Меланхолик. Флегматикке ұқсас, бірақ оны баяулылығынан тануға болады. Ал оның астарында үлкен эмоциялылық, қозғыштық пен әсершілдік жасырынған. Тыныш, қауіпсіз тез әрі жауапты әрекеттерді талап етпейтін жағдайда жықсы қызмет етеді. Меланхоликтің өзін өзі төмен бағалауы оның қабілеттерін, дағдыларын, іскерліктерін және мүміндіктерін жеткілікті дәрежеде көрсетуіне мүміндік бермейді, тіптен олардың дамуына кері әсерін тигізеді. Тұрақсыз меланхолик темпераменттегі менеджер үлкен сезімталдыққа ие әрі психикалық процестердің қозғалмалылығына, аға басшылардың бұйрықтарын тез орындау қабілетіне, қоғамдық жұмыстағы белсенділікке, жақсы идеяны ұсыну мен диспуттарды жүргізу іскерліктеріне ие. Байсалды жағдайда кіші үзбелідегі басшының міндеттерін жақсы орындайды, әрекеттерге деген тұрақты дайындыққа ие. Сонымен бірге онда ашушаңдық, тұрақсыздық, импульсивтілік, ойластырылмаған әрекеттерге бейімділік, дөрекілік те байқалады. Үлкен басшылардың алдында қорқыныш сезінеді, жаңа тапсырысты аларда толқиды, оны үлкен қиындықпен орындайды. Қоластындағы адамдардың арасында көбінде беделсіз, басқа менеджерлермен қақтығысып қалады. Әлсіз меланхолик темпераментіндегі менеджерлер талап, ынтам ерекшелінеді. Оған жауапкершіліктің жоғары деңгейі, принципшілдік, әділдік, қоластындағыларына деген орынды қатынас, сыншылқдық және өз өзіне деген сыншылдық тән. Кейде оны мейірімді жақсы дос, ұжымның сүйікті мүшесі деп атайды. Осындай қызметкердің іс әрекеті мен қарым қатынасындағы кемшіліктердің ішінде тез шаршауды, тез шешімге келе алмау мен сақтықты, тұйықтықты, бастамашылдықтың төмендігін, өзге ықпалына көнгіштікті, пессимизм мен қырсықтықты атап кетуге болады. Инертті меланхолик типіндегі менеджерге үйреншікті міндеттерін орындауда ұқыптылық пен ынта, тұрақты көңіл күй, қарапайымдылық, өзіндік сыншылдық пен достықта тұрақтылық тән. Қоластындағылармен ережеге байланысты өзара қатынастарды ұстанады, сирек дауласады, дау дамайларға қатыспайды, қоластындағылардың өтініштері мен ұсыныстарын назарсыз қалдырмайды, мақтауды байсалды қабылдайды, өз іс әрекетін мұқият талдайды. Алайда оның кейбір кемшіліктері де байқалуы мүмкін. Іс әрекеттің бір түрінен екіншісіне ауысқанда қиналады, күрделі жағдайда сенімсіздік танытады, оқуда енжар да реакциялары тежеліп отырады, қауіпті ситуацияларда шешімділік пен бастамашылдық таныта алмайды, ұжымның ойына селқос қарайды, өз бетінше жүруге, жалқаулыққа үйір.
Флегматик эмоциялық қозуы әлсіз болады, қызуланып желікпейді, елеуреп ашуланбайды, көңіл-күйлері байсалды, орнықты қалпында ұзақ сақталады, баяу өзгереді, жарқырап қуануы да, жабырқап қайғыруы да қиын, аз қозғалады, сылбыр, керенау қимылдайды, сезім күйлерін дене қимылдары білдіріп тұрмайды, мимикасы, өзге қимылдары мәнерсіз. Бір сарынды монотонды сөй-лейді. Кісімен араласып жақындасуда мардымсыз, іске ырғалып-жырғалып барып кіріседі. Іс-әрекетін байсалды, тиянақты орындайды, бастаған ісін қадағалап істейді, аяқтап щығады. Оған шапшаң, әртекті қимылдарды талап етпейтін жұмыс лайық, жұмыс істеу ырғағы орташа. Қуатты жақтары – орнықтылық, ұстамдылық, қысымды ұзақ мерзімге сақтап қалу іскерлігі байқалады. Жұмысқа зейін қойып, мұқият даярланады, салыстырмалы түрде ұзақ кіріседі. Біртекті, бірсарынды жұмысты неғұрлым сәттті орындайды, табанды. Үйреншікті жағдайда флегматикті жайбасарлығына сөкпей, қолпаштап, көмектесе тездеткен жөн. Флегматиктің тарапынан қате кеткенде басшы одан қатаң талап ете алады. Флегматик темпераментіндегі менеджерге қызмет пен жұмыста сенімділік, жеке басының сенімділігі, табандылық пен қайсарлық, ауыртпашылықтарға деген шыдамдылық, қоластындағылардың арасында бедел, оларға кез келген көмек көресту ниеті, бір немесе бірнеше қызметтестерімен достықта тұрақтылық тән. Қиын жағдайларда мүдірмейді, эмоциялы жүктемелерден қорықпайды, дау дамайларға қатыспайды, көзегенін аяғына дейін орындауғы тырысады.
Достарыңызбен бөлісу: |