Қазақтың сәндік–қолданбалы өнері. Берілген тақырыпқа 5-6 беттік конспекті дайындау


Қазақтың халықтық өнерінің даму тарихы



бет7/8
Дата10.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27437
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аралық бақылау

2. Қазақтың халықтық өнерінің даму тарихы.
Қазақ халқы мұқтаждықты жою үшін, баршылықты молайта беру үшін, үй жиһаздарын тиімді, қолайлы, сәнді де ұнамды етіп жасады. Соның нәтижесінде біздің бабаларымыз бен аналарымыз кейінгі ұрпақтар үшін көптеген өнер мұраларын қалдырды. Халқымыз от пен судың тар жол тайғақ кешулерінен өтіп, өрнектерінің мұрасын қалдырды. Ол қолөнер туындыларын қазіргі музейлерден көруге болады.

Қолөнер шеберлері байлыққа қосып, молшылық жасаумен қатар, сол баршылықты байыпты етуге тұрмыстық жиһаз-мүліктерімізді сәндендіре түсуге үлкен үлесін қосты. Қолөнердің әсем туындылары рухани азық болатын эстетикалық талғамын қанағаттандыратын сұлу да әдемі, тиімді де ұнамды ұлттық киімдер мен жасау- жабдықтар жасады.

Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылар мен коллекционерлердің ғана емес, ғалым – этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келген. Қазақ қолөнерінің өткендегісі мен бүгінгі жағдайын, оның өзіне тән методологиясын зерттеу, қазірдің өзінде де мәселелердің бірі болып табылады.

Халықтың қолөнері өзінің тарихы мен кейбір ұйымдастыру мәселелерінің жеткілікті зерттелмегеніне қарамастан, күнделікті тұрмысқа қажетті қоршаған затты, көпшілік тұтынатын бұйымды әсемдеуге бейім өнер ретінде, жалпы мәдени дәрежені жоғары көрсетуге тән дамып келе жатыр.

Көне заманнан келе жатқан қолөнері өзінің өсу жолында өз халқының дәстүрлі көркемдік мұрасын сақтап қалды. Қоғамдық дамудың қай сатысында болсын қоғаммен бірге дамыған қолөнері әр дәуірде өзінің өшпес ізін қалдырып, әлеуметтік-көркемдік жағынан дәуір тынысын қалт жібермей әсерін тигізіп отырды. Қолөнерінің қазіргі дәуірдегі дамуы күрделі де аса бай. Еліміз егемендік алып, өз салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тарихын зерттеп , дінін, тілін қайта жаңғыртып жатыр. Онымен бірге ол күнделікті тұрмысымызды, гүлденген өмірімізді жан-жақты бейнелеуде, халықты эстетикалық жағынан тәрбиелеуге қызмет етеді.

Ерте кездегі авторлардың (Геродот, Ктесий, Страбон) айтуы бойынша Қазақстан топырағын мекендеп, тіршілік еткен сактар мен массағаттапрдың барлық заттары әшекейленген, киімдерінің өзіне тән үлгілері болған. Мысалы, киізден жасалған төбесі шошақ бас киімі, ұзын шапаны мен көннен жасалған жұмсақ аяқ киімдеріәшекейленген.

Геродот: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Жайдың металдан істелген бөлшектері, оғы, айбалталары мыстан жасалған. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған. Сондай- ақ ат омырауындағы өмілдіріктерн де мыстан соғылып, жүген-сулығыв, ауыздығы, т. б. бөліктері түгелдей алтынмен әшекейлендіріліп, безендірілген » – деп жазады.

Қолөнерінің Қазақстан территориясында ертеден кең дамығаны мол деректерге сүйене сөз болады. Оның өркен жаюы, біріншіден, қазақ халқының күнделікті тұрмысына пайдалану қажеттігінен туса, екіншіден, халықтың өнерді құрмет тұтып, жоғары бағалауынан туған жағдай екендігі нақты мысалдармен баяндалады. Сондай-ақ өнердің әрбір саласына байланысты кейбір аталған жергілікті жерлердегі түрлерінің өзіндік ою-өрнектері, тоқылу, жасалу, орындалу технологиясы мен тәсілдері олардың бір-бірінен өзгешеліктері де айтылады.

Қазақ халқы қаншалықты тарихи дәуірлерді басынан өткізсе де, өзінің киіз жасау өнері мен киіз басып, алаша, кілем тоқу, алтын, күміс, асыл тастардан ұқсатып неше түрлі әшекейлі ою-өрнек, әсемдік заттар жасайтын қарапайым құралдарын мұра етіп сақтап қалды.

Қазақстандағы қолөнері бұйымдарының түрлерін, қосымша түрлі суреттер мен саяхатшылардың, елшілердің жазбалары мен археологиялық қазбалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары арқылы шамалауға болады. Қазақ халқын құраған этникалық топтардың қолөнер кәсібі жайлы тарихи мәліметтер бізді өте ерте заманға жетелейді. Археологиялық қазбалар мен ескерткіштерге қарағанда, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар мыңдаған жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, т.б. шикізаттарды түрлі шаруашылық кәсіптері мен күнделікті үй-ішінің мүліктеріне пайдаланып келген. Қазақ халқы өз ата-бабаларының қолөнершілік пен көркем өнердегі дағдысын мұра етіп қана қойған жоқ, оны айтарлықтай дамытып, байыта түсті. Мұның бәрі сол замандардағы нақтылы әлеуметтік жағдайларға, тарихи оқиғаларға, қоғам өндірісіне байланысты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет