Қазақтың дәстүрлі мәдениеті



бет2/3
Дата05.03.2023
өлшемі1,37 Mb.
#71645
1   2   3
Байланысты:
473002.pptx

Құйрық-бауыр

Қазақ жолында құда түсіп сөйлесіп, құдалық бекіскенде, қыздың әке-шешесі құдаларының алдына әкеліп малға бата жасатады, ақ сары бас қойын сояды. Мол ет асады, кәделі жілігін түгел қалдырмай асады. Көрші-қолаңдарын қалдырмай шақырады. Алдымен езіліп піскен қойдың май құйрығын әдемілеп ұсақтап турайды да оның үстіне шала піскен қойдың бауырын ұсақтап турап араластырады. Оның үстіне азырақ ырымдап ақ ыдыстан айран құяды да, құдалардың алдына әкеліп қояды. «Құйрық-бауыр жедік, құдай дестік, құда болдық» деп құдалықты осы кәдемен бекітеді. Оны қазақ кәдесінде «құйрық-бауыр» деп атайды.

Құйрық-бауыр жеуде екі жақ бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болыңдар деген нанымды ырым жатыр.

Қазақ ырымында құдалық бекіспей тұрып, әсте «құйрық-бауыр» жемейді. Құдалық бекіп құйрық-бауыр жескен соң екі жақта әсте айнымайды.

Жасау

Жасау — жігіт жағынан келген қалыңмал мөлшеріне шамалас, кейде одан да асып түсетін, ұзатылатын қызға берілетін мал-мүлік.

Үйленудің қандай да түрі болмасын, қызына жасау беру — ата-ана мойынындағы борыш болып есептелетіндіктен, «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз той болмайды» дәстүрі бойынша қалыңдықтың туысқандары қызын ешқашан жасаусыз үйден шығармаған. Жасауды ұзатылатын қыздың ата-анасы дайындайды. Бұған жақын туыс, ағайын адамдар да өз үлесін қосуына болады. Қазақ аналары қыз жасауына айырықша көңіл бөледі. Әуелі шебер болсын деп ине-жіп, тоқыма қап, шай дорбасында дейін дайындайды. «Жасаусыз қыз болмайды, жабдықсыз үй болмайды», «үйдің көркі қызбен жасау», «әдемі қыздың, көрікті отауы болсын» деп қолдарынан келгенше жасауға жанын сала көмектеседі, көріктеседі.

Шарана шайқау

Жаңа түскен жас келін туыс ауылдарды қыдырып жүргенде, көпті көрген даңсалы бәйбшелер, жас келінге «шілде суына сал» деп күміс теңге, моншақ-маржан, жүзік, сырға сияқты бұйым береді. Жас келіншек босанғанда, баланы шаранасынан шайқап жуып тазартады. Шарана суды қазақтар шілде суы деп атайды. Бағанағы берген нәрселерді суға салады, оны баланы шомылдырған әйелдер таласа-тармаса шарана суын шайқап алады. Оны қазақ кадесінде «шарана шайқау» деп атайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет