Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет9/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53
прагматикалық 
қарқындандырғыштарды контраст принципі, тілдік қайталамалар, сөзойнатым тәсілдері
түрінде топтастыруға болады. Мұндай интенсификаторлар біріншіден, тәуелсіздік
жылдарындағы баспасөзді Кеңес дәуіріндегі таптаурындық сипаттағы басылымдардан
ажырататын басты белгі деп танысақ, екіншіден, бүгінгі қазақ баспасөзінде кеңінен үрдіс алып
келе жатқан шығармашылық және прагматикалық еркіндіктің бір көрінісі ретінде бағалауға
болады;

газет мәтінінің прагматикалық әлеуетін әрбір жанр түріне тән ақпараттық сыйымдылық
коэффициентін және мәтінде қамтылған экспрессивтік көрсеткіштерін анықтай отырып,
салыстыру арқылы ғана ашуға болады. Мұндағы басты назар аударатын нәрсе – мәтіннің
прагматикалық әлеуеті онда қамтылатын сөздердің
санына емес, семантикалық аясының 
кеңдігіне, фразеологизмдер мен метафоралық қолданыстардың түрленуге, 
трансформациялануға бейімділігіне және экспрессивтік мәнінің жоғарылығына тікелей
тәуелді болады;

қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурс негізінен PR-мәтіндер арқылы ашылады;

тілдік манипуляция – PR-ақпаратты таратудағы аса тиімді прагматикалық тәсіл болып
саналады;

газет – жаңа тілдік қолданыстарды таратушы және қалыптастырушы негізгі және маңызды
тетік болып табылады;




креолды мәтін – оқырман санасына тікелей әсер етуші гетерогенді мәтін типі болып


табылатын тиімді құрал ретінде бағалануы тиіс;

газет бетіндегі айдарлар мен тақырыпаттар ақпараттық, жарнамалық, эмоционалдық және
прагматикалық қызметтерді қатар атқаратын мазмұндық –тақырыпаттық кешенді құрайды.
Зерттеудің жарияланымы мен мақұлдануы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары мен
нәтижелері төмендегідей халықаралық және республикалық ғылыми-теориялық
конференцияларда баяндалды:
Қазақ әдеби тілін зерделеген ғалым // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы, 2004; Р.Сыздық
зерттеулеріндегі прагмалингвистика мәселелері // “Академик Рәбиға Сыздық және қазақ тіл
білімі мәселелері ” атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция. Алматы, 2004;
Қ.Жұбанов зерттеулеріндегі мәтіннің дискурс ретіндегі сипаты // “Құдайберген Жұбанов
тағылымы ”атты республикалық ғылыми-практикалық конференция. Алматы, 2004;
Прагмалингвистика – тіл біліміндегі функционалдық бағыттың құрамдас бөлігі // “Тіл. Қоғам.
Заман ” атты республикалық ғылыми—практикалық конференция. Ақтау, 12.05.2005; Қазіргі
радио тілі жайында // “А.Байтұрсынұлы және қазақ фонологиясы мәселелері ” атты
халықаралық ғылыми—теориялық конференция. Алматы, 2004; Саяси мәтіннің
прагмалингвистикалық сипаты // Абылайхан атындағы халықаралық қатынастар және Әлем
тілдері университеті. 08.02.2006; Газет мәтіндеріндегі дәйектеуші модальдік // “ Қазақ тіл
біліміндегі функционалдық бағыт” атты республикалық ғылыми—теориялық конференция.
Алматы, 2006; Мәтіннің тақырыптық ұйымдастырылуы // “ Мемлекеттік тіл: білім және саясат”
атты ғылыми —тәжірбелік конференция. Орал, 10-14 сәуір 2006; Газет мәтінінің ақпараттық-
мағыналық кескіндемесі жайында // “Жаһандану және тілдік процестер” атты ғылыми-
практикалық конференция ( “Парасат” Қазақстандық көпсалалы институты ). Алматы, 2006;
Публицистикалық мәтіндегі модальділік // “ Мемлекеттик тилди окутуумун актуалдуу
маселелери ” атты проф. Аскар Осмонкуловтың 80 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-
практикалық конференция. Бишкек, 2006; 11 Контраст – газет мәтініндегі негізгі құрамдас бөлік
// акад. Ө. Айтпаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған конференция. Алматы,
2007;
Медиа-мәтін – БАҚ-тағы қуатты құрал // проф. Т.Жанұзақовтың 80 жылдық мерейтойына
арналған ғылыми-теориялық конференция.
Жұмыстың негізгі тараулары бойынша республикалық басылымдар мен ғылыми жинақтарда
30-
дан аса мақала жарияланды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет