Шарап өндірісінің жаңа инновациялық технологиясы.
Асханалық шарап өндірісінің ең негізгі технологиялық операцияларының бірі болып бірінші фракциядан суслоны бөлу және оның қысқа уақыт ішінде максималды шығымын қамтамасыздандыру болып табылады. Көптеген зерттеулер мен әлемдік тәжірибе жетістіктері нәтижесінде қоректендіргіш бункерде жүзімді вибромерациялау әдісі ойлап табылды. Бұл әдістің ерекшелігі- валкалы ұнтақтағыш бөлгіш бункер вибратормен қоршалған, ал валколар резинадан және губкадан жасалған жұмсақ жапсырмалармен жабдықталған.
Соққылы импульс алған бункердегі жүзім жидектері айтарлықтай үлкен фракцияда бос ылғалдылық және оның жемісінен жылдам бөліну бейімділігіне ие болады. Осыдан процестің негізгі режимнің берілген есептерін қамтамасыз ету керек.
1-сурет. Ұнтақтағыш бөлгіштің жұмыс жасау схемасы.
ұнтақтағыш; 2- қабылдағыш бункер; 3- вибратор; 4- губкадан жасалған жапсырма; 5- резиналы жапсырма.
Жүзім жидектері бункердің қабырғасынан соққылы импульс алады. Бұдан жидектер өздерінің жоғарыдағы орындарынан бірін-бірі итере, бункердің ортасына қарай қозғалады. Бұл жеміс жұмсағының оның қабығынан бөлінуімен қоса жүреді. Жидектерді ауыстыру бойынша статистикалық күштің түрі.
Мұндағы К-салыстырмалы қарсылық коэффициент, Н/м;
Хд-біркелкі дәрежеге қатысты жидектердіараластыру, м.
Бункерде берілген амплитуда бойынша жидектерді алмастыру теңдігін диссипациялық күшті есептемей-ақ жазуға болады:
Алғашқы жағдайда бұл теңдіктің шешімін табу:
Мұндағы: u-қазіргі уақыт, с
Сондықтан, бункер қабырғасынан жидекке әсер ететін күш:
Егер қандай да бір уақытта P(T)›Pg жағдайы орындалса, онда жидектің белсенді мацерациясы жүреді. Дірілдеткіш есебінде бункердің қабырғасымен бірге әсері бар жұмыс органын қабылдауға болады.
2-сурет. Бункердің қабырғасымен бірге әсер ететін дірілдегіштің схемасы
Бастапқы кезде жұдырықша жидекте әсер етуден бастайды. Содан соң бұрылу кезінде қабырға жұдырықшадан босап, серпімділік күші оны бастапқы қалпына келтіреді.
Соққылы жұдырықшаның әсерінен қабырғалардың горизонтальдық жылжуының нәтижесі:
Мұндағы, Рк-жұдырықшаның радиусы, м;
Р- маховик радиусы, м.
Жылжыту жылдамдығын анықтау үшін уақыт бойынша дифференциалдап, орнына қоямыз:
t =
Есептеудің нәтижесі бойынша, жидекті нәтижелі мацерациялау үшін керекті күш алу үшін теңдік 2,5 Н, қабырға жылдамдығы 4,6 м/с болуы керек екендігін көрсетті.
Достарыңызбен бөлісу: |