«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет47/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66

Алтынсарин Ы.
Таңдамалы шығармалар. 193-бет.
2 Бул да сонда. 202, 206-беттер.
58


біліыге, өнерге бастайды. «Қазақ халқы аздаған халық, 
оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспа- 
ғына сыя алмайды: оның ой пікірі еркін; оның келешегі 
үшін оған тек сана сезім жағынан жалпы білім мен пай- 
далы енерді үйрену керек»1,— деп болашаққа бағыт сіл- 
тейді. Діни оқу орындары қазақ жастарынан діндар 
адамдар тәрбиелеп шығаруға ұмтылса, Ыбырай өз мек- 
тептерінщ алдына жас ұрпақтан жаңа ұғымдағы аза- 
маттарды дайындап, өсіруді мақсат етіп қояды.
Ыбырайдың ағартушылық және атеистік көзқара- 
сында ерекше көңіл қоярлық бір жағдай — оның қазақ 
қыздары үшін оқу орнын аштыру жөніндегі қызметі. 
Бүкіл шығыс әйелдері ежелден ислам дінінің сан алуан 
ауыртпалығын бастан кешіріп келгені көпке мәлім. Со- 
ның ішінде, әсіресе қазақ қыздарының көрген күні өте 
аянышты еді. Патриархалдық-феодалдық дәстүр бойын- 
ша казак әйелдерінің еншісі — малға сатылу, сатып ал­
кан күйеуі өлсе, әмеңгеріне тию, таңертеднен кешке де- 
йін үйдің ауыр жұмысын атқару — мал сауу, от-ын, су 
әкелу, бала тәрбиелеу еді. Ерінің жүзіне тура қарап, оны 
есімімен атау да оған мін көрінуші еді. Қазак әйелде- 
рінің аянышты қалін Ыбырай «Орынбор ведомствосы 
қазақтарының құда түсу, қыз ұзату және той жасау 
дәстүрінің очеркі» атты этнографиялық еңбегінде айқын 
көрсетеді.
Ағартушылар өмір сүрген кездегі қазақ әйелінің көр- 
ген күні —«қайда барсаң да — Қорқыттық көрі» еді.
Дііне, осындай қатал дәстүрге қарсы болған ұлы 
ағартушы езілген қазақ әйелдерінің келешегін ойлап, 
қыздар үшін училище аштыруға бар ынтасымен ат са- 
лысты. Феодалдар мен шамандардың, молдалар мен 
қожалардың қасарысқан қарсылығын жеңе отырып, 
Ыбырай казақ халқының тарихында тұңғыш рет, 1889 
жылы қайтыс боларынан біраз ғана бұрын, Ырғыз ка- 
ласында қыздар училищесін аштырды. Қазіргі Алматы- 
дағы кыздар педагогикалық институтының арғы рухани 
негізі — осы Ыбырай ашқан Ырғыз училищесі десек, 
Қазақстанда әйелдердің азаматтық білім ала бастауы- 
ның тарихы содан басталады десек, ешбір қателеспей- 
міз. Әрине, Ырғыз училищесі мен қыздар институтының 
айырмасы жер мен көктей. Бұл жерде мәселе тек руха­
ни мұрагерлік тұрғыдан ғана сөз болып отыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет