«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет31/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай


Уәлиханов Ш.
Таңдамалы. 199-бет.
2 Б \л да сонда.
38


тар шығарды. Оның бұл ісі озық орыс мәдениетіне ұш- 
тасу бағытында прогрестік роль атқарғанымен, басқа 
әрекеттері бір халықты бір хальғққа бағындыру жольш- 
дағы рухани озбырлық пен зорлықтың дәл өзі еді. Пат- 
ша өкіметі христиан миссионерлерімен бірлесе отырып
Қазақстағіда орыстың революцияшыл демократтарының 
идеяларып таратпау үшін де христиан, ислам діндерін 
уағыздаумен болды. Миссионерлік кітаптарды «бөгде 
тілдсрге» аударудағы мақсатын К. И. Ильминский бы- 
лай деп түсіндіреді: «Бөгде тілдердегі кітаптар бөгде- 
лердің кұдайға құлшылығы, әулие, шіркеулерге бөгде 
тілдегілердің' құрметі — менің снарядтарым»1.
XIX ғасырдағы орыстың ұлы жазушылары мен рево- 
люцияны қостаушы демократтарының қазақ халқының 
рухани өсуіне, дамуына тигізген үлкен әсерін орыс мис- 
сионерлерінің іс-әрекеттерімен шатастырмау керек. Мис- 
сионерлердің мақсаты — халықтық сананы, ұлттық са- 
наны қалыптастырмау, қазақ халкының тарихын, елді- 
гін, тегін ұмыттыру, халықтың бетін христиан дініне 
бұру. Бұл идеяның қателігін орыс халқы мен қазақ хал- 
қының арасындағы тарихи жол, бағыт айқын көрсетті.
Ислам дінін қазақ халқының санасына молдалар 
мен қожалар арқылы сіңдіру саясаты да, қазақтарды 
христиан дініне көшіру, шоқындыру саясаты да Қазак- 
станнық кең сахарасында айтарлық нәтиже бермеді. 
Осы жағдайды түсінген патша үкіметі ислам діні мен 
христиан дінінің арасынан жаңа дін шығармақ болды. 
Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік-шығысында 
генерал-губернатор болған Г X. Гасфорт 1855 жылы 
Орталык Қазақстан, Жетісу және Тарбағатай өлкелерін 
аралайды. Шоқан төтенше тапсырмалар орындайтыи 
офицер ретінде аталған жерлерде Гасфортпеи бірге жү- 
реді. Сапардан оралған соң қазақтардың рулары және 
діні жайлы ресми қағаздар жазады. Осы жұмыстармен 
танысқаннан кейін Гасфорт қазақтардың тұрмысына 
ерекше жаңалық кіргізбек болып, христиан діні мен ис­
лам дінінің арасынан «аралық дін» жасамақ болады. 
Бұл аралық дінді жұрт келемеж, мазақ етіп, «Гасфорт 
діні»2 деп атайды. Гасфорттың бұл жобасын Шоқан да 
сықақ етіп, оны «бастық жобалаған таулар» деп атаған. 
Бұл кертартпа жоба да, әрине, ешбір іске аспайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет