ХVІІ ғасырлық тарихшы Әбілғазы Бахадүр хан өзінің «Түрік шежіресінде» баят руынан шыққан Қорқыт атаның оғыздардың елбегі (ел министрі) қызметін атқарғандығын және 95 жасында қайтыс болғандығын жазады.
Шоқанның көзқарасынша, «Қорқыт – қазақтардың бірінші бақсы-шаманы, елге қобыз үйретуші ұстаз, күйші, өлең сазының шебері».
«Қорқыт ата кітабы» 1815 жылы неміс ғалымы Х.Ф.Диц Дренден кітапханасынан «Қорқыт ата кітабының» 12 жырдан тұратын нұсқасын тауып бастырды.
Итальяндық ғалым Е.Р.Россидің де еңбегі ерекше. Ол Ватикан кітапханасынан «Қорқыт ата кітабының» тағы бір нұсқасын тауып, 1956 жылы оны итальян тіліне аударды. Эпостың аудармалары және мәтіндері Лондонда, Белградта, Бакуде, Мәскеуде, Анкарада, Стамбұлда, Прагада, Алматыда т.б. қалаларда жарық көрді. 1999 жылы «Қорқыт ата кітабының» 1300 жылдығы дүние жүзінде кеңінен атап өтілді.
Қорқыт ата мазары - ІХ-ХІ ғасырларда тұрғызылған күмбез. Қазіргі Қызылорда облысы Қорқыт теміржол станциясынан 3 шақырым жерде болған. ХІХ ғасырдың аяғында сүйегі басқа жерге көшірілген. Сырдария арнасының ауытқуынан Қорқыт мазарының қалдығы 1960 жылдары шайылып кеткен.
«Қорқыт ата кешені» - 1980 жылы Бек Ыбыраев аэродинамикалық эффектіні пайдаланып тұрғызған. Дала желінің екпінімен қобыздың үні естіліп тұрады. Ішкі жағы “түйетабан” өрнектерімен нақышталған. Қазақстандағы ең үздік тарихи ескерткіш.