«Алты ағасы бар еді,
Алтауы да бөрі еді»,—
деп айтылады. «Қобыландыдағы»:
«Екі бөрі бас қосып,
Жетіп келді таң ата...
Тайбурыл атты жетелеп,
Қобыландыдай бөрінің
Бұлаңдаған қыз Құртқа
Алдынан кетіп барады»,—
деген жолдар адамдағы күштілік, ірілік алладан емес
табиғаттың өзінен туатынын сездіреді.
Халық өзінің қадірлі адамдарын құрметтеу, дәріп-
теу үшін «маң», «шың», «бөрі», «құс», «қасқыр», «жол-
барыс», «қыран» сөздерін қосып, онымен ел ағасы бол-
ран адамдарды атайтын болған. Мысалы, «Маңғыс»,
«Шыңғыс», «Қас бөрі», «Таңірі», «Хан тәңірі»— бәрі
«көктің», «шыңның», «биіктің» жалғасы,
сілемі деген
мағынада. Осындағы «Шыңғыс», «Маңғыс», «Тәңірі» ес-
кі гректердің «Уран», «Нептун», «Сатурн» сияқты ұғым-
дарына орайлас. Әрине, гректер мен қазақтар бір-бірі-
нен алыс жатқан елдер. Бірақ халықтар кеңістік жағы-
нан да, уақыт жағынан да бір-бірінен алшақ жатқаны-
мен олардыд табиғат, болмыс туралы түсініктерінде ұқ-
састық бола береді, өйткені дүние
танудың басты жол-
дары, тәсілдері бүкіл адамзатқа, барлық халықтарға
ортақ. Қазақ билерінің щешендік сөздері де гректің сөз
жарыстыру, пікір талдстыру сияқты диалектикалық әдіс-
теріне ұқеай береді. Мысалға, Абай мен Сократтың дін,
адамгершілік, ақиқат жөніндегі пікір салыстыру, ой жа-
рыстыруындағы
ортақ заңдылықтарға кейінірек, Абай-
дың дінге көзқарасын сөз еткен кезде тоқталамыз.
XIX ғасырдағы қазақтардың екі дінділігінің айқын
көрінісі — Қорқыт туралы аңыз. Қазақ халқынық Қор-
қытты ерекше кадірлеу себебіне Шоқан Уәлиханов ерек-
ше тоқталған. Әлкей Марғұланның айтуынша: «Қорқыт
Сырдария өлкесін қоныс еткен оғыз-қыпшақ тайпала-
рының ортасынан шыққан данышпан қария,
ақылшы
батагөй, асқан ақын, болашақты болжап сөйлеген сәуе-
гей кісі болған. Ол кісі туралы айтылған аңыз түрік тіл-
дес елдердің көбінде бар... Әсіресе қазақ пен түрікмен-
дерде көбірек кездеседі...
Қорқыттың моласы Сырда-
риянық жағасында, Қармақшыдан он сегіз шақырым
жерде, бір белестің үстінде тұр. Қорқыттың,
қобызын
17
сол молаға бірге қойғаи екен»1 Осы қобыз туралы өзі-
нен өзі мұңлы күй тартып, күңіреніп тұрады деген ацыз
бар.
Қорқыттың есімімен екі үлкен идея байланысты. Бі-
рінші идея — Қорқыттың өлімге қарсы күресі болса,
екінші идея — Қорқыт қазақ халқының санасында өнер-
дің, әсіресе музыка өнерінің атасы, бабасы. Қоркыттың
қобызы осы үлкен өнердің символы.
Бірінші идеяға тоқталсақ,
Қорқытта мұсылмандар-
дай «ұжмақ», «тозақ», «о дүние», «алла» деген ұғымдар
жоқ, ол осы дүниеде, табиғи дүниеде өлмей өмір сүруді
армандайды, өлімнен қашып кұтылуды армандайды.
Қабір емес, ахірет емес, дәулер тұратын үңгірлерді, ке-
йіннен (ислам діні тараған соң) әулиелер тұратын үң-
гірлерді іздейді. Ондай «Сәуегей орындардың» кейіигі
заманға географиялық атымен сақталып келгендері:
«Қоңыр әулие үңгірі» (Шыңғыстауда)), «Әулие үңгірі»
(Баянауылда), «Тас әулие үңгірі» (Тарбағатайда), «Қа-
зығұрт үңгірі» (Шымкент маңында), «Ақмешіт үңгірі»
(Ұлытауда), «Керейдің үңгірі» (Ойыл өзенінің бойын-
да) және тағы да басқа өлкелерде бар.
Қорқыттың өлімнен қашқандығы төмендегідей сурет-
теледі:
Достарыңызбен бөлісу: