Қазақтың ұлттық киімдері


Тұлып – қасқыр, қой терісінен тігілген, қыста тоңбас үшін киім сыртынан киетін кең киім



бет2/4
Дата03.10.2023
өлшемі237,76 Kb.
#112798
түріДиплом
1   2   3   4
Байланысты:
Презентация қоғамдық сана

Тұлып – қасқыр, қой терісінен тігілген, қыста тоңбас үшін киім сыртынан киетін кең киім.

  • Тұлып – қасқыр, қой терісінен тігілген, қыста тоңбас үшін киім сыртынан киетін кең киім.
  • Ішік аң терілерінен тігілген, қыста киетін сәнді киім. Түрлері: қасқыр ішік, бота ішік, түлкі ішік, жанат ішік, күзен ішік, құндыз ішік, қоян ішік, қарсақ ішік, бұлғын ішік.
  • Күпі – ішіне жабағы жүн салып сырыған шапан түрі.
  • Кебенек – жауынды, боранды күні киім сыртынан киетін су өтпейтін киім.
  • Белдемше – үй шаруасында пайдаланатын белден байланатын алжапқыш.
  • Белбеу – киім сыртынан буылатын, былғарыдан, матадан жасалатын бұйым.
  • Шалбар – ерлердің балақты бұт киімі.
  • Дамбал – ұзын балақты іш киім.
  • Лыпа – балақсыз іш киім.
  • Жарғақ шалбар – тықыр теріден тігілген шалбар.
  • Тері шалбар – жүнін ішіне қаратып тігілген қыста киетін шалбар.
  • Иткөйлек – жаңа туған нәрестеге кигізетін жөрмеп тікке көйлекше.
  • Етік – былғарыдан тігілетін қонышы ұзын аяқ киім.
  • Саптама етік – байпақ салып киетін қысқы етік.
  • Байпақ – етік ішінен киетін киізден тігілген аяқ киім.
  • Жым етік – өкшесі аласа қисық табан етік.

Шоңқайма етік – еркекке де, әйелге де арналған биік өкшелі, түрлі түсті жіппен әдіптелген сәнді етік.

  • Шоңқайма етік – еркекке де, әйелге де арналған биік өкшелі, түрлі түсті жіппен әдіптелген сәнді етік.
  • Ұлтарма – жұмысқа киетін оңай тігілетін етік түрі.
  • Кебіс – былғарыдан қонышсыз тігілетін аяқ киім.
  • Мәсі – кебіспен киетін қонышты, өкшесіз аяқ киім.
  • Шоқай етік – жұмысқа киетін аяқ киім.
  • Ұлтарақ – аяқ киім ішіне жылылық үшін салынатын киіз.
  • Шұлық – жалаң аяққа киетін жүннен тоқылатын киім.
  • Шәрке – жазда киетін жұқа аяқ киім.
  • Сандал – үсті ашық жаздық аяқ киім.
  • Шұлғау – етік, мәсі ішінен аяққа орайтын жұмсақ мата.
  • Пима – жүннен басылған жылы, қыстық аяқ киім.
  • Қолғап – қыста немесе жұмыс жасағанда киетін киім.
  • Түйме – киім өңірін қаусырынғанда бекітетін бұйым.
  • Құрысқақ – тымақ желкесін төбесіне іліп бекітетін ағаш тиек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет