|
Сорпа тағамдары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
|
бет | 4/4 | Дата | 03.10.2023 | өлшемі | 237,76 Kb. | | #112798 | түрі | Диплом |
| Байланысты: Презентация қоғамдық сана Жас сорпа – жаңа сойылған мал етінің сорпасы. Кеспе – қамыр кесінділерін салып пісірген сұйық тамақ. Тұздық – туралған етке құйылатын майлы сорпа. Ұн тағамдары[өңдеу | қайнарын өңдеу] Нан. Бауырсақ (тоқаш). Бөкпен – қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам. Салма – пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам. Атала – суға ұн салып жасаған сұйық көже. Быламық – ұннан пісірілетін қоюлау тамақ. Жайма (шелпек, қаттама және т.б.). Нанның түрлері Нанның түрлері - Бәтер – ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан.
- Жаппа нан – қазанға қарып пісірілген нан.
- Зағара нан – жүгері ұнынан пісірілген нан.
- Көмбе нан – отқа көміп пісірілген нан.
- Кісе нан – ішіне ет, картоп, орамжапырақ салып пісіретін нан тағамы.
- Қазанжаппа– қазанға қақтап пісірілген нан.
- Таба нан – табаға пісірілген нан.
- Тандыр нан – тандырға пісірген нан.
Дән тағамдары[өңдеу | қайнарын өңдеу] Дән тағамдарына бидайдан, тарыдан, жүгеріден, күріштен жасалатын тағамдар жатады. Бидайдан – бидай көже, талқан; тарыдан – тары көже, талқан, майсөк, жент ; жүгеріден – жүгері көже, бадырақ; күріштен – күріш көже, палау, сүркүріш сияқты тағамдар жасалады. Балық тағамдары[өңдеу | қайнарын өңдеу] Балық тағамдарына қарыма, қуырылған балық, балық сорпа және т.б. жатады. Жеміс тағамдары[өңдеу | қайнарын өңдеу] Жеміс тағамдарына әр түрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын–құрт, қауыншек , т.б. жатады
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|