Сангвиниктің эмоциялық қозуы шапшаң, күшті, бірақ тұрақсыз. Көңіл-күйі әп-сәтте өзгереді. Ол — әсершіл адам. Ұнатқан, сүйген нәрсесіне елігіп әуестенуі де оңай, жеңсігінің басылуы да жылдам. Төңірегіндегі уақиғаларға, нәрсенің мән-жайына елең етіп, кеңілденуі де, басқа нәрсеге ауып кетуі де тез. Көңілі көтеріңкі болып келеді. Ұзақ уақыт мұңайып жүрмейді. Бастан кешкен сезім күйлері санасында елеулі із қалдырмайды. Шапшаң да икемді, қозғалғыш та қызу, еті тірі, сергек. Сезім күйлерін сыртқы қимылдары әйгілеп тұрады. Көтеріңкі, мәнерлі сөйлейді, мимика қимылы көп. Ақжарқын, ашық. Мұндай адам басқалармен жылдам жақындасады, бірақ қатынас-байланысында үстірттік болады, қызықтырған іске бейімділігі, талабы, талпынуы көп, бірақ оп-оңай солғындап қала береді, бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жүмысы аяқсыз қалады. Уәде береді, бірақ оны орындай алмайды. Бір сарынды, бер текті және баяудан басқа кез келген қызметте сенімді. Ол тапқырлықты талап ететін қозғалмалы жұмысты ұнатады. Сангвиник жоғары психикалық белсенділігімен, қуаттылығымен, еңбекке қабілеттілігімен, қозғалыстардың тездігі мен жылдамдығыменым ишарасының әртектілігімен, сөйлеу тілінің жылдам ырғағымен сипатталады. Мақсатқа бағдарланғандықтан оған табандылықпен және шыдамдылықпен жетуге тырысады. Жұмысқа тез кірісіп, ырғағпен қызмет етеді. Сәтсіздіктер мен қателер оның көңілін бұзбайды. Дербестілік пен әрекеттердің еркіндігін қалайды. Сангвиникпен істес болғанда ұзақ кеңес беріп, міндеттерді егжей-тегжейлі түсіндіріп жатудың қажеті жоқ. Оған деген қалыпты, орынды қатынас ең тиімдісі. Тәрбиесі жеткіліксіз сангвиник – менеджерде қызметке қызығушылығы жоғалғанда міндеттеріне ресми қатынас, сынға жауап ретінде қырсықтық пен ызақорлық, достықта сенімсіздік сияқты теріс қасетттер байқалуы мүмкін.
Холериктің эмоцияға берілуі шапшаң. Сезім күйлері оқыс ауытқып, құмарта көтеріліп кететін шыдамсыз, күйгелек кісі. Әп-сәтте қызып кетіп; күйіп-піседі. Ашуланса, бұрқ-сарқ етіп, қызу екпіні сарқылып барып басылады, бастан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, қимыл-қозғалысы шапшаң. Икемсіз оқыс қылық-тарына карамастан, қызулы, жігерлі, пысық және іс-әре-кет атқаруға бейімді келеді. Жүмысқа құмарта беріліп, екпінмен істейді, анық, әсерлі, мәнерлі сөйлейді. Сезім күйлері сөзінен, мимика, пантомикасынан білініп тұрады. Холерик-менеджерге реакциялардың тездігі, қызметтегі іс-әрекетте қозғалмалы, қуатты, барлығының алдында болу ұмтылысы тән, қоластындағыларын жақсы басқара алады. Күрделі жағдайларда батылдық таныта алады, тәуекелге бел буып, қауіп-қатерлерді жеңе алады. Қоғамдық жұмыста үлкен белсенділік, сыншылдық, бастамашылдық, дербестіік танытады. Холерик өте көпшіл, эмоциялы байланыстарды тез қалыптастырады, жетекшілікке табанды ұмтылады, қоғамдық көзқарас пен қоластындағылардың бағаларына аса сезімтал келеді. Мәдениеті төмен холерик-менеджерде тұрақсыздық, ұстамсыздық, оғаштық сияқты теріс қасиеттерді байқауға болады. Ол көбінде ұжымда ерекше орынға ие болғысы келеді, достарын тез ауыстырады, әлсіздердің кемшіліктерін ашық түрде күлкіге айналдырады, кейігіш, өшпенді келеді. Көңіл күйі тұрақсыз, сезімдері тез әрі күрт өзгере береді. Холерик бөлімшелердегі даулар мен қысымның себепшісін болуы мүмкін. Жұмыстан шығарылса, тәртіпті бұзушылардың тобын басқарып, жағымсыз қылықтарды таратуға бейім келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |