ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет50/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   153

артынан әңгіме айт деп қолқалайды. 

 

—        Естігенімді айтайын ба, көргенімді айтайын ба?—дейді қонақ. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              337 bet 

—        Алдымен көргенінді айт. 

 

Сонда шабарман әңгімесін бастайды: 



 

—        Жас кезім, би мені қазан-алман жинауға жіберді. Қасыма ерткен атқосшым жолда ауырып қалып, 

өзім  бір  бай  ауылға  барып  қондым.  Байдың  екі  отауы,  төрт-бес  көрші  үйлері  бар  екен.  Бойында  ешкі 

қотырым бар еді, түнде бір рет отқа қыздырынбасам, жата алмаушы едім. Ас ішіп, жатар уақыт болғанда 

денем  қызып  отырды  да,  мен  далаға  жатайын  дедім.  Сыртқа  текемет  төсеп,  төсек  салып  берді.  Ел 

ұйықтады-ау  дегенде  тұрып,  жейдемді  шешіп,  басыма  жастадым  да,  үйге  кіріп  отты  көсем  қарнымды 

қыздырдым.  Қайтып  төсегіме  келсем,  бір  сиыр  ағарандаған  бірдеңені  жалмап  тұр.  Тым  болмаса 

жейдемнің жағасын алып қалайын, кеңірдегім сорайып жүрмесін деп, ойладым да, сиырға тап бердім. 

Сиыр жейдемді ала қашты. Құйрығынан ұстап, қуып келемін, қашып барады, иттер де қоса жүгіріп, ауыл 

даңғаза шу болды да кетті. Бір көлеңке жерден сиыр қарғып кеткенде мен де қарғып едім, ауылдың су 

алатын құдығы екен, соған барып түстім де кеттім. 

 

Күздің  қоңыр  салқын  түні  еді.  Бұтымда  дамбалым  ғана  бар.  Таң  атқанша  тырбанып  шыға  алмай, 



селкілдедім  де  тұрдым.  Ақыры  таң  әбден  атқан  соң,  су  алуға  бір  әйел  келіп,  шелегін  тастай  беріп, 

құдықтағы  тыржалаңаш  мені  көрді  де,  шошынып  қашуға  ыңғайланды.  Мен  де  айқайлап,  өзімді 

таныстырдым. Әйел жөнімді ұққан соң, қайырылып келіп, арқан тастады. Құдық онша терең болмағанмен, 

сыртқы ауызы кеңдеу кемеш екен. Әйел арқанды тартты, мен шығуға талпынып, ұмтыла бергенімде, аяғы 

тайып кетіп, менің үстіме былш ете түсті. Екеуміз белуардан келетін судың ішінде тұрып қалдық. Мен 

өзімнің  қырсығыммен  өзім  ғана  болмай,  байдың  келінін  құдыққа  қоса  түсіргеніме  қатты  абыржыдым. 

Әлден уақытта байдың үлкен баласы, әлгі әйелдің күйеуі ат суғаруға құдыққа келді. Ол да бастабында 

сескеніп қалды. Артынан мен зарымды айтып жалынғаннан кейін әйелін боқтап зықысын шығарды да, 

қайтып барып екі жігіт жіберіп, бізді шығарып алды. 

 

Елге қарар бетім жоқ. Төсегіме барып киімімді кидім. Ауыл адамдары жиналып келіп біз «арамдаған» 



суды төкті. Байдың ұлы намыстанып, әйелін сабап жатты. «Байқұстың обалына қалдым- ау» деп іштей 

өкіндім. Амал қанша, қолымнан келері жоқ. Өзім де жазықты адам саналдым. Байдың ұлы зіркілдеп, мені 

сабамақ болып еді, ауыл адамдары араға түсіп, арашалап алды. Биге алмансалық жинамақ тұрмақ, осы 

арадан тез кетуге асықтым. Бірақ олар аяғыма кісен салып, байлап тастады: ертеңіне жақын жердегі биге 

алып барып, маған айып тартқызбақ болды. Сол түні байдың кіші ұлы кісеннің кілтін ұрлап әкелді де, 

мені босатып жіберді. «Менің ағам жауыз адам. Сіздікі оқыстан болған іс. Қылмысыңыз жоқ. Қашып кетіп, 

еліңізді табыңыз. Тәуекел, қалған істі өзім көрейін» деді. Оның жасы менен гөрі кішілеу. Не айтарымды 

білмей,  «мені  мүсопірліктен  құтқардың,  рақымет!»  дедім  де,  елді  бетке  алып,  таң  атқанша  жүрдім. 

Ертеңінде  қоналқаға  қой  бағып  отырған  жалғыз  үйге  келдім.  Сол  күні  көшіп  келген  екен.  Иті  көне 

жұртына қайта қашқан да, жігіті соны қуып кетіпті. Үйде енесі мен жас келіншек. Барғаннан күтіп, төр 

алдына төсек салып берді. Үйықтады-ау дегенде, түрегеліп, қидың шоғын көсеп жібердім де, оттың үстіне 

төрт аяқтап тұра қалып, қарнымды қыздыра бастадым. Міне, қызық, от жарқ ете қалғанда төсекте жатқан 

келіншек шымылдықты ашып, бір қарады да, «Ойбай, апа!» деп бір айқайлады да, дыбысы шықпай қалды. 

Мен ыршып барып, көрпеме кірдім. Кемпір де түрегеліп, төсектегі келінін құшақтай алып, ойбай салды. 

Келіні шошығаннан талып қалыпты. «Қарағым, қонақ бала-ай, түрегелші, бұл не деген сұмдық, а құдай, 

ақ  сарыбас!»  деп  кемпір  шұбыртып  жатыр.  Мен  де  ұшып  тұрдым.  Тамырын  ұстадым  да:  «Түсі  суық 

бірдеңеден шошыған екен» деп, ұшықтап аптадым. Біраздан кейін есін жиды. 

 

—        От жарқ ете түскенде қарасам, оттың үстінде бір жалаңаш нәрсе талтайып тұр. Бауыры түгел емшек 



екен,— деді. Мен күліп жібердім. Екеуі маған қарады. 

 

—        Ол келіп жүрген менің жыным. Сіздер оңаша отырған соң, албасты-сайтан маңайласа қуып жібер 



деп жүргізіп қойып ем. Келініңіз содан шошыған екен,— дедім. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              338 bet 

Сол-ақ екен, келіншек те ада-күде жазылып кетті. Ойламаған жерден қисынын тауып кеткеніме өзім де 

қуанып қалдым. Таңертең ерте тұрып, мені әулие санап күте бастады. Әйелдің күйеуі де келді. Ол: 

 

—        Бүгін жатып кетіңіз,— деп жігі-жапар болды. Ақыры кетуім керек деп, көнбеген соң, шапан кигізіп, 



жөніме жіберді. Ешкі қотырдың маған тигізген бір пайдасы осы. 

 

Қонақ әңгімені доғарып еді, жұрт: 



 

—        Қонак, әңгімеңіз дәмді екен, енді естігеніңізді айтыңызшы,— деп қолкалады. Қонақ естігенін айтуға 

кірісті. 

 

—        Бір кедей жігіт құржа арасында отырып еңбек етіп, ұрлық қып жан бағады екен. Ол өзінін басынан 



кешірген оқиғаны былай баяндап берді. 

 

—        Бір күні,— деді жігіт — түнде қауын ұрлайын деп барып, бір қауынды арқалап жүре бергенімде, 



«да»  деген  дауыс  шықты.  Адамдар  қаптап  кетті.  Құржаға  қарай  қаштым,  қуып  келеді.  Ай  жарық  еді, 

құтылмайтын болған соң, жолдағы диірменге кіріп кеттім. Диірменші ат диірменнің елегін теуіп тұр. Мені 

байқаған жоқ, ұн салған дағарлардың арасына отыра қалып, екі қалтама ұн сала бердім. Қуғыншылар да 

диірменге кірді. 

 

—        Жаңа осында кірген ұры қайда?— деп, диірменшіден сұрап еді, ол: 



 

—        Көргем жоқ,— деді. 

 

—        Ұрыны сен жасырдың,—деп, біреуі ақырды. Басқалары шамды ала сап, қасыма жетіп келгенде, 



ұнмен көздеріне періп-періп жібердім. Олар көздерін уқалап жатқанда зытып кеттім. Қашқан бойы тауға 

бардым. Тоңған соң, іші қуыс қарағайдың кеуегіне кіріп отырдым, ұйықтап оянсам, таң атып келеді. Енді 

шыға бергенімде сөйлеген дауыс естілді. Қуғыншы келіп қалған екен деп, қайта отырдым. Сөйтсем, бұлар 

отын алуға келгендер екен. Ағашты тақылдатып ұрып жүріп, бір уақытта қуысында мен отырған ағашқа 

келді. Бірдеңе айтып сөйлесті де, арамен кесе бастады. Енді ажалым келді, араға туралып өлетін болдым-

ау деп, қорқып отыра бердім. Бір кезде араның жүзі ыпстық болып жетіп келді. Бақытыма қарай араны 

түбінен биіктеу салған екен, бұға қалдым. Төбемнен тымағымды кесіп өте шықты. Бір кезде ағаш күрс 

етіп құлап түсті де, мен аман қалдым. 

 

Үйдегілер мені ұстап алып өлтіріп тастады. Енді бізді де өлтіреді деп, түн ішінде көшіп кетіпті. Өгізді 



көштің  ізіне  түстім  де,  екі  етегімді  беліме  қыстырып  алып  жүре  бердім.  Қарным  ашты.  Бір  қарайған 

көрінген  соң,  баспалап,  бардым.  Түнеп  жатқан  кірекештер  екен.  Тақай  бергенімде  аспанға  қара  бұлт 

үйірілді де, жауын сіркіреді. Жауын басылған соң, таяп барып, тоғанақтардың арасынан пана іздедім. Бәрі 

ұйықтап қалған. Бір шатырдың астына кіріп қисая кеттім. Дабырлаған дауыстан оянсам, күн шығыпты. 

Кірекештер жүк тией бастағанда тұрып, тұра қаштым. Ұры деп тұра қуды. Екі  аяғым шалынып, көзім 

қарауытып  қаша  алмадым.  Әудем  жерге  жеткізбей  ұстап  алды  да,  итше  тепкіледі.  Қайда  барсам  да 

алдымнан қырсық шығады, өлетін болдым деп, өзімді-өзім байқаймын, тірі жіберер емес. Бір бөшкеге 

салды да, қақпағын жауып, шегеледі. Өздері кетіп қалды. Мұнысы азап шегіп, аштан өлсін дегені екен. 

Содан шыға алмай жатырмын. Бір кезде осы араға келген қаскыр ұлыды. Бөшкенің саңлауынан қарасам, 

желке жүні бір қарыс көкжал. Аш сияқты, бөшкені иіскеп-иіскеп алады да, қыңсылап айналып жүрді. Бір 

кезде бұтын көтеріп сари бергенде, құйрығынан шап беріп ұстай алдым. Бөшкені сүйретіп қаша жонелді. 

Құйрықтан айырылмадым. Мұндай күшті болар ма, бөшке анда бір, мұнда бір тиеді. Бір тасқа соққанда 

қасқырдың  құйрығы  жұлынып  қолымда  қалды,  бөшкенің  күл-паршасы  шықты.  Қуанып  бөшкеден 

шықтым да, құдайға тәубе дедім. Енді өлсем де ұрлық қылмасқа бекідім. Аман-есен үйімді тауып алдым. 

Содан кейін еңбек етіп, жан бақтым. Ақырын мал жинап, көп-көрім байып калдым... 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              339 bet 

— Естігенім осы,— деді қонақ. 

 

225 - Бөлім: ӘКЕСІ МЕН БАЛАСЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1922 

 

 



Бір кісі өмірінде өтірікке ешкімді алдына салмаған суайт екен. Бұл кісі баласын баулып, өзіндей өтірікші 

қылыпты. Баласы әкесінен де өтірікке астам болыпты. Әкесі баласының асқандығын барлайын деп бір 

күні дөңге тұрғызып баласына жорта: 

 

—        Балам, көзім жетіңкіремей тұр, анау қабақтағы бұлдыраған киік пе, немене, десе, баласы: 



 

—        Е, ананы айтасын ба? Ол арқар емес пе, баурында егіз қозысы еміп тұрған,— депті. 

 

Әкесі тағы: 



 

—        Шырағым, сол арқарға қай жағынан барсақ, жақындап көргендейміз?— десе, баласы: 

 

—                Ай,  әке-ай!  Әбден-ақ  көзіңіздің  жанары  кеткен  екен.  Осы  тұрған  арыстандай  арқарды  көре 



алмадыңыз  ба?  Арғы  қырқаның  берісінен,  бергі  қырқаның  арысынан  бас  баға  барсақ,  қақ  желкесінен 

сығалаймыз,— депті де, әкесін жіберіпті. Әкесі шын нанып, айтқан жерімен барып қараса, арқар түгіл түк 

те жоқ екен. Артынан келген баласына әкесі: 

 

—        Қане, балам, арқарын?— десе, баласы: 



 

—        Арбандап қашқанын да көрмей қалған екенсіз, көзіңіз әбден бұлдыраған екен,— депті. 

 

Сонда әкесі: 



 

—        Балам, өтірікке баулуым әбден жеткен екен, өзімнен асқан екенсің,— деп батасын беріпті. 

 

226 - Бөлім: ЖЕР АСТЫНДАҒЫ АДАМДАР 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1923 

 

 



Баяғыда  байлығы  жаннан  асқан  бай болыпты.  Ол  бір  күні  науқастанып,  өлім халіне  жетеді.  Мұратбек 

деген жалғыз ұлын шақырып алып: 

 

— Қарағым, о дүниеге сапар шеккелі жатырмын. Ақтық демім бітер алдында үш ауыз ақыл айтып кетейін. 



Бірінші  —  сезікті  жерде  сергек  бол.  Екінші  —  адам  баласын  мынау  жақсы,  мынау  жаман  деп  бөлме. 

Үшінші  —  тас  жұтсаң  да,  тәуекелге  бел  байла,—  дейді  де,  бай  үзіліп  кетеді.  Жылдар  жылжып  өтеді. 

Мұратбек  байлыққа  ие  бола  алмай,  күйзеліске  ұшырайды.  Содан  шешесін  жетелеп,  қалаға  келеді.  Бір 

асхананың иесіне: 

 

—        Жетім-жесір едік. Мен сізге жұмыс істейін, шешем екеуімізге тамақ беріп тұрсаңыз болды,— дейді. 



Аспаз оны жұмысқа алады. Сөйтіп, аш қалмай тұра береді. Бір күні жарлық шығып: 

 

—        Жора деген бай бес мың ділдәға жалшы жалдайды. Жалданушы байға жиырма жыл жұмыс істеуі 



тиіс,— дейді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              340 bet 

Мұратбек жалданбақ болады. Шешесімен ақылдасқан соң, жалшы алатын байға барады. Жиырма жылға 

шарттасып,  бес  мың  ділдә  алады.  Әлгі  аспаздын  қасынан  екі  мың  ділдәға  үй  салдырады  да,  шешесін 

орналастырады. Үш мың ділдәға шешесіне жиырма жылға жететін азық-түлік, киім-кешек әзірлеп береді. 

Үйдің  сыртына:  «Талыққан  адам  мұнда  бар,  талықтырмандар»  деп  жазу  жаздырады.  Сонан  сон 

шешесімен  қоштасады  да,  байдың  керуеніне  еріп  жолға  шығады.  Бір  күні  керуен  алтын  ер-тоқымды 

арғымақ мінген, сәнді киінген жігітке ұшырайды. Жігіт керуен басыға: 

 

—        Жолжомарт деген менмін,— дейді. Осы жолмен откен адамдарды қонақ етіп жіберетін әдетім. 



Үйім анау — орманда, сайдың ішінде, жүріңіздер, дәм татыңыздар! 

 

—        Менің екі жүздей адамым бар,— дейді оған керуен басы. Мұның бәрі үйіңе сыймас, тамағың да, 



төсек-орның да жетпес. 

 

—        Бәрі бар, барып қонақ болуларыңызды өтінемін,— деп, жігіт қолқалаған соң, керуен басы жігітке 



ілеседі. Орманды сайдың ішіне әсем үйлер қаз-қатар салынған, бау-бақшасы жайнап тұр. Үш жүз түйе 

жүк-мүгімен,  ат-көлігімен  кең  қоймаға  сыйып  кетеді.  Адамдарды  мың  кісілік  сарайға  орналастырады. 

Алуан  түрлі  тағаммен,  арақ-шараппен  сыйлайды.  Керуеншілер  ас  ішіп,  ойын-сауық  көріп  жырғайды. 

Жігіт керуен басыға бөлек үйге төсек салдырады. 

 

—        Мен өзіңнің үйіңе бір жігітіммен жатамын деңіз,— дейді Мұратбек керуен басына. Жігіт өз үйінің 



бір бөлмесіне екі кісілік төсек салдырады. Керуен басы мен Мұратбек соған жатады. Мұратбек осы араға 

келгенде:  «Сезікті  жерде  сергек  бол»  деген  әке  сөзін  есіне  алады  да,  ұйықтамайды.  Басқа  бөлмеде 

әйелімен жатқан жігітті бақылайды. Бір мезетте жігіт әйелін ертіп, сыртқа шығып кетеді де, сәлден кейін 

бір дорба ұн әкеліп ортаңғы бөлмеге қояды да, жатып қалады. Мұратбек керуен басын оятып, көргенін 

айтады. Бұлар өздерінің ұндарынан бір дорбасын алып келеді де, әлгі ұнды ауыстырып алады. 

 

Таңертең керуен басы жігітпен қоштасып, жүрмек болады. Жолжомарт: 



 

—        Қоштасу тағамын беремін,— дейді. Түндегі ауыстырылған ұннан алуан-алуан тамақ әзірленеді. 

Сонда Мұратбек: 

 

—         Бұған сіз де тамақ беремін,— деңіз. Мен тез әзірлеп жіберейін,— дейді. Сөйтіп, керуеншілер 



Жолжомарттың сый тамағын ішіп болған сон, оның туыстарына керуен басы сый тамақ бермек болады. 

Бұл тамаққа түндегі ауыстырып алған ұн пайдаланылады. Мұратбек керуеншілерге ескертеді. 

 

—        Қонақтар ауыз тимейінше бұл тамақтан татушы болмандар!.. 



 

Жолжомарт  жағы  бұл  асты  аузына  салған  заматта  қашырға  айналып  шыға  келеді.  Керуен  басы 

Мұратбектің  сезгірлігіне  сүйсінеді.  Сөйтіп  керуеншілер  сайдағы  мүліктердің  бәрін  артып алып,  жолға 

шығады. Керуен басы өзінің сыбайластарымен ақылдасады. 

 

—                Мұратбек  айлалы  жігіт  екен.  Бұл  жолы  бізді  құтқарды.  Енді  өзімізге  қатер  төндіруі  мүмкін. 



Сондықтан жолдағы бір құдыққа барған соң, көзін жояйық,— деп келіседі. 

 

Керуен  күні-түні  жүріп,  ауызына  қақпақ  салынған  бір  құдықтың  басына  жетіп  тоқтайды.  Құдықтың 



айналасы қалың мола екен. Жүк түсіріліп, жайғасқан соң, керуен басы Мұратбекке: 

 

—        Сен мына құдыққа түсіп, бізге су әпересің. Басың құдық түбінде қалады. Денең шығады. Оны мына 



молаға көмеміз,—дейді. Сонда Мұратбектің есіне: «Тас жұтсаң да, тәуекелге бел байла» деген әке сөзі 

түседі. 


 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              341 bet 

—        Тәуекел, билік сізде, түсейін,— дейді. 

 

Сонымен Мұратбектің беліне арқан байлап, құдыққа түсіреді. Құдықтың түбі кең жазира, сарқыраған өзен, 



жайқалған бау-бақша екен. Өзен жағасында бір сұлу қыз бен өлмелі шал отыр. Қыздың бір бетінен ірің 

ағып тұр. 

 

—         Суды беріп, сырттағылардың шөлін қандыр, сонан кейін сенен сұрайтыным бар,— дейді қыз 



тәкаппар  пішінмен.  Мұратбек  суды  беріп  болған  соң,  қызға  қарайды.  Қыз  қолына  қылыш  алып,  төніп 

келеді,— Мына шал екеуіміздің қайсымыз жақсымыз. Дәл жауап бермесең, басың кесіледі. 

 

Мұратбек саспайды, байсалды қалыппен жауап қайырады: 



 

—         Адамның жақсы-жаманы болмайды. Сен жассың, анау — кәрі, айырмашылық сол ғана. 

 

—         Ар жағыңа қара,— дейді қыз қылышын тастай салып. Мұратбек жалт қараса — екі сұлу қыз тұр 



екен. Қайта бұрылса — шал мен қыз жоқ. Екі қыздың біреуі қылышын жаландатып: 

 

—         Қайсысымыз сұлумыз, дұрыс айтпасаң — басың кесіледі,— дейді. Мұратбек қаймықпайды: 



 

—         Екеуің бірдейсің! 

 

—         Артыңа қара,— дейді қыздар. Жалт қараса — темір есік тұр екен. Қайта бұрылса — екі қыз жоқ. 



Мұратбек есікті ашса — үйдің іші толған алтын мен күміс. Аман қалғанын, көп алтын мен күміске тап 

болғанын, айтып жазып, арқанға байлап, сыртқа жібереді. Сырттағылар қазынаны қауғаға салып отыр, ең 

соңынан  шығарып  аламыз  деп  хат  жазады.  Мұратбек  қазынаны  қауғаға  салып  беріп  тауысады. 

Сырттағылар ақылдасады. Керуен басы: 

 

—         Мұратбек шықса — мына қазынаға ие болады. Сондықтан құдыққа тастап кетеік. 



 

Сөйтіп сырттағылар арқанды қияды да, көшіп жүре береді. Мұратбек құдық түбінде азап шегіп, қайғы 

жұтады.  Тағы  да  тәуекел  етіп,  төңірегін  тінткілей  береді.  Сол  кезде  тағы  бір  есіктен  дыбыс  естіледі. 

Жүгіріп келіп, есікті қағады. Ашылған соң кіріп барса, жиһазы жайнаған үй екен. Құс төсекте шалқасынан 

түсіп,  кеудесіне  домбырасын  көлденең  қойып,  ақсақалды  шал  жатыр.  Ол:  «жетпеген  арман,  бітпеген 

арман» деп күй шертеді. Бір мезетте шал басын көтеріп, отыр дегендей ишарат білдіреді. Көзін жұмып, 

ойға шомады да, әлден уақытта былай дейді: 

 

—         Е, балам, бір талабың сегіз, бір талабың — тоғыз болсын. Сенің қайратыңа қайран қалам. Бұл 



жерде қандай әрекет қылғанынды мен біліп жатырмын. Разы болған соң, дыбыс шығардым. Енді саған 

қауіп-қатер жоқ. Бұл жердің тажалы саған алғаш кездескен қыздар еді. Алғаш кезіккен қыздың қасындағы 

шал емес, сұлу жігіт, саған құбылып көрінген. Жауабын дәл бердің. Біреуін мақтасаң — басың кесілер еді. 

Екінші  сен,  тайсалмадың,  ондай  адамға  тимейді.  Ол  алғаш  маған  да  солай  істеген.  Қазір  менің 

қызметкерлерім. Мен ән мен күйдің ғалымы едім. Жердің үстінен асты қызық. Мынау өзен, су, бау-бақша, 

үй-жай, алтын-күміс — бәрі менің ықтиярымда. Жердің астындағылар менің нөкерім. Не айтсам соны 

орындайды. Шарт бойынша жер бетінен келгендерді өлтіру-өлтірмеуді солар шешеді. Өлмей қалған адам 

маған келеді. Енді сенің тағдырың менің қолымда... 

 

—       Ата, қайырымдылық жасай көріңіз, шешем жалғыз қалып еді, қарасар кісі жоқ. 



 

Қарт ойланып барып, жанындағы бір түймені басады. Сол сәтте-ақ алуан-алуан тағам әзір болады. Қарт 

пен Мұратбек тойғанынша жейді. Содан кейін қарт былай дейді: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              342 bet 

—       Сені келген ізіңмен жер бетіне шығарайын. Тағы да келем десең — өзің біл. Менің құдықтың аузына 

келген адамды көретін аспабым бар. Сен қашан келсең де, өзім түсіріп аламын. 

 

—       Ақ ниетіңізге рақмет, ата! 



 

Қарт Мұратбекке тесіле қарап отырып, мыналарды айтты: 

 

—       Сен сыртқа шыққанда үстінде көнетоз ер-тоқымы бар есек тұрады. Ол баяғы өз ұнымен өзі есек 



пен-қашырға айналған Жолжомарттың келіншегі. Өзі өлген. Бұл келіншекте жазық жоқ. Сен сол есекке 

мін де, оң жақ құлағын бұра. Құйындай ұша жөнеледі. Сайрандап жатқан керуеншілердің үстінен түсесің. 

Сол заматта мына қылышты қынабынан суыр. Бәрі саған бас иеді. Керуен басының басын қағып таста. 

Басқалары жалшылар, оларға тиме. Содан кейін мына орамалды желпі. Сонда есек пен қашыр боп жүрген 

Жолжомарттың жалшылары адам қалпына келеді. Олар сенімен достасады. Сөйтіп, барлық жалшының 

басын  қос  та,  көрген  бейнетінді  баянда.  Қазынаны  тен  бөліп  бер  де,  әрқайсысын  өз  еліне  қайтар. 

Жолжомарттың келіншегі саған ғашық. Некелеп ал. Орамал мен қылышты өз бойыңнан тастама. 

 

Шал  осыларды  айтты  да,  Мұратбекті  құдықтан  шығарып  жіберді.  Содан  кейін  Мұратбек  шалдың 



айтқандарын  бұлжытпай  орындады  да,  сұлу  келіншекті  ертіп  еліне  қайтты.  Шешесін  тауып,  ендігі 

тіршілігіне өзі қожа болды. 

 

227 - Бөлім: ТАПҚЫР БАЛА 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1924 

 

 



Бұрынғы заманда бір ханнын адам тілін білетін қырық есегі болыпты. Хан есектерін көзден таса жерде 

ұстап, сөз үйретеді екен. Содан кейін барып, еліне  жар салады: 

 

— Кімде-кім менің қырық есегімен отын әкеліп беретін болса, қызымды беремін. Отын алып келе алмаса 



— басын кесемін. 

 

Әуелде хан есектерінің сырын білмеген талай адам,есекпен отын әкеп беріп қыз алмақ болып, отын алып 



келе алмай, әуреге түседі. Талай адамның басы кесіледі. 

 

Сөйтіп, кім отын әкеліп беруге келіссе, хан есектеріне арнайы тапсырма беріп жібереді. 



 

—        Отынға барған соң, сендер айдағанға көнбендер. Біреуің орындарыннан қозғалмай тұр да, біреуің 

қозғалмай жатып ал. Бірің жүрсең, бірің жүрме. Осы айттқанды орындамасандар бәрінді қырамын! 

 

Хан осылай қорқытады. Есектер ханның жарлығын амалсыз орындайды. Таяққа да, қамауға да жан үшін 



шыдайды. 

 

Күндердің бірінде бұл хабарды сол елдегі тапқыр,амалшыл бір жетім бала естиді. Ханның аллдына келіп, 



отын әкеліп беруге әзір екенін мәлімдейді. 

 

—        Уәдеңізде тұрасыз ба, тақсыр, қырық есегіңізбен отын әкеліп беремін!— дейді бала. Хан мысқылдай 



күледі. 

 

—        Мықты болсаң, алып кел! 



 

Бала ханның қырық есегін алдына салып алып, тыпырлата айдап, отын әкелуге кетеді. Тауға барып, отын 

жинайды  да,  оны  қырық  есекке  артады.  Содан  кейін  айдаса,  есектер  жүрмейді.  Ыңыранып  жата-жата 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              343 bet 

кетеді. Бірін тұрғызса, екіншісі жатады. Бала әбден әбігерге түседі. Сөйтіп жүріп, күнді батырады. Бала 

олай ойлайды, былай ойлайды. Ақыры бір амал табады. 

 

—                Ойбай,  қасқыр  қаптады.  Караңғы  түнде  сендермен  әуре  болып  жүріп,  басымды  қаскырға 



мұжытпайын!— деп тұра қашады. Есектер де шоши бастайды. «Қасқырдың аузына түсіп, мылжаланып 

өлгенше, ханның өзі-ақ бауыздап өлтірсін!» деп тіл білетін есектер дүркіреп үрке жөнеледі. Табандары 

жерге  тимей,  жорта  жөнеледі.  Бәріне  отын  артылған.  Құлақтарын  қалқита,  пысылдай  пысқырынып, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет