына 

айтып  барады.Аспан  адамдары  қандай  болады  екен  деп  жақындап  келеді  де,  ханның  қызы  тез  кетіп 

қалады. Пәлендей айырмашылық таппайды. 

Хан қызын көруге құштар боп келген сараң оған қарамай, оның үстіндегі асыл әшекейлерге қараймын 

деп, қыздың қандай екенін дұрыстап көрмей де қалады. Көп кешікпей әлгі күң су алуға тағы да келеді. 

Келсе, әлгі аспандықтар қойды союдың орнына балтамен шауып жатыр екен, оралған бойда осының бәрін 

ханның қызына жеткізеді. 

— Бұлар тіпті мал соя білмейтін көрінеді! 

Мұны естіген ханшайым өз кұлағына өзі сенбей, жаңағы жерге тағы келеді. Ханшайымды көруге құмар 

сорлы сараң оның киім-кешегін қызықтап, онын өзін тағы да жөндеп көре алмайды.Аспан адамдарының 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              249 bet 

ақымақтықтарына  таңқалған  хан  қызы  тыныш  жата  алмай,  “бұлар  тағы  не  бүлдіріп  қойды  екен”  деп 

мазасыздана береді. “Барып біліп келші” деп, күңін үшінші рет жібереді. 

— Ойбой, мал союды білмегендерін былай қойғанда, бұлар тіпті дұрыстап тамақ та пісіре алмайды екен. 

Шұңқыр қазып, соған су құйып, сол суға ет салып, үстіне қазан төңкеріп, соның үстіне от жағып жатыр. 

Сұмдық-ай!  —  деп  келеді  бұл  жолы  әлгі  күң.  Шыдамай  кеткен  ханшайымның  өзі  барып, қалай  тамақ 

пісіру керегін үйреткен болады. Содан кейін өзен жағасында тоңып қалар деген жақсы ниетпен сарайға 

әкеліп, төсек салып, жатқызып кетсе, барлауға барған күң тағы бір қызық хабар жеткізеді: 

Бұлар төсектің де не екенін білмейтін болып шықты! Өздерін өздері аяқтарыннан асып қойып, салбыраған 

қүйлерінде демалып жатыр… 

Ханшайымның өзі тағы барып, тағы түсіндіріп, төсекке жайғастырып қайтады. Қысқасы, Алдар көсенің 

ауылдас сараң айлакер көршісінің арқасында ханның қызын бір емес, бірнеше мәрте көріп үлгерді.Бір 

көрген үшін мың теңге төлеуге тиіс сараңның сараңы бір түгіл, бірнеше мәрте көрсеткен Алдар көсеге 

рақымет те айтпайды. Ұялмай-кызармай, қойға деп берген екі теңгесін сұрайды. 

Сараң екенін білсе де, тап осындай сараң шығар деп ойламаған Алдар көсе қатты ашуланды. 

Тіпті ауырып қалады. Дүниеқоңыз көршісі көңілін сұраған болып,тағы да әлгі екі теңгені есіне салады. 

Сол  кезде  Алдар  көсе  өтірік  өліп  қалады.  Жақындары  мен  туыстары  ауыл  болып  оны  соңғы  жолға 

шығарып салады. Сараң да келеді. 

Көзінен  жасы  сорғалап  жылайды.  Қайғырғаннан  емес,  әрине.  “Қарызымды  қайырмай  кетті”  деп  қапа 

болғаннан еңірейді. Еңірегенде етегі жасқа толады. 

Зират басындағы ел тарағаннан кейін Алдар көсе ақырын басып үйіне оралады. 

Бірер күн өткеннен кейін екі теңгенің иесімен жолығып қалады. Өз көзімен жерлеп қайтқан марқұмды 

көшеде кездестіріп, сараңның төбе шашы тік тұрады.Қорыкпа! Қорықпа! Періштелер маған «Біреуге екі 

теңге  берешек  екенсің,  бар,  сол  қарызыңнан  құтылып  қайт!»  деп  бірер  күнге  босатып  жіберді.  Мә, 

қарызың!  Ал  мені  о  дүниедегілер  күтіп  отыр!  —  дейді  Алдар  көсе.  Оның  бұл  сөзін  естіген  сараң  тілі 

күрмеліп, сол жерде талып қалады… 

 

168 - Бөлім: Алтын құс пен сұр қасқыр 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1865 

 

 



Бұрынғы өткен заманда бip патша болыпты. Патшаның үш ұлы һәм бip өте үлкен бақшасы бар екен. Ондай 

бақша ол заманда дүние жүзінде еш патшалықта болмаған. Егер бұл бақшаға қайғылы ма, ауру ма кici 

кіpce,  қайғылы  кісінің қайғысы  кетіп,  ауру  кici  ауруынан  саламат  болып  шығаратын  еді.  Бұл  бақшада 

неше түрлі жемістер бар еді. Патша бақшасындағы осы жеміс ағаштарының, ішінен биік өскен бip алма 

ағашын жан-тәнімен өте жақсы көреді екен. 

Ол ағашта өскен бip алманың бipeyi алтынға, бipeyi күміске яғни әр түрлі түске айналып тұрады екен. Бір 

замандарда бұл бақшаның бip алтын құс иеленіп алыпты. Алтын құстың әpбip жүні алтын секілді жалт-

жұлт етіп тұрған һәм көзі гayhap секілді ойнап тұрған. Бұл құс әр күні түнімен бұл патшаның бақшасына 

ұшып  келіп  қонады  екен.Әлгі  патшаның  cүйікті  алма  ағашының  бip  алмасын  шұқып,  басқасын  тeyiп 

түcipiп кетеді екен. Күндердің бip күнінде патша бақшасын аралап алма ағашынан алмасын қараса, алтын 

секілді жақсы алмасы аз қалған екен. Патша бұл icті көріп қапа болған, қайғыра бастаған. Бip күні патша 

өзінің үш ұлын ша-қырып айткан. 

—  Әй,  әзиз  ұлдарым,  қайсыларыңның  қолдарыңнан  келеді,  бақшаға  келіп  жүретін  алтын құсты  маған 

тipiдей  ұстап  беруге.  Қайсысың  ұстасаң  өзім  тірі  кезде  жарты  патшалығымды  беремін  һәм  өлген 

уақытымда барлық патшалығымды өсиет етіп қалдырамын,— дейді. Осы сөзді патшадан ұлдары eстіп: 

«Қайғырмаңыз, не қылсақта ұстармыз»,— дейді 

Бұлар кезек-кезекпен бақшаға қарауылға тұра бастады. Әуелі үлкен ұлы бақшаға барып, түнде қарауылға 

тұрады. Түннің бip уағына дейін алма ағашының түбінде отырады да, шаршап патша ұлы ұйықтап кетеді. 

Сол арада алтын құс келіп алмаларын қиып, бip алмасын алып кетеді. Патша ұлы оянып қараса, алмалары 

қиылған, бip алмасы жоқ. Ертеңгісін патша тұрып, үлкен ұлын шақыртып: «Ей, сүйікті ұлым, алтын құсты 

көрдің бе?»—деген. Ұлы жауап берген, мансап қылып айтқан: «Ей, ғазиз ата, көрмедім»,— деген. Екінші 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              250 bet 

күні қарауылға екінші ұлы кеткен. Әлгі алма ағашы түбіне барып отырған. Біраздан соң ол да ұйықтап 

кеткен. Сол арада құс келіп алманы қиып, бір алмасын алып кеткен. Ертеңгісі патша ұлын шақыртқан. 

Үлкен  ұлы  секілді  жауап  берген.  Үшінші  ұлына  кезек  келіп,  үшінші  ұлы  бақшаға  барып  алма  ағашы 

түбінде еш ұйықтамаған. Біраздан соң бақшаға от секілді жалт жалт етіп кұс келіп, айналаны күндізгідей 

жарық  қылып  алма  ағашына  келіп  қонған  да  алмаларды  қия  бастаған.  Патшаның  ұлы  айла  қылып 

құйрығынан ұстаған. Бірақ дұрыстап ұстай алмай қалған, алтын құс олай-бұлай етіп ұшып кеткен. Патша 

ұлының қолында жалғыз ғана бір қауырсын қалған. Патша тұрған, ұлын шақыртқан, ұлы әлгі қауырсынды 

алып  барып  атасына  берген.  Патша  қайран  қалып  тіпті  қуанған.  Өйткені  ол  қауырсын  қараңғы  тунді 

күндізге айналдырған. Патша осы қауырсынды өзі отыратұғын үйге қойған. Бұл оқиғадан соң алтын құс 

бақшаға тіпті келмеген. Көп уақыт өткен соң патша жанына ұлдарын шақырып айтқан: «Ей, менің сүйікті 

ұлдарым,  не  болса  да  сол  алтын  құсты  тірідей  ұстап  әкелгендеріңе  бұрынғы  айтқан  өсиетімді 

орындаймын»,— дейді. Сол арада үлкен ұлы мен ортаншы ұлы інісіне қатты ашуы келіп, не болса да бірге 

іздейміз деп кеңес етіп айтып койған еді. Мұнан соң үлкен ұлы мен ортаншы ұлы атасынан рұқсат сұрап 

һәм  дұғасын  алып  алтын  құсты  іздеп  шығып  кеткен.  Ағалары  шығып  кеткен  соң  патшаның  кіші  ұлы 

атасына жалына бастады: «Ай, ата, мені де жібер іздеуге». Атасы айтқан: «Сүйікті ұлым, сен жас баласың, 

ұзақ жолға жүріп көрмегенсің межелі жерге әлі ағаларың бармаған да болар»,— деген. Күн сайын, сағат 

сайын кіші ұлы атасынан өтініп тілеген: Не болса да батаңызды беріп, рұқсат етіңіз»,— деп. Ақыры патша 

кіші ұлын жібермесе болмайтын болады. Атасы көп қайыр дұға қылып, кіші ұлы бір атқа мініп жолға 

шығып кеткен. Бара-бара өзі де қай жаққа барғанын білмеген. Кетіп бара жатып ойлай бастаған: «Алыс 

па екен, жақын ба екен, биік пе екен, аласа ма екен?» Жүріп барып бір жерге жеткен. Ол бір жақсы саха¬ра 

— жасыл шөпті, бұлақтар ағып тұрған. kazakh-halykh-ertegisi 

Ертеңіне тағы бір кеш жүрген алдынан тақыр шөл кездескен. Біраз демін алған соң әлгі тақыр шөлден 

кеткен. Біраз барған соң бір биік ағашты көреді. Ағашқа жазылған жазу бар екен. Жазуды оқыпты. Ағашқа 

жазылған  сөздер:  «Осы  ағаш  жанында  үш  жол  бар:  оңға  ,солға,  тура.  Тура  жолмен  кетсе,  ол  кісі  аш-

жалаңаш болып аман қалады. Оң жақтағы жолға түссең, аты болса аты өліп, өзі аман қалады. Ағаштан 

сол жаққа кетсе, ол кісі өліп, аты қатар»,— деп жазылған. Патшаның ұлының ағаштан оң жаққа қараған 

жолға түсіп жүріп кеткен. Патша ұлы ойлаған «атым өлсе, өзім қалсам мал табылар» деп бір күн жүрген, 

екі күн жүрген. Үшінші күн бол-ғанда бұған бір жақтан келіп бір сұр қасқыр жолықты. Бұл сұр қасқыр 

тілге  келіп  айтты:  «Ей,  жас  жігіт,  сен  әулиесің.  Ағаштағы  жазуды  көргенсің.  Онда  жазған  оң  тарапқа 

кетсең атың басы жоғалады»,— деп, сол арада бұл баланың атын бір шетке алып барып жей бастаған. 

Патшаның баласы атынан айрылған соң өзімен бірге туған туысқанынан айрылған секілді шетке барып 

жылай бастаған. Біраздан соң жаяулап кетті. Бір  күн, бір түн жүріп бала мүлде шаршады.  Біраз  демін 

алуға отырды. Сол арада артынан сұр қасқыр шауып келіп оны қуып жетіп баладан сұрай бастады: «Әй, 

патшаның ұлы, сен не жұмыспен жүрсің, жұмысыңды маған айт»—дейді. Патша ұлы жұмысының бәрін 

сұр қасқырға айтады. Сұр қасқыр: «Менің үстіме мін»,— дейді. Бала мінді, қасқыр жүгіріп кетті. Сонда 

шапшаң жүруі соншалық шапшаң ат болса да қасқыр артынан жетерлік емес. Бара-бара күн кеш болды. 

Күн кеш болған соң бұлар келіп бір тас жолға жетті. Ол тас жол биік екен. Сұр қасқыр айтты: «Уақыт 

жетті, түс менің үстімнен. Осы тас жолға өрмелеп шық. Осы жолдан түскен соң бір бақша көрерсің. Сол 

бақшада бір алтын қапас ішінде болады алтын құс. Аларсың, бірақ қапасқа тиме. Егерде қапасқа тисең 

өлесің. Неге десең сол сәтте қарауылшыларға хабар тиіп ол бақшадан шыға алмай қаласың. Сол сағатта 

сені ұстап алады»,— дейді. Патша ұлы жол бойымен өрмелеп шығып бақшаға кірді де алтын құсты көрді. 

Қапастан алып шыға бастағанда патша ұлына ой түсті. Өз-өзіне айтты: «Алтын қапассыз құсты алып жүру 

қиын болар»,— деп. Қайта барып алтын қапасты шешіп алам деп қапасты шеше бастағанда бақшаның іші 

суға  толып  кетті.  Қапасты  байлаған  жерде  темір  шыбықтың  бір басы  патшаның  уйіне  кірген  екен.  Ең 

басына үлкен қоңырау байлаған екен. Ол коңыраудың сылдыраған даусымен қарауылшылар бұл жігітті 

келіп ұстайды. Алтын құстың иесі ол жердің патшасы Алматхан атты хан екен. Алмат патша өте ашушаң 

кісі екен. Бұл патша балаға қатты ашуланып: «Ұят емес пе саған осындай іс істеп жүруің., Өзің қандай 

адамсың. Қай патшаның еліненсің, атың кім»,— дейді. Жігіт қорқып кетіп: «Мен Хикмет деген патшаның 

ұлымын.  Менің  атым  Фәрмүч»,—  дейді.  Алмат  жігіттен  сұрайды:  «Сен  мұнда  неге  келдің»,—  дейді. 

Фәрмүч былай деп жауап береді: «Біздің патшамыздың бақшасын бір алтын құс иеленіп алған еді. Күн 

сайын түнде келіп бақшамыздағы алма ағашынан алма қиятын еді және бір алма алып кететін еді. Сол 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              251 bet 

үшін оны ұстап әкелуге мені атам жіберді»,— дейді. Алмат патша айтты: «Ей, жас жігіт, өзің патша ұлы 

бола тұрып бұл іс саған жараспайды»,— дейді. Жігіт айтады: «Егер осы алтын құсты ұстап әкелсем атам 

орнына  патша  етіп  қоямын  деген.  Сол  үшін  келдім»,—  деді.  Алмат  айтты:  «Сен  ондай  болса, 

жақсылықпен  сұрасаң  бір  ауыз  сөз  сөйлемей  берер  едім.  Жақсы  бола  ма,  сенің  осы  ісіңді  бірнеше 

ағыламнама жаздырып әрбір жерге таратсам. Тек сенің жастығыңды ескеріп сені құтқарамын һәм көп мал 

беремін, маған сен бір қызмет көрсетсең. Ол қызмет — бәлен деген үшінші патша мемлекетінде бір алтын 

жалды ат бар, ол мемлекет осы шаһардан мың шақырым жерде, бір биік үлкен теңіз артында, егер сен 

маған  сол  алтын  жалды  атты  тауып  әкелсең  саған  бір  сөз  айтпай  осы  алтын  құсты  жаным-тәніммен 

беремін. Егер осы қызметті қылмасаң қарақ атыңды бүкіл дүнияға таратамын»,— дейді. Бұл жігіт Алмат 

патшаға атты тауып келмекші болып бас иіп шығып кетеді. Қасқыр жанына келген жігіт, сұр қасқырға 

басынан өткен істерінің бәрін айтып береді. 

Қаскыр айтты:  «Әй, жігіт,  менің айтқанымды неге тыңдамадың. Неге алдың алтын қапасты».— дейді. 

Патша ұлы қасқырға: «Сенің алдыңда айыптымын»,— дейді. Қасқыр айтады: «Қайыр, құдайдың ісі шығар, 

енді сен менің үстіме мін, кайда барсаң мен сені сонда алып барамын» ,— дейді. Патша ұлы қасқырдың 

желкесіне мінеді. Сұр қасқыр атқан оқ секілді шабады. Біраз уақыттан соң патша айтқан мемлекетке де 

түнде барып жеткен. Нақ түн ортасында ақ тастан істеген албардың қасына келеді. Қасқыр жігітке: «Бар, 

тез осы албарға кір, қазір қарауылшылар ұйықтаған соң атты, яғни, алтын жалды атты алып шық. Бірақ 

дуалда алтын жүген болар, оған тиме, егер тисең өлесің»,— дейді. Патша ұлы албарға кіреді. Атты алды. 

Сол  арада  жігіттің  көзі  дуалдағы  алтын  жүгенге  түсті,  жігіт  жүгенге  қатты  қызықты.  Алғысы  келіп 

алғанда албар шу-шу ете қалып қарауылшылар оянып, албарға кіріп, патша ұлын ұстап патшаның алдына 

кіргізді. Патша жігіттен сұрай бастайды: «Қай елденсің һәм қандай адамның ұлысың»,— дейді. Патша 

ұлы қандай кісі ұлы екенін бәрін айтты. Патша жігітке: «Саған мұндай іс істеу жарайма, өзің бір патшаның 

ұлы екенсің, қайыр, бұл күнәңді кешемін, маған бір қызмет істесең. Қызмет  — сол бір мемлекетте бір 

патша бар, оның бір сұлу қызы бар, неше жылдар мен жаушы жібердім, ғашық  болдым,  қызын маған 

берсін  деп,  ол  маған  қызын  бермеді,  егер  сол  қызды  әкеліп  берсең  барлык  күнәңді  кешемін.  Егер 

әкелмесең ұрлығыңды әр мемлекетке жазу жазып таратамын һәм ұрлығыңды әр-бір кісі біліп мазақ қылар. 

Егер осы істі орындасаң алтын жалды атты, алтын жүгенді өз ықтиярыммен саған беремін. Егер сен бастан 

жақсылыкпен  сұрасаң,  жақсы  деп  бір  ауыз  сөз  айтпай  беруші  едім»,—  дейді.  Патша  ұлы  көп  уақыт 

ойланып тұрды да сонан соң уәде беріп, қызды әкелмек болып жылай-жылай сұр қасқырдың жанына келді. 

Бастан аяқ қасқырға жай-күйін айта¬ды. Қасқыр айтты: «Неге айтқан сөзді тыңдамадың, неге тидің ол 

алтын  жүгенге»,—  дейді.  Жігіт:  «Айып  менде,  құдай  солай  мені  бастады»,-  дейді.  Қаскыр  айтты: 

«Жарайды, болары болды енді. Жүр, менің үстіме мін, қайда болса да мен сені сонда алып барамын»,— 

деді.  Қасқыр  өте  қатты  шапқан,  сөйлеуге  хал  жоқ.  Біраз  уақыт  өткен  соң  әлгі  қыз  еліне  барып  жетті., 

Шаһары  алтын  дуалмен  айналдырған,  ішінде  бақша.  Сұр  қасқыр  жігітке:  «Түс  үстімнен  һәм  аллаға 

тапсырып бар. Біз келген жолмен қайтып жол үстіндегі емен ағаш түбінде мені күтіп тұр»,— дейді. Патша 

ұлы касқыр айтқандай барып емен түбінде күтіп тұрады. Сұр қасқыр алтын дуалдың жанына барып бұғып 

тұрады. 


Патша қызы бақшаға шыққан. Күн батқан соң өзінің бірге жүретін қыздарымен патша қызы жүре-жүре 

сұр қасқыр жанына бір-ақ келген. Сол арада сұр қасқыр дуал үстінен секіріп түсіп, патша қызын көтеріп 

алып желкесіне салып, секіріп шықты да шауып кетті. Өте қатты шабумен біраз уакыттан соң өзі айтқан 

жасыл емен түбіне келіп жетті. Патша ұлын да қызбен бірге арқасына мінгізіп алды. 

Қасқыр патша қызын алып кеткен соң, жанында бірге жүрген қыздар патшаға келіп айтты. Патша бұл 

сөзді естіген соң жүйрік атпен қасқыр артынан қууға шықты. Бірақ касқыр артынан жете алмады. Сұр 

қасқыр үстіндегі патша қызы мен патша ұлы бір-біріне ғашық болып қалады. Қызды олар алып кел деген 

патшаға жақындайды. Жігіт қайғыра бастады һәм қызды патшаға бергісі келмей жігіттің көзінен жастары 

домалап-домалап  түсе  бастады.  Жігіттің  мұндай  болғанын  сұр  қасқыр  көріп  жігітке:  «Неге 

қайғырасың»,— дейді. Жігіт сұр қасқырға: «Ой, жан досым, сұр қасқыр, неге жыламайын, мен не қылам, 

тәнім, жаным, қаныммен бұл патша қызына ғашық болдым. Онан бір сәтке айрылып тұруға халім жоқ. 

Патшаға айтсам қызды бермейді. Басқадай халім жоқ, егер алтын жалды ат үшін бермесем менің уәдесіз 

атым  әр  жаққа  жайылады.  Осы  істер  үшін  қатты  қайғырам,  қасқыр  досым»,—  деп  жауап  береді.  Сұр 

касқыр: «Ей, жігіт, мен саған көп қызмет еттім тағы бір қызмет көрсетейін. Мен қазір сол қыз болайын. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              252 bet 

Мені патша жанына алып барып алтын жалды атты ал да алысқа кет. Мен біраз уақыт өткен соң патшадан 

далаға  шығып  жүруге  сұранамын.  Ол  мені  өзінің  бағушы  қыздарымен  жіберер  сол  уақытта  мен  сенің 

жаныңда  боламын»,—  дейді.  Осы  сөздерді  сұр  қасқыр  айтады  да  көзді  ашып  -жұмғанша  патша  қызы 

болады. Тіпті айырарлық болмады. Жігіт әуелі қызға пәлен жерге барып тұр деп, қыз болған қасқырды 

жетектеп  патша  жанына  кіреді.  Патша  көрген  соң  жаны  тәнімен  қуанғаннан  не  істерін  білмейді., 

Шаттанып өтірік қыз болған қасқырды алады да һәм алтын жалды атты жігітке береді. Жігіт қатты қуанып 

алтын  жалды  атқа  мініп,  өзі  ғашық  болған  қыз  жанына  барып  өз  қасына  міндіріп  бірге  кетеді.  Патша 

жанында сұр қасқыр патша қызы болып бір күн тұрды, үш күн тұрды. Төртінші күн сұр қасқыр патшадан 

далаға  шығып  жүруге  рұқсат  сұрады.  Патша:  «Мен  сені  жүруге  неге  шығармайын,  жаным,  сен  үшін 

жаным құрбан болсын», деп өзінің қызметкер қыздары¬мен далаға шығуға рұқсат берді. 

Бір-біріне әбден ғашық болған жігіт пен патша қызы бостандыққа шыққан соң аз ғана уақыттан кейін сұр 

қасқырды ұмытады. Сол арада жігіттің есіне жан досы сұр қасқыр түседі. «Менің жан досым сұр қасқыр 

қайда екен» дегенде сол арада олардың көзіне сұр қасқыр көрінді. Сұр қасқыр келіп амандасып хал ахуал 

сұрап, жігіт пен қыз сұр қасқырға мінеді. Алтын жалды атты бұлар өздерімен бірге ертіп кетеді. «Алтын 

жалды атты алып кел» деген патшаға жетуге аз қалғанда бұлар бір жерге тоқтайды. Жігіт сұр қасқырға 

жалынады:  «Сұр  қасқырым,  сен  маған  көп  қызмет  қылдың,  рақмет,  алла  разы  болсын.  Енді  тағы  бір 

қызмет қылсаң мұнан соң өтініш айтпас едім. Бұл алтын жалды атқа өте қатты бауыр басып қалдым тіпті 

айрылғым келмейді»,— дейді. Сұр қасқыр «болады» деп, жерге аунап алтын жалды ат болады .Жігіт сұлу 

қызы мен алтын жалды атын қалдырып, өзі алтын жалды ат болған сұр қасқырды мініп патшаға келеді. 

Патша  бұларды  көріп  қатты  қуанып  шат  болады.  Қарсы  алдына  шығып  жігіттің  қолын  сүйіп  өзінің 

салтанатты үйіне алып кіреді Жігіттің құрметіне үлкен ас береді. Ертеңіне жігіт өзінің еліне қайтатын 

уақыты  болғанын  патшаға  ескертеді.  Патша  бұған  «жарайды»  деп,  алтын  құс  пен  алтын  қапасты 

шаттанып беріп жібереді. Жігіт бұларды алып қаладан шығып кетті және өзінің сұлу қызының жанына 

барды. Екеуі алтын жалды атқа мініп һәм алтын құс пен алтын қапасты алып кетті. Бір күн өткен  соң 

баяғы патша өзінің жалған алтын жалды атын ерттеп аңға шықпақшы болып қызметшілеріне ерттетеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет