болашақта халық
бірлігін жою
қаупін
тудырып
отыр»1,— дейді Шоқан.
Қазақстанның Россияға бағынуы мен қосылуы тура-
лы сөз еткенде, осы мәселеге діннің, дінге Патша үкіме-
ті саясатының көп эсер еткендігін, Россияда екі Россия:
бірі — отарлаушы патша үкіметі, орыстың помещиктері
мен чиновниктері, миссионерлері, казактары бар екенді-
гін, сонымен қатар, екіншісі — орыс халқының, езілген
еңбекші шаруаның озық мәдениеті мен әдебиетінің, ре-
волюцияшыл демократтары мен ұлы жазушыларының
отаны болды.
Зеңбірек «тілімен» сөйлеген — орыстық генералда-
ры, казактары, чиновниктері. Патша генералы Скобе-
левтің Орта Азия халықтарын жаулау, отарлау тәсілде-
рі туралы «Прошлое Казахстана» деген кітапта былап
делінген: «Скобелев, сам ответственный за убийство при
Геок-Тепе 8000 без защитных текинцев, оправдывал свое
поведение тем что продолжительность мирных отноше
ний азиатами прямо пропорциональна насилию, которые
вы учиняете над ними. Скобелев заявлял: «чем сильнее
вы бьете их, тем дальше после этого они будут пребы
вать в спокойствии. Моя система состоит в том, чтобы
бить сильно и бить до тех пор, пока полностью не будет
сломлено сопротивление, затем сразу установить поря
док, прекратить избиения и стать добрым и гуманным»2
Патша үкіметі қарулы күшке коса, Россия империя-
сыныц баска да аймақтарындағыдай, Қазақстанда да
миссионерлік саясат жүргізіп, қазақтарды христиан ді-
ніне бағындырмақ та болды дедік. Осы миссионерлік
саясатты қазақ даласында іске асырмақшы болғандар-
дың бірі, XIX ғасырдағы Россия патшалығыныц мемле-
кет қайраткері, «Сібір қырғыздары туралы уставтың»
жобасын жазған М. М. Сперанскийді сынай келіп, Шо-
қан: «Бізді қайран қалдырғаны сол Сперанский өзінің
«мекемесі» жайында айтқанда, қазақтар — сөз жүзінде
ғана мұсылмандар, сондықтан оларды христиандыққа,
т. б. дінге айналдыру оңай. Бұл салауатты, ақылды
адамның осындай надандық, тағылық ілімді уағыздау-
шы таратушы болуына не зор келді екен?.. Казақты
христиандыққа айналдыру саяси жағдайға сай келтағғр
тін еді»3,— деп көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: