Қазірге дейін мамандармен қолданылып келген басқарудағы А. Файольдың 14 ұстанымына сыни пікіріңіз



бет53/69
Дата25.05.2023
өлшемі232,68 Kb.
#96901
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Жоғарыдан төмен қарау әңгімесушілердің бойының айырмашылығы мен олардың позаларының әртүрлігімен сипатталады. Және бұл көзқарас тәкаппарлықтан туындауы мүмкін.Қисық көзқарас әртүрлі болу мүмкін. Ол тәкаппарлық, жек көрушілікпен қатар, адамға жағуды да көрсетеді.
Адасқан көзқарас бәріне бірдей қызығушылықты немесе жоғалған затты іздеуде көрінеді. Нақтыланған көзқарас әңгімелесуші адамнан өзін жоғары сезініп күшін көрсетумен сипатталады.


2. Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде адамдардың жүріс-тұрысын басқару мақсатында психологиялық білімдерді қолданудың тиімді әдіс-тәсілдерін жетілдіріңіз.
Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдерінде адамдардың жүріс-тұрысын басқару біздің ата-бабамыздан қалған салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымыз мен мұсылман қауымында адамның жүріс-тұрысына тиым салынған әдеттеріміз, адамдармен қарым-қатынас жасауда өте жақсы көретілген.
Адам қоғамының тұрмысын, оның қағидаларын, құрылымын, даму заңдылықтарын зерттеу, таным теориясы арқылы мемлекет және құқықтың құрылымын, маңызын, мақсатын білу және заң ғылымының барлық саласында зерттеудің әдіс-тәсілдерін жетілдіріп, қоғамдағы құбылыстардың даму процесінің жаңа заңдылықтарын ашу:

  • эвристикалық функция.

  • онтологиялық функция.

  • гносеологиялық функция

Адамдардың жүріс тұрысына әсер ететін құқық нормаларында бекітілген тәсілдер: саяси үндеулер мен бағдарламалар; тыйым салу; міндеттеу
Адамдардың жүріс-тұрысына әсер ететін құқық нормаларында бекітілген тәсілдер: міндеттеу; тыйым салу; саяси үндеулер мен бағдарламалар

В.Н.Князевтің басқару жүйесіндегі жеке тұлға түсінігіне тоқталыңыз.
В.Н. Князев тұлға құрылымы бір мезетте екі принципқа негізделген бір – бірімен тығыз байланысты әлеуметтік қасиеттердің жиынтығынан құралған деп түйіндейді. Біріншісі тұлғаның ең жалпы, ең қиын әлеуметтік қасиеттері өзіне ең қарапайым, жекеше қасиеттерді жинайды. Екінші принцип бойынша қасиеттердің байланысы әрқайсының бір- бірінен тәуелсіздігін қамтамасыз етеді ( бұл адамдардың еңбек ортасындағы күйін көрсетеді: олардың жұмыс мақсаты бір, ал әр адам өз тарапынан жұмысты бітіруге өз мүддесін ұсына алады). Тұлғаның осы күрделі құрылымы түйсік құрылымына әсер етіп, қоршаған ортаны қабылдаудың қажетті және қажетсіз компоненттерін, өзін – өзі тану , өзін – өзі сезіну және өз – өзіне қатынасы қасиеттерін қамтиды. Тұлға дегеніміз тек қана талапшыл жүйе ғана емес, сонымен қатар өздігінен ұйымдасушы жүйе. Тұлға болу дегеніміз өзін – өзі және басқаларды әрдайым қадағалап отыру, сонымен қатар өз тәртібін өзіне бағындыру үшін әдіс – тәсілдердің көптеген түрлеріне иелік ету. Тұлға болу дегеніміз – таңдау еркіне ие болу және соның салдарын тарту. Осының бәрін іске асыру үшін жеке тұлға дүние және өз дүниесін танудың концепциясын құруы тиіс. Бұндай жекеше философия « Мен- концепциямын» деген атауға ие.
«Мен – концепциясы» субъекттің өзі туралы қалыптасқан, иерархиялы түрде ұйымдасқан, динамикалық мінезге ие, жалпылама және тұрақты жүйе деп есептейді. «Мен – концепциясы» өзін – өзі сезінудің әртүрлі қырларын көрсетеді.
Өзін – өзі сезіну құрылымынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  1. «Меннің» негізгі және қосымша мақсаттарын сезіну («Мен әрекет етуші субъект»);

  2. Өзінде бар және өзінен көргісі келетін қасиеттерді сезіну («Шындықты Мен» және «Мінсіз Мен);

  3. Өзі туралы танымды, когнитивті пікір қалыптастыру («Мен бақылаушы объект ретінде»)

  4. Өзі туралы эмоциялы, сезімге толы пікір қалыптастыру

Осылайша өзін – өзі сезіну қамтиды:

  • Өзін – өзі тану (өзіне – өзі деген интелектуалды қатынас)

  • Өзіне қатынас (өзіне – өзі деген эмоциялы қатынас)

Өзін – өзі сезінуді талдау кезінде «ағымдағы Мен» және «тұлғалы Мен» екі түсінікті қолданады. «Ағымдағы Мен» түсінігінде ағымдағы уакыт аралығында өзін – өзі сезінудің нақты пішіндерін, яғни өзін – өзі сезінудің әрекеттер процесстерін көрсетеді. «Тұлғалы Мен» - бұл өзіне деген қатынастың тұрақты құрылымды сызбасы, «ағымдағы Мен» ұғымының ядросы. Өзін – өзі сезінудің әр актысында өзін – өзі танудың және өзіне деген қатынастың элементтері байқалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет