Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


«Медиа-мәтін – ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы



бет14/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53
«Медиа-мәтін – ғаламның ақпараттық бейнесін құраушы 
негізгі ұғым» деп аталады. Қазіргі кезде бүкіл адамзат электронды БАҚ-тың әсер ету
объектісіне айналып отырғаны мәлім. БАҚ түрлерінің қай-қайсысында да қолданылатын
әмбебап құрал ретінде медиа-мәтін әлеуметтік-реттеуші қызметін атқарады. Академик
Р.Сыздық қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің даму барысында көркем әдебиет стилінің
жетекші орын алатынын, яғни доминанта стиль екенін айта келіп былай дейді: “Сөз жоқ, бұл
күнде тіл тәжірибесінде публицистиканың, көпшілік информация құралдары – баспасөздің,
радио мен телевидениенің де рөлі күшейе түскенің мойындау қажет” [3,81]. Әртүрлі БАҚ-та
медиа-мәтіннің өзіндік ерекшеліктері болатыны мәлім, дегенмен, оның әмбебаптық сипаты
негізінен өзгеріссіз қалады. Ал біздің жұмысымызда оқырманға біршама қол жеткіліктілігімен
ерекшеленетін мерзімді баспасөздегі, яғни жазбаша формадағы медиа-мәтін – оның
адресанттың мақсатты түрде жүзеге асырған әрекетінің жемісі, нәтижесі және прагматикалық
стратегиясын жүзеге асырушы, сәйкес формаға түсірілген, арнаулы өңдеуден өткізілетін
нысан ретінде жан-жақты қарастырылды. Медиа-мәтін – әлеуметтік-сөзжұмсамдық құбылыс,
жоғары деңгейдегі коммуникативтік бірлік, ол социум өмірінің барлық саласындағы ақпаратты
қамтитын ауқымды дүние [4,175]. Сонымен жұмысымызда медиа-мәтінге қатысты мынадай
тұжырымдар жасалды:
Медиа-мәтін – БАҚ арқылы жүзеге асырылатын ақпараттық-коммуникативтік процестің
маңызды элементі;
Медиа-мәтін қарым-қатынастың өзге түрлерінің жүзеге асырылуы үшін қолданылатын
сөзжұмсамдық әрекет формасы;
Коммуникацияның аяқталған, тиянақты және тұтас бірлігі;
Медиа-мәтін ақиқат болмыстың қандай да бір үзігінің репрезентациясы болып табылатын
күрделі, құрастырылмалы моделі;



Медиа-мәтін – оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді интерпретациялаушы көп құралдың


ішіндегі аса әлеуеттісі;
Медиа-мәтін – мәтіндік интерпретациялаушы механизмдер әрекетінің жемісі;
Медиа-мәтінде – әсер етудің прагматикалық стратегиялары жүзеге асырылады;
Медиа-мәтін – әлеуметтік регуляцияда қолданылатын қуатты құрал;
Медиа-мәтін – ғаламның медиа бейнесін қалыптастырушы негізгі фактор болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет