тың
ең мәдениетті, ең бай елінде, қазірде надандық пен
жоқшылық қай жердегіден де анағұрлым басым болып
отыр. Самарқандтыд,
Ташкент пен Ферғананың, Хиуа
мен Бұхардың және басқаларының кітапханаларын, Са-
марқандтың обсерваториясын татар вандализмі мен Бұ-
хар инквизициясы талқандап жойды,
олар діннен басқа
білімнід бәріне де лағнет айтты»1,— дейді кемедгер агар-
туш ы.
«Мұсылманшылық жауыздықтың қандайда болсын
діни фанатизмінің халықтардың әлеуметтік дамуына
зияндылығын дәлелдеп жатуды біз артық деп санаймыз.
Европада да теологиялық рухтыд үстем
болуы халык-
тардың дамуына көп кесел тигізгені белгілі»,— дейді.
Шоқан мұсылман халықтарының өмірінде исламныд ат-
қарған ролі Европада феодализм дәуірінде үстемдік
еткен орта ғасырдағы құдайшыл схоластикаға ұқсасты-
ғын дәлелдей келіп, дін атаулының
бәрінің де зиянды-
лығы мен кертартпалығын саналы түрде түсінген атеис-
тік сын айта білді.
Шоқан ислам дінін прогресс жолындағы бөгет дегі
дұрыс бағалады және оның адамдардың санасын күд-
гірттендіріп, керенауландырып,
дінге сенушілерді ақи-
қаттан жалғанға, жарықтан қарақғылыққа итермелей-
тін жалғандығын дәлелдеп берді.
Көптеген мысалдар келтіре отырып,
ғылыми білім
мен діни сенімді бір-біріне қарама-қарсы қойды. Татар
молдалары мен Орта Азиялық қожалар «Құранды» да-
налық пен білімнід сарқылмайтын бұлағы деп санаса,
Шоқан керісінше, оның
ешқандай ғылыми құндылығы
жоқ, өйткені ислам догмаларының «негізі — алтыншы
ғасырдағы көшпелі арабтардың жабайы соқыр сезімі,
әр түрлі аңыз, әңгіме және сол кездегі парсы сиқыршы-
ларының фокус-мокусы»2,— дейді. Оныд адғаруынша,
«мұсылмандық пен білімділік — қарама-қарсы,
бір-бірі-
мен
қабыспайтын,
бірін-бірі
теріске
шығаратын»
ұғымдар.
Табиғат тану ғылымдарыныд қорытындылары таби-
ғат құбылыстарына бергед діни түсініктерді жоққа шы-
ғара бастаған сайын ғылым мен дід арасында күрес
күшейе түсетінін, дід ғылымныд дамуына кедергі бола-
тынын айтады. Өз қорытындыларын дәлелдеу үшін Шо-
Достарыңызбен бөлісу: