Қазақтың дара тұлғасы, ғылым және мәдениет қайраткері, жазушы, публи



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі4,37 Mb.
#8868
1   2   3   4

МӘҢГІ БІРГЕ БОЛА 

АЛАСЫЗ БА?

Жастық шақтың жалындап тұрған шағында қара түнекке 

ұшыраймын  деп  ойламайды-ау  адамдар  сірə.  Қатарынан 

озып өскен Асхатты топ ішінен байқамау мүмкін емес. Оның 

көздері  оттай  жанып,  жарқылдап  тұратын.  Ол  қатарынан 

топ  жарып,  бір  сұлу  қызды  жар  етеді. Алайда, оның сұлу 

жүзіне  ғашық  болған  Асхат, Қорланның жан дүниесін біле 

алған жоқ.

Екеуі шаңырақ көтеріп, балалы-шағалы болады. Ел қатарлы жұмыс істеп отбасы 

қамын ойлап күн кешеді. Бірде Асхат жұмыс барысымен басқа қалаға бет алады. 

Сол  күннің  өзі  Асхатқа  өміріне  қауіп төніп тұр деген аян шақырғандай. Асхаттың 

анасы да жүрегі бір жамандықты сезіп, қайта-қайта қоңырау шалып, «байқа құлы-

ным», – деп айта береді. Ал Асхат болса, айқайды салып «бірінші рет бара жатқан 

жоқпын ғой», – деп қатты даусын көтереді. Алайда, ана жүрегі жайдан-жай дүрліккен 

жоқ, ол бір жамандықты сезіп еді. Сол түні Асхат жол апатына ұшырап, көз жанары-

нан айырылады.

Асхат ұзақ емделді, бірақ адам жанары ең нəзік мүше емес пе. Осылайша, жайнап 

тұрған көзі енді солып қалды. Ол тұйықталып кетті. Себебі жан жары Қорлан қорлық 

көрсете  бастады,  оны  келемеждеуге, ар-намысына тие сөйлегенді əдетке айнал-

дырды.  Көп  ұзамай  балаларды  алып, Қорлан төркініне кетіп қалады. Осылайша, 

барлық махаббат əңгімесі аяқталып, бұрын керемет отбасы болғандар бүгін бақыт-

сыз екі жұп, жетім күйге душар болды. Қиын-қыстау күндері Асхаттың жанында ана-

сы ғана қалды. Ана жүрегі баласының азапталғанын көріп, іштей құса болып жүрсе 

де, онысын баласына білдірмеді. Себебі ананың жүрегі баласына деген махаббатқа 

толы. Ана жүрегі – ең адал.

Адамның бəрі бірдей жақсы көре бермейді. Жақсы көру деген – қандай жағдай 

болмасын оның жанында қалу дегенді білдірсе керек. Сол себепті, «мəңгі бірге бо-

ламын» деп құр бос уəде бергенше, жүрек түкпіріне үңіліңіз. Сіз жақыныңыздың жа-

нында қандай жағдай болса да бірге бола алатыныңызға сенімдісіз бе?

Эльмира АБЕТЖАНОВА



МЕНШІК ИЕСІ:

С.Торайғыров 

атындағы Павло-

дар мемлекеттік 

университеті

Редактор: 

Жанар Елешова



Дизайнер: Н. Яницкая

Тілшілер: М. Амантай, 

Ə. Абетжанова, М. Сағидолла.



Ақылдастар алқасы: 

Қ. Алдабергенов, Ж. Бижан, 

А. Тойшыбайұлы.

Редакция мекен-жайы:

Павлодар қ., Ломов көшесі, 64, 

каб.427-А, тел.673648

• ГАЗЕТ  Қазақстан Республика сы ның 

Мəдениет жəне ақпарат ми нистр -

лігінде есепке алынып (04.12.2008), 

ол туралы №9722-Г куə лігі берілген.

• ГАЗЕТ бетіндегі автордың 

мақала лары, хаттары редакция ның 

көзқарасын білдірмейді

• ГАЗЕТ  Павлодар облыстық 

«Баспасөз үйі» ЖШС баспаханасын-

да басылды. Павлодар қ., Ленин к., 

143 үй, тел. 61-80-26

• ГАЗЕТ айына бір рет шығады, 

таралымы 500 дана. 

Тапсырыс № 2126

 



КӨЗІМНІҢ ҚАРАШЫҒЫ



 



БІЗДІҢ САУАЛ

ДемAll

8

Домбыра – қазақ халқының өте ертеде 



жəне  кең  тараған,  нағыз  табиғи  ұлттық 

музыкалық  аспабы.  Көне  Шумер  тілінен 

аударғанда  «кішкене  садақ»  деген  ма-

ғынаны  береді  екен.  Алматы  облысы, 

Жамбыл ауданы аумағынан шамамен 2,5 

ғасыр  бұрын  табылған  таста  қашалған 

суреті мен 16 ғасыр бұрын Мысыр елін-

дегі Нахт қабіріне салынған пішінінен еш 

өзгермеген.  Қос  ішекті  шертіп  ойнайтын 

музыкалық аспап ішекті, шертпелі аспап-

тар  тобына  жатады.  Зерттелген  дерек-

терге байланысты Кемел Ақышев баста-

ған бір топ ғалымдар домбыраны неолит 

д. д. 4000 жыл бұрын тастарға сылынып, 

ең алғаш қыпшақ нотасымен таңбаланған 

деседі.

Аспап  əр  түрлі  үлгіде  тұтас  ағаштан 

ойылып  жасалады.  Тоғыз,  он  бір,  он  төрт, 

жиырма  төрт  пернесі  болады.  Күй  арнайы 

құлақтарымен  келтіріледі.  Аспап  үні  қоңыр, 

құлаққа жағымды əрі жұмсақ болып келеді.

Домбыра аспабының негізгі екі түріне бай-

ланысты  аспапта  күй  орындаудың  екі  түрі 

«төкпе» мен «шертпе» қағыстары қалыптас-

қан.  Сазды  күйлер  Арқа  өңірінде,  ал  төкпе 

күйлер батыс аймақтарда кең таралған.

Аспаптағы  жоғарғы  тиектің  қалай  пайда 

болғаны жайында аңыздарда былайша əңгі-

меленген:

Шайтан тиек

Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар 

шегіп əбден қалжырап келе жатқан батыр 

жолшыбай  демалуға  аялдайды.  Сайдың 

ішіндегі  саялы  жерде  жайғасып  отырған 

соң  талдан  бір  шыбық  кесіп  алады,  оған 

жылқының қылын керіп байлайды да, ды-

быс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан 

жасаған  тым  жұпыны  аспаптан  ешқандай 

үн  шығатын  емес,  тым-тырыс,  меңіреу 

күйінде  қала  береді.  Батыр  оны  жаны-

на  тастай  салады  да,  өзі  қисайып  жатып 

ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған 

аспаптан  шығып  жатқан  дауыстан  ояна-

ды. Қолына алып қараған батыр аспаптың 

мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, 

оны əлдебіреу ішектің астынан келтіріп ор-

натып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтан-

ның ісі болды ғой», – деп ойлайды. Бəлкім 

содан бері қалған сөз болса керек, халық 

арасында  жоғарғы  тиекті  «шайтан  тиек» 

деп  атайды.  Ішекті  жылқының  қылынан 

тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспап-

тарға тəн сипат.

Келесі  аңыз-əңгімені  өз  еңбегінде  этног-

раф Өзбекəлі Жəнібеков жариялаған еді.

Зарлық пен Мұңлық

Ертеде  бір  хан  қызының  кедей  жігітпен 

көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті 

дереу дарға астырады. Екі қабат болып қал-

ған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған 

мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ 

естімес, алыс жерге апарып, жап-жасыл үл-

кен  бəйтерек  басына  ұлды  батысқа,  қызды 

шығысқа қаратып іліп кетеді. Сəбилердің көз 

жасы тамған бəйтерек солады, жүрегі тоқта-

ған нəрестелермен бірге ағаш та қуарады.

Қаңқу  əңгіме  халық  арасында  жата  ма, 

оны  естіген  ана  егізін  іздеп  жолға  шығады. 

Жолдан  шаршаған  ана  ағаш  түбіне  келіп, 

демалады  Құлағына  күмбірлеген  сарын 

естіледі. Қайдан шығатын əуен екенін білгісі 

келіп  ағаш  үстіне  шығып  тыңдаса,  жаңағы 

бəйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен ба-

сына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына 

бұтақтан-бұтаққа керіліп қалған ішектерді кө-

реді. Екі ішек самал желмен тербеліп, одан 

əуен шығады екен. «Егіз құлынымнан қалған 

жұрнақ  осы  болар»  деп  сол  ағаштан  аспап 

жасап  алады.  Батысқа  қараған  ішегі  бос-

тау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керіл-

ген екен. «Астыңғы ішек – жіңішке дауысты 

қызым  Зарлық,  ал  үстіңгі  ішек  –  бос  қоңыр 

дауысты  ұлым  Мұңлық  болсын»,  –  деп  екі 

ішекке  ат  қойып,  домбырасын  тартып,  күй 

шығарып кеткен екен.

Өткен  жүз  жылдықта  ұлы  халық  компо-

зиторы  Құрманғазымен  бірге  Дəулетке-

рей,  Тəттімбет,  Сейтек,  Байсерке,  Қазанғап 

секілді саңлақ күйшілер дүйім жұртты аузына 

қаратқан екен. Бұлар бармағынан бал там-

ған майталман домбырашы болуымен бірге 

нелер бір ғажап күй де шығарған шын мəнін-

дегі  өнер  иелері-тін.  Солардың  арқасында 

домбырада  тартылатын  күйлердің  музыка-

лық формасы үздіксіз жетілдіріле түскен-ді. 

Домбыраның техникалық мүмкіндіктері арт-

қан  сайын  домбыра  тарту  өнері  де  едəуір 

өрге басып, байи түсті.

ЖАҚЫНЫҢ 

ҮШІН 

ЖАҚСЫНЫҢ 

ЖАҒАСЫНАН 

АЛМА

Төле шешен айтты 

деген сөз

Шақшақұлы  Жəнібек  батыр 

Төле биге: Түзу мылтық, ұшқыр 

құс,  жүйрік  ит,  мақтаншақ  жігіт, 

ұрыншақ  ат  –  бесеуін  жиып 

қойдым.  Боз  бала  болып  ерлік 

қылайын  ба?  Үлгі  алып,  билік 

құрайын  ба?  Еліңде  кəрің  бол-

са – жазулы тұрған хатың. Жай-

лаған  көліңнің  алдында  төбе 

болса  –  ерттеулі  тұрған  атың 

деуші  еді,  ақыл  сұрайын  деп 

келдім, – дейді.

Сонда Төле шешен:

Менен ақыл сұрасаң

Өгізге ер салма,

Қанатың талар.

Наданға көзіңді салма,

Сағың сынар.

Досыңа өтірік айтпа,

Сенімің кетер,

Дұшпаныңа шыныңды айтпа,

Түбіңе жетер.

Жал-құйрығы қалың деп

Жабыдан айғыр салма,

Жаугершілік болғанда,

Жағдайлап мінер ат тумас.

Жақының үшін

Жақсының жағасынан алма,

Жерің тарылар.

Ит жүгіртіп, құс салсақ

Əуейі боларсың.

Əйел алсаң,

Көріктіні алма, тектіні ал.

Мақтаншақ жігіт жисаң

Жөніңнен шығарсың.

Ұрыншақ ат жаз жарға,

Қыс қарға жығар.

Тұмау түбі құрт болар,

Тұман түбі жұт болар,

Ақылдың түбі құт болар.

Қарап отырғанша

Бір нəрсеге жарап отыр.

Кəсіп болмай нəсіп болмас,

Қабырғадан қар жауса

Атан менен нарға күш,

Ел шетіне жау келсе

Қабырғалы биге күш.

Менің ақылым осы, – депті.

Бүгінгі  таңдағы 

халықтың 

көкейін-

де  жүрген  сауалдардың 

бірі  –  жолақысы  неге  қым-

бат?  Қазір  қала  маңында  жү-

ретін кейбір автобустар да жолақы 

құнын өсіріп жіберген. Бүгінде оқу орындарын-

да грант бойынша білім алатын студенттерге жол ақша-

сына деп бюджеттен ақша бөлінеді. Ал ақылы оқитындар үшін мұндай 

мүмкіндік  жоқ.  Ақылы  бөлімде  оқитын  жəне  мемлекеттік  грант  негізінде  білім 

алатын деп студенттерді бөліп-жарған дұрыс па? Ақылы бөлімде студенттер 

үшін онсыз да ата-аналары оқу ақысын төлейді.

Осы тақырыпты кең талқылау мақсатында көппшіліктің пікірін біліп, сауална-

ма жүргізген едік.

Гүлжан Артықпаева,

С.Торайғыров атындағы ПМУ аға 

оқытушысы

– 2003 жылы автобус жолақысы 20 теңге 

болды.  Ол  тұста  қалтаға  аса  салмақ  түс-

пейтін.  Қазіргі  студенттер  үшін  жолақысын 

жеңілдету керек, өйткені қалада жастар көп, 

дені  жатақханасыз,  шəкіртақысы  аз.  Оны-

мен қоса пəтер жалдайды, күнделікті тама-

ғы бар. Басқа елдермен салыстырып қара-

сақ,  Еуропада  көбі  велосипедпен  жүреді, 

бірақ оған арналған жолдар, тұрақтар бар, 

тіпті  велосипедті  автобуспен  алып  жүруге 

де болады. Ал мұндай қолайлы жағдайлар 

бізде  де  жасалса,  велосипедпен  жүретін-

дер көбейер еді. Бұл бір жағынан студент-

тер үшін қолайлы болар еді.

Нұрзағи Хабдолда,

зейнеткер ұстаз

– Біздің қаламызда кейбір қалалар мен 

салыстырғанда  жолақысы  құптарлық. 

Жанармай  тапшылығына  байланысты 

көтермесе  болғаны.  Қазіргі  жағдайда 

автобус  пен  трамвай  сынды  қоғамдық 

көліктерде зейнеткерлермен мектеп оқу-

шыларына жеңілдіктер жасалған. Бұл да 

болса  көпшілік  қауымға  көп  көмегін  тигі-

зуде. Осы аталған көліктермен қатар жо-

лаушы тасымалдайтын маршурттарда да 

жеңілдіктер  жасалса,  игілікті  іс  болары 

сөзсіз.

Мөлдір Жасұлан,

С.Торайғыров атындағы ПМУ студенті

–  Австобус  жолақысына  жеңілдік  жа-

салу  қажет.  Əсіресе,  мектеп  оқушылары, 

сонымен қатар ақылы бөлімде оқитын сту-

денттерге  міндетті  түрде  жеңілдік  жасалу 

керек. Жағдайы мен тұрмысы нашар отба-

сылар  да  бар.  Осыларды  ескере  отырып, 

жеңілдіктер ұсынылса нұр үстіне нұр болар 

еді.

ҚР  «Жастар  саясаты  туралы»  заңы-



ның  6-бап,  4-тармағында  «ҚР  күндізгі  оқу 

бөлімінде  оқитын  жастардың  жергілікті 

өкіметті  органдардың  шешімі  бойынша  қо-

ғамдық көліктерде жеңілдікпен жүру құқығы 

бар», деп анық жазылған. Бірақ, өкінішке қа-

рай  қала  ішінде  қатынайтын  автобустарда 

ешқандай  жеңілдіктер  қарастырылмаған. 

Халық қалаулылары осы мəселені қаперіне 

алса дейміз.

Амангүл ТИЛЕЙ

 



ШЕШЕНДІК 



СӨЗ

Студенттерд

і   алтасы 

жола ыны кө

тере ме?

ҚАРА ДОМБЫРАМНЫҢ ҚАСИЕТІ – 



ҚАЗАҒЫМНЫҢ БОЛМЫСЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет