«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет14/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66

Уәлиханов Ш.
Таңдамалы. 189-бет.
20


лердің философы» деп атаған Асан қайғының толғау- 
ларынан да, қайғы-арманынан да аңғарылады. Асан не 
туралы толғанады, не туралы қайғырады, нені арман- 
дайды? Асан елдің, ердің қамы, жердің қамы туралы 
толғанып:
«Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтып күн көрер!
Аяғы жоқ, қолы жок,
Жылан қайтып күн көрер!
Барары жоқ, байлауы жок,
Ерім кайтып күн көрер!
Бәріңнің де нәрің жок,
Елім қайтып күн көрер!»—
деп елі үшін шиыршық атып толғанады. Бұл толғаныс 
кеңінен болатын Абай толғанысынық прологы, баста- 
масы емес пе?!
Асанның қайғысы ақіреттің, о дүниеде не болардын, 
діндарлықтыд, тозақ пен ұжмақтың арасындағы уайым- 
ның қайғысы емес, қазақ халқының кұралу, қалыптасу 
дәуіріндегі тұрмысы, өмір сүру қиыншылықтарынын 
қайғысы.
Асанның арманы қандай, ол неден үміт күтеді? Асан- 
қайғы туралы ел арасына көп тараған аңыздардың ішін- 
дегі ен түйіндісі, негіздісі, мәндісі —«Жерұйық» идея- 
сы. Асан өз елінің, үлкені мен кішісінің, алысы мен жа- 
қынының келешегін «алланың әмірінен», «құдайдын 
жарылқауынан» іздемейді. Ол үлкен-кішінің қамын ой- 
лайтын, кішінің үлкенді сыйлайтын, барлығы тату-тәт- 
ті, бейбіт өмір сүретін, «қой үстіне бозторғай жұмырт- 
қалаған», «малға да жанға да жайлы» «Жерұйықты» 
іздейді. Бұл дүниеде сондай жердің барлығына сенеді, 
оған өз елінің жетуін армандайды. Бұл нағыз әлеумет- 
тік утопия және бұл утопия ағылшындық 
Томас 
Мордың «Утопия» деген мемлекеті емес, итальяндық 
Квази Қампанелланың «Күн қаласы» да емес (Асан ке- 
зінде қазақтарда шоғырланған қала да, бірлескен мем- 
лекет те болған жоқ), мал өсірген, күзеуден кыстауға, 
қыстаудан көктеуге, көктеуден жайлауға көшіп-конып 
жүрген қазақ өміріне, тұрмысына лайық қабысатын 
утопия. Сірә, Шоқан сондықт^ш лл Асанды «көшпенді- 
лердің философы» деуі.
Тағы бір ескерте кететін жағдай, Асан кәдімгі өмір- 
де болған адам 1 әрі халық аузында аңызға айналып
21


әулие Асан —«Асан-Ата» болып та аталады. Кү1іШ1 
Қорқыттың—«Қорқыт Ата», «Қорқыт эулие» болып 
аталуы сияқты ислам дінінің ықпалынан туған ұғымдар 
деп болжауға болады. Шындығында Қорқыт туралы да, 
Асан туралы да бізге жеткен нақтылы тарихи деректер 
жоқтың қасы. Алапда Мұхтар Әуезовтың: «Әрбір аңыз- 
әңгіменің негізінде тарихта болған адамньің кескінінің 
түбегейлі ерекшеліктері жүреді»,— дегенін ^еске алсақ, 
қазақ аңыздарында ғасырлар бойы үнемі айтылып келе 
жатқан Қорқыт пен Асанды да өнер қамын, ел қамын 
ойлаған халық ұлдары, өз кезеңінің дана ойшылдары 
деп тануға тиістіміз.
Тағы бір айта кететін жай, Шоқанның, сол сияқты 
Ыбырай мен Абайдыц да ой-пікірлерінің қалыптасуына 
дала өнерпазы, «сахара музыканты» Қорқыт пен «көш- 
пенділер философы» Асанқайғы туралы ел құлағына 
берік сіңген философиялық аңыз-әңгімелер өз кезінде 
үлкен ықпал жасады, әсіресе олардың жас кезінде, әлі 
Шығыс және орыс мәдениетімен танысып үлгермеген 
кездерінде, оларға ана сүтіндей алғашқы рухани азық 
болды. Ал Шоқан болса, өз шығармаларында Қорқыт- 
тың, Асанқайғының аттарын үлкен құрметпен атап, ба- 
ғалап көрсетіп бүкіл Европаға ең алғаш рет мақтаныш 
ниетпен жариялап, жазба әдебиет арқылы дүние жүзіне 
танытты.
Біз діннің, оның ішінде шамаи дінінің шығуы, ол 
діннің қазақтар ортасында тарауы, шаман дінінің ха- 
лық санасында, күнделікті тұрмыс-салтында алатын ор- 
ны туралы Шоқан пікіріне және шамандықтың қазақ 
даласында ислам дінінен гөрі басымырақтығына тоқ- 
талдық. Шоқан өз заманы үшін дұрыс та, құнды және 
аса озық пікірлер айтче».
Сонымен қатар Шоқанның қоғам заңдылықтарын тү- 
сінудегі көзкарастарында тар өрістілік те болған. Шо- 
қан діннің, оның ішінде шаман дімінің шығу себептері- 
нің бәрін ғылыми терен, тұрғыдан талдап бере алмады. 
Қоғам құбылыстарын түсінуде идеалистік бағыт басым 
болғандықтан діннің, оның ішінде шаман дінінің де 
шығу себебі тек қана адамдардың табиғатпен күрестегі 
әлсіздігіне ғана байланысты емес, сонымен бірге қоғам


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет