Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


ІІ. Уәжділігі бәсең қолданыстар (аралық топ)



бет43/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

ІІ. Уәжділігі бәсең қолданыстар (аралық топ);
ІІІ. Уәжділігі солғын қолданыстар (төменгі топ).
Тілімізге әртүрлі жолдармен енетін жаңа қолданыстардың тұрақтануында, сөздік қорымызға
орнығуында БАҚ-тың атқаратын рөлі зор. Өйткені бұқаралық санада ғаламның медиа бейнесін
қалыптастыру үшін қоғамдық-саяси ұғымдарды білдіретін терминологияның маңызы зор десек,
баспасөз арқылы таралып, көпшілік назарына ұсынылатын қоғамдық саяси
терминдер арқылы социум мүшелері ақиқат болмысты концептуалды деңгейде
интерпретациялайды. Осындай коммуникативтік салада жүйелі түрде қайталанып отыратын
сөзқолданыстар бірте-бірте контекссіз-ақ түсінілетін танымалдық деңгейге жетеді.
Қазақ газеттеріндегі әсер етудің қосалқы факторларды – Айдар мен тақырыпат 4. 1 
«Қазақ 
газеттеріндегі тақырыпаттық кешеннің прагматикасы» деген тармақта арнайы
қарастырылды. Газет – бүгінгі ақиқат заманында толассыз келіп жатқан алуан түрлі
мәліметтердің топтамасы емес, тақырыптық, идеологиялық, жанрлық ерекшеліктеріне орай
реттеліп, топтастырылып берілетін ақпараттық хабарламалардың күрделі жүйесі ретінде
қарастырылуы тиіс. Ол жүйе газеттің бір санында жарияланатын бүкіл материалдың алдымен
әртүрлі бағандарға, одан соң айдарларға жіктелуінен көрінеді. Сөйтіп, өзара мазмұндас,
объектісі мен көтеретін проблемасы ортақ материалдар газеттің бір бетіне, мүмкіндігінше бір-
бірімен қатарластырыла орналастырылады. Мұны бір сөзбен
тақырыпаттық кешен деп
атауға болады. Осы кешен өз ішінен
айдар және тақырыпат (заголовок) деп бөлінеді.
Осындағы айдарлар газеттің ішкі құрылымындағы басты константалар болып табылады. Олар
бағанда бірнеше (тұрақты шамалар) газет типіне ортақ және жекелеген басылымдарға тән
спецификалық ақпараттарды танытады [21]. Зерттеушілер айдарды газеттегі тақырыптық
бөлімдердің және бағыттардың атауы, тақырыпат түрі, кейде материал жанрының көрсеткіші
ретінде сипаттайды.
Газеттегі тақырыпаттық кешен құрамына кіре отырып айдар тұтас басылымның моделіне тән
типтерді қалыптастырушы қызметін атқарады. Жалпы айдарлар атауынан басылымның
типологиялық өзіндік ерекшелігі, хабарламаларды іріктеу стилі, газеттегі стилистиканың
доминантасы мен идеялық позициясы көрініс табады.



Газет материалдарының әртүрлі айдарларға топтастырыла ұсынылуы бір жағынан, редакция


жұмысын жеңілдетсе, екінші жағынан, адресат мүддесін көздейтін қадам десек болады.
Өйткені, кез келген оқырман қолына тиген газетке алдымен көз жүгіртіп шығады. Осындайда
үлкен әріптермен, түрліше формада, мәтіннен оқшау, ықшам түрде берілген айдардың
реципиент көзіне бірден түсетіні сөзсіз. Айдар атауы арқылы ондағы материалдардың
тақырыптық мазмұнынан да біршама хабардар болатын оқырман осы мәтінді өзі үшін аса
пайдалы немесе қызықты, қажетті деп белгілеуіне себеп болады. Яғни айдар біріншіден,
атауыштық, тақырыптық, екіншіден, ақпараттық, үшіншіден, жарнамалық қызметтерді қатар
атқаратын прагматикалық маркер болып табалады. Сонымен айдарды міндетті түрде
тақырыпатпен қатар қолданылатын тұтастықтың бір бөлігі деп тануға болады. Соған сәйкес
тақырыпат пен айдардың атқаратын қызметтері бірдей деуге негіз бар.
Жұмыстың 4.1. 2 тармақшасында Газет мәтінін қабылдаудағы тақырыпаттың (заголовок)
қызметі жан-жақты қарастырылып, қазақ басылымдарынан жиналған тілдік материалдар
негізінде дәйектелді. Тақырыпат медиа-мәтіннің ажырамас маңызды бір бөлігі бола отырып,
атауыштық, ақпараттық және прагматикалық қызметтер атқарады. Осындағы атауыштық 
қызметі мәтін атауының ондағы ақпараттан хабардар етуінен және онда сипатталатын
оқиғаға баға беруінен көрінеді. Тақырыпаттың ақпараттық қызметі мәтіннің негізгі мазмұнын
ықшамдалған, сығымдалған түрде жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Мұны коммуникативтік
қызмет деуге де болады. Өйткені ақпараттық қызметті атқара отырып, материал тақырыбы
оқырманның қызығушылығын оятып, ойлау жүйесіне әсер етеді. Материалдағы көлемді
ақпаратты барынша аз тілдік құралдар арқылы жеткізе отырып тақырыпат мәтіннің
концептуалдық-тақырыптық желісін интерпретациялауға қатысады. Прагматикалық 
қызмет бірнеше қосалқы қызметтерді біріктіре отырып, реципиенттің мәтінді қабылдауына
тікелей әсер етеді. Ол қосалқы қызметтерге графикалық айшықтау, бағалауыштық, 
жарнамалық және интегративтік функциялар жатқызылады. Осындағы негізгі қызметтер кез
келген газет мәтініне қатысты сөзсіз атқаралатын тұрақты сипатта болса, қосалқы қызметтер
әр материалда түрліше деңгейде көрініс табады. Прагматикалық қызметтің өз деңгейінде
атқарылуы автордың тілдік компетенттілігі мен кәсіби шеберлігін талап ете отырып газеттің
бұқаралық санаға тигізетін ықпалын барынша күшейтетін маңызды фактор деп санағанымыз
жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет