«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет49/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66
60

Алтынсарин Ы.
Таңдамалы шығармалар. 193-бет.
2 Бұл да сонда. 341-бет.
3 Сонда. 270-бет.


сам онда мен... таза қазақ тіліне жаратылыстану тари- 
хынан бірнәрсе аударған болар едім. «Балалар дүниесі» 
(«Детский мир») маған өте ұнап кетті, өйткені онда 
менің аудармақ болып жүрген нәрселеріме жарамды ма- 
қалалар көп екен».
Дін мен дін иелеріне қарсы күресті Ыбырай өзінің 
көркем шығармалары арқылы да жүргізді. Осы мақсат- 
пен педагог-жазушы халыққа түсінікті етіп қараңғы- 
діық пен надандықты әшкерелейтін көптеген әңгімелер 
жазды. Діни түсініктерге негізделген, қараңғылықты 
сынауға арналған шығармаларының ішінде ерекше еске 
аларлығы —«Лұқпан әкім» мен «Надандық» туралы әң- 
гімелер. Біріншісі туралы біз жоғарыда айтып өттік, ал 
«Надандық» деген жалпы атпен аталатын қысқа да қы- 
зықты 4 әңгіменің біріншісінде арамза молдалардың: 
«неке қиярым» деп бір ат, «бала туарым» деп асыл зат, 
«ат қоярым» деп тағы бір семіз ат, «сүндет бастым» деп 
үш түйе, «күнәдан құтылтарым» деп ысқатқа бес түйе 
сұрайтын жемқорлығын суреттейді.,
Екіншісінде, төбесін қамыспен жапқан үйі бар бір 
кісінің үйі төбесіне шығып, шөп жеп жүрген лақтар те­
бе ойылып, ішке түсіп кетеді, содан сон, енесін іздеп, ма- 
ңырайды. Үй иесі лақтарды шайтан екен деп ойлап 
қатты қорқып, жалаңаяқ, жалаңбас күйі мал-мүлкін 
тастап, қатын-баласымен қаша жөнеледі. Бұл әңгімеде 
лақты шайтанмен шатастырып өз үйінен өзі безген на- 
данды келеке етеді.
Тағы бір әңгімесінде, надандар есінен танып жатқан 
адамды өлді деп ойлап, тірідей көмеді. Ал ол көмген- 
нен кейін біраздан соң есін жиып, дыбыс шығарады. 
«Бұл бір сұмдық.болды, енді оның кесапатына ұшыра- 
малық»,— деп бүкіл ауыл отырған жерінен көше бас- 
тайды. «Мүмкін ол өлмей, тек есінен танып қалған адам 
болар, көрді ашып көрейік» деген жолаушыға: «Ойбай, 
мырза, айта көрмеңіз... ол адам о дүниеде күнәсін тар- 
тып жатыр» деп бой бермеген надандарды зілді сықақ- 
пен әжуалайды.
Діни тәлім-тәрбие адамға «о дүниедегі ұжмақтан» 
үміт еткізіп, енжарлықты, керенаулықты, құлшылдық- 
ты, тағы сол сияқтыларды уағыздаса, Ыбырай өзінің 
әнгімелерінде еңбек сүйгіштікті («Өрмекші, құмырсқа, 
қарлығаш», «Эке мен бала»), білім құмарлықты («Сө- 
темірхан»), талаптылықты'(«Талаптың пайдасы»), ұқып- 
тылықты («Бір уыс мақта»), рақымшылықты («ПІеше
61


мен бала», «Мейірімді бала», «Полкан» деген ит»'», нэп- 
сіге берілмеуді («Жәнібек батыр»), т. б. адамгершілік- 
ке тән игі қасиеттерді дәріптейді.
Қорыта айтқанда, педагогтік қызметінде, жазушы- 
лық творчествосында Ыбырай қараңғылық пен надан- 
дыққа, дін мен дін иелеріне қарсы күрес идеясын Ыбы­
рай үздіксіз жүргізеді. Ұлы педагог, ағарту жұмысына 
жан-тәнімен берілген халық қамқоршысы, ардагер жа- 
зушы Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан оқу орындары мен 
соған арнап жазған оқу құралдары арқылы да, мето- 
дикалық шығармалары мен халық-ағарту мәселелері 
туралы жазылған жазбалары, рапорт, есепті баяндама, 
нұсқаулары арқылы да, оқудағы балалардың үйлеріне 
жазған хаттары мен өзінің ғылыми еңбектері аркылы 
да, көркем әңгімелер мен жоғары оқу орындарына, дос- 
тарына жазған хаттары арқылы да қазақ сахарасында 
білімнің рухын себеді, ағартушылықтың туын жоғары 
көтереді, діни фанатизм мен соқыр сезімді, шаманизм 
мен сопылықты әшкереледі.
Өз кезіндегі тарихи жағдайларға байланысты ағар- 
тушы дінге, дін иелеріне төзімділік жасады, тіпті кей 
уақытта олардың айтқанын орындап та отырды. Мыса- 
лы, кейбір жерлерде, ықпалды ауыл ақсақ.алдарының 
талабы бойынша, Ыбырай өз мектептерінде дін саба- 
ғын да жүргізді. Бірақ ол мұнысын ағартушылық жұ- 
мысындағы ірі кемшілік деп санады.
Торғай мектептерінің инспекторы болып жүрген ке- 
зінде ол Ақтөбе мектебінде болып: «Бұл мектепте мен 
байқаған бір ғана кемшілік — жергілікті қазақ қартта- 
рының тілегі бойынша тағайындалған дін сабағының 
оқытушысы молда Құбынияз болып отыр. Бұл бір өте 
сыңарезу, топас және өзіне берілген кеңесті де түсіне 
алмайтын адам. Сондықтан оны дін оқытушылық кыз- 
метінен мүлдем босатып жіберген мақұл болар еді, бі- 
рақ олай етіп мектеп төңірегіндегі қазақтарды және 
олардың қарттарын ренжітіп алмайын дедім»,— дейді.
Ол заман Құбынияз сияқты топастар мен сыңарезу- 
лердің заманы болды. Феодалдар шетінен ағартушы 
Ыбырайды емес, молда Құбыниязды жақтаушы еді. 
Ыбырай өзі ашқан мектептерге кажетті қаржыны, кө- 
бінесе ел ішінен жииайтын, демек мектеп ел ішіндегі 
ықпалды ақсақалдарға тәуелді болды, сондыктан да 
олармен және олардың рухани өкілі Кұбынияздармен
62


санаспайынша, 'ол ешбір істі алға бастыра алмастай 
еді. ^
Бұл феодалдардың үстіне отаршылдардың өкілі — 
патша чиновниктері келіп қосылатын. Олар шамасы- 
ның келгенінше бұратана халықтарды қараңғылықта, 
жоқшылықта ұстауға тырысатын. Ыбырай оларға да 
көп тәуелді болатын, олардың ғұзырынсыз, өз ойын өз 
бетімен іске асыра беруге ерікті емес еді. Ол 1862 жылы 
26 январьда жазған бір хатында патша чиновниктерінің 
ағартушылық жұмысына, мектеп үйін салуға, мектеп 
ашу мәселелеріне көрінеу көзге кедергі болып отырған- 
дығын, қазақ халқының мәдениетінің көтерілуіне олар- 
дың қарсы екендігін тура айтады. «Қазақтарды оқыту 
жөнінде бастықтарымыз бекіністердің жанынан мектеп 
салудан гөрі, үйлерінің онсыз да қызыл төбелерін боя- 
тады, онсыз да ақ қабырғаларын ақтай түскенді тәуір 
көреді»,— деп жазады.
Патша чиновниктеріне христиан дінінің өкілдері — 
миссионерлер келіп ұштасатын. Патша үкіметінің мис- 
сионерлік саясаты — бұратана халықтарды христиан ді- 
ніне тікелей шоқындыру саясаты — қальщ бүқараны 
ағартушылық жұмысының барлық түрінен, Европа мә- 
дениетінен, оның ішінде орыс халқының мәдениетінен 
де үркітетін. Осының саддарынан бідімнен, ғылымнан 
хабары жоқ қарапайым халық патша үкіметі жүргізіп 
отырған миссионерлік саясат пен ұлы орыс халкының 
мәдениетінің айырмашылығын түсіне алмай, бірін-бірі- 
мен шатастыратын. «Орыс шоқындырады» деп қоркып, 
орыс халқының игі істерінен де өз бойын аулақ ұстауға 
тырысатын.
Сонымен қатар, патша үкіметінің әкімшілік орында- 
рында істейтін қазақ чиновниктері мен халықтың іші- 
нен шыққан қазақ ағартушыларын да бірін-бірінен то- 
лык айыра алмай, көп адамдар бұларды да қатар қо- 
йып, «мұның бәрі де шоқындырушылар» деп санап, өз 
ағартушыларынан өздері үркетін болған. Бұл жағдай- 
ды ру басылары мен ұлтшылдар пайдаланып, ағарту- 
шыларды «дінсіздер», «шоқынғандар» деп түсіндірмек 
болса, патша чиновниктері мен патшашыл байлар казақ 
ағартушы демократтарын —«бұлар орыс халқын жек 
көреді, ақ патшаның жауы» деген жала жауып, соңына 
түсетін болған. Бұл айтылғандарға Шоқан, Ыбырай, 
Абай үстінен жазылған арыздар толық дәлел бола ала- 
ды. Патша үкіметінің миссионерлік саясаты бұратана
63


халықтар мен орыс халқының достасуына да, шет ай- 
мақтағы халықтардың арасында ағартушылык жұмы- 
сын жүргізуге де көп зиян келтірді.
Осы жағдайларды аңғарған Ыбырай миссионерлік 
ағымға, Россиядағы басқа халықтардьі христиан дініне 
кушпен шоқындыру ісіне қарсы тұрды. Дүние салары- 
ның алдынан төрт-бес ай ғана бұрын В. В. Катарин- 
скийге жазған бір хатында орыс-қазақ оқытушылар 
мектептерінде миссионерлік іс жүргізіп, онда «інжіл 
мен онын, парыздарын уағыздай бастаған» бір оқыту- 
шының зиянды іс-әрекетін Ыбырай толық әшкерелеп 
береді. Оқытушының жүргізіп отырған миссионерлік іс- 
орекетінің қазақ арасындағы ағартушылық жұмысына 
үлкен зиян келтіретіндігін айта отырып Ыбырай: «оның 
бұл қылығын қазақтар естіп қоймасын, нағыз бәлеге 
сонда қаламыз», оқытушыдан оқушылар ақылды болып 
шықты, олар «ата-аналарымыз мектептен шығарып 
алып, оқып, білім алуға жол бермей қояр» деп қауіп- 
теніп, әлгі оқытушының уағыздарын тістерінен шығар- 
май жасырыпты. Әйтпегенде мұнымен (христиан дінін 
уағыздаумен)) тек оқытушылар мектебінің келешегін 
ғана емес, сонымен қабат, жалпы орыс-қазақ мектепте- 
рінің бәрінің де келешегін мүлдем бүлдіріп алуымыз 
мүмкін.
Бұл мәселе, Василий Владимирович, меніңше, өте 
маңызды 
мәселе, сондықтан, 
мұны 
кешеуілдетуге 
болмайды. Орскіде беделі күшті екі қазақ губернаторға, 
министрге шағым беруге ойлары барын айтты. Орыс- 
қазақ мектебі арқылы білім алуға мәңгі зиян келтіретін 
бір масқара жанжал көтеріліп кетуі мүмкін. «Сон- 
дықтан да миссионер-оқытушыны» басқа бір жерге (мүм- 
кін болғанынша тезірек) аудару, оның орнына басқа 
біреуді тағайындау жайын қарастыра көріңіз... Бұрата- 
на халық арасында ол жақсы әкім, не инспектор бола 
алмайды»,1— деп ағартушы миссионерлікке қалтқысыз 
қарсы шығады.
Миссионерлік ағымның екі түрлі зияны бар екендігін 
Ыбырай толық аңғарады. Біріншіден, ислам дініндегі 
ғазауат идеясы мұсылмандарды христиандарға өштесу- 
ге шақыратынындай, миссионерлік идея христиандарды 
мұсылмандармен өштестіреді, бұл жағдай орыс халқы 
мен казақ халқының арасында достықты дамытпайды,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет