Тұрсынкүл шебер би бабамыздан жеткен құнды жәдігерді қалпына келтіру сәтінде орын алған тосын жайттар хақында тылсымнан суыртпақтап сыр тарқат
Қазыбек бидің шапаны Ұлттық музейдің Тарих залында тұр. Жәдігерді бидің жетінші ұрпағы Алтын Қожахметов 2008 жылы Президенттік мәдениет орталығына өткізген. Парша матадан тігілген шапанға алтын, күміс, мыс жіптерден «құмыра», «құс қанаты», жұлдызша, өсімдік тектес өрнектер жүргізіліпті. Шапанның жалпы ұзындығы – 135 см, жеңінің ұзындығы – 70 см. 1665-1765 жылдар аралығында өмір сүрген Қаздауысты Қазыбек бидің зерлі шапаны біз көрген шапандарға мүлде ұқсамайды. Түсі де ерекше. Үш ғасырға жуық сақталған