Қазақтың ұлттық киімдері


Қазақ халқының ұлттық тағам түрлері



бет3/4
Дата03.10.2023
өлшемі237,76 Kb.
#112798
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация қоғамдық сана

Қазақ халқының ұлттық тағам түрлері

  • Қазақ халқының ұлттық тағамдары мынадай түрлерге бөлінеді:
  • Сүт тағамдары.
  • Ет тағамдары.
  • Сорпа тағамдары.
  • Ұн тағамдары.
  • Дән тағамдары.
  • Балық тағамдары.
  • Жеміс тағамдары.

Сүт тағамдары

Сүт тағамдары

Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Төрт түлік малдың сүтін және одан жасалған айран, қымыз, шұбат сияқты сусындарды халқымыз ағарғанақ деп атаған.

Сүт тағамдарының мынадай түрлері бар:

  • Сүт.
  • Қаймақ.
  • Айран, қатық.
  • Сары май.
  • Сүзбе.
  • Құрт.
  • Ірімшік.
  • Қымыз.
  • Шұбат, қымыран.
  • Айранды кейде қатық деп атаса, шұбатты қымыран дейді. Қатық – ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран.

    Ет тағамдары

    Қазақ халқының өмірінде ет тағамдары ең басты орынды иеленеді. Олардың мынадай түрлері бар:

  • Ет (жас ет, сүр ет).
  • Жаубүйрек – жаңа сойылған малдың бүйрегінен, етінен пісірілген тағам.
  • Жөргем– бунақтап өрілген ішек.
  • Жұмыр – ішіне сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып, аузын түйреген қарын.
  • Қуырдақ – майға қуырылып пісірілген ет.
  • Мипалау – пісірілген бастың миына құйқа, ішек–қарын араластырып, тұздық құйып жасаған тағам.
  • Нарын – піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғаннан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
  • Түймеш – туралып, жаншылып, майға қуырылған тағам.
  • Үлпершек – жүрек қабына май, кесек ет т.б. салып жасалған, шұжық тәрізді тағам.
  • Шұжық – шикі еттің майлы жерінен турап, тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып жасаған тағам.
  • Бұқтырма -ет,картоп,сәбізді бұқтырып пісіретін тағам

Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі

Қазақ халқының табақ тарту дәстүрі

  • Бас табақ – бас, жамбас салынып, қонақтың ең жасы үлкеніне қойылады.
  • Сый табақ – жамбас салынып, сыйлы қонақтың алдына қойылады.
  • Орта табақ – асықты жілік салынады.
  • Күйеу табақ – бір сан жілік пен төс салынады.
  • Келін табақ – ұлтабар және жүрек салынады.
  • Құдағилар табағы – жамбас немесе асықты жілік салынады.


  • Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет