Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет53/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67
Ашық дауыстылар – жақтың кең ашылуынан пайда болған дауысты дыбыстар

Акут – жоғары тон, жоғары екпін

Акцентология – 1) екпіннің табиғаты мен қызметін зерттейтін сала; 2) екпінге байланысты болатын тілдік құбылыстардың
жүйесі

Алфавит – 1) жеке дыбыстық элементтерді символ арқылы бей-нелеп, тілдегі сөздердің дыбыстық келбетін бейнелейтін
таңбалар жүйесі; 2) әріптердің рет-ретімен тізбектеле берілген жиынтығы


Аблаут – фонетикаға байланысты болмайтын, сөзжасамдық және сөз түрлендіруші мағынаны білдіретін дауысты дыбыстар-
дың алмасуы. Герман тілдеріне тән құбылыс.


Аспирата не фарингаль дыбыс – көмейлік дауыссыз

Ауслаут -  сөз аяғы

Анлаут – сөз басы

Әріп - дыбысқа берілген шартты таңба.

Бітеу буын дауыссыз дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа аяқталады.
46





Буын - сөздегі фонациялық (дыбыс жасайтын) ауаның қарқынымен үзіліп, бөлшектеніп шығатын бір дауысты немесе
бірнеше дыбыс тобы.


Билабиаль дыбыс – қос еріндік дауыссыздар

Вокализм – дауысты дыбыстар жүйесі.

Гаплология – (грек.haploos – жалғыз, logia – сөз, ілім) дыбыс-тардың комбинаторлық өзгерісі, ол диссимиляция әсерінен
өзара бірдей көрші буындардың бірінің түсіп қалуы.


Дауысты дыбыстар - айтылған кезде өкпеден ауа ешқандай кедергісіз шығатын дыбыстар.

Дауыссыз дыбыстар – айтылған кезде өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан болған дыбыстар.

Дифтонгоид дауыстылар - қазақ және кейбір өзге түркі тілде-рінде кездесетін қосынды, яғни дифтонг дауыстылар. Олар -
у және и. 


Денталь дыбыс – тіс дауыссызы

Дәстүрлі (тарихи) принцип - сөздердің әуелгі тұлғасында емес, тілде қалыптасқан тұлғасы бойынша жазылуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет