Қазірге дейін мамандармен қолданылып келген басқарудағы А. Файольдың 14 ұстанымына сыни пікіріңіз


Темперамент типтерінің адамдардың еңбек әрекетінде, басқа адамдарға немесе өз-өзіне қалай көрінетіндігіне баға беріңіз



бет9/69
Дата25.05.2023
өлшемі232,68 Kb.
#96901
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69
2. Темперамент типтерінің адамдардың еңбек әрекетінде, басқа адамдарға немесе өз-өзіне қалай көрінетіндігіне баға беріңіз.
Адам мінез-құлқын жарқын бейнелейтін индивидуалды тұлғалық ерекшеліктердің ішінде ерекше орынды темперамент алады. Темперамент дегенде, қарапайым адамға тән табиғи мінез ерекшеліктері және динамика, тонус, өмірлік әрекеттерге бірқалыптылық реакция деп түсінуіміз қажет. Темперамент индивидтің барлық психикалық көріністерін бейнелейді. Ойлау, эмоция, ерік күші сөз ритміне және темпіне әсер етеді. Сонымен қатар, темпераменттен тұлғаның қызығушылықтары, әлеуметтік бекітілімдері, моральдық тәрбиесі тәуелді емес екенін есте сақтауымыз қажет. Темпераментті зерттеуге адамзат баласы ежелден ұмтылыстар жасаған. Дәрігер Гиппократ, содан кейін Гален адамдардардың мінез-құлқын түсіндіретін индивидуалды ерекшеліктерді түсіндіруге мумкіндіктерін жасаған. Гиппократ (б.э.д 5ғ), адам денесінде төрт түрлі сұйықтық бар: қан,сары және қара өт, шырыш. Осының біреуі адам денесінде болатын болса, тұлғаның мінз-құлқын анықтауға болады деген. Темперамент атаулары осы сұыйқтық аттарына тән осы қүнге дейін сақталып келеді. Гиппократ бұларға жақсы анықтама бергенімен, оның себебін түсіндіре алмады. Оған қарағанда адам организм ерекшеліктерімен байланыстыра білген ғалымдардың бірі И.П.Павлов болды. Оның түсіндіруі бойынша, темперамент адамның жоғарғы жүйке әрекетіне байланысты дейді.
Қызметтегі іс-әрекетті талдау үшін темперамет типтерінің жалпылама сипаттамасы үлкен қызығушылық тудырады. Темперамент жалпы немесе арнайы (кәсіби) қабілеттерді анықтамайды. Бір темпераментті адамдар жоғары немесе төмен қабілетті болса, әр типтегі адамдар бір салада сәтті қызмет етуі мүмкін. Алайда темпераменттің қайсыбір күйлері кәсіби іс-әрекеттің бір жағдайларында жетістікке жетуге ықпал етсе, дәл сол іс-әрекетті атқарған басқа жағдайларда адамға кедергі келтіруі мүмкін. Темпераменттің нақты түрлеріне: шыдамдылық, ұстамдылық, реакциялардың тездігі сияқты өте жоғары талаптарды ұсынатын мамандықтар болады. Ондай жағдайда аталмыш мамандыққа темперамент типі бойынша сәйкес келетін мамандардың іріктелгені қажет. Психологтар темперамент типтерінің адамдардың мінез-құлықтарында, еңбек іс-әрекетіне, басқа адамдарға және өзіне қатынастарында қалай көрініс беретіндігін талдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет