Қазақтың дәстүрлі мәдениеті



бет3/3
Дата05.03.2023
өлшемі1,37 Mb.
#71645
1   2   3

Табалдырық аттау

Ұл жақтың адамдары қыз жаққа құда түсе келгенде, қыздың жеңгелері құдаларды үйге кіргізбей табалдырық аттатпай тосып алады да, «табалдырық аттар бер» деп кәде сұрайды. Дайындалып келген құдалар көйлек-көншек, не ақша беріп, табалдырық кәдесін өтеп барып үйге кіреді, төрге шығады. Оны қазақ кәдесінде «табалдырық аттау» деп атайды.

Қазақта «табалдырықтан артық тау жоқ, кәдесін өтемесең одан асқан дау жоқ, жеңгеден озған жау жоқ» деп қалжың айтып кәде өтеп үйге кіруді жақсы салт, танысудың сыры, кісі сынаудың сыны еткен. Қазақта «табалдырықта бақ тұрады» табалдырықты құрметтемеген бағынан айырылады, «табалдырықтың екі жағында тұрып қол алыспайды, ондай жерде жау болатын адамдар ғана алысады» деп санайды.

Сәлем салу

Келіннің жанұядағы қызметі мен әдептілігінің белгісі, ата-енесіне, қайын жұртына деген құрметі мен сәлемі. Беташар кезінен бастап сәлем салу басталады. Сәлемді ата-баба салтымен иіліп немесе тізесін бүгіп салады. Ал сәлемге ие болған адам: - Бақытты бол, балам! - деп ықыласын білдіреді немесе қарт аталар мен аналар жас келіннің маңдайынан иіскеп, бақыт пен берекет тілейді. Жас келін бір үйдің берекесін кіргізетін болашақ ана болғандықтан, ата-ене үйлі-жайлы болып, бала-шағалы болуларына үлестерін қосады. "Жақсы келін - қызыңдай, жақсы күйеу - ұлыңдай" деп қазақ даналары бекер айтпаған.

Келіннің келін болып түсе сала, өзіне артылған міндеттері бар. Таңертең ерте шай қою, дастарқан жайып шай беру, үй тазалығы, ауылды жерде - ошақ басындағы қызметі, мал жайғастыруы, сиыр сауып, күбі пісу. Келін болып түскен күннің ертеңіне-ақ, таңертеңгісін, осы тірліктерге араласпас бұрын, ізеттілік көрсетіп, ата-енесіне тізе бүгіп, сәлем салады. Келін үлкендер алдында орамал тартып жүреді. Ол да ұлкендерге көрсеткен құрмет.

Сүндет той

Сүндет той - қазақ даласында ежелден сән-салтанатымен ерекше аталып өтетін, көптеген өзіндік жөн-жоралғылары бар той. Сәрсенбінің сәтті күні ауыл молдасы баланы сүндетке отырғызады. Бұл рәсім былайша жүргізіледі: әкесі баланы дастарқанға шақырып, күлдіргі әңгімелер айтады, мақтауын жеткізе отырып, төсекке жатқызады. Үйде жалғыз қалған молда қолын үш рет сабындап жуып, құрал-саймандарын отқа ұстап, таза ақ шүберек, ұнның кебегі, кесе дайындайды. Молда бала көңілін аулайтын түрлі хикаялар айтып отырып, шүметайының артық терісін қаз майымен әбден уқалап, жанын кетіреді, оның қалайша шорт кесіліп қалғанын баланы өзі де аңғармай қалады. Ұнның кебегін сеуіп, қанын тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Қара қотырланған жарасы қажалып, қанамас үшін етегі кең көйлек киген бала бір-екі күннен кейін жүгіріп кетеді. (Шүметайдың артық терісін перзенті немесе ұлы жоқ ата-аналар қалап алатын жоралғы бар).

Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет