Қазірге дейін мамандармен қолданылып келген басқарудағы А. Файольдың 14 ұстанымына сыни пікіріңіз


Акцентуация типіне байланысты мінез ерекшеліктеріне тоқталыңыз



бет32/69
Дата25.05.2023
өлшемі232,68 Kb.
#96901
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69
Акцентуация типіне байланысты мінез ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Әрбір адамда тұлғалық сапалары мен ерекшеліктері түрліше байланысқан. Қайталанбас психологиялық тұлғалық ерекшеліктер мен индивидуалды ерекшеліктер нәтижесінде «мінез» қалыптасады. Мінез- адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде, әрекет кезінде және тұлғаның әлеуметтік әрекет ерекшеліктерінің үстінде көрінетін психикалық әрекеті. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
Мінез құрылымы сыртқы орта мен тәжірибе әрекеті процесінде қалыптасады.Мінез күшіне әрекет түріне, әсері байланысты. Мінездің басты негізі біртіндеп қалыптасады, өмір процесінде нығаяды. Ал нақты өзгеріске ол адамдармен қарым-қатынас кезінде немесе ситуацияға байланысты өзгеруі мүмкін. Мінездің бөлек қасиеттері бір-біріне байланысты және байланысу нәтижесінде мінез құрылымын құрайды (структура характера). Мінез құрылымында екі ерекшелік тобын бөліп қарастырады. Мінез ерекшеліктері дегенде, түрлі әрекет түрінде көрінетін тұлғалық ерекшеліктер деп түсу қажет. Және осы арқылы белгілі бір жағдайларды оны анықтауға болады. Бірінші топ ерекшеліктеріне тұлғаның бағытталуын көрсететін(орнықты қажеттіліктер, орнатылымдар, қызығушылықтар, бейімділіктер, мақсаттар, идеалдар. Екінші топқа интеллектуалды, еріктік, эмоционалды мінез ерекшеліктері жатады. Мінез құрылымын анықтау-мінездегі негізгі және қиын қарым-қатынаста шартталған спецификалық ерекшеліктерді орнату. Мазмұны жағынан мінез адамның қоршаған ортаға, әрекетке, басқа адамдарға, өз-өзіне деген қатынастағы жүйе ретінде қарастырылады.
Қоршаған ортаға қатынасы тұлғаның бағыттплуында көрінеді. Ол оның әрекетінде, көзқарасында,қажеттіліктерінде байқалады. Жалпы адамдардың қоршаған ортаға деген қатынасы жайлы идеялы және идеясыз айтуға болады. Идеялы мінез белгілі бір нақты көзқарасы бар адамдарды жатқызуға болады. Керісінше ,идеясыз мінезді адамдарға нақты көзқарасы жоқ, өзгелердің айтуымен жүретін адамдарды жатқызамыз. Идеялы мінезді ерекшеліктеріне оның мақсат бағытталуын айтуға болады. Еңбекке қатысты әрекетті және әрекетсіз мінез деп бөледі. Әрекетті мінезді адамға еңбегін ұйымдасқан ететіндей мақсат бағыттылығы бар адамдарды айтады. Әрекетті, алайда ұйымдаспаған адамдар сырттан әбігер көрінеді, мақсаты жоқ болуымен ерекшеленеді. Әрекетсіз мінезді адамдар пассивті. Адамдарға қарым қатынасы жанындағылармен қарым-қатынас жасау негізінде көрінеді. Өмірде жеңіл қарым-қатынасқа түсетін адамдар кездеседі. Олар оңай танысып, тілдесе алады. Мұндай адамдарды ұшқалақ мінезділер дейді. Мұндай адамдарды үнемі қадағалап бақылап отыру қажет. Адамдардың (общительность) барлық адамдармен қарым-қатынас жасау, әңгімелесуі таңдамалы, қызығушылықтарына байланысты негізделеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет