ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет52/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   153

әлегімен қыздың дидарын шала көріп қалады. Қапшығын кағып тағы ділдә береді. 

 

Бұл кезде көрінетін мерзім өтіп кетеді де, тағы  көре алмай қалады. Осындай әрқилы кедергінің әлегімен 



бес-алты кезек өтеді. Баланың ақшасының көптігіне ел де, қыз да қайран қалады. «Мұның бір құпия сыры 

бар»,- деп ойлайды қыз. Сонан сон баланы әдейілеп қасына шақырып алады: 

 

—        Сенің ақшаң сонша көп пе, оның қандай сыры бар? Сол сырды жасырмай ашсаң, мен саған тиейін,— 



дейді кыз. Бұған бала масаттанып кетеді. 

 

— Мына жаман қапшық аман болса, алтыиннын өзі сауылдап төгіліп тұрады,— деп шынын айтады. 



 

Қыз сол күні жігітке арнайы қонақасы береді. Шарапқа мейлінше бөктіреді. Ес-тұсынан айырылған кезде 

жігіттің  қалтасындағы  қапшықты  алады  да,  өзін  түн  ішінде  көшеге  шығартып  тастайды.  Мас  жігіт 

тәлтіректеп жүріп, батпаққа белшесінен батады. 

 

Ертеңінде ес жиып, қапшықтан айрылғанын бір-ақ біледі. Сенделектеп үйіне жетеді. Түс ауа қарны ашады. 



Не істерін білмей, әңкі-тәңкі болып отырғанда әкесінен қалған тақия есіне түседі. Соны шешесінен сұрап 

алып, базарға апарып стпақ болады. Сол кезде басына киіп көреді. Сонда қасында тұрған шешесі: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              350 bet 

 

—                Балам-ау,  сен  қайда  кеттің,  қайдасың?—деп  тандана  әрі  үрейлене  дауыстайды.  Бала  басынан 



тақияны жұлылл алады. 

 

—        Мен мұндамын, апа. Қасында тұрмын ғой. 



 

Сөйтіп, бала бұл такияны басына кисе, өзін ешкімнің көрмейтінін біледі. Содан кейін басына тақияны 

киіп, әлгі кыздың қасына барады. Қыз тамақ ішіп отырады. Қарны аш бала, қыздың тамағын бір шетінен 

жеп, опырып жібереді. Алайда, қарны тоқ қыз мұны байқамайды. Сөйтіп, көрінбейтін бала таңертең де, 

түсте де, кешке де қыздың тамағын қаусатып жей береді. Талай күндер өтеді. Қыз тоймай қалып жүреді. 

Әншейінде тамағы артылып қалушы еді. Енді үстемелеп сұрап жеуге ұялады да, күннен-күнге аштықтың 

азабын шегеді. Сонда қыздың есіне бала түседі де, адам жіберіп шақыртып алады. 

 

—        Сен неге келмей қойдын? Бізді ұмыттың ба?— деп назданады. Сонда бала тағы да шынын айтып 



қояды. 

 

—        Мен күнде келіп жүрмін. Тамағынды да ішіп жүрмін. 



 

—        Қойшы, келсең, мен неге көрмеймін? 

 

Қыз еркелей күлім қағады. Қыз назына балқыған бала: 



 

—        Мұның бар құпиясы, менің мына жаман тақиямда деп, қойнынан тақияны шығарады — Бұл тақиям 

аман болса, алдыңа әлі талай көрінбей келіп, тамағынды да жеп кетермін. 

 

Қыз тағы да қулыққа басады. Балаға сый көрсеткен сыңаймен арақ-шарап ішкізіп, ес-тұсынан айырылған 



соң, тақияны алады да, өзін көшеге шығарып тастайды. Бала тағы да аш қалады. Азып- тозады. Содан 

шешесінен әкесі қалдырған сыронайды сұрап алады да, қыз тұрған көшеге барып, сырнайды безілдете 

тартады.  Сырнай  үні  сызыла  шыққан  заматта-ақ  хан  сарайының  айналасын  қылышы  мен  найзалары 

жарқылдаған  әскерлер  екі  қабат  қып  қоршап  алады.  Тосыннан  болған  бұл  құбылыстан  патша  қатты 

сасқалақтайды. Алайда бұл құбылыстың сыры да баланың қолындағы сырнайда екенін болжаған қыз тағы 

да  жігітті  алдап  соғады  да,  сырнайды  қолына  түсіріп,  әскерлерді  таратады.  Әкесінің  жүрегін  орнына 

түсіреді. 

 

Барлық қасиетті заттарынан айырылған бала қайыршылық жолға түседі. Алдына орамал жайып қойып, 



көше-көшенің бойында отырады. Бір күні баланың қасына ақсақалды бір адам келіп тұра қалады да, ақыл 

айтады: 


 

—         Сен қайыршылықты қой. Одан да сауда жаса! Қоржыныңның бір басына ақ алма, екінші басына 

қызыл  алма  толтыр.  Қаланың  шетіндегі  көлде  патшаның  қызы  нөкерлерімен  барып,  шомылып  жатыр. 

Алманды көтеріп қасынан өтсең, қыздар сенен:  «Алма сатасың ба?» деп сұрайды. Сен сатам де де, ақ 

алмаңды бәріне бірдей ұстат. Олар жейді де, қырқы кырық есекке айналады. Қоралап үйіңе айдап кет. 

Үйіңе барған соң, патшаның есекке айналған қызын ұстап ал да, қазыққа байлап таста. Басқасын өріске 

айдап жібер. Байлаулы есекке нәр татырма, шөп те, су да берме. Өлімші болып ашықсын. Сонда саған 

жалынады. Сен: «Қапшығымды, тақиямды, сырнайымды қайтарып бер»?- деп шарт қой. Ол амалсыздан 

бәрін  береді.  Сонан  соң  «Маған  тиесің  бе,  жоқ  па?»  деп  сұра.  Ол:  «Тиемін  деп  жалынып,  қастандық 

істемеймін»,- деп ант-су ішеді. Сол кезде қызыл алмадан біреуін жегізсең, қалпына келеді. Әкесі бүкіл 

елін шақырып той жасап, қызын саған қосады. Патша орнынан түсіп, сені отырғызады. Сонда өріске айдап 

жіберген отыз тоғыз есекті алдыр. Олардың әрқайсысына бір-бірден қызыл алманы жегіз, бәрі де қалпына 

келіп, әйеліңнің нөкерлері болады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              351 bet 

Осыны  айтады  да,  ақсақалды  кісі,  қайыр  тілеп  отырған  баланы  қолтығынан  сүйеп  тұрғызады.  Бала 

шалдың айтқанын орындаса, бәрі айнымай келеді. Патша болған балаға қалың қауым келіп: 

 

—         Сен асқан ақылдысың, сендей данышпан жоқ,— деп мақтау- мадақ айтады. Сонда бала: 



 

—         Менің ақылдылығымнан емес, бұл жасаған жақсылыққа қайырымның жемісі,— дейді көпшілікке 

түсіндіріп. 

 

231 - Бөлім: ӨНЕР ӨРГЕ ШЫҒАРАДЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1928 

 

 



Бір  бай  саудагер  бар  екен.  Ол  малына  базар  іздеп,  тоғанақ  артқан  түйе  керуеніне  жалғыз  ұлын 

басшылыққа белгілеп, алыс жолға аттандырады. 

 

Бала  керуенді  бастап  бір  сәулетті  қалаға  келеді.  Қаланы  аралап  жүріп,  бір  сарайдың  маңдайшасынан: 



«Келсең — кетуің қиын» деген жазуды оқиды. Сарайға кірсе бір топ адам сырнай тартып, қобыз ойнап, 

ән мен күйді дүрілдетіп отыр екен. Бала осы топтың ортасынан шәкірттерге сабақ үйретіп тұрған касқа 

бас қартаң адамды көреді. Музыкаға аңсары ауған бала жақындап келіп сәлем береді. 

 

—        Менің де саз шертіп үйренуіме рұқсат етесіз бе?— деп сұрайды ұстаздан. 



 

—        Саз аспаптарын шерту тәсілін игеру үшін бірнеше жыл керек,— дейді карт.— Оқу қаражаты үшін 

тоқсан тоғанақ жүк беруге тиіссің. 

 

Бала саз шертіп үйрену үшін тоғанақтарын түгел қасқа бас адамға өткізіп береді. 



 

Бірнеше  жыл  өткеннен  кейін  саз  шерту  өнерін  игерген  бала  жалаң  аяқ,  жалаң  бас,  жаяу  алыс  жолға 

шығады да, еліне бет бұрады. Аман-есен үйіне келеді. 

 

—        Саудаң көсет болды ма?— деп сұрайды әкесі. 



 

—        Бірнеше жыл саз шертуді үйрендім. Көсет болғанын содан білерсіз. 

 

—        Өнер үйренгенің жақсы. Бірақ саудадан зиян да тартпауың керек,— деп ескертеді әкесі. 



 

Содан біраз уақыт өткен сон екінші рет баласын тағы да керуенмен аттандырады. Бұл сапарында да жігіт 

жайнаған қалаға кіреді. Мандайшасында: «Келсең — кетуің қиын» деген жазуы бар сарай- ға кез болады. 

Керуенін тоқтатып, сарайға кіреді. Бір топ адам сурет сызып, көркем жазудың алуан түрін үйреніп отыр 

екен. Бұл өнерге құмарланған бала тоғанақтарын оқу каражаты үшін өткізеді де, оқуға кіріседі. Бірнеше 

жыл оқиды. Бұл өнерді де толық үйреніп болған соң, азып-тозып ауылына оралады. Баюды ғана ойлаған 

әкесінің қазынасы сарқылып, кедейлене бастаған екен. Үйінің халжайын көрген жігіт: 

 

—         Ендігі сауда мен болайын. Әке, мені сатыңыз!— деп өтінеді. Саудагер баласын бір керуен басыға 



сатып жібереді. Жігіт керуен басының жұмысын істеп жүреді. Жігіттің өнер үйрену үшін бар қазынасын 

беріп тауысқанын керуен басы білетін: «Өнерлі адамның сатылуы тегін емес, түбіме осы жетіп жүрмегей» 

деп күдік ойлайды да, жігітті жол бойындағы бір терең құдыққа тастатып кетеді. 

 

Жігіт суы құрғап қалған құдықтың түбінде бір күн, бір түн талып жатып, барып есін жинайды. Орнынан 



тұрып, құдықтың түбінде ары-бері жүреді. Сонда бір ағаш есікке соғылады. Есікті ашып қараса үй екен. 

Оның төрінде тағы бір есіктің тұрқы көрінеді. Жігіт бұл есікті де ашып, ішке кіреді. Үйдің іші толған 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              352 bet 

кітап екен. Бір төсектің үстінде сақалы белуарына түскен, көзін тарс жұмған, кеудесінде ғана жаны бар 

бір адам жатады. Шал жатқан төсектің бас жағында қабырғаға іліп қойған қобызды көреді. Жігіт соны 

қолына алады да:  «Құштар досыма кезіктім» деп қуанады. Осы сәттегі көңіл-күйін қобызбен шалқыта 

жөнеледі. Сол кезде: 

 

—         Уһ, жаным-ай,— деп шал басын көтереді — Қайдан жүрген баласың? 



 

Жігіт кедейлік зардабын тартқан әкесі сатқаннан кейін керуен басының қастық ойлап, осы құдыққа тастап 

кеткенін айтады. 

 

—         Сөйтіп сорлап қалдым, ата. 



 

—         Жасым жүзден асты. Жалғыз балам, жолаушылап кетіп еді, ол кешеуілдеген соң, әлсіреп қалдым. 

Себебі, мен үш күн сайын мына қобызды балама тартқызып, шат сезіммен тындаушы едім. Сонан рухым 

өсіп, жаным жадырайтын. Нәр алатынмын. Сөйтіп жүріп тұра алатынмын. Баламның келетін уағы асып 

кетіп, әлсіреп қалғанмын. Сен келіп, қобызды шертпесең, мен өлетін едім! Рахмет, балам! Өнерің үстем 

болсын!— деп шал батасын береді. 

 

—         Жер бетіне қалай шығамын, ата? 



 

—         Мынау самұрықтың қауырсыны деп, шал бір тал ұзын қауырсынды ұсынады. Баратын жерінді 

айтсаң болды — алып ұшып жеткізеді. 

 

Жігіт қауырсынды ұстап құдықтан жер бетіне шығады. Содан керуеншілерді қуып жетеді. Керуен басы: 



«Мынау енді менің түбіме жетеді», - деп, тағы да қастық жасамақ болады. 

 

—         Сен шөлдедің, қиналып шаршадың. Ертерек менің үйіме бар да, тыныға тұр,—деп, өзі мініп жүрген 



қара  арғымағына  мінгізеді.—  Арғымақтың  басын  тартпай,  еркіне  жібер.  Үйге  өзі  алып  барады.  Мен 

әйеліме сені таныстырып, хат жазып берейін. 

 

Жігіт аттанып кетеді. Біраз ұзағаннан кейін қағазды оқып көрсе: «Барған жігітті жөнге салып қойындар» 



деп шартты тілмен жазылған сөзді оқиды. Содан кейін жігіт сол адамның жазу үлгісіне түсіріп, былайша 

өзгертіп жазады: «Жаһан кезіп жүріп, келіскен бір жігіт таптым. Мен барғанша қызымды қосып, тойын 

жасап қой». 

 

Қара арғымақ айтқанындай керуен басының үйіне алып барды. Жігіт аттан түсіп, қағазды әйелдің қолына 



ұстатады. Қағазды оқыған соң, керуен басының әйелі әй-шайға қарамай жігітті ерекше күтеді. Содан кейін 

үлкен той жасап, қызын қосады. 

 

Той  өткеннен  кейін  бала  келіншегін  ертіп,  қаланы  аралауға  шығады.  Қаланың  қақ  ортасынан  зәулім 



мұнараны, оның төбесіне салынған үйді, мұнараның айналасын күзетіп тұрған қарауылдарды көреді. 

 

—         Мынау не қылған мұнара?— деп сұрайды жігіт келіншегінен. Ол естіген-білгенін айтады. 



 

—                 Мұнараның басындағы  үйде  хан  дойбы  ойнайды.  Жеңсе  —  жеңілген  адамның  басын  алады. 

Жеңілсе — жеңген адамға хандық тағын беретін уәдесі бар. 

 

—         Олай болса, мен барып ханмен дойбы ойнаймын. 



 

—         Кеше ғана бақытқа қолым жетіп еді, хан басынды алса — мен сорлы бақытсыз бейбақ, жесір болып 

қаламын ғой. Әкем келгенде не айтамын? 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              353 bet 

 

Жігіттің келіншегі ботадай боздайды. Жігіт жұбаныш айтады. 



 

—         Мен жеңілмеймін. Сен үйге қайта бер... 

 

Ақыры жігіт  мұнараның түбіне барады да, ханмен дойбы ойнауға келгенін айтып, күзетшілер арқылы 



ханға хабарлайды. 

 

Дойбыдан жеңіліп қалғандықтан басы кесілгендер аз емес. «Өлетін бала молаға қарай жүгіреді» дегеннің 



кебін киіп тұр ғой ол бала,— деп хан қорашсынады. Сөйтсе де, жігіттің қатал талап етуімен хан өзінің 

уәдесіне кереғар шықпай, баламен дойбы ойнауға келіседі. 

 

Хан  мен  жігіт  үш  рет  ойнауға  келіседі.  Сонда  кімнің  ұпайы  артса  —  сол  жеңген  есептеледі.  Бірінші 



тартыста хан жеңіліске ұшырайды. Одан кейінгі кезекте әр тасты жүру үшін ханға сағаттап ойлануға тура 

келеді.  Қиян-кескі  сайыс  бес  тәулікке  созылады.  Ақыр  аяғында  хан  жеңіледі  де,  тағын  беріп  шетке 

шығады. 

 

Хан  тағына  отырған  жігіт  бүкіл  халкын  жинап  алады  да,  өзін құдыққа  тастаған  керуен  басын,  өнерге, 



өнерліге қарсы қылмыскер деп жариялап қастандық әрекеті үшін дарға астырады. 

 

Дүниенің бір шетінде калған әкесіне кісі жіберіп, қайыр сұрап жүрген жерінен таптырып алдырады. 



 

—         Өнерге тоғанақ малды айырбастап, такырға отырғыздың деп, сені жазғырып едім. Барлық байлық 

өнерде екен ғой,— деп баласы-на риза болыпты әкесі. 

 

232 - Бөлім: КӨЛ ТҮБІНДЕГІ АЛТЫН 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1929 

 

 



Ертеде әкесі  дүние салған соң, таққа жас патша отырыпты. Сонда ол қарауындағы халықтың ішіндегі 

жасы алпысқа толған адамдарды көрсе: — Бұлар енді еңбек етуге жарамайды, өмірлері аусылған,— деп 

ойлайды екен. Ақырында осы алпыс жастағыларды өлтіріп тастауға жарлық шығарады. 

 

Сол патшаның қол астында өзі кедей, өзі жалғыз бір баланың алпыс жасқа толған әкесі бар екен, өлтіруге 



батына алмай жүреді. Мұны патша естиді де, баланы шақыртып алып: 

 

—        Әкең алпыс жасқа толыпты, енді әкенді өлтіруің керек,— деп бұйырады.— Егер әкенді өлтірмейтін 



болсаң — өзіңнің басыңды кесемін. 

 

Бала патшаның әмірінен қорқып, амалсыздан бір таудың басына әкесін алып шығыпты. Жарлық бойынша 



өлтірейін десе, қимапты. Ақыры әкесін өлтірмей төрт-бес жыл үйінде жасырып бағады. 

 

Бірде  патша  саяхатқа  шығады  да,  көддің  жағасына  келіп  демалады.  Сөйтіп,  жатып  көлдің  түбінен  ат 



басындай алтын көреді. Патша алтынды алудың амалын таппайды. Сонда қол астындағы бұқараға: 

 

—        Көлдің түбінде жатқан алтынды алып беріндер, әйтпесе бәрінді қырамын!— деп, бұйырады. Бұл 



елдегі  халық  патшаның  әмірі  бойынша  көлдің  түбінде  жатқан  алтынды  алуға  барып  ештеңе  тындыра 

алмайды да, қатты қиналады. Сол көптің ішінде әкесін жасырып ұстап жүрген жігіт те бар екен. Халық 

осындай қиыншылыққа тап болғанын ол әкесіне айтады. Сонда әкесі баласына мынадай ақыл айтады: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              354 bet 

—         Сен төрт қырлы етіп, бір қазық жонып ал да, соны апарып алтын жатқан жердің тұсына қағып қой. 

Сонан  бақыла.  Алтынның  жарқылы  төрт  бұрышты  қазықтың  қай  жағына  шығар  екен.  Батысынан  ба, 

шығысынан ба, немесе оңтүстігінен бе, солтүстігінен бе, сол жарқылы көрінген жақты дәл белгілеп кел. 

 

Жігіт  төрт  қырлы  қазықты  алтынның  жарқылы  көрінген  жерге  апарып  қағып  қояды  да,  тапжылмай 



бақылап отырады. Сөйтсе, алтынның жарқылы батыс жағынан көрінеді. Жігіт әкесіне келіп айтады. Сонда 

әкесі байламын ұқтырады. 

 

—         Олай болса, алтын көлдің астында емес, күнбатыс жағындағы таудың басында. Сондағы Шыңырау 



деген құстың ұясында. Сен сол жерге бар. 

 

Бала әкесі нұсқаған тауға барады. Сондағы Шыңырау құстың ұясын табады. Ұяның қасында жатқан ат 



басындай алтынды алып үйіне келеді. Содан кейін көлдегі алтын көрінбейтін болады. Сөйтсе, бұл таудың 

басындағы  алтынның  күнге  шағылысып  көлге  түскен  сәулесі  екен.  Көлдегі  алтын  жоғалғаннан  кейін 

патша өлердей ашуланып, халықты бұрынғыдан бетер қысады. 

 

—         Алтынды кім алды? Сол алған кісіні табындар! Егер таппасандар бәрінді қырғызамын! 



 

Сол кезде бір кісі айтады: 

 

—         Бір жас жігіт осы алтын жатқан көлдің бойына қазық қағып жүр еді. Алса алтынды сол алуы 



ықтимал. 

 

Патша баланы шақыртып алып сұрайды. 



 

—         Көлдегі алтынды сен алдың ба? 

 

—         Тақсыр, мен алтынды көлден алған жоқпын. Таудың басындағы Шыңырау құстың ұясынан алдым. 



 

—         Алтынның тау басында екенін қайдан білдің? 

 

—         Өзім әрі ойлап, бері ойлап таптым. 



 

Бұған патша сенбейді: 

 

—         Шынынды айт, үйіңе барып ойланып кел. Өтірік айтсаң — басынды аламын!—дейді де, баланы 



қайтарып жібереді. Жігіт үйіне келіп, өзіне қатер төнгенін әкесіне мәлімдейді. 

 

—         Олай болса, шынынды айт!— дейді әкесі баласының қамын ойлап. 



 

—         Өлтірсе, мені өлтірсін... 

 

Әкесі мен баласы ұзақ кеңеседі. Содан кейін жігіт әкесінің үйретуі бойынша патшаға барады да, өзінің 



әкесін өлтірмей сақтағанын, сол кісінің болжамы бойынша алтынды таудың басынан тапқанын баяндайды. 

Содан кейін патша жас жігітті ілестіріп, алтын табылған ұяға барады. Сөйтсе, бұл таудағы тастың бәрі 

алтын  екен.  Мұны  көрген  патша  өзінің  санын  бір  салып  өкініпті.  «Ақымақтық  істеген  екенмін-ау. 

Қариясы бардың — қамқоры бар деген ақыл сөзді ұмытыппын, тәубаға келейін» деп, алпыс жасқа толған 

кәрілерді  өлтірмей  қастерлеуді,  қариялардан  ақыл-кеңес  сұрап  отыруды  тапсырып,  қайта  жарлық 

шығарыпты. 

 

233 - Бөлім: АРБАНЫҢ ШИҚЫЛЫ 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              355 bet 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1930 

 

 

Екі  жаяу  келе  жатады  да,  бір  жүк  тиеген  арбаға  кезігеді.  Арбаның  дөңгелегі  шиқылдап,  кұлақтарын 



тұндырады. Сонда жаяудың біреуі жолдасынан: 

 

— Мына арба неден шиқылдайды?—деп сұрайды. Сонда жолдасы айтады: 



 

—        Арбаның дөнгелегі өрге қарай жүргенде: «Май-ла-ма-ды-ау, май-ла-ма-ды-ау»,— дейді. 

 

—        Ал тегіс жерде не дейді? 



 

—-Тегіс жерде: «Құй майла, құй майла ма, кұй майла, кұй майла ма!»— деп дөңгелейді. 

 

—        Ылдиға қарай дөңгелегенде ше? 



 

—        Ылдиға қарай жүргенде: «Майламасаң, майлама! Майламасаң майлама!» дейді. 

 

234 - Бөлім: АҚЫЛДЫ ӘЛІ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1931 

 

 



Ертеде бір хан болыпты. Зұлымдығы мен жауыздығы шексіз, елді зар еңіретіпті. Тіптті, адамдар оның 

атын атаудан қорқыпты. Егер хан кошедең өтіп бара жатса, тірі пенде оның көзіне түспей тығылады. 

 

Хан озінің қызметкерлерін болымсыз айыбы үшін рақымсыздықпен жазалайды. Ханның бірде-бір досы, 



сырлас адамы болмапты. Айналасында көрші хандардың бәрі ат-тондарын ала қашып, жақындамайды. 

 

Ханның әйелі де, ерінің жауыздығынан азап шегіп,  ақыры бұл дүниеден өтеді. Хан жалғыз ұлын ғана 



жақсы  көреді.  Ол  ақылды,  келбетті  жігіт  екен.  Жайдары,  ақ  жарқын  жігітті  халық  та  жақсы  көреді. 

Ханзада көптеген адамдарды әкесінің жазықсыз жазалуынан құтқарады. Баланың аты — Құсайын екен. 

Ақылды, мейірімді Құсайынның аты кең тарай бастайды. Шөлдегілер де,  көлдегілер де біледі. 

 

Құсайынның дос-жарандары да өте көп екен. Солармен бірге ойнап-күледі. Солармен бірге анға шығып, 



қос көтереді, қарауыл атып жаттығады. Алайда, Құсайынның бәрінен де ұнататыны тауға барып аң аулау 

болады. Ол ылғи да үйіне мол олжамен оралып жүреді. Серіктері алған андарын артынып-тартынып алып 

келеді 

 

Хан ұлының алыс тауларға аң аулап барғанын ұнатпайды. 



 

—         Сен ерлігінді мынандай қатерлі жолға шығып, көрсетпей-ақ кой!— деп, баласын көрген сайын 

сақтандырып жүреді. Бірақ, Құсайын әкесінің сөзіне күліп қояды да, өзінше әрекет жасай береді. Күшіне 

де, қимылының жылдамдығына да сенеді. Уақыт тыныш өтіп жатады. 

 

Күндердің бірінде Құсайын аңға шығуға дайындалады. Бұл жоды ол қызметшілерінің бірде-бірін ертпей, 



өзі жалғыз кетеді. Тек өзі жақсы көретін атшысына ғана таяуда таудан көрген бір қабанды алу үшін сол 

жаққа баратынын айтады. Мұны естіген қарт аңшы; 

 

—         Құсайынжан, абайлағайсың, жабайы шошқа өзіңе зақым келтіріп жүрмесін,— деп ескертеді. Жігіт 



жанашыр қартттың қылығына күліп жібереді: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              356 bet 

—         Қорықпаңыз, қария, менің аңға шығуым осы ғана  ма еді, қам жемеңіз,— деп, атын борбайға бір 

салып,  шаба  жөнеледі.  Құсайын  сол  кеткеннен  қайтып  оралмайды.  Кеш  батады.  Аспанда  жұлдыз 

самсайды. Гүлдер мен еменнің иісі теңірекке жайылады. 

 

Қартайған хан бір күні өзінің жібек шатырынан ашуға булыға сыртқа шығады да: 



 

—         Құсайын қайда, менің ұлым неге көрінбейді?— десп сұрайдьі. 

 

Қызметкерлері басы салбырап, үн қатпай тұрысады. Құсайынның кеткен жағынан қайтпағанын айтудан 



корқады. Ұлын жалғыз жібергендері үшін бәрінің басы алынуы ықтимал. 

 

Далаға  қараңғылық  қаптайды.  Хан  ашуға  булығып,  өзін  қоярға  жер  таппайды.  Жер  тепкілеп,  жез 



қамшысын үйіреді. Қызметкерлерін айқайлап шақырғанда, тұс-тұстан жүгіріп келеді. Бастарын көтеруге 

дәттері шыдамай, төмен қарап ханның әмірін күтеді де, мелшиіп тұрады. Сонда хан ақыра бұйырады: 

 

—        Тауға, қырға, су бойларына, жан-жаққа шапқыландар! Менің баламды іздендер! Естерінде болсын, 



кімде-кім  Құсайын  жайында  жаман  хабар  әкелсе,  аузына  қайнап  тұрған  су  құйғызамын!  Ал,  тез, 

аттанындар! 

 

Хан қамшысын тағы бір үйіреді, қызметшілері шілше бытырап тарап кетеді де, дереу атты ерттеп мініп, 



ханның ұлы Құсайынды іздеуге аттанады. Ой мен кырды кезеді. Таудан тауға асады. Үзақ уақыт сабылып 

жүріп, іздей-іздей ақыры жігітті табады. Құсайын бұтақтары салбыраған үйдей талдың түбінде кеудесі 

дал-дұл бо- лып жараланып жатыр екен. Сол талдың арғы жағынан жабайы шошқа ұмтылып, істік тістерін 

жігітгің жүрегіне қадап жіберген. 

 

Қызметшілер  хан  ұлының  өлігі  алдында  қасіретке  батып,  үн  қатыспай  тұрады.  Әлден  уақыттан  кейін 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет