Оқу практикасының өту кестесі:
1-апта бойынша орындалатын тапсырмалар: 23.01. – 28.01.2023ж.
1. Оқу практикасының мақсаты, міндеттері, ережелері мен қойылатын талаптары туралы сипаттаңыз.
2. Студент-практиканттың құқықтары мен міндеттері.
3. Студент-практиканттың сыныппен, сынып жетекшісімен, мектеп психологымен бірлесіп жұмыс жүргізуінің сипаттамасы.
4. Психологиядағы әдіс пен әдістеме туралы ұғымдарға түсініктеме беру.
1. Оқу практика кезінде студент практикант келесі дағдыларды қалыптастыруы қажет:
- мектеп бағдарламасы бойынша шетел тілі пәндерінен сабақ жүргізуді меңгеру;
-практика өтетін жерге уақытында келу;
-практика бағдарламасында бекітілген жұмыстарды толығымен орындау;
-мектептің күн тәртібіне бағыну;
-практика жетекшісінің беретін тапсырмалары мен бұйрықтарын нақты және шығармашылық жағдайында орындау, мектеп жұмыскерлерімен бірге жұмысқа деген жауапкершілікті саналы түрде түсіну;
-есеп беру құжаттарын уақытында тапсыру;
-пән бойынша жылдық жоспарды үйрену;
- тақырыптық жоспарды жүргізу;
- сабақта әр түрлі көрнекіліктермен жұмыс істеуді үйрену;
- сынып жетекшісі рөлін атқаруды меңгеру;
- ұйымдастырушылық және кәсіптік тәжірибені игеру;
- сыныптағы тәрбие сағаттарын өткізуге ынталану;
- белгілі тақырыпты қызықтыөткізуді меңгеру;
- пән тақырыбына ашық сабақ жүргізе білу;
- сынып оқушыларна писхологиялық мінездеме түзуді меңгеру;
2. Студент – практиканттың құқығы:
Студент-практикант кез-келген жағдайда өзін ойландырған сұрақтар төңірегінде педагогикалық практика жетекшісіне, кафедра меңгерушісіне, факультет деканына, мектеп әкімшілігіне, мұғалімдерге жолығуға.
Оқу-тәрбие үрдісін жетілдіру мен практиканы ұйымдастыру туралы өз пікірін ортаға салуға, ұсыныс айтуға.
Унивеситеттегі өзіне қажетті кафедра мен кабинеттерден әдістемелік көмек алуға.
Мектеп кітапханасы мен кабинетіндегі бар құралдарды, көмекші жадығаттарды пайдалануға.
3. Мектеп психологының жұмыс бағыттары
Психопрофилактикалық жұмыстар жүргізудің мақсаты мектеп мұғалімдеріне жүйелі түрде психологиялық кеңестер бере отырып, олардың психологиялық сауатын көтеру. Оқушыларда кездесетін психикалық ауытқушылықтың алдын алу шараларын жүргізу, бала психологиясындағы өзгерістер туралы ата-анаға дер кезінде психологиялық кеңестер беріп, олардың алдын-ала сақтандырып отыру.
Мектеп жағдайындағы психопрофилактикалық жұмыстарға жататындар:
•
Балалардың мектептегі оқуға психологиялық даярлығын анықтау (ес, зейін, ерік, ойлау, сөйлеу, қабылдау т.б.);
•
Бастауыш сынып оқушыларының мектептегіоқуға тез бейімделуін анықтап, ата-аналар мен ұстаздарға ұсыныстар беру;
•
Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысындағы психологиялық ерекшеліктеріне зерттеу жүргізіп, психологиялық кешеуілдеумен ауытқушылықтарды анықтап, оны жоюға бағытталған шаралардың бағдарламасын жасау;
•
Оқушылардың әрбір психикалық үрдістерінің, сезімі мен еркінің, қабілеті мен мінезінің дамуына үзбей зерттеу жүргізіп, ұсыныстар беру;
•
Арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізуді қажет ететін оқушылар үшін пән мұғалімдерімен бірлесе отырып, арнаулыбағдарламалар дайындау;
•
Интернат типіндегі мекемелерге қабылданатын оқушылар үшін арнайы психологиялық зерттеулер жүргізіп, олардың өзіндік ерекшеліктерін анықтау;
•
Оқушылардың тұрмыс жағдайларына, оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктеріне (күрделілік, олқылықтар, мұғалімнің өзіне тән психологиясын түсінбеу т.б.) байланыстыолардың жүйке жүйесінің бұзылуының алдыналу;
•
Педагогикалық ұжымда үйлесімді психологиялық ахуалдықалыптастыру, ұстаздар мен оқушылардың, ата-аналар мен ұстаздардың арасында сенімдібайланысты қалыптастырып, психологиялық ынтымақтастықты орнату.
4. Ғылымның алдына қоятын негізгі мақсаты –өз нысанын жан-жақты танып білу, оның белгісіз сырларын, заңдылықтарын ашып айқындау. Мұндай мақсатты орындау үшін ғалымдар зерттеудің әр түрлі амал-тәсілдерін қолданады. Ондай амал-тәсілдердің жүйесі мен жиынтығын зерттеу әдістері деп атайды. Тіл білімінің зерттеу әдістеріне айтылғанда әдіс (метод), әдістеме (методика), әдіснама (методология) және тәсіл (прием) деген терминдері қолданылады. Алдыңғы үшеуінің ішіндегі ең жалпысы және мағынасы жағынан ауқымдысы –әдіснама да, ал нақтылысы –әдіс термині.
Әдіснама (методология) –жаратылыс пен қоғам өміріндегі құбылыстардың зерттеудің, танып-білудің, түсіндірудің жалпы ғылымдық, философиялық бағыт-бағдарын, жолын көрсетеді. Ол барлық ғылым салаларына ортақ. Мысалы: бұрынғы Кеңес Одағындағы мұндай әдіснамалық принцип –тарихи материализм немесе маркстік диалектика деп аталынған. Ол барлық ғылым салаларына басшылық жасады және бірден-бір ғылыми жол деп есептелінді.
Ал әдіс (метод) дегеніз –әр ғылымның тек өзіне ғана тән арнаулы зерттеу жолы, амалы. Яғни ол –әр ғылымның өз нысанын теориялық тұрғыдан зерттеуде қолданылатын амал-тәсілдердің жиынтығы. Мысалы: биология ғылымында –биологиялық әдіс, тіл ғылымында –структуралық әдіс деген сияқты.
Әдіс, белгілі дәрежеде, әдіснамаға тәуелді, соған бағынады. Әдіснама дүниедегі алуан түрлі құбылыстарды ғылыми тұрғыдан танып-білудің жалпы ұстанымдарын белгілейді. Әрбір ғылым өз нысанын зерттеуде қандай әдіс қолданса да, оны ортақ әдіснамалық ұстанымға бағындырады.
Достарыңызбен бөлісу: |