«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет24/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66

Уәлиханов Ш.
Таңдамалы. Орыс тілінде. 84-бет.
2 Бұл да сонда. 230-бет.
31


кан «Құраннан» және ескі кітаптардан үзінділер келті- 
реді. Ислам дінінің әлем кұрылысы туралы түсінігі 
«Птолемейден кейін ашылған астрономиядағы барлық 
жаңалықтарды жоққа шығаруға тырысады»,— дейді 
Шоқан. Мұсылман діні шыққан кезде ел арасында көп 
тараған, кейіннен ислам дінінің догмасына айналдырыл- 
ған космогониялық, медидиналық және басқадай жалган 
аңыз-әңгімелер, тұрпайы түсініктер — табиғаттану ғы- 
лымдарының кейіннен ашқан жаңалықтарына қарама- 
қарсы келеді. Бұл жерде Шоқан Коперниктің система 
сын Птолемей системасына қарсы қояды.
«Құранда» айтылғын фантастикалық және мистика- 
лык пікірлерге соқыр сезіммен сенуді талап етіп, ислам- 
ның догмалары «поэзияны, тарихты, математиканы, фи- 
лософияны және табиғаттану ғылымдарының бәрін 
жоқка шығарады, оларды дәрменсіз, адам ақылының ал- 
дануы деп қарайды, адамның рухани қажеттігін «тек 
мұсылмандық схоластика және казуистикамен» қана- 
ғаттандырмақ болады.
Қожа-молдалардың зиянды іс-әрекеттерінің салда- 
рынан Орта Азия халықтарының зиялылары бұрынғы- 
дай «өлең мен мемуар жазбайды, өздерінің ата-бабала- 
ры жасаған астрономиялық кестелерді де ұмытып ба- 
рады, оның есесіне күн сайын тобырланып мешітке 
барғыштайды». Бұл фанатизмге итермелей береді.
Діни-схоластикалық тәрбие адамды «өзінде ешбір 
шындық ой жоқ», «ешкім нанғысыз фантастика мен өлі 
схоластикадан» басқа ешбір іс-әрекетке жетелемейді
енжар етеді, оның санасын уландырады, ойлау қабіле- 
тін шырмайды, ғылым мен білімге дұшпан көзімен ка­
рай, ислам білімінен басқа білімнің бәріне, мұсылман 
дінінен басқа діндердің бәріне лағнет айтады»1,— дейді 
Шокан.
Шокан ислам дінінін, надандық ыкпалы тек қазақ- 
тарға ғана тиіп қоймай, бүкіл Орта Азия елдерінің бір 
кездегі үлкен мәдениетін өте төмендетіп жібергенін бір- 
неше рет қынжыла сөз етеді. Өзінің «Жоңғар очеркте- 
рінде»: «...қазіргі кездегі Орта Азия өзінің қоғамдық 
құрылысы жөнінен қайғырарлық кұбылысты елестете- 
ді, дамудың паталогиялық бір дағдарысына ұшырап 
отыр. Ескі жұртта қалған су құбырлар, каналдар мен 
құдықтар тым -көп-ақ. Барлық жер талқандалған қала-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет