«йьері бақсылардың болмас ада,
Күткені Қорқыт еді асыл дана,
1 ігері өтксн қадым заманыида,
Дәулерге болып өтті патшазада...
Жыраудың үлкен пірі Қоркыт ата,
Бата алған тамам бақсы асқан ата.
Таң қалып жұрттың бәрі тұрады екен,
Қобыз алып Қорқыт ата күй тартқанда».
Аңыз бойынша қазақ музыка өнері Қорқьіттан бас-
талатынын жоғарыда айттық. Қорқыттың сүйеніші де,
табынатын ұлы күші де алла емес, ақірет емес — өнер!
Ол әрдайым өмірді жырлайды, оның жүрегінің лүпілі,
қобызының үні «Өмір», «Ізгілік», «Азаттық» деп соға-
ды. Осы үндер, осы лүпілдер сол Қорқыттың рухани
мұрагерлері Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбыра-
уынында», Тәттімбеттің «Саржайлауында» да жаң-
ғырып жатқандай емес пе?!
Қорқыттың «Тәңірі күйі» деген туындысына қосып
айтатын мынадай сарын бар:
«Жалғаншыға келмей бақ,
Қелсен, бірақ өлмей бақ.
Кімсің тағы дегенге
Ант берсе де сенбей бақ».
Халық арасында көп тараған, ғасырлар бойы қалың
бұқарамен қатар өмір сүріп келген Қорқыт туралы
аңыздағы бір Қорқыттың жеке басында қарама-қарсы
екі түрлі бейне бар: бір жағынан ол үлкен өнерлі күй-
ші, қобызшы, бақсы — бұл шамандық белгі, екінші жа-
ғынан ол әулие — бұл исламдық белгі. Біреулер Қор-
қытқа өнер иесі ретінде бас исе, екіншілер оған әулие
ретінде табынған. Қорқыт 0ейнесінде екі түрлі қайшы
ұғым ұштасқанымен халық санасында негізінен оның
өнер иесі екендігіне нану жағы басым. Осы жайды еске
алған Шоқан: «Сол Қорқыт қазақтарды алғаш қобыз
тартуға, сарып айтуға үйреткен бірінші шаман»1,— деуі
тегін смес.
Казак санасында дінге, оныц ішінде ислам дінінің
фанатизміне сенуден гөрі ой бостандығы, көңіл еркінді-
гі, о дүниеден гөрі бұл дүние туралы көп толғану, акі-
реттен гөрі жер үстіндегі өмірдің қамын көбірек ойлау
идеясы басым болған. Мұның бәрі Шоқан «Көшпенді-
Достарыңызбен бөлісу: