Қазақтың сәндік–қолданбалы өнері.
Берілген тақырыпқа 5-6 беттік конспекті дайындау.
1.Кәсіптің түрлері: ағашты оюлау, сүйекті оюлау, теріні бедерлеу, соқпалау (чеканка), қыш бұйымдарын жасау, кілем және сырмақ тоқу, текемет басу, зергерлік іс, кестелеу және басқалар.
Ағаштан ою оятын шеберлерді халық ағаш ұстасы деп атайды. Ағаш шеберлері ағаш тамырынан ойып, айқыш-ұйқыш өрнектер салып әдемі тостақандар, бүйрек пішінді қымыз ожаулар, күміспен құймалап, асыл тастармен мәнерлеген әсем тегенелер және піспек бастар, шыны-аяқ салатын ағаш құтылар т.б. жасаған. Музыкалық аспаптар жасаған. Ағаштан түйін түю халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрлі өнерінің бірі. Сонымен қатар киіз үйді ағаш бұйымдарымен үйдің сәндік жиһаздарына сай көркемдеген. Ағаштағы оюлар оюдың көркемдік мәнері үйге көрік берерліктей нәзік
нашықталған, басқа да бұйымдардағы ою-өрнектер түсі, үқсас больш тіпті толықтырып тұрып әсем көрінеді. Қолданылатын іс-әрекет тәсілі ойма ою- өрнек сюжетін терең ойып жасау жолы. Тәйпақ оюы ою-өрнек сюжетін ағаш бетінен сәл ғана ою. Теспе оюы ою-өрнек сюжетін ағашта тесіп жасау жолдары.
Қазіргі кезде ата - бабаларымыздан қалған ою - өрнектері тоқымамен шектелмейді. Архитектуралық ескерткіштер бағалы қарапайым пішінділері үйлестірмелі болған. Табиғат сыйы адамды өмір бойы алып жүруші. Үй және шана, қабыршықталған төбе, ағаш ойыншықтар, қасық және ұршық бәрі ағаштан жасалған.
Достарыңызбен бөлісу: |