Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет5/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
адресант-
адресат қостағаны аясында жан-жақты қарастыру;

адресанттың прагматикалық ұстанымдарының қазіргі қазақ газети мәтіндеріндегі
жеткізілу тәсілдерін анықтау;

қазіргі қазақ медиа-мәтінінің адресат факторына тигізетін әсерін мәтін
интерпретациялануы тұрғысынан саралау;

адресант-адресат арасындағы рөлдік қатынастардың бүгінгі қазақ
басылымдарындағы көрінісін сипаттау;

медиа-мәтіндегі модальділік категориясын мәтін түзуші мен оны қабылдаушы
субъектілер арақатынасы аясында қарастыру;

газет мәтінінің әсер ету күшін көрсететін прагматикалық интенсификаторларды
(қарқындатқыштарды) анықтау;

қазіргі қазақ баспасөзіндегі саяси дискурсты айқындау;

тәуелсіздік жылдарындағы қазақ баспасөзіндегі жаңа қолданыстарға
прагмалингвистика тұрғысынан баға беру.
Зерттеу жұмысының дереккөздері ретінде 2002-2007 жылдары жарық көрген ресми
басылымдардың («Егемен Қазақстан», «Ана тілі», «Түркістан», «Алматы ақшамы», «Айқын»,
«Жас Алаш») және ішінара оппозициялық бағыттағы газеттердің («Жас қазақ», «Ақ жол
Қазақстан», «Апта kz») материалдары пайдаланылды.
Жұмыста қолданылған зерттеу әдістері мен тәсілдері. Жұмыста тілдік материалды
жинақтау, салыстыру, сипаттау, жүйелеу, талдау, қорытындылау, компоненттік (семалық)
талдау әдісі және концептуалды (концептілік), мәтіндік – контекстуалдық, ұғымдық талдау,
интерпретациялық талдау, прагматикалық пресуппозиция мен импликацияларды талдау,
эксперименттік сауалнама әдістері қолданылды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Бүгінге дейінқұрылымдық лингвистика тұрғысынан бірнеше
ғылыми еңбекте қарастырылған баспасөз тілі жұмысымызда алғаш рет
Адам 
факторының айналасында шоғырланған ақпараттық кеңістіктің материалдық көрінісі ретінде



нысанаға алынды. Осыған орай жазба мәтіндегі тілдік және бейтілдік құралдар оларды


пайдаланушы субъектілердің мақсат-мүдделері мен прагматикалық интенциясын жеткізуші
тәсілдер ретінде қарастырылды. Осындай прагмалингвистикалық талдау нәтижесінде
төмендегі өзекті мәселелер бірінші рет өз шешімін тапты:

бүгінгі БАҚ биліктің төртінші тармағы деген атауға шын мәнінде лайықты, қоғамдағы
бұқаралық коммуникацияны жүзеге асырушы маңызды құрал болғандықтан оның бүкіл қызметі
мен нәтижелерін көрсететін ауқымды ұғымға


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет