Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет11/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

дұрыс ашылып, адекватты түрде қабылдануы деуге болады.
Алғаш Ч.Моррис еңбегінде сөз болған прагматика мәселелеріне Ю.С.Степанов, Р.Карнап, А
ван Дейк, Д.Ф.Алиференко, Г.Г.Матвеева, О.С.Москальская сынды ғалымдар үлкенді-кішілі
зерттеу жұмыстарын арнап, прагматика теориясын дамытуға өзінше үлес қосты. Сонымен
қатар А.Г.Баранов, Г.Г.Почепцов, С.А.Сухих, М.М.Молчанова, Т.М.Прохорова т.б. ғалымдар
мәтінді прагматикалық тұрғыда зерттеді. Олар автордың объективті болмыс пен оның
мазмұндық материалына қатысын қарастырып, прагмалингвистикалық бағытты біршама
дамытты. Соңғы сипаттағы зерттеулер функционалдық стиль түрлеріне арналып, көптеген
ғылыми нәтижелерге қол жеткізілді.
Соңғы жылдары тіл ғылымының дербес саласына айналған прагмалингвистиканың
алғышарттары қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде бастау алғаны белгілі. Атап айтқанда,
М.Оразов сөз семантикасының прагматикалық аспектісін қарастырса, А.Алдашева
публицистикалық терминдердің прагматикалық ерекшеліктерін, Б.Момынова газеттік
лексиканың прагматикалық аспектісін, З.Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің
прагмалингвистикалық аспектісін, Д.Әлкебаева қазақ тілі стилистикасының прагматикасын,
С.Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының прагматикасын, Б.Хасанов сөздің лексикалық
мағынасы мен прагматикасын, Б.Райымбекова қазақ және орыс тілдеріндегі газет мәтінінің
прагматикалық аспектісін, Ф.Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық функциясын
қарастырса, Г.К.Ихсанғалиева тақырыпаттарға прагматикалық талдау жасаған.
Т.Ш.Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп нүктенің қолданысын прагматикалық



тұрғыдан зерттеген. Ал Р.А.Омарова неміс тіліндегі газеттер материалы бойынша баспасөз


дискурсына прагмалингвистикалық талдау жүргізсе, С.Қ.Ережепова орыс және қазақ
тілдеріндегі ресми-іскерлік стильдің прагмалингвистикалық аспектісін салыстыра зерттеді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары газет мәтінінің жекелеген жанрларына арналған зерттеулер де
пайда болды. Мысалы, М.С.Абишева ақпараттық жазбаның (информационная заметка)
құрылымы, семантикасы және прагматикасын диссертациялық деңгейде арнайы қарастырған.
Ал біздің мақсатымыз – қазіргі қазақ газетінің тілін прагмалингвистика тұрғысынан кең ауқымда
қарастыру. Әсіресе, тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттерінің даму бағыттарын анықтау,
қазіргі қазақ авторларының публицистикалық шығармашылығындағы ізденістік жаңалықтарды
айқындап, аксиологиялық тұрғыдан баға беру. Газет арқылы тіліміздің бүгінгі қоғамымыздағы
бет-бедерін, қолданыстық ахуалын көрсету. Өйткені адам өмірінің саяси, экономикалық,
мәдени, тұрмыстық т.б. салаларын түгелдей қамтитындықтан газетте алуан түрлі тақырыптар
қозғалады. Соған сәйкес газет материалдары да бірнеше жанрда жазылады.
Газет мәтіні – семантикалық құрылысы жағынан, функциясы тұрғысынан, мәтінді қабылдап-
түсіну жағынан ерекшеленетін публицистикалық стильдің бір түрі. Ол бұқаралық аудиторияға
ақпарат таратып, жеткізудің ерекше құралы ретінде танылып, автордың саяси-прагматикалық
позициясын көрсетеді. Зерттеу нысанамыз – жалпы газет мәтіні болғанымен, біз ресми
басылымдарда айрықша орын алатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет