бет 52/67 Дата 09.12.2023 өлшемі 0,54 Mb. #135448 түрі Сабақ
ГЛОССАРИЙ
Абруптив (глоттальды дауыссыз) – артикуляцияның соңғы кезеңінде дауыс шымылдықтарының жақындауынан немесе
қосылуынан пайда болатын дауыссыз дыбыстар
Акустика (грек. аkustikos - есту) – дыбыстау мүшелері арқылы дыбыстың пайда болуын зерттейтін ілім.
Аллофон – фонеманың варианты, қосымша типі.
Алмасу (лат. аlternation ) - әр түрлі сөзформалардың құрамында кездесетін морфеманың бір дыбысының көрші дыбыстың
әсерінен басқа бір дыбысқа өзгеруі.
Анаптикса - екі дауыссыз дыбыстың арасында тұрған дауысты-ның жеңіл түрде айтылуы.
Артикуляция (лат. articulatio – бөлшектеу) – дыбыстау мүшеле-рінің дыбыс жасау барысындағы қызметі.
Ассибиляция – шұғыл (эксплозив) дауыссыздардың ызың да-уыссыздармен байланысы.
Ассимиляция (лат. аssimillatio - үндесу) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруі.
Ассонанс – бірыңғай дауысты дыбыстардың қайталануы.
Аферезис – қатар тұрған сөздердің арасындағы көрші тұрған дыбыстардың өзара ықпал етуі. Аферезис элизияға қарама-
қарсы құбылыс.
Апокопа - к ірме сөз соңында біздің тіліміздің заңдылығына сәйкес келмейтін екі дауыссыз дыбыстың тіркесі кезінде, оның
соңғысының түсіп қалуы
Аффрикат дыбыстар - актив және пассив дыбыстау мүшелері-нің толық ашылмауына байланысты пайда болатын
саңылаулық дауыссыз дыбыстар
Ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
Ашық буын - жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталатын буын.
Аккомодация (лат. accomadatіo - бейімделу) - морфемалар жігінде қатар келген дауысты және дауыссыз дыбыстардың бір-
біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.
Архифонема - фонеманың негізгі типі.
Достарыңызбен бөлісу: