Қазақтың сәндік–қолданбалы өнері. Берілген тақырыпқа 5-6 беттік конспекті дайындау



бет6/8
Дата10.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27437
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аралық бақылау

«Кілем өрмегі» Ерекше сән мен сұлулыққа толы үй жасауы – кілемнің өрмегін «Аспалы өрмек» немесе «Кілем өрмегі» деп атайды. Кілемнің бой жіптерінің жоғарыдан төмен қарай кейде 3, кейде 4 бет болып тізілуі осы кілем өрмегіне тығыз байланысты. Ең бірінші, оның арқауы иіріліп алынады. Оған пайдаланылатын заттар: түйе жүні аралас (кейде шуда аралас) мақта, жібек. Осыларды қолдана отырып, кілем арқауын әрі мықты, әрі жуандау етіп иіріп жасайды. Бой жіптермен қатарлас түк және өрнек жасаушы жіптер тұрады. Бұл жіптер қойдың биязы жүнінен, түйенің жүнінен өзге жіптерге қарағанда бостау етіп иірілуге тиісті. Кейде бұл жіптердің бой жіптердің үстінде арнаулы күзеулерде бос тұратынын да білеміз. Оны кілем тоқушы шебер өз қалауынша суыртпақтап отырып арқау мен бой жіптерге іледі де кілемге түр салады.

Өрмек қазақтың қолөнеріндегі кілем, алаша, кілемше тәрізді бұйымдарды тоқу ісінде қолданылатын өте қарапайым әдіс. Күрделі техникасыз, барлық жағдайда қолдануға болатын, қажетті жабдықтары оңай табылатын өрмек екі түрлі. Біріншісі – аспалы немесе термелі өрмек. Мұндай өрмекке кілем тәрізді тұтас, енді заттар тоқылады. Екіншісі – жай өрмек. Ол шекпен, алаша, қап, қоржын, белбеу, терме бау, басқұр сияқты енсіз нәрселерді тоқуға арналған. Өрмекке арналып иірілген жіптер жасалатын бұйымына, салынатын жолақтарға, өрнектерге байланысты бірнеше түсті болып, олар бөлек-бөлек домалақтанып қойылады. Өрмекке жеңіл әрі жиі қолданылатын өрнектің екі түрі: «су» өрнегі, «тіс» өрнегі. «Су» өрнегі өрмектің белгілі бір шетінен ерсі жіппен қарсы жіптің өнбойын бір түсті етіп жүгірту арқылы тоқылса, «тіс» өрнегін осы екі жіптің екеуін екі түсті түрмен жүгіртіп (астыңғы жіп қара, үстіңгі жіп ақ) тоқиды, - дейді кілемшілер. Өрмекке мүйіз, өсімдік, геометриялық кескіндер тәрізді күрделі өрнектерді тоқу – «терме» тоқу (термелеп тоқу) деп аталады. Термелеп тоқу тәсілі қазақ шеберлерінің өрмек өнерінің ең бір көп тараған және көркем дүниелерді тоқуға ең қолайлы түрі. Қазақ жерінің кей аймағында терме тоқудың алты түрлі тәсілі пайдаланылады.





Сырмақ сөзі «сыру» деген сөзден шыққан Сырмақтың түрлері: көш сырмақ төр сырмақ төсеніш сырмақ Сырмаққа керек маталар: шұға барқыт жібек матасы

Киізден текеметтен басқа сырмақ жасауға болатынын жоғарыда айттық. Қазақы тір­шілікте сырмақтар – сәндік құрылымы бір­қалыпты реттілікпен салынған, оюла­рының жіктері анық жиектелуімен ерек­шеленеді. Сырмақ жасауда ақ пен қара киізді ойып, қиюластырып жасаумен қатар бір­тұтас киіз бетіне помбарқыт, барқыт, мақпал, мауыты, сәтен сияқты маталардан немесе иірілген әр түсті жіптерден де өрнек салып, сыру сияқты тәсілдерді кеңінен пайдаланған. Сырмаққа ою салу жергілікті жердің ерекшелік­теріне байланысты үш түрге бөлінеді – сыр­мақ бетіне орталық бөлікті қоршай жиек оюын түсіру және жалпы біртұтас ірі ою құ­ры­лымын орналастыру немесе екі-үш дең­гейге бөлінген ою жолдарын түсіру. Сырмақ оюларының негізін көне заманнан байлықты, барлықты білдіретін мүйіз текті оюлардың барлық түрлері кеңінен қолданған. Оюлар­ды орналастыру реті әрқашан бұрыннан келе жатқан ой-санадағы наным-сенімге байла­нысты. Орталық бөлікті жиек оюларымен қор­шауда – отбасын, өзі өмір сүрген ортаны сыртқы жаман күштерден, күйреуден сақтау, оны қоршау мағыналары сақталған.
Сырмақ сырудың, яғни сырып тігудің негізгі үш тәсілі кеңінен тараған. Олар – қайып сыру, тепшіп сыру, қабып сыру. Бұ­лар­ды негізінен жіп салып сыру және жіп салмай сыру деп екі түрге топтастырады. Қа­зіргідей тігін машиналары жоқ кезде қазақ әйелдері барлық киім-кешек, көрпе-жастық, тұскиіз, дастарқан сынды тұрмыстық бұйым­дарды қолмен тіккен.
Осылайша ата-бабаларымыз киіздің сәндік қасиетін ұтымды пайдаланып, күнде­лікті өмірде тұрмысқа қажетті, көшіп-қонуға ыңғайлы аяққаптар, кесеқаптар, төсекқаптар сияқты бұйымдар да жасаған.

Киізден жасалған бұйымдардың арасында өзінің қанық, ашық түсті оюымен текеметтер бірден көзге түсетінін айта кетуiміз керек. Мұражайлар мен ауыл үйдегі көздің жауын алатын текеметтерден қазақ халқының киіз бен текемет басудан мол іс-тәжірибе жи­нақтағанын байқауға болады. Жалпы алғанда киіз басу барлық жерде бір тәсілмен орындалатыны анық. Киіз дайын болғаннан кейін, оның бетіне түрлі боялған жүндермен қошқар мүйіз оюлардың неше түрі өр­некте­леді. Киіз басу тәсілі бір болғанымен текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі бол­ған. Текеметке ою қойғанда сары түс пен қоңырқай түстің үндестік табуына ерекше мән беріледі. Жиекке түскен иірлер ортадағы негізгі ою-өрнекпен астасып, үйлесім табуы тиіс. Ою салынғаннан кейін киізді қайтадан шиге орап, киіз бен оның бетіне салынған ою-өрнектер бір-біріне қабысқанша, тағы да пісіріп аламыз. Осылайша киізіміздi ою-өр­некті текеметке айналдыруға болады. Текемет дайын болғаннан кейін оны күн көзіне жайып, жақсылап кептіріп алған жөн. Осылайша текеметті бір күн ішінде басып шыға­руға болады. Текемет басу барысында ауыл әйелдерінің басы қосылып, әңгіме-дүкен құрады, сөз алмасып, қазан көтереді, көңіл шалқып, соңы той-думанға айналады. Көне заманнан келе жатқан әр ұлттың өз ғұрпына мән-мағына беріп, өмірдің әр күніне сән бере білген заңдылығы осы жерде айқын көрініс береді.



Қазақтың әшекей бұйымдары – халықтық қолданбалы өнеріміздің ғана емес, бүкіл ұлттық мәдениетіміздің асыл қазынасы. Зергерлер көбіне бағалы металдардың ішіндегі ең қолайлысы – күмісті пайдаланды. Қазақ зергерлері күмістің жалтыраған түсін, әр түрлі Пішіндер жасауға қолайлығын шебер пайдалана біліп, оған әртүрлі техникалық тәсілдерді пайдалана отырып, нақыштау,сіркелеу, ойып күмістеу сияқты шеберліктерді меңгерді.XIX ғасырдағы орыс әдебиетшісі А.Евреиновтың жазба еңбектеріне сүйінсек, тувалықтар мен қырғыздар да зергерлік бұйымдарына күмісті пайдаланып, асыл таспен әрлеп безендіргенін жазады.

Ертеде халқымыз тұтынатын бұйымдарының бәрін кестемен әшекейлеп безендірген. Сол сияқты қазақ халқының қолөнерінің өмірге келуі халықтың көшпелі өміріне байланысты. Атадан баласына, анасынан қызына мирас болып келе жатқан - сәндік өнерінің өзі ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Аталарымыз қызымыз бен ұлымыз сегіз қырлы, бір сырлы болуын қадағалаған. Әсіресе қыз балаға: ине сабақтап, түйме қадау, кесте тігуді, ас пісіруді үйретсе, ұл балаларымызға таспа тілу, өрім тоқу, мал сою және мүшелеуді үйреткен. Бүгінгі күннің талабына сай қолөнер түрлері де сан алуан. Кестелеу, көркемдеп тігу, ою - өрнектерін әшекейлеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет