Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет19/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

Бейтарап оқырмандар тобын газетті уақыт өткізу үшін парақтайтын, ондағы
материалдарға көз жүгіртіп шыққанымен, ден қоймайтын, оны талдап-саралап жатпайтын
пассив адресат құрайды;
4. Төртінші топқа жеке бас мүддесін бәрінен жоғары қоятын, өзінің немесе отбасының
әлеуметтік жағдайына тікелей қатысы бар проблема жайында сөз қозғалған мақалаға ғана
көңіл бөлетін, өз шеңберінде ғана қалуды жөн көретін
шектеулі оқырмандар жатқызылды.
Екінші тараудың
«Газет мәтінінің интерпретациялануы» депаталатын тармағында
публицистикалық мәтінді адресат қабылдауын деңгейлеу мәселесі кеңінен сөз болады.
Жалпы
мәтінді интерпретациялау дегеніміз – онда қатталған мазмұнды ашу, айқындау.
Мәтін қабылдануы – оның туындауына қарсы процесс. Мәтін түзу ойдан мәтінге қарай
бағытталса, қабылдау мәтіннен ойға қарай жүргізіледі. Мәтінді қабылдау процесі мынадай
негізгі сатылардан тұрады:
1.
Уәждеу сатысы қабылдау процесінің бастапқы кезеңін көрсетеді.
2.
Интенция сатысында реципиент тікелей мәтінмен жұмыс істейтін процестер (яғни
сенсорлық рецепторлар арқылы аудио-визуалдық қабылдау) қамтылады, сондай-ақ, алынған
ақпаратты өңдеуге қатысты менталдық процестер жүзеге асырылады.
3. Үшінші сатыны
мәтінді тереңдей түсіну процесі құрайды. Ол реципиент тезаурусындағы
концептілер жүйесін өзгертеді және дамытады [9,126].
Публицистикалық мәтін міндетті түрде екі коммуникантқа қатысты болады. Адресант өз
көзқарасын білдіре отырып қоғамда болып жатқан оқиға, құбылыстарға баға береді. Осы
тұрғыдан бір-бірімен тығыз байланысты
ой әрекеті және тілдік әрекет жүзеге асырылады. Ой
әрекеті – мәтіннің тууы мен қабылдануына негіз болатын коммуникацияның мақсаты мен
шарттарын ескеретін, ең алдымен автордың ойлау дүниесін қамтитын күрделі семантикалық
кешен. Ол реципиенттің тілдік біліктілігін, әлеуметтік мәртебесін, индивидуалды-
психологиялық ерекшеліктері мен ғалам туралы білімінен тұратын ойлау жүйесі болып
табылады. Ал тілдік әрекетте эксплицитті немесе имплицитті деңгейлердің бірі таңдалады.



Ақпаратты беруде ең алдымен адресантта ой мазмұны қалыптасып, тілдік сигналдар арқылы


жеткізіліп отырады. Ол тілдік сигналдар ауызша коммуникацияда


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет