Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


вербалды және медиалық белгілердің



бет3/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
вербалды және медиалық белгілердің жиынтығы ретінде медиамәтін ұғымын
құрайды.
Медиа-мәтінді прагмалингвистикалық тұрғыдан қарастырғанда оларды тілдік бірліктердің ғана
емес, жалпы білім аясы мен коммуникативтік саланың қосындысы деп санаған жөн. Осымен
байланысты соңғы жылдары БАҚ мәтіндерін когнитивті лингвистика шеңберінде қарастыруға
айрықша мән берілуде. Онда
тіл сырттанкеліп түскен ақпаратты репрезентациялаушы және
онда кодталған мәліметтерді ашу үшін қолданылатын когнитивті құрал ретінде танылады.
Когнитивті лингвистика мамандары үшін БАҚ қалыптастыратын
ақпараттық 
кеңістіктің тақырыптық жағынан ұйымдастырылуы аса маңызды. Өйткені онда орасан зор


ауқымды
медиа ағынның өзіндік мәдени спецификалық ерекшеліктері көрініс табады.


Сондай-ақ медиа-мәтіндердің идеологиялық бағыттылығының қандай тілдік тәсілдер арқылы
берілетінін анықтаудың да мәні зор. Бұған қоса сондай вербалды құралдар арқылы
жеткізілетін әлеуметтік маңызға ие ақпаратты экстралингвистика факторларымен, атап
айтқанда
Адам факторымен, кең мағынасындаалғанда қоғаммен, 
тілдік социуммен байланыста қарастыру бүгінгі антропоцентрлік бағытта дамып келе жатқан
іргелі ғылым саласының талабынан туындап отыр. Біздің зерттеу нысанамызға алынған
медиа-мәтіннің жасаушысы да (журналист),қабылдаушысы да (оқырман), объектісі де – Адам
болғандықтан, әрі тақырыптық аясын жалпыадамзаттық проблемалар мен құндылықтар
құрайтындықтан
жұмысымыздың өзектілігі Адам факторын
психосоциопрагмалингвистикалық аспектіде қарастырудан келіп шығады.
Аса ауқымды ақпараттық кеңістікті қамтитын медиа-мәтін бүгінде социумның
когнитивтік 
санасын құрайтын діни, саяси, әлеуметтік, мәдени, тарихи т.б. факторлардың
барлығын


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет